Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет68/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102

Литература

1 Богатырев, B.C. и др. Снижение уровня физической подготовленности выпускников средних школ /B.C.Богатырев //

Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. 2002. - № 4. - С. 14 - 16.

2  Бальсевич  В.К.  Технология  спортивного  физического  воспитания  учащихся  общеобразовательных  школ  / 

В.К.Бальсевич  //Инновационные  педагогические  технологии  в  системе  физкультурного  образования  и  оздоровления 

населения. СПб НИИФК, 2006. - С. 107-111.

3 Селуянов В.Н. Технология оздоровительной физической культуры /В.Н.Селуянов. -М.: Спорт Академ. Пресс, 2001. 

- 172 с.


4 Богданов, Г.П. Школьникам здоровый образ жизни: Внеурочные занятия с учащимися по физической культуре./ Г.П. 

Богданов // М.: ФиС, 1989. - 121 с.

5  Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и  практика  нововведений  в  системе 

образования. Алматы, 2001.



References

1 Bogatyrev, B.C. i dr. Snizhenie urovnja fizicheskoj podgotovlennosti vypusknikov srednih shkol /B.C.Bogatyrev //Problemy 

social’noj gigieny, zdravoohranenija i istorii mediciny. 2002. - № 4. - S. 14 - 16.

2 Bal’sevich, V.K. Tehnologija sportivnogo fizicheskogo vospitanija uchashhihsja obshheobrazovatel’nyh shkol / V.K.Bal’se-

vich //Innovacionnye pedagogicheskie tehnologii v sisteme fizkul’turnogo obrazovanija i ozdorovlenija naselenija. SPb NIIFK, 

2006. - S. 107-111.

3 Selujanov, V.N. Tehnologija ozdorovitel’noj fizicheskoj kul’tury /V.N.Selujanov. -M.: Sport Akadem. Press, 2001. - 172 s.

4 Bogdanov, G.P. Shkol’nikam zdorovyj obraz zhizni: Vneurochnye zanjatija s uchashhimisja po fizicheskoj kul’ture./ G.P. 

Bogdanov // M.: FiS, 1989.- 121 s.

5 Taubaeva Sh.T., Laktionova S.N. Pedagogicheskaja innovatika kak teorija i praktika novovvedenij v sisteme obrazovanija. 

Almaty, 2001.

Сейдахметов E.E., Анарбаев А.К., Акназаров С.Б. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Оқушылардың дене тәрбиесі 

проблемасының өзектілігі.

Мақалада  гипокинезия  мәселесі  қарастырылады  –  оқушылардың  дене  белсенділігінің  төмендеуі,  бұлшық  еттің 

әлсіреуі, тірек қозғалыс аппаратының күштік жетілуінің нашарлауы, жүйеке жүйесінің бұзылуына

әкеліп соқтырады. Бұл әсерлерді алдын алудың бірден бір жолы – ерте жастағы балалардың дене тәрбиесін дұрыс 

ұйымдастыру.

Дене  тәрбиесі  арқылы  шешетін  зерттеудің  негізгі  проблемасы  –  оқушылардың  денсаулығын  жетілдіру.  Дене 

тәрбиесі  ағзаға  әсер  ететін  негізгі  фактор  болып  табылады.  Педагогикалық  құралдардың  әсері  адамдарға  әртүрлі 

әсер етеді. Сонымен бірге денсаулығында ауытқуы бар адамдармен жеке жұмыс жасаудың тиімділігі көрсетілген. Бұл 

мәселені шешуде дене тәрбиесінің ықпалы зор.

Түйін сөздер: гипокинезия, физикалық дамуы, дене даярлығы, дене тәрбиесіндегі жекешелендіру.

Seidahmetov E.E., Anarbaev A.K., Aknazarov S.B. International Kazakh-Turkish University by name H.A.Yesevi.

Current problems of physical education pupils.

The questions of hypokinesia are examined in the article - to the motive hypoactivity of schoolchildren, that results in the 

weakness of muscles, copulas, bone vehicle, bad physical development, violation of functions of the nervous system. And only a 

faithful way of counteraction to this influence is correct organization of physical education from babyhood. Presently she decides 

effectively not enough. One of main problems, that physical education - strengthening of health of schoolchildren is called to de-


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

386


cide, is investigated. Physical education is the drastic factor of affecting organism. Composition of students is unhomogeneous on 

a health, physical development and physical preparedness level.

The same pedagogical facilities render the different affecting different people. Work is also examined with persons, having 

rejections in a state of health, that must be conducted strictly individually. Therefore one of major is a problem of individualization 

of physical education.

Keywords: hypokinesia, physical development, physical preparedness, individualization of physical education.

Поступила в редакцию 22.01.2016.

ӘОЖ 378.004

М. СЕРІК, А.Ж. ҚАЙМОЛДАЕВА 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультеті, Астана

АКАДЕМИЯЛЫҚ БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕССІНДЕГІ ОРНЫ

Мақалада  «бұлттық  технологиялар»  түсінігі,  ерекшеліктері,  түрлері,  жүзеге  асырылуы  туралы  деректер 

және оқу процесінде қолданылуы қарастырылған. Сонымен бірге желіде жабық академиялық бұлт Windows Azure 

қызмет түрін пайдалану туралы материалдар келтірілген. 

Түйін  сөздер:  бұлттық  технологиялар  оқу  процесінде,  Windows  Azure  академиялық  қызметі,  бұлттық 

технологиялар түрлері.

Бұлт  –  компьютерлік  ресурстарға  қол  жеткізудің  жаңа  моделі.  «Бұлт»  термині  –  интернет  желісі 

немесе барлық техникалық бөлшектері жасырын кешенді инфрақұрылымның кескіні  ретінде негізделген  

метафора    секілді.  Уақытты  бөлу  жүйесінің  қағидасы  бойынша  есептеу  ресурстарын  пайдаланудың 

тұжырымдамасы  ең  бірінші  рет  1960-жылдары  ұсынылып,  1990  жылдарға  дейін  «мейнфреймдер» 

-  үлкен  есептеуіш  машиналар  мен  көп  тұтынушылар  осы  ЭЕМ  қосылған  үлкен  ұйымдарда  кеңінен 

қолданылды.  Бұл  мэйнфреймдер  мен  ЭЕМ  ұжымдық  пайдалану  дәуірі  болды.  1980-жылдары  бірінші 

жеке  компьютерлер: Apple,  IBM  пайда  болып,  1990-жылдан  бастап  осы  күнге  дейін  жалғасын  тауып 

отырған  жеке  есептеу  құралдарының  дәуірі  басталды.  Есептеу  ресурстарын  қоғамдастырудың  жаңа  

толқыны  соңғы  онжылдықта  туындап,  корпорациялармен  –  суперкомпьютерлер  мен  үлкен  желілердің 

меншік  иелерімен  белсенді  насихатталып  келеді.  Олар  бұл  идеяны  интернет-конференциялар  арқылы 

қоғамға тарата бастады. Талқылау нәтижесінде әр түрлі нұсқалар ұсынылды. 

Google  компаниясының  басшысы  Эрик  Шмидт  бірінші  рет  «сloud»  терминін  пайдаланып,  бұл 

бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралды. Басқаша нұсқасы «cloud computing» термині, Amazon 

компаниясы Elastic Compute Cloud (Amazon EC2) жобасын сатып алғаннан соң 2005 жылдан бастап АҚШ-

та  кеңінен  пайдалана  басталды,  сонымен  қатар  бизнесте,  ақпараттық  технологияларды  жеткізушілер 

арасында және ғылыми-зерттеу ортасында кеңінен таралды. 

Бұлтты есептеулер облысынан  бірнеше анықтамалар  келтірілген:

Бұлтты есептеулер:

• қызмет ретінде АТ ресурстарды қамтамасыз ететін  кешенді шешім. Қоғамдық ресурстардың сым 

арқылы  электр  энергиясын  таратуына  сәйкес  ресурстардың    интернет-технологияларға  негізделген 

шешімі.  Бұлттағы    компьютерлер  бірге  жұмыс  істеуге  конфигурацияланған,  ал    әртүрлі  қосымшалар  

жалпы  есептеу  қуатын пайдаланады   [1];

• бірнеше  мыңдаған қосымшалардың  жұмысын  қамтамасыз  ететін, DataCenter-де орналастырылған, 

мыңдаған    серверлерден    тұрады;  ал  бұл  қосымшаларды    бір  мезгілде  бірнеше  клиенттер    пайдалана 

алады,   ауқымды инфрақұрылымның  осындай тиімді бақылау ерекшелігі - ең толық аутоматтандыру;

• интернет арқылы берілетін қызмет ретінде сыртқы есептеу ресурстарына  қол жеткізудің  қарқынды 

масштабталатын жолы ;

• желі арқылы пайдаланушыға қол жетімді микробағдарлама немесе  деректер мен есептеу ресурстары, 

бағдарламаларды  қамтамасыз  ету  үшін  ыңғайлы  интерфейсті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін    қызмет 

көрсету түріндегі интернет. Бұл жағдайда   пайдаланушыға өзінің  қызметтерін ұсынатын  компьютер 

«бұлтты  есептеу»  деп  аталады,  ал  бұлтты  есептеу  ресурстарын  пайдаланатын  компьютер,  желіге 

қосылған терминал деп аталады;

•  қосымшаларды  іске  қосу  үшін  өз  серверлерін  басқару  және  орнату,  баптау,  сатып  алу  орнына, 



№ 3 (112) 2016

387


клиенттер    серверлерді    жалға    алады,  мысал  ретінде    Google,  Microsoft,  Amazon  немесе  басқа 

компанияларды айтуға болады. Осыдан кейін  клиент интернет арқылы оның жалға алынған серверлерін  

басқарады, сөйтіп төлем тек ресурстарды нақты пайдалануға жүргізіледі;

•  АТ  саласындағы  технологиялық  инновациялар  ретінде  ғана  емес,    сонымен  қатар,  жаңа  бизнес-

модельдерді құру негізінде, яғни, аймақтарда IT өнімдерін өндірушілердің олардың бизнес-идеяларын 

қою    кезінде,  төмен  қаржылық  шығындармен  нарыққа  өз  қызметтерін  тез    ұсынатын    қабілеті  пайда 

болады;

• көптеген бұлттық шешімдерді жеткізушілер өздерінің бұлттық платформаларын  және бағдарламалық 



қамтамасын  пайдалану  ғана  емес,  сонымен  қатар  құқықтық  және  технологиялық  талаптарды 

қанағаттандыру үшін әзірленген  меншігін  ұсынады [2].

Бұлтты есептеу ресурстарының пайда болуы біріккен  виртуалды машиналар ретінде пайдалануымен 

ерекшеленеді.  Бұлтты  есептеу  икемді  болып  саналады,  өйткені,  барлық  есептеу  процестері    талабы 

бойынша  ресурстарды  бөлу  мүмкіндігіне  тәуелді.  Ал  бұл  өз  кезегінде  белгілі  бір  ортақ    анықталған 

тапсырмадағы  нақты аппараттық ресурстарды пайдалануға  мүмкіндік береді.

Бұлтты есептеулердің құрамдауыштары мен деңгейлері. Бұлттық есептеулер компоненттері (1-сурет) 

 

Сыртқы: 



- бұлтқа қол жеткізу 

үшін пайдаланылатын 

клиенттік компьютерден 

немесе компьютерлер мен 

қосымшалар желісінен тұрады

                 

1-сурет – Бұлттық есептеулер компоненттері.

Бұлттық технологиялар келесі деңгейлерді қамтамасыз етеді (1-кесте):

1 кесте – Бұлттық есептеулер деңгейлері.

Инфрақұрылым

деңгейі

Сервис сияқты 

инфрақұрылым  

(Infrastructure as a 

Service - IaaS):

–  бұлт негізі;

– физикалық активтерден серверлерден, желілік жабдықтардан

дисктерден және т.б. тұрады;     

- IaaS-пен өзара байланысу кезінде іс жүзінде базалық 

инфрақұрылымды басқармайсыз, алайда, операциялық жүйелерді, 

деректер қорларын, өрістелетін қосымшаларды, және, белгілі бір 

сатыға дейін таңдалған желілік құрамдауыштарды басқарасыз.     



Аралық – 

платформа 

деңгейі

Сервис сияқты 

платформа (Platform 

as a Service - PaaS):

- операциялық жүйелер мен тиісті сервистерге қол жетімділік 

ұсынады; 

- бағдарламалау тілі мен жеткізуші қолдайтын инструменталды 

жабдықтардың көмегімен бұлтта қосымшаларды өрістету тәсілін 

береді;   

- Сізде пайдаланылатын инфрақұрылымды басқару немесе 

оны бақылау қажеттілігі туындамайды, бірақ сізде өрістетілген 

қосымшаларды және белгілі бір деңгейге дейін қосымшалар 

хостингі ортасында баптауларды басқару мүмкіндігіңіз бар. 

Жоғары  –  

қосымшалар 

деңгейі

Сервис сияқты 

бағдарламалық 

қамтамасыз ету 

(Software as a Service 

- SaaS)


- қосымшалар деңгейін әдетте бұлт түрінде көрсетеді;    

- онда орындалатын қосымшалар тұтынушыларға сұраныс 

бойынша ұсынылады.

 

Бұлтты есептеулер моделі  желі бойынша байланысқан келесі 



бөлімдерден тұрады:

  

  Ішкі:



-  бұл бұлттың өзі;

-  қосымшаларды

компьютерлерді, 

ервистер бұлтын 

құрайтын деректер 

серверлері мен 

оймаларды қамтиды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

388


Жоғарыда айтылған деңгейлерге төменде бірнеше мысалдар келтірілген. 

Инфрақұрылымды пайдалану мысалы, IaaS - талабы бойынша басып шығару қызметтері (POD - Print 

On Demand). Бұл модель жобалық талабы бойынша жүзеге асырылатын  тауарларды сатуға  негізделеді. 

POD  клиенттерге  дүкендер  ашып,  дизайн  және  тауарлар  сатуға  мүмкіндік  береді.  Дүкен  серіктестері 

іске  асыруға  қабілетті    қанша    дизайн  қажет  болса  ,сонша  дизайн  жүктей  алады.  Мыңдаған  жүктеу  

дизайндарының    түрлері    бар    және    POD  бұлттық  сақтау    мүмкіндігі  бойынша  сервердің  дискілік 

кеңістіктік  шексіз көлемін  қамтамасыз ете алады. 

PaaS  жеткізушілері  бар,  мысалы,  Amazon-нан  Elastic  Compute  Cloud  (EC2).  PaaS-тың  идеал 

тұтынушысы – бағдарламалық жасақтаманы құру бойынша үлкен емес жеке фирма. Өз иелігінда осындай 

платформаны  иемдене  отырып,  жеке  ресурстар  негізінде  әзірлеуге  тән  үлкен  шығындарсыз  әлемдік 

сыныпты өнімдерді қалыптастыруға болады.          

SaaS сервисі сияқты бағдарламалық жасақтамаларды жеткізушілер бар, мысалы Google Pack. Google 

Pack Интернет арқылы қол жетімді қосымщаларды - Calendar, Gmail, Google Talk, Docs және көптеген 

басқаларын қамтиды. 

Бұлттық құрылымдар. Иемдену сипаты бойынша бұлттық құрылымдар үш типке бөлінеді (3-сурет).

3-сурет – Бұлттық құрылымдар.

Өсіп жатқан мобильді  жабдықтарды пайдалану, әлеуметтік желілердің атақтылығы және коммерциялық 

АТ-процестер мен жүйелердің эволюциясының басқа да аспектілері әзірлеушілер қоғамына жұмыстарды 

кепілдендіреді, алайда бұлтты конфигурациялау моделінің жүйелік және жүйелі процестері ұжымдық 

әзірлеушілерді кейбір дәстүрлі рольдерден айырады.                 

Бұлттық  есептеулерді  пайдалануды  жоспарлап  отырғандар  үшін  маңызды  сұрақтар  қауіпсіздік  пен 

құпиялылық болып табылады. Бұлттық есептеулер сервистерін ұсынатын компаниялар оны біледі және 

сенімді қорғаныссыз олардың бизнестері бұзылатындығын түсінеді. Сол үшін қорғаныс пен құпиялылық 

бұлттық есептеулердің барлық субъектілері үшін ең үлкен басымдылыққа ие.    

Көптеген  шетелдік    оқу  орындары    бұлттық    технологияны    қолдануға  көшті.  АҚШ-та  бұлтты 


№ 3 (112) 2016

389


технологияларды  кеңінен  пайдалану  ЖОО–да  қадағаланады.  Hofstra  университетінде  (Hofstra 

University)  Google  Apps  ұсынған  бұлттық  қызметтерді  пайдаланады.  Microsoft  Live@edu  ұсынған 

бұлттық  технологияларды қолдану  бойынша соңғы бес жыл ішінде Литвадағы Каунас технологиялық  

университеттері  сияқты Европалық  университеттер де артта  қалған жоқ. 

Бүгінгі  таңда  бұлттық    технология  ТМД  елдерінің  білім  беру  орталарында  да  жүзеге  асырыла 

бастады. Мысалы, Мәскеу Қаржы - құқықтық университеті  Office 365  технологиясын  қолдануға көшті. 

Microsoft Office 365   деректері  бойынша  оны  Плеханов  атындағы РЭУ және т.б. енгізілді. Украинада  

барлық  ЖОО-дың    ішінен  бірінші  болып  Сумск  мемлекеттік  және  Донецск  ұлттық  университеттері 

оқытушылары  мен  студенттерінің  бірлескен  жұмысын  ұйымдастыру  үшін,  сондай-ақ    қашықтықтан 

оқыту  мүмкіндігін    жоғарылату  үшін    Microsoft  Office  365  бұлттық    кеңселік    пакетін  енгізді  [3]. 

Бұлттық технологияның барлық модельдерін шет елдермен және ТМД елдерде қолданылуын талдаған 

соң, біз оқу орындарында бұлттық  технологияның  «сервис түріндегі бағдарламалық қамтамасыз ету» 

(SaaS) моделі  қолданылады деген  шешімге  келдік. Осы моделдің  пайдалану артықшылығы мынадай 

факторларды қамтиды: оқу орындарынан өз деректер орталығы және қызмет көрсетуді қажет етпейді, ол 

қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарды азайтады, сондай-ақ, сізге платформа провайдеріне 

өз қолданбаларыңызды орнататын мүмкіндік береді.

Оқу процесінде оларды пайдалану артықшылығын растайтын,  бұлттық  технологияның қарастырылған 

қызмет көрсетулер негізінде дидактикалық  мүмкіндіктерін тұжырымдаймыз :

• оқытушылар мен студенттердің үлкен командасының бірлескен жұмыстарының ұйымы;

•  студенттер  мен  оқытушылар  үшін    әртүрлі  түрдегі  құжаттардың    өңдеу  және  бірлесіп  пайдалану 

мүмкіндігі;

• жеткізу  орнына деген  пайдаланушының қызмет көрсетуінің  аумақтық байланысының   болмауына  

байланысты, оқу процесіне өндірілген өнімнің тез ауысуы;

• интерактивтік сабақтар және ұжымдық оқытуды  ұйымдастыру;

• оқушылардың тәуелсіз жұмыстарын , соның  ішінде «аудитория мөлшері» және «жұмыспен қамту 

уақыты» бойынша шектеулер болмаған кезде ұжымдық  жобаларды орындау;

Сондай-ақ төменде бұлтты технологияларды қолданудың артықшылықтары көрсетілген (4-сурет).

4-сурет – Бұлтты технологияларды қолданудың артықшылықтары.

Осылайша,  білім  беру  үрдісінде  бұлтты  технологияларды  пайдаланудың  негізгі    дидактикалық 

артықшылығы  студенттер мен оқытушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

Бұлтты  технологияның  негізінен  техникалық  және  технологиялық  сипатта  болып  табылатын  және 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

390


де олардың оқу-әдістемелік мүмкіндіктері мен артықшылықтарына әсер етпейтін  кейбір кемшіліктері 

бар.  Мұндай    кемшіліктерге    жергілікті  үйлестіктермен  салыстырғанда  функционалдық  қасиеттерінің  

шектелетінін,  бұлтты  қызметтердің    отандық    провайдерлерінің  болмауы  (Amazon,  Google,  Salesforce 

және басқалар), ұлттық және халықаралық стандарттарды болмауы, сондай-ақ  бұлтты технологиялардың  

заңнамалық базасының болмауын  жатқызуға болады.

Бірақ    бүгінгі    таңда    оқу  процесіне  бұлтты  технологиялардың  әдістемелік  және  технологиялық 

аспектілері    жеткіліксіз    әзірленген.  Оқыту  процесінде,  оның  ішінде  информатикада    білім  беру 

үдерісінің  бұлтты    технологияны  пайдалану  кешіктірілген  және  әлі  кең  қолданыс  тапқан  жоқ.  Айқын  

артықшылықтарының тізіміне  қарамастан, олардың кең  қолданылуына  объективті факторлар  бөгет 

жасайды.  Отандық  оқу  орындарының    дәстүрлі  түрде  көпшілігі  жеке  меншік,  құрал-жабдықтармен, 

жергілікті түрде сақталатын деректер бойынша  нақты жұмыс істеуді  қалайды  және виртуалды қуатты 

жалға  алуға сенімсіздікпен қарайды.

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  Информатика  мамандығында  «бұлттық 

технологиялар  негіздері»  атты  арнайы  курсы  оқу  процесіне  ендірілді.  Жоғарыда  аталып  өткен 

мәселелер де арнайы курс мазмұнында аталған. Курс оқу жоспарында 3 кредитпен бекітілген. 15 лекция 

тақырыптары:  «Бұлттық есептеулер негіздері», «Бұлттық құрылымдар», «Есептеулерді жалпы басқару: 

бақылау,  өткізгіштік  қабілетке  қойылатын  талаптар,  тәуекелдерді  азайту»,  «Бұлттық  технологияларға 

кіріспе»,    «Бұлттық  технологияларды  пайдалануға  байланысты  артықшылықтар»,  «Қазақстан 

Республикасында  бұлттық  технологияларды  енгізу»,  «Бұлттық  есептеулерді  дайындаушылардың  ең 

ірілері»,  «Мобильді  оператордың  бұлттық  технологиялары»,  «Заманауи  бағдарламалық  жүйелердің 

сипаттамасы»,  «Антивирустық  қорғаныстағы  бұлттық  технологиялар»,  «Заманауи  инфроқұрылымдық 

шешімдер, бұлттық есептеулердің пайда болуының қабілеттілігі», «Блейд-жүйелердің дамуы. Модульдік 

немесе Blade-серверлер. Blade-серверлердің артықшылықтары», «Деректерді сақтау жүйелері. Деректерді 

сақтау жүйелерінің артықшылықтары», «Деректерді сақтау жүйелері мен желілерінің пайда болуы».

Сонымен  бірге  бүгінгі  күні  бұлттық  инфраструктура  шешімдері  бойынша  бірнеше  дипломдық 

жұмыстар, магистрлік, докторлық диссертациялар жазылуда.

Жоғары және орта білім беру саласында оқыту процесіне бұлтты технологияларды енгізу:

• оқыту бағыттарын  тиімді пайдалану (дәстүрлі компьютерлік сыныптар бойынша жеке және арнайы 

жабдықталған орындарды бөлудің қажеті жоқ) және компьютерлік сыныптардың құру және техникалық 

қызмет көрсету үшін қажетті шығындардың күрт қысқартылуы;

• қазіргі заманғы білімнің сапалы жаңа деңгейі, яғни студенттер  оқу барысында кез келген  уақытта, 

кез келген орында, интернет бар жерде оқу процесінде болу мүмкіндігі.

• неғұрлым тиімді интерактивті оқыту процесі және оқу процесінде білім беру қызметтерін бейімдеу 

және тираждаудың тез  жасау мүмкіндігі;

•  ұсынылатын  білім  беру  қызметтері  бойынша  түсініктеме  және    студенттерді  бағалау  арқылы 

оқытушыға кері байланысты қамтамасыз мүмкіндігі;

•  оқу  процесінде  қолданылатын  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  және  ақпараттық  ресурстардың 

орталықтандырылған басқаруы қамтамасыз етеді.

Бұлттық есептеу технологиясы негізінде ең көп таралған жүйелік қызметтер – білім беру процесінде 

пайдаланылатын Microsoft Live @ Edu және Google Apps Education Edition болып  табылады. Олар бұлтты 

технологиялар  негізінде  байланыс  пен  ынтымақтастықты  жетілдіруге  бағытталған  оқу  орындарының 

студенттері мен оқытушылары үшін веб-қосымшаларды  ұсынады [4].

Бұлтты қызметтерін пайдаланудың тағы бір тәсілі оқытудың басқару жүйесін бұлтты технологияға  

көшіру болып  табылады (Learning Management Systems). Осындай жүйелердің аударымдарын қолдау, 

бағдарламалық  қамтамасыз  ету  және  қымбат  жабдықтарды  қолдау    және  сатып  алу  мүмкіндігін  бере 

алмайтын оқу орындары үшін сыртқы провайдерлерге мағынасы бар.

Білім  беру  мекемелері  үшін  Microsoft  компаниясының  бұлттық  технологияларын    қарасаңыз,  онда 

ол  -  «бағдарламалық  қамтамасыз  ету  +  қызметтер»  сызбасының    жазылу  негізінде    веб-қызметтердің 

жиынтығын  үйлестіретін  Microsoft  Office  365.  Microsoft  Office  платформасының,  электрондық  пошта 

негізіндегі  қызметтер  және  әртүрлі  бағдарламаларға  қолжетімділік  және  функционалға    құжаттарды 

басқару  және    байланыс  мүмкіндігін    ұсынады.  Оқу  орындары  үшін  Microsoft  Office  365  «бұлтты» 

қызметтердің  барлық  мүмкіндіктерін  қолдануға,  студенттер  мен  қызметкерлердің  жұмыс  тиімділігін 

арттырады, сондай-ақ уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік жасайды. Microsoft Office 365 негізгі 

функционалдық, бейнеконференция мүмкіндігі бар Lync Online бұлтты нұсқасын қамтиды, SharePoint 

Online, Office Web Apps және  Exchange Online және олар тегін ұсынылады. Оқу орындары үшін  Office 

365  байланыс және біріктірілген жұмыс үшін , Microsoft корпорациясының жаңа интернет нұсқаларымен 

жұмыс үстелі үшін Office  таныс  бағдарламаларының мүмкіндіктерін  үйлестіреді. Office 365 пайдалану 


№ 3 (112) 2016

391


және басқару үшін өте оңай, қауіпсіздік жүйесінде және сенімділік деңгейінде тұрақты.

Windows Azure - білім беру процесінде пайдалануға болатын Microsoft корпорациясы ұсынған  тағы 

бір бұлтты қызмет түрі. Windows Azure – бұл Windows Server ОЖ-нің бұлтты аналогы. Бірақ,егер Windows 

Server–ді  жергілікті деректер орталығындағы серверлерде сатып алып және орнататын болсаңыз, онда  

Windows  Azure  платформасы  Microsoft    ДӨО-да  орналасқан  және  қосымшаларды  әзірлеу  және  іске 

қосу үшін платформа ретінде қашықтықтан қолжетімді. «Windows Azure in education» платформасының 

көмегімен    мұғалімдер  өздерінің  оқу  процесіне  теориялық  және  тәжірибелік  бөліктерімен    айрықша 

инновациялық  және тез дамитын технологияларды қосу мүмкіндігі бар (5-сурет).

6-сурет – ЖОО-ның тапсырмаларын шешу үшін Azure платформасын пайдаланудың негізгі бағыттары.

Бұлтты технология оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілін туғызады және  білім беру процесінің 

дәстүрлі әдістеріне балама ұсынады, ұжымдық оқыту және интерактивті тапсырмалар және жеке оқыту 

үшін мүмкіндік жасайды. Білімдегі бұлтты технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылығы, ол тек 

қана бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қажеттілерді сатып алу құнының төмендеуі, білім беру 

процесінің сапасын тиімділігі мен жетілдіру ғана емес , сондай-ақ бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүру 

үшін оқушылар мен студенттерді дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет