ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет18/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153

айтқаныңнан  асырар»  дегені,  оның  шешуін  маған  жолдағаны  еді.  Сендер  мені  іздеп  барған  соң, 

үстеріңдегі  киімдеріңді  алып  отқа  жаққаным,  білдірмей  жұлғаным,  күйдірмей  пісіргенім;  сендерді 

алдыма салып жалаңаш, жаяу айдап ханға әкелгенім, қан шығармай сойғаным еді. Ал енді осымен ханның 

жұмысы біткен шығар? - деп, Жаман сөзін аяқтады. Хан: 

-        Уәзірлерімнің күнәсін кешірдім. Неше рет екеуміздің арамызға от салып, қоныс аударып, көшіп 

кетуге себеп болып еді. Сонысына ызаланып: «Өздері әбден жеңілсін, кінәларын мойнына алсын!» - деп 

едім. Менің тілегім орындалды. Ал, халық, мен де біраз хан болып, қызық көрдім. Ендігі хандығымды 

мынау досыма берем. Сіз де, енді тартынбаңыз, таққа сіз мінуге уақыт жетті, қалған өмірде сізге қызмет 

етіп, сіздің хан болған қызығыңызды көрейін, - деп, Жаманды қолтықтап әкеліп, хан тағына отырғызды. 

Елі отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, Жаманды ақ киізге салып, хан көтерді. Жаман Ақша ханның 

еліндегі үйін көшіріп алады. «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, 

ел арасында достық орнатыпты»,  - дейді. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, 

қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол 

аты  өле-өлгенше  қалды  дейді.  Аяз  би  әділ  болды.  Тура  билік  етті  нашарларға  қарасты.  Баяғы  өзінің 

жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының мандайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі 

ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап:  «Ай, Аяз,  баймын деп аспа, 

ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді. 

 

74 - Бөлім: Есектің қодығы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1771 

 

 



Ормандағы үйде есектің қодығы тұрады екен. Оның достары болмапты. Қодық зеріге бастайды. Бірде ол: 

— Пи-пи, хал қалай? –деген дауысты естиді. Еденнің астынан кішкентай тышқан шығып келеді екен.  

— Мен кішкентай тышқанмын. Сен зерігіп отырған соң келіп тұрмын,-деп шиқылдады ол.  

Осыдан  соң  қодық  пен  кішкентай  тышқан  дос  болып  кетті.  Қодықтың  қуанышында  шек  жоқ.  Ол 

кездескендердің барлығына:  

— Ал менің досым бар!-деп мақтанатын болды.  

— Ол қандай дос? —деп сұрады аюдың қонжығы жақтырмай сөйлеп. –Құйтақандай біреу шығар?  

Қодыққа өтірік айтуға тура келді:  

— Жоқ, менің досым – үлкен піл.  

- Үлкен піл? Өтірік соқпа!  

Әрине, қодықтың сөзіне ешкім де сенбеді. Сонда да оның досы кім екенін көруге аңдар жинала бастады. 

Олар:  


—  Ал  бізге  үлкен  досыңды  көрсет!-деді.  Қодық  қысыла  бастады.  Ол  не  айтарын  білмеді.  Осы  кезде 

кішкентай тышқан шыға келіп:  

— Қодықтың досы менмін!-деді  

— Ха-ха! — деп күле бастады аңдар. — Егер сен үлкен піл болсаң, онда мына қодық нағыз өтірікші.  

Ал қодық ұялғаннан қызарып кетті Содан соң айтты:  

— Иә, менің досым үлкен піл. Ол жай ғана үлкен піл емес, сиқыршы піл. Қазір ол кішкентай болып тұр. 

Өйткені менің үйіме екеуіміз сыймаймыз.  

— Бәлкім, рас шығар, — деп басын шұлғыды қонжық. — Бірақ, менің мұндай кішкентай болғым келмейді.  

— Ол да кішкентай болғысы келген жоқ, — деді қодық. — Бірақ, ол менің ең жақсы досым. Содан соң 

мен үшін кішкентай болуына тура келді. Өйткені менің досым – нағыз адал дос!  

— Ах, қандай қайырымды дос!-деп таң қалды барлық аңдар. 

Олар қоштасып, жөндеріне кетті. Содан бері орманда ешкім де кішкентай аңдарды ренжітпейтін болды. 

Аңдар былай деді:  

— Кішкентай достың өзі үлкен бола алады. Тіпті пілден де үлкен бола алады! 

 

75 - Бөлім: Жылқының өтініші 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              111 bet 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1772 

 

 

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді: 



-  О,  барлық  жан-жануарларға  тіршілік  сыйлаған  қайырымды  күн,  мені  жануарлардың  арасындағы  ең 

сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да 

әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын. 

-        Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? - деп сұрайды күн күлімсіреп. 

-        Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау және сыйдаңдау болса, мен тіпті алдына жан 

салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік 

бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап 

жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді... 

-        Жақсы, қалағаның болсын, - дейі күн жайраңдап, - сәл күте тұр. Соны айтады да, күн жерге түйені 

түсіреді.  Денесі  алпамсадай,  тұрқы  арбиған  жануарды  көрген  жылқы  әрі  қорыққанынан,  әрі 

жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. 

-        Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де 

дайын.  Қалай,  сенің  де  осындай  болғың  келе  ме?  -  деп  сұрайды  күн.  Жылқы  әлі  де  есін  жыя  алмай 

қалшылдап тұрады. 

-        Жо-жоқ... - дейді тілі күрмеліп. 

-        Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға 

тиіс. Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастапты. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге 

дейін денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен. 

 

76 - Бөлім: Жеті өнерпаз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1773 

 

 



Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай 

десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты  бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам 

есінен танып қалады екен.  

     Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық  қыз  нөкерімен сейіл  құрып, суға түсуге барады. Суға 

түсіп  бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір қарақұс  

келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз шулап қала береді.  

       Бірнеше күнге дейін ханға естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Бір ақсақалды шал келіп естіртеді. Хан 

есінен танып, тағынан құлап түседі. Ел-жұрты кетіп, тыныштық үйде  хан есін жиып, бақсы-балгер, қожа-

молда жинайды, қызды  олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды.  

      Тек ханның уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді:  

- Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар табады.  

     Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соқ- қыз да мені соған жібер.  Хан табанда барлық 

айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады. Назар сумен жол жүріп, бір айда аман-сау мұхит 

теңізінің ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, жеті өнерпаз балалары жоқ, шалдың  

өзі ғана отыр екен. Сәлім шал әскермен келген Назардан қорқып кетеді.  

       Назар  уәзір Сәлім шалға мән-жайының бәрін баян етеді, ханның алтын мөрін басып, өтініп жазған 

хатын береді, әдейі іздеп келгенін айтады. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып алып:  

- Айлық алыс, шет жерден сендердің өнеріңді естіп жетіпті. Нәсіп болса барыңдар. Егер тапсаңдар, дүние-

мүлкімен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа  шығарыңдар! - дейді.  

    Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп жүреді. Бұлар бірнеше күн жол жүріп, бір-екі күн 

қалғанда сүйінші сұрауға Назар ханға бір кісі жібереді. Ол барып  сүйінші сұрағанда хан аямай сүйінші 

беріп, алдынан бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Аман-сау жеті өнерпазды алып Назар да келеді. Хан 

жеті өнерпазды көріп, қатты қуанып, бала кайғысының бәрін ұмытқандай болады.  


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              112 bet 

     Бірер күн тыныққан соң, хан қасына жеті  өнерпазды ертіп баяғы қызды көтеріп әкеткен қарақұстың 

қасына  келеді. Қарақұс қызды алып аспанға ұшады. Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені аспанға ұша біледі 

екен, барлығын сол бастап, қызды көтеріп ұшқан қарақұстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті 

күн, жеті түн  ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді. Бір дарияның жағасында құс отыр, қыз шашын 

тарап тұр екен.  

    Қуғыншылардың дабыл қағып ұшқан екпінінен қорқып, қарақұс қызды алып, тағы да аспанға ұшады. 

Сонда  қуғыншылар: «Қыздан айырылдық», - деп жылайды.  

    Жігіттердің  үлкені  екіншісіне:  «Өнеріңді  істе»,  -  дейді.    Екіншісі  асқан  мерген  екен,  құстың  екі 

қанатынан  көздеп    атқан  оғы  оның  екі  санын  жұлып  түседі.  Аспанда  шыр    айналып  келіп,  қыз  суға 

түскенде, үшіншісі сушыл екен, суға сүңгіп, қызды алып шығады. Қыз жұтқан суын қайта құсып, аман 

түрегеледі.  

Бұлар  енді  судан  құрғаққа  шыққан  кезде,  бір  үлкен    айдаһар  бәрін  лебімен  жұтыпбарады  екен.  Енді 

бұлардың төртіншісі асқан ұста екен, қолындағы екі тасын бір-біріне соғыстырып қалғанда бес шақырым 

жерден қорған  

соғылады  екен.  Ол  тасын  қолына  алып  соғыстырып  еді,    бес  шақырым  жерден  қорған  соғылды.  Әлгі 

айдаһар қорғанның сыртынан оралып жатып қалады. Бірнеше күн тас қорғанның ішінде бұлар да жатады. 

Айдаһар  тас  қорғанды  сыртынан  орап  алып,  қысып  сыға  бастайды.  Бұлар  қысылып  өлер  болған  соң, 

бесіншісі де өнерін істейді.  Бұлардың бесіншісі жер астынан жол салғыш екен, қолындағы асыл тасын 

шаққанда, бес шақырымдай жер  астынан жол салынып шығады екен. Айдаһар сол күйінде таста оралып 

жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан  соң, еліне апаратын жолдың қай жақта екенін біле алмай, айласы 

таусылып, адасады. Бұлардың алтыншысы жол болжағыш екен, оқу оқып көзін сипаса, бір күндік жерден 

жол көреді екен. Алтыншысы өнерін істеп, бір күндік жердегі жолды табады. Бірақ өздері арып-ашып, 

шаршаған, жаяу жүре-жүре табандары тесілген, тамақтары  және жоқ, аш әлсіреп қалады. Жетіншісі тағам 

жасағыш  екен. Қойнындағы бір асыл табағын алып, жолдастарын күніне үш мезгіл тамаққа тойдырып 

отырады.  

    Бұлар бірнеше күн жол жүріп, ханның ауылына жетеді, бәрі де аман. Қаншайым қызды да аман алып 

келеді. Сонан соң хан ат шаптырып той істейді. Хан ел-жұрты болып, жеті өнерпазға қатты риза болады. 

Хан жеті өнерпазға риза болғандықтан:  

-        Қызымды біреуің жолдас қылып алыңдар, - дейді.  

    Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені:  

-        Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік,  қайсымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді.  

     Хан мақұл көреді. Сонда ең үлкені тұрып:  

-                Бұл  қызға  менің  істеген  өнерім  бәрінен  басым.  Мен    болмасам  бұл  қыз  жоқ  еді,  -  деп  жеті  күн 

қарақұстың  ізімен аспанда ұшқанын айтады. - Сондықтан қыз маған  тиісті, - дейді ол. Екіншісі:  

-                Сенің  өнерің таусылып,  қызды  қарақұс  аспанға    алып  бара  жатқанда  мен  атпасам,  қыз  жоқ  еді. 

Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.Үшіншісі тұрып:  

-        Сен аспаннан қызды атып түсіргенде мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған  

тиісті, - дейді. Сонда төртіншісі тұрып:  

-        Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер. 

Сондықтан да қыз маған тиісті, - дейді.  

-        Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып  өлер едіңдер, сондықтан қыз маған тиісті, - дейді  

бесіншісі. Алтыншысы тұрып:  

-        Бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе? 

Қыз маған тиісті, - дейді.  

Ақырында жетіншісі тұрып:  

-        Менің табағымнан ас жемесендер, бәрің де аштан  өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.  

Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып:  

-        Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей, бірақ қызды  сүңгуірге қосыңыз, өйткені ол қызды басқалардан 

бұрын  барып құшты ғой. Ал, қалған алтауына алты ханның  қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - 

дейді.  


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              113 bet 

       Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетіпті. Сөйтіп, 

жеті өнерпаз мұратына жетіпті. 

 

77 - Бөлім: Бозінген 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1774 

 

 



Бұрынғы заманда Бағланбай деген бай бар екен. Оның дүние малы көп екен. Көп малының ішінде бозінген 

деген бір жақсы түйесі бар екен. Бозінгенді барлық малынан жақсы көреді екен. Бірақ   Бозінген ешбір 

бота таппаған екен. Бір күні бай ел-жұртын жинап неше биелер сойып той қылып жұртынан кеңес сұрапты: 

    – Менің жақсы көретін түйем Бозінген бота таппады. Сол туралы не ақыл бересіңдер? – дейді. 

     Онда жиналған жұрттың ешбіреуі жауап бере алмайды. Сонда босағадан сығалап  тұрған бір жеті жасар 

жетім бала былай депті сөз бастапты. 

Айналайын, ағалар, 

Өткен екен дүниеден 

Мың бір-екі сабалар. 

Ажал жетіп күн бітсе, 

Бұл дүниеде кім қалар?! 

Мендей жетім балалар 

Босағадан сығалар! 

Ақсақалдар, қақпасаң, 

Мен бір сөзді айтайын

Құлақ салып тыңдасаң, 

Ашу, жанжал қылмасаң, 

Тойыңды жеп қайтамын, 

Бозінгенді алдырсаң, 

Үстіне кілем жаптырсаң, 

Жібектен бұйда тақтырсаң, 

Жітірме қазық қақтырсаң, 

Бозінген бота табады, 

Бір кедейге ырым қылып бақтырсаң, – 

дейді. Бай баланың сөзін мақұл алып бозінгенге: 

Қалы кілем жаптырып, 

Жібек бұйда тақтырды, 

Жітірме қазық қақтырды, 

Ырым қылып бота табар деп, 

Бір кедейге бақтырды. 

Онда ай төбеден толып, жыл мүшелі болып, Бозінген қайып, туатын уақыты жетіп, бір күні басы алтын, 

бөксесі күміс бота туады. Бағып жүрген  кедей кемпір-шал қуанып: «Байдан сүйінші алайық!» – деп, бара 

жатса, ауылындағылардың барлығы да кедей екен. Кемпір-шалдан: 

– Қайда барасыңдар? – деп сұрайды. 

Сонда кемпір-шал: 

– Бағланбайға барып сүйінші аламыз! Түйесі басы алтын, бөксесі күміс бота туыпты, – дейді. 

Онда ауылдағылар айтады: 

–  «Сен  жалғыз  барып  байдан  сүйінші  алып  ,  бай  болып,  бастарыңа  мүйіз  шықпайды.  Неде  болса 

барлығымыз тең көреміз. Інгенді сатып, пұлын аламыз. Ботасын жеті қабат темір үйге кіргізіп, бағып, 

өскен соң, оны да сатамыз, – дейді. 

Кемпір  мен  шал  көнбейді.  Аяғында  кемпір  мен  шалды  өлтірмекші  болады.  Онан  соң  кемпір  мен  шал 

қорыққанынан лажысы жоқ көнеді. Бозінгенді ботасынан айырып базарға апарып алпыс діллаға сатады. 

Керуеншілер  түйелеріне  қосып  тіркеп,  алып  кетеді.  Сонда  Бозінген  керуеншілердің  қолында  ботасын 

сағынып, боздап, жылап, зарлап айтқаны: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              114 bet 

 Жаратқан жалғыз құдая , 

[Күйіп жаным, сабылдым.] 

Үстіме кілем жамылдым. 

[Ырым қылып бала үшін, 

Кекілімді үкілеп, 

Жібектен бұйда тағындым. 

Бір бота үшін толғанып, 

Бір өзіңе жалындым. 

Ақырында аңырап,] 

Ақырында құдая, 

Базар түсіп сабылдым. 

Жас ботамнан айрылып, 

Мен құдайға не қылдым?! 

Мына жалған дүниеде 

Көрер күнім болар ма? 

Мен ботамды сағындым! 

Неше күндей жол бастым, 

Көзімнен жасым ағызып, 

Емшектің сүтін тамызып, 

Өлгенде көрген ботамды 

Емізбедім жағызып! 

[Боташымнан айырылып, 

Ішім оттай күйеді. 

Жүйкем босап сағынып, 

Тұла бойым иеді.] 

Бағыланбайдың алдында, 

Тұра алмадым құдая, 

Келіндерге сауғызып. 

Кеш болған соң кірекештер келіп бір жерге қонады. Бозінген арман, дерті ішіне толып, ауадағы ұшқан 

құстарға қарап,  ботасын сұрап зарланғаны: 

[Қалықтаған аспанда] 

Ителгі менен сұңқарсың. 

Ертеменен жем алсын, 

Сәскеде барып ұшарсың! 

Аспандап ұшып келдің бе? 

Ел ішінде қайғырған, 

Енесінен айрылған, 

Қу кедейлер жәй қылған 

Жетім бота көрдің бе? 

«Қандай бота?» – дедің бе, 

Мен құдайға не жаздым. 

Аспанда ұшып айналған, 

Түлкі көрсе, сайланған, 

Иесі алып байланған, 

Қара ала баршын бүркітім, 

Аспандап ұшып келдің бе? 

Ел ішінде боздаған, 

Ішкі дертін қозғаған, 

Кедейлер сатып тоймаған

Еркіменен қоймаған 

Жетім бота көрдің бе? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              115 bet 

«Қандай бота?» – дедің бе. 

[Шарықтаған күшеген,] 

Аспанды кезген жорысын, 

Тамам құстың зорысың. 

Бес тырнақтың зарпынан, 

Тамам құстың қорысың. 

Жөндеп ұшып келдің бе? 

Ел ішінде боздаған, 

Ішкі дертін қозғаған 

Жетім бота көрдің бе? 

Қандай бота дедің бе? 

Аспандап  ұшқан ақсарсың, 

Бір күндерде мыңды іліп, 

Алақан қысып тастарсың. 

Сен де сорлы құс төрем, 

Балаң үшін қақсарсың, 

Аспандап ұшып келдің бе? 

Ел ішінде қайғырған, 

Енесінен айрылған 

Жетім бота көрдің бе? 

Күндіз ұшпай, түнде ұшқан, 

Көбелекпенен бірге ұшқан 

Көзі қызыл үкісің. 

Түндерде ұшып келдің бе? 

Енесінен айырылған, 

[Аққудай мойны қайырылған. 

Күндіз-түні зарлап боздаған, 

Көзінен жасы парлаған] 

Жетім бота көрдің бе? 

Қандай бота дедің бе? 

[Омырауы жасқа малынып, 

Көрінген құсқа жалынып. 

Ботасына зар күйін, 

Қайнаған күште бар күйін 

Жеткіз деп жылап тапсырды 

Кемпір мен шалдың үйіне. 

Ұшқан құс таяды, 

Мойындары иіле. 

Тау мен тас та күңіренді 

Бозінгеннің күйіне.] 

Сөйтіп  зарлап  көрінген  құстан  сұрай  беріпті.  Ешбіреуінен  жауап  ала  алмапты.  Содан  кейін  бозінген 

қайғыланып, ботам өлген екен, Алладан хүкім келген екен, аманат басын берген екен  деп айтқаны: 

– Мен – ботамнан айрылған, 

[Қарайлап мойыны қайырылған. 

Сағынып, зарлап егілген, 

Көзінен жасы төгілген,] 

Күнә қылмас айуан, 

Не жазығым бар еді, 

Жаратқан Жаппар Құдайым?! 

[Екі көзді сел алып, 

Жылай-жылай шел алып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              116 bet 

Тәңірден тілеп зарласам, 

Тілегімді берер ме, 

Ботақаным келер ме?! 

Зарланғаным тәңірдің, 

Құлағына жетер ме? 

Не жазығым бар еді, 

Жаратқан тәңір иеме.] 

Керуеннің қолынан 

Бозінген қайтып келе ме? 

Тілегімді бере ме? 

Не жазығым бар еді? 

Жаратқан жаппар иеме?! 

Ботақаным келер ме? – деп, боздап кете береді. 

Керуеншілер бір жерге малдарын тынықтырып, тойындырмаққа тоқтап, бес-алты күн еру болып жатады. 

Сол кезде Бағланбайдың екі ұлы бар еді. Ойсын, Ойсыл деген. Қалаға мал айдап апарып сатып, жолда 

қайтып келе жатып, боздаған Бозінгеннің дауысын естіп, таниды. Сонда бұлар: «Бұл қайдан жүр? Әлде 

керуенге еріп кетті ме? Әлде боталап, бошалап жүрме іздеп табайық» – деп, екеуі жорғаларына мініп алып 

іздеп кетті. Қоржын нәрселерін  жолдастарына тапсырып, жолмен жүре беріңдер дейді. Бұлар іздеп жүріп 

отырып, жолда неше қалың малдарды аралап таба алмай, ертеңінде келіп керуендерден табады. «Түйені 

ұстап  алып,  жүре  берейік»,  –  деп  ойлайды  да:  «Қой,  мұнымыз  ұят  болар!  Жайын  сұрайық»,  –  деп 

керуендерге келіп сұрайды. 

– Ассалаумағалайкүм, 

Қонып жатқан керуендер! 

Алтын, күміс артынып, 

Жалғаншы адам құнекер, 

Ай түбіне бардыңыз, 

Айға сұрау салдыңыз. 

Бағланбайдың Бозінгенін 

Қайдан сатып алдыңыз? 

Алтын, күміс артты екен, 

Ай қызарып батты екен, 

Бағланбайдың інгенін 

Қандай адам сатты екен? 

Ай, жарықтық, Бозінген, 

Қандай бота тапты екен? 

Шешесінен  айрылып, 

[Адасқан қудай қайырылып, 

Ботақаны ыңырсып,] 

Қайтып тірі жатты екен? 

Бағланбай деген бай еді, 

Төрт түлікке сай еді. 

Байдың жақсы көретін 

Бозінгені бар еді, 

Бір ботаға зар еді. 

Оймалы, шайы кілемді, 

Оңдап, солдап жапсырған, 

Жібектен бұйда тақтырған, 

Жітірме қазық қақтырған, 

Бозінген бота табар деп, 

Ырым қылып бақтырған. 

Бағланбайдың інгенін 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              117 bet 

Қандай адам саттырған? 

Аттың басын бұрам ба, 

Кешке дейін тұрам ба? 

Мінген атым қарагер, 

Ертерек бізге жауап бер! 

Сөзімді қабыл алыңыз, 

Бұл сөзіме наныңыз. 

Артынан хабар алайын, 

Жеті күн тоқтап беріңіз! 

Атқа мініп шабайын, 

Сатқынды іздеп табайын, 

Пұлыңды алып берейік

Інгенді алып қалайық, – дейді. 

– Онда керуен басы айтады «Біз талай үлкен қалаларға бардық. Қайтуға жақындағанда бір қалада біреу 

әкеп сатты. Алпыс ділда беріп сатып алдық. Ондай ботасы болатын болса, обалына қалмайық,  он күн 

тоқтап тұрамыз. Пұлын әкеп беріп, алып қалыңыз. Он күннен кешіксеңіз, кетіп қаламыз. Онда қалғаныңыз, 

– дейді. 

Екі  мырза  жүріп  отырып,  бес  күнде  кемпір-шалдың  үйіне  келеді.  Мырзалардың  келе  жатқанын  көріп, 

кемпір-шал жасырынып қалады. 

Мырзалардың ауылға келіп айтқаны: 

– Мінген атым қарагер, 

Келген жерім талай жер. 

Бозінгенді сұраймыз, 

Кемпір-шал, шығып жауап бер! 

Әуеден ұшқан сары екен, 

Анаға бала зар ма екен. 

Кемпір-шал, шығып жауап бер! 

Бағыланбайдың боз інген, 

Аман-есен бар ма екен! 

Кемпір-шал шықпайды. Екі кішкене қыз бала шығып, мырзаларға берген жауабы: 

– Адыра шыққан бадал  ма? 

Мал-жаныңыз аман ба? 

Сіздер сұрап тұрғанда, 

Айтып тұрған заман ба? 

Айналайын мырзалар, 

Тәңірі қылса хал қанша. 

Байға Қыдыр дарып тұр, 

Бозінгені қайып тұр. 

Ай төбеден толыпты, 

Жыл мүшелі болыпты, 

Боталар уағы жетіпті, 

Бозінгені құрысын, 

Боталап қашып кетіпті! 

Екі қыз қалды амалды, 

Кемпір-шалдан хабар жоқ, 

Әлі күнге таба алмай, 

Кемпір-шалды барма екен, 

Тірі көрер заман ай?! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет