Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет70/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102

References

1  Volovik  A.F.  Pedagogika  dosuga:  ucheb./А.F.  Volovik,  V.A.Volovik;  Аkademiya  pedagogicheskih  i  sotsialnyh  nauk, 

Moskovskij psihologo-sotsialnyi institut. - М.: Flinta: Моskovskij psihologo-sotsialnyi institut, 1998. - 240 s.

2 Isaeva I.Yu. Dosugovaya pedagogika: uchebnoe posobie. Izdatelstvo: Flinta; MPSI, 2010 g., -195 s.

3  Tarasov  L.V.  Sovremennoe  sostoyanie  izucheniya  sotsialno-kulturnoi  animatsii  v  rossijskoi  pedagogicheskoi  nauke: 

analitiko-bibliograficheskij obzor  // Pedagogika i psihologiya, №6, 2011.

4 Litvinova.S.N. Organizatsiya dosuga detei I podrostkov (Мetodicheskoe posobie dlya pedagogov sistemy dopolnitelnogo 

obrazovaniya i dlya roditelej. М., 2000.

5 Pedagogika dosuga: terminologicheskij slovar / sost. О.N.Hahlova. – Ufa: Izd-vo BGPU, 2007. – 88s.

6 Мambekov E.B. Organizatsiya dosuga vo Frantsii: аnimtsionnaya model: Аvtoref. dis. ... kand. ped. nauk. SPb., 1992.

7 Zharkov A.D. Тeoriya i tehnologiya kulturno-dosugovoj deyatelnosti. М., 2007, - 480 s.

8 Yaroshenko N.N. Sotsialno-kulturnaya animatsya: Ucheb. posobie. М., 2000

9 Kvartalnov V.A. Teoreticheskie osnovy stanovleniya i razvitiya sistemy nepreryvnogo professionalnogo obrazovaniya v 

sfere turisticheskoi deyatelnosti: Dis. … d-ra ped. nauk. М., 2000.

10  Shulga  I.I.  Pedagogicheskaya  animaciya:  razvitie  professionalnogo  obrazovaniya  organizatorov  dosuga:  Monografiya. 

Novosibirsk, 2008.

11 Tarasov L.V. Sociokulturnaya animaciya: istoki, tradicii, sovremennost. М., 2008.

В статье представлены изучения социально-культурной анимации в разных отраслях науки. 


№ 3 (112) 2016

397


Проведен  анализ  современного  состояния    исследований  по  данной  тематике,  выявлены  тенденции  в  изучении 

социально-культурной анимации в педагогической науке и потребность оптимальной организаций досуга детей. 

Ключевые слова: досуг, свободное время, анимация, социально-культурная анимация, аниматор, отдых, релаксация.

Research of social-cultural animation in various branches was presented in this article.

Analysis  modern  estate  of  research  on  this  theme  was  performed;  tendencies  in  social-cultural  animation  research  in 

pedagogical science and requirement optimal organization of children leisure were exposed.

Key words: leisure, free time, animation, social-cultural animation, animator, relaxation.

Редакцияға 02.01.2016  қабылданды.

ӘОЖ 159.9:37

Т.С. СЛАМБЕКОВА

1

, Н.П. АЛБЫТОВА

2

, Е.Е. САЙЛАУБАЙ

3

п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры м.а.

1

,

п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры м.а.

2

,

т.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Астана қ.

3

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ҮДЕРІСІНІҢ МАҢЫЗЫ

Мақалада  танымның  бір  түрі  ретінде  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  тану  үдерісінің  міндеттері  мен  маңызы 

қарастырылған.  Сондай-ақ,  мақалада  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  танудың  танымдық,  реттеушілік,  коммуникативтік 

қызметтерінің мәні мазмұндалған.

Түйін сөздер: өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі анықтау, «Мен» тұжырымдамасы.

«Мен кіммін?», «Кім болғым келеді?», «Кімге ұқсағым келеді?», «Өзім туралы не білемін?», «Өзім туралы 

не ойлаймын?», «Өзімді қалай бағалаймын?», «Өзіме қарым-қатынасым қандай?», «Мені өзге адамдар қалай 

қабылдайды?», «Шынында да мен қандаймын?», «Адам өзінің ішкі әлемінен нені тануы тиіс, нені танудың 

қажеті  жоқ?»,  «Өзімді  қалай  тануға  болады?»,  «Адам  үшін  өзін-өзі  танудың  қаншалықты  маңызы  бар?», 

«Өзін-өзі тану қайда апарады, оның шегі бар ма?» және т.б. өзіңе қатысты психологиялық, философиялық 

сауалдар әрбір жеткіншекті, жасөспірімді, ересек адамды мазаласа, халқымызды «Біз кімбіз?», «Не үшін өмір 

сүреміз?»,  «Өмірдің  мәні  неде?»,  «Біздің  басты  адами  бағыт-бағдарымыз  қандай  болу  қажет?»,  «Болашақ 

ұрпақ үшін алған бағытымыз дұрыс па?» деген тіршіліктің мәңгілік сауалдары мазалауда. Және әрбір адам 

осы сауалдарға жауап іздеу барысында ұшы-қиырсыз жаңа сауалдар тізбегіне жолығады. Олай болса, осы 

аталған сауалдардың ішінен  көптеген сұраққа жауап бере алатын «Өзін-өзі тану дегеніміз не, оның жауабы 

бар ма? - сауалына жауап іздеп көрмекшіміз.

Өзін-өзі  тану  мәселесі  қазақ  ойшылдарының  рухани  мұраларында  нақты  айшықталған.  Қазақ 

қоғамындағы тұлға руханиятының түп тамырын зерделеген дана бабаларымыз Абай Құнанбаев пен Шәкәрім 

Құдайбердиевтің «Толық адам» қағидасы бүгінгі қазақ әлемінің биік межесі болып табылады. XX ғасырдың 

алғашқы  ширегінде  Әлихан  Бөкейхан  мен  Ахмет  Байтұрсынов  бастаған  қазақ  оқығандарының  руханият 

саласындағы іргелі еңбектері мен ізденістерінде алдыңғы тарихи жағдайымыздағы тұлғаны жаңа тұрпатты 

тұлғалық  келбетке  ізерлей  ілгерлету  мәселелеріне  көп  көңіл  бөлінді.  Замана  ағысында  орын  алған  саяси 

үдерістер бұл құндылық ілімдер ағынын тура жетпіс жылға тоқтатты. Қазіргі қазақ қоғамы сол құндылықтар 

дүниесі мен әлемдік ауанды қамтыған гуманистік идеямен айқындалған ашық қоғам теорияларымен астастыра 

қабылдау үдерісін бастан өткеруде. Қазақстандық барлық деңгейдегі тәрбие һәм білім жүйесі Ұлы даланың 

заңғар тұлғаларын қалыптастыру жолында игі ізденістерді біртіндеп жүзеге асыруда. Бұл үдеріс кедергісіз 

өтуде деп айтуға әлі ертерек.

Кеңестік  дәуірдің  тұлғаны  қалыптастыру  дәстүрі  сол  заманның  идеологиялық  негіздемесі  негізінде 

қалыптастырылды.  Қазақтар  сияқты  ұлттық  республикаларда  тұлға  санасының  екі  айырылу  үдерісі  орын 

алды. Алдымен қасаң әрі шектеулі қалыптағы кеңестік жалаң дәстүр және келесі тектілік код арқылы берілетін 

ұлттық тұлғалық қалыптасу іздері арасындағы қайшылық туындады. Бұл мәселе бір ұлттың өз ішінде бірнеше 

саналық-руханилық және тәрбиелік астардағы адамдар топтарын өмірге әкелді. Тек адамның ішкі дүниесі 

ғана ұлттық қалпына сай түсінетін және соған сай тұлғалық қалыптасу жолын аша алатын тетіктер жабық 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

398


қалды. Тұлғаның өзін-өзі тануы кеңестік екі тілдік сипаттағы қазақ топтары және ешқандай идеялар мен 

нұсқауларға мойын ұсынбайтын дара тұлғалар топтары арқылы көрініс берді. Соңғылары ұлттық тектілік 

кодын  шығармашылықтары  арқылы  берді.  Ұлттық  ішкі  сұраныстарға  сай  келетін  туындылар  халықтық 

тарих  пен  мәдениетті  сақтап  қалды.  Кеңестік  дәуірдегі  «коллективизм»  идеясы  жеке  тұлғаның  қоғамда 

артық қабілет-қасиеттері арқылы танылуына жалпылама сипатта ғана мүмкіндік берді. Одан артық дүние 

большевиктік коммунизм идеясына кереғар деп ұйғарылды. Тоқ етерін айтсақ, тек ішінара эпизодты санатта 

ғана орын алған жекелеген фактілер тұлғанын өзін-өзі тану үдерісінде қас-қағым сәт болып қана қала берді. 

Тұтас қоғамдық санаттағы тұлғалық өзін-өзі тану үдерісі жоққа шығарылды.

Қазіргі  әлемдік  қауымдастыққа  батыл  енген  қазақстандық  қоғам  төл  тұлғаны  қалыптастыру  мен  оны 

индивидтің өзіне сездірту мен таныту және оны тәрбие құралы ретінде басшылыққа алу ісіне жете көңіл 

бөлуде. Мықты адамдар қоғамы мықты мемлекет пен қоғамды қалыптастырады және оны ілгерлетеді. Бұл 

заңмен жазылмаған ақиқат дүние. Әрбір мемлекет болсын болмас ұлттық шеңбердегі қоғам болсын тұлғалы 

қоғамға деген ізденіс жолын еш уақытта тоқтатпаған. Мәселе біреу, ол бәсекеге қабілетті, уақыт сындарына 

төтеп беретін ұрпақты қалыптастыру, соған жету болмақ.  

Сыртқы жақын және қашық әлемде кең уақыттық шеңберде жарық көрген немесе заманында танымал 

болған,  сондай-ақ  белгілі  бір  кеңістікке  болмаса  халықтарға  ықпал  еткен  «өзіндік  тұлғатануға  қатысты» 

ізденістер бүгінгі қазақстандық ғылым жүйесіне таныс және сол бағытта отандық ізденістерге жол ашуда. 

Біздің мақаламыздың да басты ұстанымы сол ізденістердің мол қоры ішінен адамгершілік пен парасаттылыққа 

негізделген қоғамның тізгінін ұстар жеке тұлғаның бар болмысын ашуға және оның қалыптасуына ықпал 

ететін авторлық еңбектер мен ізденістерді зерделеу болып табылады.

«Өзін-өзі тану» ұғымына ғылыми айналымда әр түрлі түсініктер берілген. «Өзіңді-өзің танып біл» - бұл 

Сократ философиясының қайнар көзі мен кредосы болса, И.Кант бойынша «Өзін-өзі тану – адамзат ақылының 

басы», ал Г.Лессинг бойынша, «ортасы» болмақ.

С.Л.Рубинштейн: «Өзін-өзі тану - өзінің әлемге және басқа адамдарға қатынасы туралы есеп беру» - десе 

[1], Спиркин А.Г.: «Өзін-өзі тану - адамның өз әрекеті мен оның нәтижесін, ойын, сезімін, моральдық келбеті 

мен қызығушылығын, идеалдары мен мінез-құлық түрткілерін сезінуі және бағалауы, өзін және өмірдегі өз 

орнын тұтастай бағалауы» - десе [2,148-149], В.Г.Маралов: «Өзін-өзі тану – өзіңді, өз мүмкіндігіңді және 

белсенді қасиеттеріңді, жеке тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктеріңді, мінезіңді, өзінің басқа адамдармен 

қатынасыңды тану үдерісі» - деген [3].

Ежелгі грек философы Фалес Милетский (б.э.д. 625-547ж.): «Не қиын?» «Өзіңді өзі тану қиын, өзгелерге 

кеңес беру - оңай» - демекші, өзін-өзі тану қарапайым үдеріс емес, ол – өте күрделі үдеріс және субъективті 

маңызды міндет. 

«Максимы  и  рефлексии»  атты  еңбегінде  И.Гете  «Өзіңді-өзің  қалай  тануға  болады?  Өзіңді  пайымдау 

жолымен тану мүлдем мүмкін емес, ол тек қана іс-әрекетте ғана мүмкін. Міндетіңді өтеуге тырыс, сонда ғана 

сен өзіңде қандай қасиеттердің бар екендігін білесің» - деген екен [4].  

Ресейлік философ П.С.Таранов «Бірде бір адам өмірінің соңына дейін танылмайды, о дүниелік болғаннан 

кейін тіпті» - деп өзін-өзі танудың оңай еместігіне тоқталса, Публий Сир «Ең маңыздысы сені өзгелердің кім 

деп қабылдауында емес, шынында да сенің кім екендігіңде» - деп өзін-өзі танудың мазмұнына тоқталса керек. 

Тұрмыстық  психология  болса,  өзін-өзі  тануды  өте  қарапайым  түсіндіреді.  Ол  «өзін-өзі  тану  өзіңнің 

мүмкіндігіңді толықтай қолдануға мүмкіндік береді» - дейді.

Жалпы адамның танымы сыртқы әлемді және өзін-өзі тануға бағытталады, өзін-өзі тану арқылы адам 

өмірдің мәнін түсінеді, тіршіліктің қуанышын сезінеді, тұлғалық қасиеттері жетіледі, дамиды. 

Әрбір адам болмыста тіршіліктің, қоғамның заңдылығымен және өз заңымен тіршілік етеді. Адамның өз 

заңыоның интеллектісімен, қабілетімен, мінез-құлқымен, өзіндік пікірімен және т.б. анықталады да осыған 

сәйкес оның өмірлік траекториясы анықталады. Өмірлік траектория, ол – адамның адами-тұлғалық мүмкіндігі 

мен интеллектісінің шекарасы. Әрбір адамда өмірлік траекторияны таңдаудың екі нұсқасы бар: өз іс-әрекетін 

тұрмыс-тіршілік заңдылықтары туралы біліммен ұштастыру, екіншісі оларды мүлдем қабылдамау. Біріншісі 

өзіндік көріністі – мәдениеттен тапса, екіншісі мәдениетке қарсыласудан (нашақорлықтан, ішімдік ішуден, 

зорлық-зомбылық көрсетуден, терроризмнен т.б.) табады.

Объективті тұрмыс-тіршілік заңдарын қабылдай отырып тіршілік ететін адам табиғатпен, қоғаммен, тіпті 

өзімен-өзі  үйлесімділікте  (гармонияда)  тіршілік  етеді.  Аталған  үйлесімділік  адамды  «өмір  сүру  өнеріне» 

үйретеді.  Бірақ  осы  үйлесімділік  адамның  өзін-өзі  танымай  мүмкін  емес.  Бірақ,  өзіңді-өзің  тану  да  оңай 

үдеріс емес.Өзін-өзі танудың күрделілігі индивидуалды-субъективті ішкі әлемді танумен түсіндіріледі. 

«Адам не үшін өзін-өзі тануы қажет?» өйткені біріншіден, адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі 

ретінде тіршілік пен қоғам заңдылығына сәйкес дамуы тиіс; екіншіден, адам өзін-өзі тану үшін материалдар 

жинақтау  қажет,  бұл  жердегі  материалдар  дегеніміз  –  оның  белгілі  бір  іс-әрекет  барысындағы  мінезі, 



№ 3 (112) 2016

399


эмоциясы, қабілеті, қылықтары, ақыл-ойы және т.б.; үшіншіден, да өзін-өзі тану міндетінің маңыздылығы, ол 

дегеніміз өзі туралы жинақталған кез-келген ой-тұжырым факт ретінде субъектіні өзгертеді, сондықтан өзін-

өзі танудағы кез-келген қозғалыс өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге жасалған қадам болып табылады.

Өзін-өзі тану объектісі мен субъектісі жеке индивид болып табылады.

«Өзің-өзі  тану»  ұғымы  индивидтің  «өзіндігін»  бейнелейтін  көптеген  ұғымдармен  байланысты  өзіндік 

түйсік, өзіндік сезім, өзіндік қабылдау, өзіндік түсіндіру, өзіндік бағалау, өзіндік әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу, 

өзін-өзі дамыту, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп, өзін-өзі бекіту, өзін-

өзі  ұйымдастыру  және  т.б.  Г.К.Чернявская  «Трудный  путь  к  самому  себе»  (СПб.,  1994)  еңбегінде  аталған 

түсініктерді  алғаш  рет  жүйелеуге  тырысқан.  Г.К.Чернявская  ұғымдарды  түсіндіру  негізі  ретінде  әрбір 

адамның алдында тұрған И.Кант қалыптастырған маңызды сұрақтарды қояды [5,66].

«Менің ақыл-ойымның барлық қызығушылықтары (интеллектуалдық және практикалық)» - дейді И.Кант 

– келесі үш сұраққа біріктірілген: 

1) «Мен не біле аламын?» 

2) «Мен не білуге тиіспін?» 

3)  «Мен  неменеге  үміттенемін?»  [6,66].  Осы  сұрақтарға  байланысты  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге 

асырудағы ішкі қозғалысы когнитивті («Мен не біле аламын?»), мінез-құлықтық («Мен не білуге тиіспін?») 

және реттеушілік («Мен неменеге үміттене аламын?») «блоктарына» бөлінген. 

Когнитивті  блоктың  «Мен  не  біле  аламын?»  сауалына  Г.К.Чернявская  бір-бірімен  байланысты  өзіндік 

түйсікті, өзіндік бақылауды, өзін-өзі тануды, өзіндік бағалауды, өзіндік моделді жатқызса, мінез-құлықтық 

блоктың «Мен не білуге тиіспін?» сауалына өзіндік дайындықты, өзіндік білім алуды, өзін-өзі тәрбиелеуді 

және өзін-өзі дамытуды жатқызады, үшінші - «Мен неменеге үміттене аламын?» блогына өзін-өзі бақылау, 

өзін-өзі реттеу және өзіндік тәртіп жатады.

Еркін іс-әрекет процесінде жеке тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзіндік тәртібі жүзеге асырылады. 

Егер өзіндік іс-әрекетті шартты түрде аталған блоктардың фундаменті десек, осы блоктың аяқталуы болып 

тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы табылады. Олай болса, өзін-өзі жүзеге асыруы «өзіндік» ұғымын ашатын 

басты да жүйені құраушы негізгі категория деп тануға болады [5].

«Өзін-өзі  жүзеге  асыру»  (самореализация)  алғаш  рет  1902  жылы  жарық  көрген  «Философиялық  және 

психологиялық» сөздікте берілген. Бүгінде аталған ұғым шетелдік әдебиеттерде «өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге 

асыру» мағынасын береді. «Өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымы адам туралы ғылым салаларының көпшілігінде 

қарастырылады.  Ол  философиялық-психологиялық  әдебиеттерде  өзіндік  идеялары  мен  жоспарларының 

жүзеге асырылуы ретінде қарастырылады. Танымал американдық психолог А.Х.Маслоу бойынша, өзін-өзі 

жүзеге асыру қажеттілік иерархиясында  адамның таланты мен қабілетін ашуға және жүзеге асыруға деген 

ең жоғарғы тілегі (және мүмкіндігі). Сондай-ақ, өзін-өзі жүзеге асыру өзін-өзі сезіну, өзін-өзі таныту деп те 

түсіндіріледі. 

А.Я.Голубчиков индивидтің өзін-өзі анықтауының генетикалық циклында өзін-өзі тану, өзіндік жобалау 

және  өзін-өзі  жүзеге  асыру  түсініктерінің  өзара  байланысын  бөліп  қарастырады.  Мұндағы  өзін-өзі  тану 

бірнеше  міндеттерді  шешуді  көздейді:  а)  қаншалықты  мен  тектің  (род)  мәні  мен  идеалын  толықтай  бере 

аламын, б) жеке тұлға ретінде маған тән өзгешелік неде, в) менің ерекшелігім қайдан көрінеді? [7].

Өзін-өзі тану ерте балалық шақтан басталады да ақыл-ойдың дамуымен бірге ол да кеңейе түседі. Өзін-

өзі тану үдерісі баяу дамиды, кейде тіпті адам оны сезінбеуі де мүмкін. Ең басында бала өзін физикалық 

әлемнен  алшақтатуды  үйренеді,  ол  әзірге  оның  денесінің  құрамына  ненің  енетінін,  ненің  енбейтінін 

түсінбейді.  Кейінірек  ол  өзін  басқа  мағынада,  демек,  әлеуметтік  микротоптың  мүшесі  ретінде  қабылдай 

бастайды. Бала санасында – өзі әлеуметтік микроәлемнің орталығы, ал басқалар оған «қызмет етулері қажет» 

деп түсіндірілетін танымал балалық эгоцентризм көрініс береді. Жеткіншектік кезеңде өзінің психикалық 

қабілетін,  мінезін,  адами  қасиеттерін  демек,  «Рухани  -  Мен»  -  ді  сезіну  басталады.  Осы  үдеріс  ұрпақтың 

мәдени  және  адамгершілік  мәселелерін  шешуде  көрінетін  мәдени  тәжірибені  белсенді  түрде  меңгерумен 

стимулдандырылады. Жеткіншек өмірінде осы үдеріс «Мен қандаймын?», «Менде не дұрыс емес?», «Мен 

қандай болуым қажет?» сауалдарынан басталады. Осы кезеңде салыстыруы өзіне деген қанағаттанбаушылықты 

тудыратын және өзін өзгерткісі келуге апаратын саналы түрде қабылданған жеке тұлғалық идеал «Идеал - 

Мен» (Сверх -Я) қалыптасады. Осыдан барып өзін-өзі жетілдіру басталады [8].

Өзін-өзі тану – адамның өзіне басқа қырынан қарау, ішкі диалогтік принцип бойынша өзінің бір көзқарасын 

келесі даму үстіндегі көзқараспен қарсы қою. Өзін-өзі тану механизмі болып – рефлексия табылады. Өйткені 

өзін-өзі тану рефлексияның арқасында жүзеге асады. Өзінің «он бесінші қара сөзінде» Абай: «Егерде есті 

кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен 

өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге 

жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, не болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

400


білмей қалыппысың» [9] - деп, адамдарды өз ісі мен амал-қимылдарына сыншыл көз тастай білуге шақырады. 

Бұл өз-өзіне, өз әрекетіне талдау жасау өзін-өзі танып-білудің басты амалы.

Өзін-өзі  танудың  дамуы  адамға  өзінің  ішкі  әлемін  танытады,  ішкі  жағдайды,  мотивті,  мақсатты, 

құндылықтарды және т.б. сезінуге апарады. Өзін-өзі тану – рационалды ғана емес, эмоционалды да үдеріс. 

Өзін-өзі  тану  нәтижесінде  адам  өзін-өзі  анықтайды,  өзі  үшін  маңызды  қажеттіліктерді,  құндылықтарды 

анықтайды, ал ол адамның «Менін» ашады.

Өзін-өзі тану өзін-өзі жетілдірумен, өмір мәнін іздеумен байланысты реттеушілік қызметті де атқарады. 

Жеке тұлға үшін сананың орны қандай болса, өзін-өзі танудың да орны сондай.

Өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуы үшін, іс-әрекетті тиімді жүзеге асыру үшін, әлеуметтік және табиғи 

ортаға бейімделу үшін, тиімді перспективалық өмірлік позиция мен стратегияны құру үшін де қажет [10].

Өзін-өзі танудың нәтижесі индивидтің өзі туралы ойларының жиынтығы «Мен - бейне» немесе «Мен - 

тұжырымдамасы» (Р.Бернс). «Мен» тұжырымдамасы адамның басқалармен қарым-қатынас орнатуы, өзін-өзі 

жүзеге асыруы, тіршілікте өз орнын табуы негізінде қалыптасады (Сызба - 1). 

Олай  болса,  өзін-өзі  тану  адамның  өзін-өзі  тануына,  өзінің  ішкі  әлемін,  потенциалды  және  белсенді 

қасиеттерін,  тұлғалық,  интеллектуалдық  ерекшеліктерін,  мінез  келбетін,  басқалармен  қарым-қатынасын 

тануға  бағытталған іс-әрекеттің спецификалық формасы болып табылатын танымның бір түрі. 

Өзін-өзі  тану  –  өзі  туралы  білімді  болу  мен  өзін-өзін  басқарудың  дағдысын  дамыту.  Өзін-өзі  тану  – 

әркімнің  өзімен  жұмысының  бастамасы,  өзіне  ғана  арналған  қызметі.  Сол  бағытта  адамның  өзіне  деген 

талапты күшейтуі, әлеуметтік кемелденуге ұмтылуы.

 

1-сызба – «Мен - тұжырымдамасы» аспектілері



Өзін-өзі  тану  -  адамның  іс-әрекет  барысында  өзінің  ішкі  әлемін  зерттеуі,  түсінуі,  сезінуі,  тануы.  Ол 

қабылдау,  өз  мінез-құлқын,  қылығын,    қобалжуын,  іс-әрекет  нәтижесін  сезінген  кезде  жүзеге  асырылады. 

Өзін-өзі тану тек қана адамзатқа ғана тән. 

Сонымен, тұлғада жүретін - өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзіанықтау, өзін-өзі іске 

асыру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі қалыптастыру және т.с.с үдерістердің мәні 

мен маңызы өте зор. Және де әрқайсысы жекелей зерттеуді қажет ететін өте күрделі мәселелер.



Әдебиеттер

1 Рубинштейн С.Л. Бытие и сознание. М., 1957

2 Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М., 1972

3 Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М., 2002.

4 Гете И. Максимы и рефлексии.М., 1995

5 Чернявская Г.К. Трудный путь к самому себе. М., СПб., 1994

6 Кант И. Соч. Т.3, М., 1964 

7 Байлук В.В. Человекознание. Основы самопознания и самореализации личности. Книга первая. Основы самопознания 

личности. Екатеринбург, 2010

8 Головин С.Ю.  Словарь практического психолога, Минск.: Харвест, 1998 г.

9 аbai.kz ақпараттық порталы

10 Акмеологический словарь /Под общ.ред. А.А.Деркача. – М.: Изд-во РАГС, 2004, - 161 с.



№ 3 (112) 2016

401


References

1 Rubinshtein S.L. Bytiei i soznanie. М., 1957.

2 Spirkin A.G. Soznanie i samosoznanie. М., 1972.  

3 Maralov V.G. Osnovy samopoznaniya  i samopoznaniya. М., 2002.

4 Gete I. Мaksimy i refleksii. М., 1995.

5 Chernyavskaya G.K. Trudny put k samomu sebe. М., SPb., 1994.

6 Kant I. Soch. N.Z, М., 1964. 

7 Bailuk V.V. Chelovekoznanie. Osnovy samopoznaniya i samorealizacii lichnosti. Kniga pervaya. Osnovy samopoznaniya 

lichnosti. Ekaterinburg, 2010

8 Golovin S.Iu. Slovar prakticheskogo psikhologa, Minsk.: Kharvest, 1998 g

9 аbai.kz akparattyk portaly

10 Akmeologicheski slovar / Pod obsc. red. А.А.Derkacha. – М.: Izd-vo PAGS, 2004, - 161 s.



Значение процесса самопознания личности.

В статье представлены задачи и значение процесса самопознания личности. А также, в статье рассматриваются 

роль познавательных, регулятивных и коммуникативных функции самопознания личности.

Ключевые слова: самопознания, самосовершенствования, саморазвития, самоопределения, «Я –концепция».

T.S.Slambekova, N.P.Albytova, E.E.Sailaybai. The value of process of personal self-knowledge.

Some objectives and the value of the process of personal self-knowledge was presented in this article. Also the role of cognitive, 

practice and communicative functions of personal self-knowledge is considered in the article.

Key words: self-knowledge, self-improvement, self-development, self-determination, «I - concept».

Редакцияға 11.02.2016 қабылданды.

UDK  81’ 243: 159. 935

SH. D. SMAILBEKOVA

The L.N. Gumilyov ENU Faculty of International Relations Foreign Languages Chair,

Senior Lecturer smailbekova1948@mail.ru

PRACTICABILITY OF MEMOIRS

This article describes a method of teaching writing practice, namely record memories students.Narrating the eventst hat 

caused  the students joy, sadness, curiosity or learn a new life experience, students are drawn into the process, and this causes 

them to write more, literacy, and as a result turn out linguistic practice.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет