Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


АСҚАР АЛТАЙДЫҢ «КӨЗЖЕНДЕТ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ  ЗАМАН ЖАЙЫ



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

АСҚАР АЛТАЙДЫҢ «КӨЗЖЕНДЕТ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ  ЗАМАН ЖАЙЫ 
 
ЯХЬЯРОВА Н. 
Алматы университеті 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. РАХМАНОВА Н.М. 
 
Суреткер  Асқар  Алтай  да  бір  ғана  әңгімесімен  қазіргі  қоғамымыздағы  кейбір 
келеңсіз  көріністерді  дәл  әрі  терең  ашып  көрсете  алды.  Жазушының  «Көзжендет» 
әңгімесі  де  қазіргі  қоғам  басындағы  дертті  ашына  жазған  шығарма.  Асқар  Алтайдың 
«Көзжендет» әңгімесіндегі басты кейіпкер Қараш  елден өзін ерекшелеп, ел аузына ілігу 
үшін, тіпті маңайын таң қалдыру  мақсатында елде жоқ өнер үйренеді. 
 Қараш    Памир  тауының  етегінде  тұратын  Қосман  деген  біреуден    бұл  төңірекке 
таң  өзінше  бір  кәсіп  үйренеді.  Қосман  деген  кім?  Авторға  сөз  берелік:  «Зәу-заты 
белгісіз...  Өзі  не  қазақ,  не  қырғыз  емес,  не  тәжік,  не  бадаһшандық,  не  ауғандық,  тіпті 
парсылық та емес, әлде бір ежелгі ұлттың, бәлкім ұлыстың өкілі... Осы өлкеге аталары 
әлдеқайдан  ауып  келген  келімсек  көрінеді.  Жұрт  оны  орыс  жерінен  қаңғып  келген 
«сібірлік»,  қытай  жағынан  кашқан  «хансулық»,  иран  даласынан  безінген  «парсылық» 

242 
 
екен  десіп  сан-саққа  да  жүгіртетін-ді...  Ал  ақиқатында  Косманның  сайда  сайғақсыз, 
құмда ізсіз біреу екені ғана белгілі еді. Адам екені анық, кім екені жұмбақ?!». 
Тексіз адамның, тегі  жоқ адамның біреуге текті  өнер үйретуі  мүмкін бе? Әрине, 
мүмкін емес. Косман да біздің Қараш байғұсқа қайдағы бір тексіз өнерді  үйретеді. Бұл 
қандай  өнер?  Сауысқанмен  аң  аулау  өнері.  Кәдімгі  ала  қанат  сумақай  сауысқанмен  аң 
аулау. Қосман сауысқанды тұғырға байлап қояды да әбден ашықтырады.  Содан кейін өзі 
атып алған аң-құстың (бөрінің, барыстың, арқардың, еліктің) басын кесіп, екі көзін ояды 
да, сауысқанды тек осы   ойылған   екі   көздің   ұясына   сықай   толтырылған   жеммен   
ғана қоректендіреді. Тіпті, су екеш суды да ойылған көздің ұясына құйып береді. Содан 
бірер  айдан  кейін  әлгі  сауысқанымыз  «көзжендет»  болып  шыға  келеді.  Аңға  алып 
шығып,  балақ  бауын  босаттың-ақ,  сумақай  сауысқан  әдеттегідей  шықылық  қағып, 
жебелей  ұшып,  жақын  маңда  жүрген  аңның  (еліктік  түлкінің,  таутекенің,  бөрінің, 
барыстың,  арқардың)  басына  қонады  да  (ал  аң  байғұс  сауысқаннан  онша  қауіптене 
қоймайды),  екі-ақ  шұқып,  әлгі  аңның  көзін  ойып  алады.  Жанарынан  айырылып,  су 
қараңғы  күйге  түскен  аң  байғұс  тау-тасқа  ұрынып,  бұтаға  қамалып,  орға  түсіп,  жарға 
құлап, әбден қиналып өледі. Кейбірі аңшыдан құтылып кеткенімен, тентіреп жүріп опат 
болады. Міне, біздің тыраш Қараш тексіз Қосманнан осындай тексіз, тамырсыз, өріссіз 
өнерді  үйреніп  алып,  сауысқанмен  саятшылық  құрып,  туған  жердің  аң-құсын  қынадай 
қырады. 
 Автор  осы  жерде  өз  әңгімесіне  мынадай  бір  аса  маңызды  детальды  енгізеді. 
Сауысқанмен саятшылық  құруды Қараштың аталары білген бе? Білген, естіген,  көрген. 
Бірақ,  қазақтар  бұл  «өнерге»  жоламаған.  «Обалы    да,    зауалы    да    ауыр    күнәлі    іс!   
Өлсеңдер  де бұл «өнерге» жоламандар!» деп кейінгі ұрпағына аманаттап кеткен. Бірақ, 
тыраш  Қараш  «Апыр-ай,  қыран  бүркіт  тұрғанда,  каршыға,  ителгі,  бидайық,  лашын, 
қырғи секілді алмастай алғыр құстар тұрғанда, сауысқанмен құрғаным, қай қылығым?!», 
- деп ойлана алмайды. Қараш осы бір опасыз ғұмырда талай қырағы көз, қанды тұмсық 
сауысқанды асырап, бағып, баулып, талай қансоқта саятқа салған. Олар да мұның бетін 
қайтарып,  көңілін  қалдырған  жері  жоқ.  Жалмауыздай  жалмаңдап,  жезтырнақтай 
біздеңдеп  талай  тағы  аң  мен  жан-жануардың  көзін  ойып,  миын  көз  алмасы  қуысынан 
сорып  алды.  Тіпті,  кейбір  қолға  түспей  кеткен  жемі  жапанда  көрсоқыр  күйде  қалып, 
қамаукөз  атанып,  тентіреп  жүріп  опат  болды.  Сыңар  көзбен  кеткеннің  соқыр  алмасы 
орнына қамау ет біткен-ді. 
Косман  қарақшы:  "Сендер  сауысқанмен  аңшылық  құра  алмайсыңдар.  Оған  тек-
тағайларың жібермейді, тым тектісіңдер, намысқойсыңдар. Бұл-біздің дәстүр... Мұнымен 
біз  аң  түгіл  адамның  да  көзін  ойып,  миын  сорып  аламыз!  -  деп  зілденетін.  -  Ұлы 
бабаларың "қамаукөз - сұмдық іс, обал-сауабы ауыр" деп тыйым салған" дейтін-ді. 
Сол сұмның айтқаны ақиқат болды-ау! Мұның мұндар қылығынан мұңсыз ұрпағы 
қамаукөз,  тіпті  қамаубас  боп  туыпты.  Тәңірі  жер  бетіндегі  өзі  секілді  пайғамбар  мен 
құдайды  ойламайтын  қуқұлқын  пендесіне  ұрпағының  жанарын  жалмап  қоя  беріпті. 
Жұдырықтай бас жып-жылмағай жұмық бет боп дүниеге келіпті. 
Құдай-ау,  мұның  немересі  ғана  қамаукөз  емес,  өзі  де  қамаукөз  өмір  сүріпті-ау! 
Қамаубас  тірлік  кешіп,  жер  бетінде  адамнан  өткен  хикметші  жоқ  екенін  дәлелдепті. 
Мынау дүниенің өзі қамаубас, көкірегі қамаукөз екен. 
Тап  қазір  өзінің  зеңген  зіл  басы  да  сауысқанның  жемі...  Көзін  шел  қаптап, 
танымын тұман тұтып тұрған жоқ па? Сауысқан саусоқыр қылған жарық дүние бұл үшін 
тас-түнек.  Көзін  бір-ақ  сәтте  көр  қараңғылық  жауып  қалған  аңнан  мұның  айырмасы 
қанша?! Бүкіл болашағы бұлыңғыр тартып қалған жоқ па?! 
Қараштың  тұла  бойынан  күш-қайраты  кеміп,  ерік-жігері  мұқалып  сала  берді. 
Маңайын қара көлеңке күргейледі. Кенет қолбала сауысқаны шықылық қақты. Қара шал 
оқыс есін жиып алды. 

243 
 
Арба  айналар  ауланың  темір  қақпасы  ашылып,  ұлы  ақ  көрпеге  орап  алған 
қамаукөз  немересін  көтеріп  келеді  екен.  Қараш  орнынан  тұруға  ишарат  жасады.  Қара 
шал бірақ екі ұмтылып, орнынан тұра алмады. Көзінен жас парлап қоя берді. 
Молақ  бетінде  алатаңнан  қарауылдаған  ашөзек  сауысқан  ғана  ашқарақтана 
шықылықтады... 
Ойлана алмаудың аяғы немен бітуші еді? Әрине, қасіретпен ойлана алмауы, оның 
обал  мен  зауалды,  сауап  пен  залалды  ажырата  алмауы,  қысқаша  қайырып  айтқанда, 
парықсыздығы  мен  тыраштығы  оның  отбасына  да  үлкен  қасірет  әкеледі.    Адам 
баласының қолы да батып бара алмайтын, дәті де шыдап тұра алмайтын өте азапты, аса 
қорлықты,  айрықша  зұлым  «тәсілмен»  опат  етілген  жазықсыз  аң-құстың  обалы  қайдан 
жібере  қойсын-ау,  Қараштың  келіні,  яки  Қараштың  жар  дегенде  жалғыз  ұлының  әйелі 
босанып...  соқыр  ұл  туады:  «Сәби  көзсіз  туылыпты.  Көзсіз,  қассыз  нәрестенің  бет-жүзі 
жып-жылмағай... Жұдырықтай бас... жып-жұмыр бет...» [1.4]. 
Сонымен,  парықсыз  тыраштықтың  аяғы  неге  әкеліп  соқты?  Соқыр  ұрпақтың 
дүниеге келуіне әкеп соқты. 
Әңгіме  мынадай  авторлық  түйіндеумен  аяқталады:  «Соқыр  сәби  –  соқыр  адам. 
Соқыр  адам  жарық  дүние  есігін  ашыпты.  Соқыр  ұрпақ  қоғамға  келіпті.  Ұрпақ  соқыр 
болса,  қоғам  да  соқыр.  Ал  соқыр  қоғам,  соқыр  адам  жай  дүниеден  не  күтуге  болады? 
Мүгедек адам да бір мүсәпір. Мүгедек қоғам бір мүсәпір. Мүсәпір қоғам не істемейді, не 
дегізбейді?! ...»[1. 5]. 
Асқар  Алтайдың  әңгімесіндегі    Қараштың  тірлігі    елден  асу  үшін  барын  салған, 
ата  салт  дәстүрді  аяқ  асты  еткен  тыраш  қоғамның  тыраш  адамын  елестеді.    Тыраш 
Қараштың  бейнесі  де  -  дәл  біздің    арамызда  жүр.    Тыраштығы  да,  парықсыздығы  да, 
пәруайсыздығы  да    кейбір    жандарды  еске  салады.  Тіпті  қала  берді  бүкіл  қазақтың 
болмысын еске салады. 
 Біз  де  тыраш  Қараш  секілді  қоймай  тыраштандық  қой.  Үздіксіз,  үзіліссіз 
тыраштандық. Тоқтаусыз, тоқтай алмай, өзімізді өзіміз тоқтата алмай тыраштандық... Ең 
әуелі ұл-қызымызды жаппай, жабыла орысша оқыттық. «Мұнымыз қалай болар екен?..» 
деп ойлана да алмадық, өзімізге өзіміз тоқтау да сала алмадық. Содан кейін Қазақстанды 
«халықтар достығының лабораториясына»    айналдырдық.     «Қазақтардың   мемлекеті,   
білдей   бір мемлекет неге лаборатория болуға тиісті? Мұнымыз тыраштық емес пе?..»,  
тағы  да  ойлана  алмадық.  Бұдан  кейін  (тыраштанатын  түк  таппаған  соң!)  «Грузиндер, 
өзбектер,  латыштар,  түрікмендер,  литвандар,  әзірбайжандар  орыс  тілінде  акцентпен 
сөйлейді.  Ұят-ай!  Ал  біздің  қазақтар  орыс  тілінде  акцентсіз  сөйлегенде  мәскеулік 
орыстардың  өзін  таңғалдырады!  Бұл  ғажайып  жетістік  емес  пе?!»  деп  мақтандық. 
Онымызды өзгелерден озған  жетістік деп бағаладық.  
Осы  әңгімеге  байланысты  Әмірхан  Меңдекенің  де  мақаласы  баспасөз  жүзінде 
жарияланған болатын. Ол: «Асқар Алтайдың әңгімесінде атын «соқыр ұрпақ» (соқыр ұл, 
соқыр  немере,  соқыр  шөбере),  яғни  ұлттық  топырақтан  ажыраған,  ұлттық  болмыстан 
алыстаған,  ұлттың  мүддесін  білмейтін,  ұлттың  мұңын  түсінбейтін  ұрпақ  бүгінгі  күні 
билікті де жаулап алды. Тағы да ресми емес деректерге жүгінсек, бізде жоғары биліктің 
80 пайызы қазақша білмейтін шенеуніктерден жасақталған. 
Біздің  қоғамды  қазір  неге  ашкөздік,  жемқорлық,  шенқұмарлық,  парақорлық, 
қатыгездік, мәңгүрттік жаулап алды? Тыраштыққа ұрынған, тыраштыққа  ұрыну  арқылы  
ұлттық  топырақтан  ажыраған,  ұлттық  топырақтан  ажырау  арқылы  өмірге  соқыр  ұрпақ 
әкелген қауым әманда осындай дертке ұрынады. Өйткені,  ұлттық топырақтан ажырау  - 
өте  қасіретті  құбылыс.  Бұл  ешуақытта  із-түссіз  кетпейді.  Халықты  ауыр  қасіреттерге 
душар  етеді.  Ұлттық  топырақты  нық  басып  тұрған  кезде  халық  алдыңғы  планға  дәйім 
ұлттық  мүдде  мен  ұлттық  мақсатты  шығарады.  Ал  енді  ұлттық  топырақ  аяғының 
астынан  сусып  шығып  кеткен  кезде,  халық  абдырап,  әбіржіп,  жүнжіп  қалады. 
Майдаланып, ұсақтап, күйкіленіп кетеді. Енді ұлттық мүдде мен ұлттық мақсат кейінге 

244 
 
ысырылады  да,  алдыңгы  планға  жеке  адамдардың  мүдделері  шығады.  Мүдде  болғанда 
да,  соқыр  ұрпақтың  (соқыр  ұл,  соқыр  қыз,  соқыр  күйеу  бала,  сокыр  немере,  соқыр 
шөберенің) жеке бастарының мүдделері!» - деп бізге тек ресми деректерден бөлек қазіргі 
қазақ халқының ұлттық рухының жоғалып бара жатуын, санасының төмендеуін сөз етеді 
[2.5]. 
Жазушы  Асқар  Алтай  «Көзжендет»  әңгімесінде  көкірегі  қырағы  оқырманға  осы 
мәселені аңдатады. 
Адамзат  баласың  басынан  небір  қилы  кезеңдер  өтіп,  ұрпақтар  ауысып  жатса  да 
Асқар Алтай қаламынан туған әңгімелер қашан да кеңістікті кезіп, мәңгілік рухани мұра 
болып қала бермек. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.
 
Алтай Асқар. Көзжендет: Әңгіме // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 21-27 наурыз (№12).- 
8-9 б. 
2.
 
Меңдеке  Ә.  Соқыр  қоғам,  соқыр  ұрпақ,  соқыр...  //  Жас  Алаш.-  2008.-17  сэуір 
(№31).-5 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

245 
 
ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢАШЫЛ 
ӘДІСТЕРІ 
ИННОВАЦИОННЫЕ МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЯ В ИЗУЧЕНИИ ИСТОРИИ 
 
 
 
ҚАЗАҚ ҒҰЛАМА АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ – ЕРЛІК 
ТӘРБИЕСІН     ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ 
 
БЕКТУРСЫНОВА А. 
«Тарих» мамандығының 4- курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.  
Алматы университетінің аға оқытушы, т.ғ. магистрі  
 
 
Оқушылар  мен  жастардың  ұлттық  патриотизмін  қалыптастыруда  қазақ 
ойшылдары  мен  ақын  –  жырауларының  шығармашылығында  көрініс  алған 
педагогикалық  ой  –  пікірлер  үлкен  септігін  тигізді.  Олардың    ой  –пікірлері  халық 
педагогикасы  идеяларымен  ұштасып  жатыр.  Оны  қазақ  ойшылдары  (Қорқыт  ата,  әл  –
Фараби,  Баласағұн,  Қашқари,  А.Иассауи)  мен  ақын  –  жыраулары  шығармаларының  
мазмұнына жасаған талдау дәлелдейді. 
 
Қазақ  халқының  гумандық  дүниетанымын  мейлінше  танып  білу  Қорқытатадан 
басталады. Қорқыт ата туралы аңыз - әңгімелер түркі тектес халықтар арасында көптеп 
кездеседі және алуан түрде әңгімеленеді. 
Қорқыт (VIII-ІХғғ.)– атақты жырау, дарынды күйші, кемеңгер, ойшыл–философ, 
көріпкел  бақсы.  Қорқыт-VIII  ғасырда  Сырдария  төңірегін  мекендеген  қыпшақ-оғыз 
тайпаларынан  шыққан.  Қорқыт  жырауға  арналған  он  екі  дастаннан  құралған  жинақ 
«Қорқыт ата кітабы» деп аталады. 
Қорқыт    ақылғөй-атақты  күйші,  қазақтың  музыка  аспаптары  қобыз  бен 
домбыраны  алғаш  жасаушы.  Қорқыт  өз  елінің  ауыр  халін    көріп,  одан  елін  құтқаруды, 
мәңгілік  өлмейтін  бақытты  өмірді  аңсайды.  Ол  дүние  кезіп  жүріп,  қайда  барса  да  көр 
қазып  жатқандарды  көреді,  ақыры:  дүниеде  өзгермейтін  ешнәрсе  жоқ,  «сынбас  темір 
жоқ,  өлмес  өмір  жоқ»  деген  қорытындыға  келіп,  мәңгілік  өмірді  халықтың  ән-күйінен 
іздейді (43,58). Өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе-адамның өмірінде істеген игілікті ісінің 
нәтижесі  екенін  түсінеді.  Дана,  дарынды  қобызшы  өмірін  домбыра,  қобыз  тартып,  күй 
шығарумен өткізеді. Қорқыт ата келешек ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырды. Оны қазақ 
халқы бүгінгі күнге дейін ардақтап, ән күйін тартады. 
 
Кітапта:  «Баят  руында  Қорқыт  ата  дейтін  білікті,  сәуегей  адам  болыпты.  Тәңір 
зердесіне  салған  соң  оның  барлық  болжамдары  қатесіз  болған...  Оғыз  тайпаларында 
Қорқыт  ата  ең  қиын  деген  мәселелерді  шешкен.  Қандай  ғана  қиын  іс  болмасын, 
Қорқыттың  кеңесін  алмай,  ел  ешбір  жұмысқа  қол  ұрмаған.  Ел  оның  барлық  өсиетін 
(билігін) бұлжытпай орындаған» - деп жазылған.  
Дана,  ақылгөйдің  мынандай  нақыл  сөздері  бізге  жетті:  «Анадан  өнеге  көрмеген 
қыз  жаман,  атадан  өнеге  алмаған  ұл  жаман»,  «Ата  даңқын  шығарып  өзінің  тегін  қуған 
балаға  ешкім  жетпейді»,  «Өтірік  сөз  өрге  баспайды».    Ол  күй  атасы.  Қорқыт  күйлері: 
«Қорқыт»,  «Аққу»,  «Желмая»,  «Елім-ай,  халқым-ай»,  «Сарын»  және  басқалар.  Қазақ 
халқы Қорқыт күйлерін қазіргі күнге дейін сақтап жеткізе білген. 
 
Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы станциясынан 
18  шақырым  жерде  архитектуралық  ескерткіш  орнатылған.  Қобыз  атасы,  жыршы, 
композитор,  ақын,  музыкант,  бақсылардың  қамқоршысы  атанған  Қорқыт  атамызға 
арналған  бұл  ескерткіштің  авторлары  –архитектор  Б.А.Ыбыраев,  физик  С.И.Исатаев. 
Ескерткіштің  биіктігі  8  метрлік,  4  тік  көктастан  тұратын  темір-  бетоннан  жасалған. 

246 
 
Жоғары  жағынан  аузы  кең,  40  металл  түтік  4  қобыздың  біріктірілген  бейнесі  көзге 
елестейді.  Жел соққан кезде одан қобыз сарынымен үндес дыбыс шығады.  
1998 жылы барша түркі мәдениеті мен білімін нығайтуды қолға алған Түрік СОИ 
ұйымы  «Қорқыт  ата  жылы»  деп  жариялады.  Халықаралық  ЮНЕСКО  ұйымы  Қорқыт 
бабамыздың 1300 жылдық тойын бүкіл дүние жүзінде атап өтіп, тағзым етті. Қызылорда 
мемлекеттік  университеті  Қорқыт  ата  атында.  Тек  елімізде  ғана  емес,  сонымен  қатар 
Түркия, Әзербайжан, Ресей ғалымдары еңбектерін Қорқыт атаға арнаған.  
 
 Қорқыт  ата  жайлы  айтылған  аңыз  -  әңгімелерді  Ә.Қоңыратбаев  жинақтап, 
былайша қорытындылады: «Біріншіден,ол – оғыз – қыпышақ ұлысынан шыққан айтулы 
бақсы,  шаман.  Ә.Диваев  «бақсы  (бақши)»  -шағатай  сөзі,  ол  балгер,  сиқыршы  деген 
ұғымын  береді  деген.  Екіншіден,  Қорқыт  –  күйші  музыкант,  ең  тұңғыш  қобыз  сырын 
тудырған  адам.  Үшіншіден,  Қорқыт  –  эпос  айтушысы,  оның  жырлары  оғыз  – 
қыпшақтардың өмірінен қалған әдеби – тарихи мұра». 
 
Жастарды  патриоттыққа  тәрбиелеуде  ғұлама  ойшыл  әл  –  Фарабидің 
еңбектерінің  де  ролі  ерекше.Әбу-Насыр  әл-Фараби  (870-950)-ойшыл,  атақты  ғұлама 
ғалым.Арыс  өзенінің  Сырдарияға  келіп  құятын  жағасына  орналасқан  Фараб 
қаласында  дүниеге  келген.  Оның  туған  жері  қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, 
Шәуілдір  ауданының  аумағындағы,  Отырар  қаласы.  Арабтар  бұл  қаланы  Фараб  деп 
атағандықтан, оның есімі Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. 
 
Қазақстан  мұсылмандар  діни  басқармасының    төрағасы,  Бас  мүфти  Әбсаттар 
қажы Дербісәлі ғұлама өмірінен мынадай  деректер келтіреді. «Ұлы адамдардың қазасы 
және  заманның  ұлдары  жайлы  мағлұматтар    туралы  кітап»  атты  еңбегінде  араб 
жылнамашысы Ахмад ибн Халлиқан (Х111ғ.) былай деп жазады: «Ол бау ішінде, бұлақ 
басында  күн  өткеріп,  шығармаларын  жаза  берген.  Ол  ешқашанда  өз  қамын  ойламаған, 
өте  қарапайым  жан  еді.    Сайф  ад-Даула  оған  қазынадан  күн  сайын  4  дирһам  беруді 
бұйырған,  өйткені,  әл-Фараби  осы  мөлшерді  қанағат  еткен.  Өле-  өлгенше  осылай  күн 
кешкен  де,  хижраның  339  жылының  раджаб  айында  (950  жылдың  желтоқсан  айында) 
Шамда дүниеден қайтқан. Алланың рахымы түсіп, Сайф ад-Даула серіктерімен бірге оны 
жерлеуге  келген.  Осы  кезде  әл-  Фараби    80  жаста  еді...  Оның  туған  жері  Фараб 
(Отырар)», деп жазып қалдырған.  
           Әл-Фараби тамаша музыкант, орындаушы және ән-күй шығарған, ақын да болған. 
Оның екі жүзге тарта әндері бар екені анықталды. Ол домбыра, қобыз сияқты аспаптар 
жасап,  музыкалық  әуендер  (сөздер)  жазған.  Ұстаздың  жұмысын  көп  шәкірттері 
жалғастырған.  Соның  бірі  ұлы  ғалым  Әбу  Әли  Ибн  Синаның  (Авиценна)  есімі  әлемге 
әйгілі.  Ұлы  ойшыл  «Ақыл  –  парасат  күші  –  адамның  ойлауына,  пайымдауына,  ғылым 
мен өнерді ұғынуына және жақсы мен жаман қылықты айыра білуіне көмектесетін күш» 
- деп тұжырымдайды. 
 
Жеткіншектердің  адами  –  патриоттық  санасын  қалыптастыруда  қазақ  ойшылы 
Қожа  Ахмет  Яссауи    шығармаларының  мәні  өте  жоғары.  Қожа  Ахмет 
Иассауи(шамамен 1103-1166-1167)–ақын, ұлы ойшыл, ислам дінін таратып уағыздаушы. 
 
Әбділдә  Тәжібаев:  «Қожа  Ахмет  Иассауи-әулиелердің  әулиесі,  пайғамбардың 
өзіне тең әулие. Оның таң алдында айтқан азаны Түркістан мен Меккеге бірдей естіледі 
екен.  Ол-Тәңірінің  өзіне  ғашық  болған  қасиетті  ақын»-деп  жоғары  бағалады.  Ахмет 
Иассауи-“Диуани  Хикмет”  (“Даналық  кітабы”)  атты  түркі  тілінде  еңбегінде  ислам  діні, 
адам және оның адамгершілігі туралы пайымдайды. Ақын еңбегінде өзінің бала күнінен 
бастап өмір  жолын, көрген қиыншылықтарын баяндайды. Ел билеуші  хандар, билердің 
жіберген  кемшіліктерін,  қатыгездігін  айтып  жырлайды.    Әмір  Темірдің  бұйрығымен 
1397-1404  жылдары  Ахмет  Иассауиге  арналып  Түркістанда  архитектуралық  ескерткіш 
орнатылды.  

247 
 
 
 Оның  құнды  педагогикалық  идеялары  рухани  –  гуманистік  бағыттағы  жазылған 
«Диуани  Хикмет»  (Даналық  кітабы)  атты  еңбегінде  жан  –  жақты  көрініс  тапқан. 
Даналық сөздері 4 мың 400 жолдан тұрады. 
Қожа 
Ахмет 
Яссауи 
хикметтері 
Қазан 
төңкерісіне 
дейін 
Қазанда  
(1889,1902),Стамбулда (1901),Ташкентте (1902,1911) бірнеше рет басылды. Қожа Ахмет 
поэзиясын  кеңес  өкіметі  жылдарында  өзбек  ғалымдары  Э.Рустемов,  Н.Маллаев, 
М.Хаққұлов  тағы  басқалар  зерттеді.  Ақын  жырлары  өзбек  әдебиетінің  антологиясына 
кіргізілді.  Соңғы  автор  Қожа  Ахмет  хикметтерін  1983  жылы  Анкарада  шыққан  
басылымы негізінде (алғысөз, түсініктеме және арабша түпнұсқасынан кейбір үзінділері) 
1991 жылы Ташкентте жарыққа шығарады. 
 
 
Қожа 
Ахметтің 
өлеңдері 
әділдікке, 
мейірімділікке, 
ғибраттылыққа, 
елжандылыққа, тақуалыққа, шыншылдыққа, рухани тазалыққа, саналы ойлауға және т.б. 
игі істерге шақырады.   
 
 
Қожа  Ахметтің  даналық  сөздерінің  қайсыбірін  алсақ  та,  ғибраттылыққа, 
мағыналы  уағызға,  рухани  –  адамгершілік  мұраттарына  толы.  Оның  хикметтеріндегі 
надандарға  сөзіңді  қор  етпе,  мейірімсіздерден  қайырым  күтпе,  кісі  ақысын  жеме, 
арамдықпен  мал  жима,  өтірік  айтпа,  дүние  –  байлыққа  қызықпа,  оның  бәрі  өткінші, 
мәңгілік  ештеңе  жоқ,  дүние  жалған  ешкімге  де  опа  болған  емес,  дүние  қоңыздықпен 
мәңгілік  өмір  сүргісі  келген  һарун  (қазақ  түсінігіндегі  Қарынбай),  перғауындар 
заманындағы Хоман, немесе халық сүйіктілері Фархад – Шырын, Ләйлі – Мәжнүн қайда 
кәзір,  олар  неге  мәңгілік  ғұмыр  кешпеді,  Алланың  қаһары  түссе,  бәрі  де  бір  сәтте  –  ақ 
жермен  –  жексен  болады,  жұпыны  өмір,  қанағатшылдыққа,  кедейлікке  арланбай,  басқа 
түскен  ауыртпалықты  мойымай  көтеруге  даяр  бол,  қолына  таспиқ  ұстағынымен  кәззап 
аулына  тұрақтаған  молда,  муфти,  қазы,  имам,  арам  әмірші,  қиянатшыл  бастық, 
дәруішпін деп елді алдаған ашкөздерге күндердің күнінде зауал болмай қоймайды деген 
ақыл  кеңесі  мен  ескертпелерінің  бүгінгі  заман  балаларының  рухани  –  адамгершілік 
қасиеттерін қалыптастырып, патриоттық сана – сезімін көтеруге мәні өте зор. 
   Жеткіншектердің  ұлттық  дүниетанымының,  патриотизмінің  дамып,  жетілуінде 
ықпал  етуде  ғұлама  ойшыл  Ж.Баласағұн  шығармаларының  ішінде  әсіресе  әлемге 
әйгілі  «Құдадғу  білік»  (Құтты  білік)  еңбегінің  маңызы  ерекше  (16).  Жүсіп 
Баласағұни(1020-?)-ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. 
  Жүсіп  өзінің  “Құдадғу  біліг”  (“Құтты  білік”)  еңбегін  Қарахандар  әулеті  тұсында 
жазды. Бұл еңбек 85 тарау, 6.520 бәйіттен (екі жолдық өлең) және 124 қосымша бәйіттен 
тұрады.  Осы  еңбегі  жоғары  бағаланып,  ақынға  бас  уәзір,  немесе  “ұлы  кеңесші”  атағы  
берілді. 
    Жүсіптің  “Құтты  білік”  туындысы  түрік  тілінде  жазылған  энциклопедиялық 
шығарма, оның ақын және ғалым ретінде атын шығарған еңбек. Баласағұн жақсылық пен 
жамандық жайында былай дейді: “Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, 
біз  ауыр  ойлардан  тұнжырамас  едік.  Егер  әлемде  әділ  заң  болса,  тағдырымыздың 
қатыгездігіне наразы болмас едік”. Ол ғалым ретінде философия, математика, медицина, 
өнертану, әдебиеттану, тіл білімі ғылым салаларының дамуына үлес қосты.  
“Құтты  білік”  кітабы  мазмұны  бай,  тілі  көркем,  дүниежүзілік  әдебиеттегі  тамаша 
ескерткіштердің  бірі.  Бұл  еңбекте  нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер  жинақталған. 
Қараханидтерден қалған гүлденген көне мәдениет жетістігі болып саналады. Ол тамаша 
ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. 
 Баласағұн өз еңбегінде бақыт пен қайырымдылық ұғымының адам өміріндегі мәніне 
тоқталады. Оның пайымдауынша, адам өмір мәніне жету үшін дұрыс тәрбиеленуі қажет, 
ата  –  ана  баласына  шаңырақ  иесі,  бабалар  ісін  жалғастырушы  екендігін  дұрыс 
ұғындыруға тиіс. Ғұлама балалардың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуы ең алдымен ата 
–  аналардың  парызы  дей  келе,  баланың  адамгершілігін,  патриотизмін  қалыптастыруға 

248 
 
байланысты  ата  –  аналарға  үлгі  боларлықтай  ақыл  –  кеңестер  береді,  бала  алдындағы 
басты парыздарын саралап көрсетеді: 
-
 
баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу; 
-
 
балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру; 
-
 
баланы аруақтарды ардақтауға, ата – баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, оны ұрпақтан 
ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу; 
-
 
балаға өзінің мінез – құлық этикасымен үлгі болу; 
-
 
балаға әділетті, қайырымды болу; 
-
 
өзінен  туған  балаға  тәрбиені  өзі  беруі  («Ай  маңдайлы  ұл  –  қыз  туса,  алдыңда,  үйіңде 
өсір, бөтен жерде қалдырма»); 
-
 
баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру; 
-
 
баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу; 
-
 
баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару; 
-
 
балаға  өмірдің  әрбір  сағаты  санаулы  екенін,  сол  себепті  оны  дұрыс  өткізу  қажеттігін 
ескерту  («Кешкен  тірлік  өте  берер  келгісіз,  қалған  өмір  қанша  екені  белгісіз.  Қалған 
күнді текке зая кетірме, өлімді ибадат қып бекін де») және т.б. 
Сонымен, 
қазақ 
даласының 
ойшылдары 
мен 
жыршы 
– 
жыраулары 
шығармашылықтарына педагогикалық тұрғыда жасаған талдау олардың патриоттық сана 
– сезімді қалыптастырудағы тағылымдық мәнінің жоғары екенін дәлелдейді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  
жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы» // 2007. №5. 
2.
 
Қорқыт ата кітабы. / Аударған Ә.Н. Деребсалин. – Алматы, «Қазақстан», 1993. – 108 
б. 
3.
 
Әл – Фараби. Философиялық трактаттар.- Алматы, 1973. – 318 б. 
4.
 
Баласағұн Ж. Құтты білік.- Алматы, «Жазушы», 1986. – 616 б. 
5.
 
Қашғари М. Туркий сузлар девони. -Ташкент, 1963 Т.3. Б. 391 – 392. 
6.
 
Яссауи Х.А. Диуани Хикмет.- Ташкент, 1991. – 161 б. 
7.
 
Жумаканов А.Р. Патриотическое и интернациональное воспитание в школе. – Алма – 
Ата: Мектеп, 1971. – 46 с. 
8.
 
Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан тарихын оқытудың өзекті проблемалары. Алматы., 2001. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет