Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

 
 

210 
 
МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ АБАЙТАНУДЫҢ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
КОЙЧЫБАЕВА М.А., КӘРІБАЕВА А. 
Қаз МемқызПУ 1-курс  магистранттары 
                          Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. ӘДІЛБЕКОВА Л.М. 
 
Тереңдігі  таным  –  білігімізді  бойлатпайтын  шалқар  дүниені  түгелдеп  тастадық 
деуден  аулақпыз.  Әлі  де  ізденіп  жарқырата  жеткізу,  жинақтау  –  болашақтың,  мына 
біздердің еншімізде. Ұлттық әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының үлкен 
бір саласы – абайтану – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-
саяси,  эстетикалық  көзқарастары,  имандылық  мұраттары,  қазақ  поэзиясындағы  өлең 
жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді қамтитын 
іргелі ілім. 
Абай  –  мәңгілік  тақырып,  таусылмас  рухани  қазына.  Абай  тұлғасын,  Абай 
заманын,  Абай  өмірін,  Абай  шығармашылығын  өмір  бойы  зерттеуге  болады.  Ол  үшін 
Абай өмір сүрген заманды, ақын өскен ортаны, тәлім алған дәстүр ерекшеліктерін жете 
білу  керек.  Абай  –  ұлы  ұстаз-кемеңгер.  Абай  тақырыбы  –  мәңгілік  тақырып.  Абай 
тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде 
әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі 
тірісінде-ақ  басталған  болатын  және  бұл  процесс  жүз  жылдан  бастам  уақыт  өтсе  де 
ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына 
келіп,  әбден  мойындалған  абайтану  ғылымын  зерттеу  объектісі  етіп,  одан  әрі  дамыта 
түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Абай әлемін 
танимын деген құштарлықтан туған шын ықыласты ниет. 
Абайтанудың  қалыптасу  кезеңдері  тым  әріден  бастау  алады.  Сонымен  қатар  өте 
күрделі  һәм  өркенді  жолдар  өрнегіне  ұласады.  Абайтанудың  басында  қашанда 
М.Әуезовтің  тұғырлы  тұлғасы  заңғарлана  түседі.  Ал  оның  ілкі  бастауындағы 
Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы,  М.Жұмабаев  іспеттес  тағы  басқа  ірі 
тұлғалардың  абайтану  мұрасына  қосқан  үлестері  қаншама.  Абай  мұраларын  танып 
бағалау  үрдісі  төңкеріске  дейін-ақ  басталып,  күні  бүгінге  дейін  зерттелу  нысанына 
айналған.  Абайтану  тарихын  және  әдебиет  тарихын    мәселелерін  С.Мұқанов, 
Қ.Жұмалиев, 
З.Қабдолов, 
З.Ахметов, 
С.Қирабаев, 
Қ.Мұхамедханұлы 
сынды 
ғалымдармен  қатар  өзімен  үзеңгілес  әдебиет  зерттеушілерімен  бірге  ұлт  өркениетін 
дамытуға  өнегелі  үлес  қосып  жүрген  М.Мырзахметұлының  ғылыми  шығармашылығын 
бүгінгі тәуелсіздік таңында кешенді түрде саралаудың маңызы айрықша.  
Бүгінгі  көзқарастар  тұрғысынан  қаралып,  зерттеліп,  зерделеніп,  өзінің  лайықты 
бағасын алуды қажет  ететін отандық  әдебиеттану ғылымындағы өзекті  тақырыптардың 
нысанына  айналуға  тиісті  тұлға  –  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  – 
Мекемтас Мырзахметұлы.  
Қазақ  әдебиеттану  ғылымына  қомақты  үлес  қосқан  ғалымның  өмірі  мен  көп 
қырлы ғылыми еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеліп, өз бағасын толық ала қойған 
жоқ. Әр кезеңде әртүрлі мерзімді басылым беттерінде ғалым еңбектері жайлы жеке және 
жанама  пікірлер  айтылғанымен  жүйелі  түрде  зерделеніп,  ғылыми  айналымға  түспегені 
белгілі. Сол себепті әдебиет зерттеушісінің өмірі мен шығармашылығы арнайы зерттеуді 
қажет етеді. 
Ғылыми зерттеу еңбектерінде абайтану мен әуезовтану салаларының аса күрделі 
мәселелеріне:  абайтану тарихы, Абай мұрасының рухани  көздеріне, Абай мұрасындағы 
мораль  философиясына,  Абайдың  Шығыс  әлеміне,  Абай  және  исламият  дүниесіне, 
академик-жазушының  ғылыми  еңбектеріне,  М.Әуезов  пен  абайтану  мәселелеріне, 

211 
 
абайтану  мен  әуезовтанудың  ғылыми  негіздегі  өзекті  қарым-қатынасына  терең  барлау 
жасады.  
Қазақ  әдебиетінің  қуатты  арнасына  айналған  абайтанудың  ғылыми  тұрғыдан 
зерттелу кезеңін ғалым М.Мырзахметұлы үш кезеңге бөліп қарастырады: “Бірінші кезең 
яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспа сөз бетінде 1889 жылдан басталып 
1934  жылмен  аяқталады.  Екінші  кезеңі  1934  жыл  мен  1961  жыл  аралығындағы 
абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдардың заманымен аяқталады. Үшінші 
кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады. 
Яғни  ұлы  ақын  мұрасы  жолында  абайтану  мен  абайтанудың  тарихы  деп  аталатын  екі 
ғылыми арнаның пайда болуын көрсетеді”.  
Ғалым “Абайдың адамгершілік мұраттары” атты еңбегінде ұлы ақын кітапханасы 
негізінде  Абайдың  ежелгі  шығыс  ойшылдарымен  пікір  сабақтастығы  мен  абайтану 
мәселелерін  сөз  етсе,  “Абай  және  Шығыс”  атты  монографиясында  Абайдың  шығыс 
мәдениетімен байланысын ғылыми тұрғыда жүйелеп баяндайды, ал “Абайтану тарихы” 
атты  зерттеуінде  алғаш  рет  абайтанудың  бір  ғасырға  жуық  тарихына  егжей-тегжейлі 
шолу  жасайды.  Сонымен  бірге  “Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла”  атты  Абай  туралы 
Тұрағұл,  Әрхам,  Уәсила,  Камалия,  Көкбай,  Төлеу  естеліктері  енген  жинақ  ұлы  ақын 
тұлғасын  ашып,  өмірбаянын  толықтыра  түсті.  Мұндай  құнды  кітаптар  қатарында 
М.Мекемтасұлы  құрастырып,  екі  рет  шыққан  “Абайды  оқы,  таңырқа…”  жинағын 
атаймыз.  Кітапқа  ХХ  ғасыр  басында  Абай  мұрасы  туралы  жазған  ұлт  зиялыларының 
мақалалары топтастырылған. 
М.Мырзахметұлы ақын мұрасын зерттеу барысында академик-жазушының бағыт-
бағдарын  басшылыққа  ала  отырып,  оның  айтпаған,  айта  алмай  кеткен  тұстарын  өз 
еңбектерінде  таратып  беріп  отырады.  Абайтану  ғылымының  тууы,  қалыптасуы  мен 
дамуын  зерттеп,  сарапқа  салған  профессордың  негізгі  табан  тірер  іргетасы  жазушы-
ғалымның  ақын  шығармашылығы  жайлы  жазған  зерттеу  еңбектері  болды.  Бұл  әрекеті 
ғалымның ғылым жолындағы бағытының әрдайым дұрыс болуына үлкен көмегін тигізді. 
М.Мырзахметұлының  абайтану,  әуезовтану  салаларына  байланысты  жазылған 
зерттеу  еңбектері  –  қазіргі  әдебиеттану  ғылымына  қосылған  қомақты  дүниелер.  Қазақ 
руханиятының игілігін еселеу  әрі ұлт рухын  аспандатуға арналған еңбектері  ғалымның 
көп  жылдық  тәжірибесінің  мәуелі  жемісі.  Саналы  ғұмырын  туған  халқының  әдеби 
мұраларын  зерттеуге  арнаған  М.Мырзахметұлы  “Мұхтар  Әуезов  және  абайтану 
проблемалары”  (1982),  “Абай  жүрген  ізбенен”  (1985),  “Абайдың  адамгершілік 
мұраттары” (1993), “Абайтану тарихы” (1994), “Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю” 
(1995),  “Абай  және  Шығыс”  (1995),  “Әуезов  және  Абай”  (1997),  “Түркістанда  туған 
ойлар”  (1998),  “Түркістан  Тараз  арасы...”  (2002)  атты  ірі  монографиялық  еңбектер  мен 
жеті  жүзден  астам  ғылыми-публицистикалық    мақалалар  жазды.Ол  1977  және  1995 
жылдардағы  Абай  шығармаларының  академиялық  толық  жинағын  жариялауға  күш-
жігерін жұмсап, ғылыми түсініктерін жазуға қатысты, ақын туындыларындағы “хауас”, 
“хауас  сәлим”,  “хауаси  хамса  заһири”  сияқты  терминдік  мағынасы  бар  сөздердің  мән-
мағынасын  жаңаша  тұрғыдан  талқылап,  оларды  бүгінгі  күн  талабы  тұрғысынан 
таразылай қорытып, алғаш рет ғылыми айналымға түсірді. 
Әдебиеттанушы  ғалымның  еңбектерін  бүгінгі  тәуелсіздік  дәуірінде  парасат 
биігінен қарап бағалаудың мерзімі жетті.  Ғұмырлық тақырыпқа айналған абайтану  мен 
әуезовтану салаларын зерттеуде өнімді  еңбек еткен ғалым шығармашылығының қазіргі 
отандық 
әдебиеттану 
ғылымы 
үшін 
ғибраты 
аса 
мол.Көрнекті 
ғалым 
М.Мырзахметұлының  қазақ  әдебиеті  тарихын  зерттеуге  қосқан  үлесі  мол.Отандық 
әдебиеттану  ғылымында  абайтану  мен  әуезовтану  салаларының  өзекті  мәселелерін 
зерттеп,  ғылыми  айналымға  енгізген  М.Мырзахметұлының  ғылыми  еңбектері  қазіргі 
әдебиеттану  ғылымындағы  орны  айқындалуда.Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  абайтану 
арнасының  туу,  қалыптасуы  мен  дамуы,  абайтанудың  өзекті  мәселелері,  оның  Шығыс 

212 
 
әлеміне  қатысы  әрі  әуезовтанудың  маңызды  мәселелерін  зерделеп,  аталмыш  салаларда 
монографиялар жазып, абайтану, әуезовтану ілімінің іргетасын бекіте түсті.Ұлт Жүректі 
– Тұлға мұрасына деген қамқор сезімнің жемісіндей қабылдаймын. 
 
ҚАЗІРГІ ӘҢГІМЕЛЕРДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ 
 
МҰҚАН А. 
Алматы университеті 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а.РАХМАНОВА Н.М. 
 
Саяси-әлеуметтік  жағдайлар  жұршылық  санасына  небір  өзгерістер  әкелетіні 
туралы айтылып та, жазылып  та жүр. Ал сол санаға қазір әсер ететін басты жағдай-ол 
ақша.  Бүгінгі  қоғамымызда  тек  қана  материалдық  игіліктер  ғана  емес,  адами 
құндылықтарда  ақшамен  өлшенетін  жағдайлар  көп  кездеседі.  Туыстық,  жолдастық 
қарым-қатынастардың аяқ асты болып ақша үшін бір-бірімен жауласатын болды. Қазіргі 
қазақ әңгіме, повестерінің бір парасы заман мен замандас бейнесін, олардың ішкі  жан-
дүниесінің  небір  қалтарыс-бұлтарыстарын  ашып  көрсетудегі  жағдайлардың  шиыршық 
атып, өткір көрінуіне ақша мәселесі негіз болып отырғаны байқалады. 
Д.Әшімхановтың  «Аққабаның  толқыны»,  Қ.  Жиенбайдың  «Бизнесмен 
Құлшараптың 
Қожанасырмен 
қоштасуы», 
Д.Рамазанның 
«Жан 
тәсілім»,  
Т.Ахметжанның  «Төрт  қанден»  әңгімелерінде  жағдайдың    ортақтығы  байқалғанымен 
характерлер  дараланған.  Бұл  шығармаларда  Нұрлыбек,  Құлшарап,  Айдарбек,  Сағыныш 
бейнелері үшін өмірдің бар мәні, тіршіліктің тірегі ақша екені бірден байқалады. 
Д.Әшімхановтың «Аққабаның толқыны» әңгімесінде Нұрлыбек пен Алтынайдың 
отбасының  оңаша  тіршілігі  бейнеленген.  Бұл  екі  жас  ерлі-зайыпты  болып  қосылғаннан 
бері  елден  жырақта,  орман  ішінде  өмір  сүріп  жатыр.  Бұған  бірінші  себеп  Нұрлыбектің 
жұмысы  болса,  екіншіден  оның  пиғылы,  ниеті  еді.  Кейіпкер  тоқтамына  сүйенсек,  адам 
өмірден өз орнын табу үшін ең алдымен мол ақшаның иесіне айналу керек. Төрден орын 
алу үшін, дүние жинап бай атану қажет.Осындай діттеген мақсатына жету үшін, өзінің 
ішкі  ойын  жүзеге  асыруды  көздеген  ол  адамдардан  жырақ  орман  ішіне  кетеді.  Ал 
Нұрлыбек  сол  ақшаның  қызығын  қашан  көрмек  деген  сұрақ  өзінен  өзі  туындайды. 
Расында  да  өмір  болса  зырылдап  өтіп  жатыр.  Алты  жыл  өте  шықты.  Алтынай 
бұрынғыдай  дүниеге  қызыға  қоймайды.  Ол  бұрында  дүниеге  қызыққан  емес.  Оның 
мақсаты  дүние  емес.  Сондықтан  да  оған  бүгінгі  өмірі  сүреңсіз.  Адамдар  ортасын 
сағынады.  Ал  Нұрлыбек  жалғыз  жүріп  дүние  қожасына  айналмақ.  Екеуі  бір  шаңырақ 
астында  ғұмыр  кешкенмен  дүниетанымдары  әр  басқа.  Өмір  сүруді,  оның  мәнін 
әрқайсысы  өзінше  түсінеді..  Отбасының  қызығын,  жанұя  жылылығын  сезіне  алмай 
немесе  сезінгісі  келмей  жүрген  Нұрлыбек  азамат  ретінде  биік  ұғымдарға  көтеріле 
алмайтынының  басы  ашық,  өзі-  құл,  өзгені  де  құл  қылгысы  келеді.  Әңгімеде  жазушы 
Нұрлыбектің  бейнесі  арқылы  адамның  ішкі  жан  дүниесінің  құлдыққа  икемделуін,  өз 
ортасынан  жатсынуын  көрсеткен.  Ал  Алтынайдың  ішкі  жан  дүниесінде  рухани 
құндылықтар  мен  байлыққа  құштарлық  талас-тартысқа  түсіп  жатыр.  Рас,  ол  дүниеге 
қызықты.  Нұрлыбектің  айтқанына  көнді,  оны  қолдады.  Бірақ  кез  келген  уақытта 
бұрынғы  Нұрлыбектен  айырылып  қалатынын  сезген  жоқ.  Жағдайдың  бет  алысын 
байқаған Алтынай аласұрып, жалғыздықтан, қараңғылықтан құтылғысы келді. Бірақ кім 
құтқарады? Жаны қалайша қолдау табады? Автор осы сауалға жауап іздейді. 
Қ.Жиенбайдың 
«Бизнесмен 
Құлшараптың 
Қожанасырмен 
қоштасуы» 
әңгімесіндегі  Құлшарап  Нұрлыбекке  ұқсас,  оның  да  көкейін  тескен  бар  мақсаты-  ақша 
табу.    Өзінің  айналасындағы  адамдармен  тек  қана  ақша  үшін  араласады.  Бүгінгі  оның 
қонағы Көсемәлі поштабай. Өйткені бүгінгі жағдайы оны Көсемәліге тәуелді етіп отыр. 

213 
 
Көсемәлі  -  идея  иесі,  Құлшарап-сол  идеяны  орындаушы.  Құлшараптың  бизнесмен 
атанып, өзінше іс бастауында Көсемәлінің үлесі зор.  
Әкесі үшін бәрінен де  қымбат дүние  - ақша.  Құлшарапты баласының болашағы, 
елінің  мүддесі  тіпті  де  ойлантпайды.  Ол  Тұрсынбайдың  көкесі  сияқты  елдің  қамын 
жемейді.  Құлшарап  құлқынның  құлы.  Бала  тәрбиесіне  басын  ауыртпайды.  Сабақ  оқып 
отырған баланы араққа жұмсау ол үшін түк емес, күнделікті тұрмыс- тіршілікте, есебін 
тауып,  қиюластырып  ақша  табу  жолында  жүрген  көп  «бизнесмендердің  бірі»  ғана.  Ол 
затты  ғана  емес,  айналасындағы  адамдардың  өзін,  сана-сезімін  сатып  алғысы  келіп 
тұратын  бүгінгі  қоғамымызда  жауыннан  кейінгі  арам  шөптей  көбейі  келе  жатқан  тар 
дүниетаным иелерінің бейнесін береді. 
Тауықтың өлген балапанын тауып алған Құлшараптың көзінің алды тұманданып 
қарғаларды  қырып-ақ  тастағысы  келеді.  Ол  үйіне  келіп  көңілі  босап:  «Азып-тозған 
дүние-ай» деп ішінен күрсінеді. Оның ойынша, Қожанасырлау ғұмыр кешкен Көсемәліні 
қас пен көздің арасында жоғалтып алған. Дүние тарылып, өмірде мән-мағына қалмаған. 
Жұрт  бірін-бірі  түтіп  жегелі  отыр.  Көсемәлі  жоғалған  жоқ.  Ол  өзінің  ішкі-сыртқы  жан 
дүниесінің  мүмкіншілігін  пайдаланып  ғұмырын  кешуде.  Ал  жоғалып  кеткен 
Құлшараптың  өзі.  Кең  дүниені  тарылтып  отырған  да  өзі.  Есігінің  алдында  өзі  өсіріп 
отырған қара қарғалардың тіршілігін уақытында тоқтата алмаса өзі кешері әбден хақ. 
Әуедегі  қарғалар  парадокстік  жағдайдың  белгісі  ретінде  тұспал  мағына  береді. 
Жазушы  адам  мінезін,  оның  бойындағы  өзімшілдіктің  қай  кезде  қалай  бас  көтеретінін 
өстіп қиын тығырыққа тіреп барып ашады.   
Д.  Рамазанның  «Жан  тәсілім»  әңгімесінде  осыған  ұқсас  жағдай  кездеседі. 
Әңгіменің басында-ақ бір-біріне деген егеспен, ішкі  қыжылмен көрінген Зекен апа мен 
баласы  Айдарбектің  арасындағы  қайшылық  шиеленісіп  барып  трагедиямен  аяқталады. 
Анасы өзінің туған баласы Айдарбектің қолынан қаза болады. Туған анасын өлтіру қазақ 
үшін ғана  емес, бүкіл адамзат баласы үшін айтуға ауыз бармайтын қылмыс. Айдарбектің 
көкейін  тесіп  тұрған  ақша,  сол  ақшаға  сатып  алатын  наша.  Анасының  ақша  жоқ  деп 
безектегеніне қарамастан Айдарбек оны жан алқымға алады. 
Ана өлімі – шығармадағы қат-қабат қақтығыстардың, сыздаған қайшылықтардың, 
терең дағдарыстың нәтижесі, барар жер, басар тауы қалмаған Айдарбек үшін жағдайды 
өзгертудің жалғыз амалы осы сияқты.   
Шығармада  ана  мен  баланың  арасында  ақша  тұр.  Олардың  бір-біріне  деген 
мейірімін  ақшаға  деген  тойымсыз,  көзқарас  таптап  кеткен.  Ақша  бәрінен  биік  болып, 
рухани дүниеден үстем тұр. Кеше ана туған баласын ақша үшін қысса, бүгін бала анасын 
ақша үшін қысып отыр. Заман сол, жағдай кезек. Ақша айқындаушы сипатқа ие болып 
тұр.  
Айдарбек  ақша  үшін  бүгін  анасын  өлтірді,  ертең  не  істері  белгісіз.Ана  қанына 
қолы  малынған  Айдарбек  енді  оны  жоқтап,  өткенге  өкініш  білдіре  бастайды.  Әлгі 
қатыгездіктің  ізі  де  қалмай  анасының  ауыр  тағдырын,  көрген  бейнетін  жіпке  тізгендей 
қылып  сарнап  қоя  береді.  Еңкілдеп  жылаған  кезі    Айдарбектің  бар  жан  дүниесінің 
ақтарылған тұсы.Адамдық, азаматтық қасиетін пендешілігі, әлсіздігі, қорқақтығы жеңген 
қуыс кеуде жан екендігін, өзі үшін де, өзге үшін де еш мейірімі жоқ екенін сезінгендей 
болады. Бұл кішкене күйкі жанның үлкен, ғұмырлық трагедиясы, қорлығы.  
Жазушы әңгімеде Айдарбек бейнесі  арқылы бүгінгі қоғамдағы қауіпті  жағдайды 
байқатады. Әңгіме өзегінде сондай-ақ бүгінгі күні нашақорлықпен санасын улаған ұрпақ 
тағдыры жатыр. Уланған сана жолындағысының бәрін аттап өтіп, адамзат баласының ең 
қасиетті, киелі жаны анаға қол салды. Ана өз баласының қолынан өлді. Бұл жалғыз бір 
адамның  немесе  бір  ұлттың  басындағы  трагедия  емес,  бүкіл  адамзат  баласының 
басындағы ащы қасірет. 
 «Төрт  қанден»  әңгімесіндегі  Т.Ахметжан  Сәшке-Сағыныш  бейнесі  де 
Айдарбекке ұқсас. Ол да жалғыз анасының қолына қараған атпал азамат болса да қазіргі 

214 
 
жағдайда  өзін-өзі  жоғалтып  жүрген  көп  жанның  бірі.  Жазушы  оқырманына  Сәшке-
Сағынышты  көрстпейді,  оның  кім  екенін  шешесінің  монологы  алқылы  танытады.«-Үй 
осы, – деді кемпір ортаңғы күңгірт бөлмеге кірген кезде демігіп, –қарайтын кісі болмаған 
соң  мола  боп  тұр.Өзімнен  хал  кеткелі...Сәшкеге  қатын  ал  деп  қақсағалы  жиырма  жыл 
болды. Ол көгермегірдің арақтан басқаға қолы тие ме ! Самай шашы ағарып, иегіне сақал 
шыққанша ақыл кірмеді-ау, қайтейін...Е-е, қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем 
жалмауызым...»  деген  үзіндіден  Сәшке-Сағыныш  кім  екені  байқалады.  Әр  қарай 
әңгімеде  автордың  қалыптастырушы  жағдайға  бет  бұрғаны  көрінеді.  Ана  мен  бала 
арасындағы сезімді қалыптастырушы негіздерге үңіледі. 
Ана жүрегіндегі балаға деген мейірім, махаббат барлық реніштен, өкпеден үстем 
тұр. Ал баланың анаға деген сүйіспеншілігінен не үстем тұр деген сұраққа жауап біреу. 
Ол - арақ. Ұрпақ санасын улаған, халықтың көптеген қадір-қасиетін аяққа таптаған осы 
бір  кесепатты  жеңу  бүгінгі  қоғамның  алдындағы  үлкен  дерт.  Анасын  ұмытқан  ұрпақ, 
ертең елін ұмытары сөзсіз. 
Әлеуметтік өмір қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Қоғамның кемшіліктері әлеуметтік 
жағдайдың  төмендеуіне  апарады.  Жоғарыдағы  әңгімелерден  әлеуметтік  жағдайдың 
қиындығынан адам санасында болатын өзгерістерді қаламгерлер тап басып жазып, қоғам 
кемшілігін қай тұстан іздеу керектігін  пайымдай жазғанын аңғарамыз.  
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1. Әшімханов Д. Аққабаның толқыны. – Алматы, 1981. - 120 б 
2.  Жиенбай  Қ.  Бизнесмен  Құлшараптың  Қожанасырмен  қоштасуы  //  Қазақ 
әдебиеті. – 2001. № 1. 6 б 
 3.Рамазан Д. Көкжал. – Астана, 2001. - 136 б 
4. Ахметжан Т. Тума. – Алматы: Жазушы,  1995. – 126 б. 
 
БЕСТСЕЛЛЕР  ВЕЛИКОЙ  ВОЙНЫ 
 
МЫРЗАҚҰЛОВА Г.С
ҚазМем қызПУ 2-курс  магистранты 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. ӘДІЛБЕКОВА Л.М. 
 
Сегодня, когда в нашей стране так мирно и спокойно, когда не слышно свистов 
пуль, отдаленных звуков разрывающихся бомб и летящих снарядов, сложно представить, 
какого  было  нашим  предкам  пройти  самую  жестокую  и  кровопролитную  Вторую 
мировую войну. В особенности, молодым поколениям.  
Несомненно,  очень  важно  перенести  свои  знания  и  представления  о  войне  в 
будущее,  дабы  предотвратить  ошибки,  остановить  вовремя  какие-либо  зачатки.  Это 
также важно, как и знать историю победы, как казахи в составе советских армий воевали 
на  фронте,  как  защищали  тогда  свою  Родину  от  единого  врага  в  лице  лидера  Третьего 
рейха  Адольфа  Гитлера.  Ведь  это  были  страшные,  темные  времена.  Оказаться  в  гуще 
таких  событий,  в  центре  самых  важных  и  решающих  сражений  1941  года  можно 
прочитав  книгу  именитого  русского  писателя-фронтовика  Александра  Альфредовича 
Бека. 
В  1942-44-х  годах    А.  Бек  со  слов  героя
 
Героя  Советского  СоюзаБауыржан 
Момыш-Улынаписал замечательную повесть под названием «Волоколамское шоссе».  В 
книге,   Бауыржан  Момыш-улы  вспоминает  себя  еще  лейтенант-командиром батальона. 
Впоследствии же Бауыржан станет командиром дивизии, а затем полковником гвардии, 
если быть кратким.  
Осенью  1941  года  немцы,  осуществляя  «план  Барбаросса»,  план  молниеносной 
войны,  ложа  город  за  городом  на  своем  пути  к  ногам  нацистского  лидера,  вошли  на 
территорию  Советского  союза,  где  их  главной  целью  было  осадить  столицу  –  Москву. 

215 
 
Прямой  дорогой  к  победе  было  Волоколамское  шоссе,  которое  ведет  прямо  в  город. 
Если  бы  немцы  прошли  по  этому  шоссе,  сегодня  было  бы  все  по  другому.  Об  этих 
многозначительных  боях  и  рассказывает  Бауржан  Момышулы  писателю,  который  под 
страхом потерять руки написал слово в слово его историю, назвав себя «добросовестным 
и  прилежным  писцом».  Ведь  господин  Момышулы  прямо  спрашивает  военного 
корреспондента, как тот собирается писать о  войне, ни разу не побывав  в сражении. В 
целях научить писателя чувствовать то, что чувствует солдат Бауржан «…нарочно велел 
поводить вас по таким местечкам, где иногда лопаются две-три мины, где посвистывают 
пули», чтобы Александр ощутил страх, который охватывал каждого солдата.  
До осени 1941-го года ни Бауржан, ни его подопечные, ни разу не бывали в боях. 
Более  того,  Бауржану  дали  неподготовленных  к  тому  мужчин,  которые  были  людьми 
самых  разных  профессий.    В  кратчайшие  сроки  Момышулы  готовил  их,  тренировал, 
старался  подготовить  к  тому,  чего  сам  еще  не  ведал.  В  книге  показывается  волнения 
лейтенант-командира: не сбегут ли его бойцы, не бросят ли своих и командира в беде. 
Копая  первые  окопы,  проверяет  свой  батальон,  отдавая  приказ  встать  к  ружью.  К  его 
большому  сожалению,  все  ринулись  спасаться  в  лес,  не  выполнив  приказ.  Однако, 
пулеметчик  Блоха  яростным  выкриком  «Стой!»  останавливает  сбежавших.  «Увидев 
меня, он кинулся ко мне, к пулемету. Меня пронзила острая, как игла, любовь. Ни одну 
женщину я не любил так, как бегущего ко мне пулеметчика Блоху».  
Через  всю  книгу  присутствует  тонкая  грань  между  юмором  и  серьезностью, 
добротой  и  жестокостью.  Ведь,  как  говорил  генерал  Панфилов:  «Смех  -  это  самое 
серьезное  на  фронте».  Так,  генерал  преподает  урок  товарищу  Момышулы,  когда  тот 
вместо  положенных  пятнадцати  капель  опиума  от  боли  в  желудках  солдат  дает  им,  в 
отсутствие врача, по четверть стакана, отмерив каждому «лошадиную дозу», как войдет 
этот  случай  в  историю  солдат.  Утром  же  врач  еле  разбудил  лейтенант-командира,  и 
вместе  с  ним  они  расталкивали  весь  батальон.  В  самом  же  начале  лейтенант-командир 
описывает  свой  беспощадный,  решительный,  но  необходимый  поступок,  когда  в  рядах 
батальона  появляется  первый  самострел,  вдобавок  ко  всему  казах,  сородич.  Бауржан 
решительно  выносит  приговор  о  расстреле  изменника  его  же  товарищами.  Была 
секундная жалость, но тут же она сменяется мыслью:  «Но ведь так и бегут с поле боя, 
так  и  становятся  преступниками  перед  Отечеством  не  понимая  потом,  как  это  могло 
случиться».  Было  ли  это  жестокостью  со  стороны  лейтенант-командира?  Или  же, 
вынужденной мерой, чтобы преподать урок впредь? Сам же Бауржан говорит, что «все 
человеческое  кричало  во  мне:  «Не  надо,  пожалей,  прости!».  Однако,  были 
обстоятельства.  Ведь  это  война.  «Я  командир,  отец.  Я  убивал  сына,  но  передо  мной 
стояли  сотни  сыновей.  Я  обязан  был  кровью запечатлеть  в  душах:  изменнику  нет  и  не 
будет пощады!».  
Отдельное  место  в  повести  отводится  генералу  Панфилову.  Бауржан  питает  к 
нему самые искренние чувства, восхищается им, слушает наставления, относится как к 
отцу. Это прослеживается и в его собственных мыслях, когда он вспоминает встречу с 
генералом,  и  позже  к  ним  присоединяется  военный  корреспондент,  капитан  Нефедов. 
Военный  корреспондент  фотографирует  генерала  для  своего  сюжета,  и  Панфилов 
приглашает  принять  в  этом  участие  Бауржана.  Капитан  Нефедов,  замечает,  увидев  их 
вдвоем: «…а поворот головы отцовский». Генерал Панфилов же безусловно понравится 
любому  читателю,  открывшему  эту  книгу.  Он  всегда  спокоен,  рассудителен,  ясен  в 
своих мыслях и выражениях, отважен. Он действительно как отец родной относится ко 
всем своим солдатам, все терпеливо разъясняет командирам - каждое действие, каждый 
бой. Разъясняет не приказами, но как истинный учитель,  заставляя собеседника самому 
думать, приходить к логической мысли. «Разве война не требует разбора? Мои войска – 
это  моя  академия.  Ваш  батальон  –  ваша  академия»,  -  говорит  он.  Безусловно,  на 
Бауржана Момышулы генерал Панфилов оказал исключительное влияние. 

216 
 
На  каждой  встрече  с  Иваном  Васильевичем  четко  дается  масштабное  описание 
хода  войны  у  Волоколамска  и  близлежащих  районов.  Панфилов  описывает  причины 
военных  неудач:  «…немецкая  армия  вступила  в  войну  уже  отмобилизованной;  в 
сражениях  на  полях  Европы  она  приобрела  уверенность,  боевой  опыт;  она  имела 
преимущества  в  танках  авиации».  Также,  добавляет  к  вышесказанному  внезапность,  и, 
как следствие, пренебрежительное отношение к реальности. Когда же Волоколамск был 
сдан  немцам  и  советские  войска  вели  отступление,  генерал  говорит  такое  откровение 
товарищу  Момышулы:  «Да,  ведь  я  вам  так  и  не  сказал,  что  же  писал  Ленин  насчет 
отступления. Он считал, что искусство отступления столь же важно в нашей борьбе, как 
и  умение  беззаветно,  смело,  безудержно  наступать...  Писал,  что  опыт  отступления 
необходимо  изучать».  Бауржан  Момышулы  повествует  нам  о  виденной  им  карте,  о 
помеченных  территориях,  где  враг  прорвался,  где  появились  прорехи  в  советской 
контратаке  и  как  генерал  распоряжался  своим  резервом,  8-й гвардейской стрелковой 
дивизией  впоследствии,  как  вел  тактику  отступления  боя.  Б.  Момышулы  называл  эту 
тактику  спиралью: «Спиралью  я  это  называю  потому,  что  все  бои  Панфиловской 
дивизии под Москвой характерны тем, что она перерезала путь, отскакивала в сторону и 
увлекала  за  собой  противника,  отводила  его  километров  на  10,  потом  рывком  снова 
становилась  на  его  пути,  снова  уходила.  Такими  маневрами  силы  противника 
распыляются,  наши  части  снова  выходят  на  большак.  Это,  в  настоящем  смысле  слова, 
изматывание противника давало выигрыш во времени». 
Благодаря  красочному  языку  Бауржана  Момышулы  и  Александра  Бека,  столь 
грамотно  и  ступенчато  рассказавшими  о  поворотных  событиях  1941  года,  о  тактике 
войны  Советского  союза,  о  храбрости  ее  воинов  самых  разных  национальностей,  о 
трусости и страхе, о подвигах и чести, эта книга вошла в мировые бестселлеры в мире 
публицистики. Эта книга увековечила память о храбрецах 316-й стрелковой дивизии (8-й 
гвардейской стрелковой дивизии). Она стала  карманной книгой в сумке каждого воина 
на войне. Тактику боев из книги «Волоколамское шоссе» изучают в военных академиях 
по  всему  миру.  В  Израиле  она  вошла  в  число  обязательных  книг  для  чтения.  Сам 
Бауржан  Момышулы  стал  национальным  героем  не  только  для  казахов,  но  для  всех 
стран постсоветского пространства. Стал кумиром для таких людей мирового масштаба, 
таких  как   Эрнесто  Че  Гевара,  а  книга    одной  из  любимых  команданте  Че и Фиделя 
Кастро.  
Книга  «Волокламское  шоссе»  не  оставит  нетронутой  ни  одну  душу,  она 
проникнет в Ваше сердце и наполнит любовью и гордостью за своих предков, кто славно 
сражался  и  одержал  победу  над  Третьим  рейхом.  Она  напомнит,  какое  место  в  жизни 
каждого должны занимать честь, храбрость, совесть и Родина. Людей военных эта книга 
научит думать стратегически, а гражданским напомнит, какие герои сдержали в те годы, 
казалось бы, непобедимых врагов. «Волоколамское шоссе» - пройденный путь, длиною в 
жизнь.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет