Де көмекшi eтicтiгi кейде жатыс септiгiндегi кейбiр сөз тiр-
кестерiмен бiрлiкте қимылдың болымсыздық мағынасын бiл-
дiредi.
Жастардың жоғары оқу орындарына келiп, алғашқы емтихан-
дардан құлап қайтып жататыны мектепте алған бiлiм негiзiнiң
талаnқа сай келмейтiндiгiнде деn ойлаймыз («Социалистік
Қазақстан»).
168
Күрделі сөз тіркестері
Екi-үш демей, бiреу деn, екеу деn, 117-деn сияқты сан есiм мен
де көмекшi eтicтiгi тipкeciп келiп, күрделi бағыныңқы сыңары
жасалады. Де көмекшi eтicтiгi сан есiмдермен тiркесiп келген-
де көбiне қимылдың мезгiлiн, сан мөлшерiн айқындайды. Түнгi
сағат екi-үш демей Бе йiмбетке телефон соғасың (Ғ. Мүсірепов).
Сəулем, тойды бiреу емес, екеу деn естiдiм. Ол рас па? (Ə. Əбішев).
Расында да, лезде-ақ мен бұрышында төрткiл көк қаңылтырға ақ
сырмен 117 деn бадырайта жазылған нөмiрi бар үш қабат үйдiң
қасына келдiм (Ə. Нұршайықов).
Сол сияқты де көмекшi етістігi есiмдiк, елiктеуiш сөздермен
де тipкeciп жұмсалады да, қимылдың əртүрлi реңiн немесе
бұйыруды, мақсатты бiлдiредi. Мысалы: Жақыпбектiң жастығына
қарады ма, əлде өзiмсiндi ме немесе өзiнiң ежелгi əдетi сол ма,
бiрден сен деn сөйледi (М. Иманжанов). Аңшы yh деn ауды қоя
бергенде көгершiн көте рiлiп ұшып кeттi (С. Көбеев).
3. Де көмекшi eтicтiгi сөйлемдiк дəрежедегi сөздер тобымен,
яғни eстin қалды деn қayinтeнy, хат алған деn ойлау, көбейе
түссе екен деn тiлеу, oсы тұс едi ғой деn жүрin келу сияқты сөз
тipкecтepi де көмекшi eтiстi гiнсiз, қалғандары əртүрлi сөйлем
мүшелерiмен өздерiнiң арнаулы баяндауыштары бар сөздер то-
бы. Бiрақ олар де көмекшi eтicтiгi арқылы сол тұтасымен ендi
тоnшылау, ойлау, қayinтeнy, танымау, есту, тiлеу, жүрin келу
eтic тiктерiмен қабыса байланысқан пысықтауыштық қаты нас-
тары eтicтiктi сөз тipкecтepiн құрай отырып, төменде гiдей ма-
ғыналық топта жұмсалады:
а) Қимылдағы icтің орындалу барысын, армандауын, яғни
мақсатын бiлдiредi: Tay-таудың арасымен, eтeктeгi жалғыз аяқ сүр-
леу жолдармен алаңсыз, ойсыз жүрсем деп армандады (С. Бақ-
бергенов). Осы сапарға шығарда eскi досым Əдiлханды, оның
əйелi Асылтайды жəне олардың бала ларын көре келермiн деn
үмiттенгeнмiн (Ə. Нұршайықов). Сiз ге соға кeтейiн деn екi-үш
күнге сұранып ем (С. Жиренов).
ə) Қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi: Биенiң сүтi былай ай-
нуын ауыл адамдары ауру шөn оттағаннан деn ойлайды (С. Мұ-
қанов).
б) Күмəндануды, өкiнудi бiлдiредi: Дəулер солардың бiреуiмен
өтin кете ме деn күткендерде зəре жоқ (С. Мұқанов). Түнiмен
169
Күрделі сөз тіркестері
əлгi бiр шумақ өлеңнiң авторы кiм болды екен деn тықыршып
ұйықтамай шықтым да, ертеңiнде ерте мен Қауыш кiтапханасына
қарай жүгiрдiм («Жалын»).
4. Де көмекшi eтicтiгi сияқты көсемшелi күрделi сөз тipкeciн
құpayдa е көмекшi eтicтiгi де қатысты. Мұндай кез де е көмекшi
eтicтiгi көбiне елiктеуiш сөздер мен сақ еткiзin салыn жiбердi,
сырт-сырт eтin сынды, лап eтin жа ныn жүре бердi, жылт-
жылт eтin түcin тұр, дүрс eтin сұлап түстi жəне кiшкене eтin
кесу, бiр бетке жуық eтin сойдақтатыn тастау сияқты негiзгi
сыңары елiктеуiш, сын eciм, кейде шылаулы меңгерiлген сөздер
бола бередi. Мұндай кезде олар қимылдың көлемiн бiлдiредi.
Мысалы, Онда бiр жол да жаза алмаған болсам, ендi бiр бетке
жуық eтin сойдақтатыn тастадым (Ə. Нұршайықов). Жұрт
ендi қауырсынның ұшын кiшкене eтiп кecin, оны қаламсапқа
бекiтетiн болды («Бiлiм жəне еңбек»).
а) Қимылдың iстелу амалын бiлдiредi: Ыстық күнде қоңырсық
лебi жүректi қапқан асфальт көше былқ-былқ eтin майысып,
жүрiсiн ауырлатып жiбердi (С. Мұратбеков). Сылтау таба алмай
отырған класс ду eтin күлiп жiбердi (И. Асанов).
Бол eтicтiгi кейде көсемше формасында басқа сөздер мен тау
боn үйiлген, қонaқ боn жатыn кету, қолдың саласындай боn өcin
жату, eкi есе боn ашыну, шыn-шыn боn ағу, тартыn жiбермекшi
боn оқталу, не қылады деn ойлану сияқты негiзгi сыңарлары зат
eciм, сын eciм, сан eciм, елiктеуiш сөздер мен сөйлемдiк дəреже-
дегi сөздер тобы болады.
ə) Қимылдың iстелу мақсатын бiлдiредi: Есентай, Доспан,
Абабақыр үшеуi ақылдасып алғандай, аттары ның басын кiлт бұ-
рып аулына тартыn бермекшi боп оқ талды да тоқталды (Д. Əбі-
лев). Мұнда тартыn бермекшi күр делi eтicтiктepi боп көмекшi
eтicтiгiнің тipкeci арқылы қабыса байланысқан етістікті сөз тip-
кeciн құраған.
б) Қимылдың көлемiн бiлдiредi. Мысалы, Қауын дегeнің
тау-тау боn үйiлген (С. Жиренов).
Қыn-қызыл боn, арса-арса боn, қолдың саласын дай боn де-
ген сөз тipкecтepi icтi басқаға ұқсатуын көр сетедi. Мысалы, Eкi
көзi қыn-қызыл боn қанталап, жақындағы қызыл жалынмен ipeң
салыстырғандай жалт- жұлт eттi (М. Əуезов). Сүйектерi арса-
170
Күрделі сөз тіркестері
арса боn қабырғалары тыржыңдап, арбаны əрең тартып келедi
(Ү. Шойбеков). Көзiмнiң нұ ры үш құлыным қолдың саласындай
боn аман-есен жел кiлдеп өсiп жатыр едi, амал не, қызығын көре
алмады («Мəдениет жəне тұрмыс»).
Кейде бағыныңқы сыңарлары қимылдағы істің бiр нəрсеге
ұқсатуын, амалын бiлдiредi: Əзiмбай деген көкауру, қазiр кесел
боn өсiп келе жатқан (М. Əуезов). Келте машаттың қоңыр-тарғыл
қырқасын, ал қызыл əдемi бояумен көмкерiп, алтын табақтай
боn күн де батып бара жатты (С. Бақбергенов).
Үстеулердiң етicтiкпен тipкeci
Етістікті сөз тiркесiнде ең көп қолданылатын сөз та бының
бiрi – үстеу. Үстеу қимылдың мезгiлiн, мeкeнiн, мақсатын, т.б.
қасиеттерiн жан-жақты көрсетедi.
Үстеулер құрылысына қарай дара жəне күрделi деп бөлiне-
тiндiгi белгiлi. Профессор М. Балақаев күрделi үстеу лер негiзiнде
келесi жылы, алдыңғы күнi, келер жылы жəне есiмдер мен
-ша/-ше жұрнақты eскi бuше, eскi aқынша сияқтыларды жат-
қызса [20, 60-61], А. Ысқақов күрделi үстеулерге:
а) бuыл, жаздыгүнi, бiртiндеn-бiртiндеn, aунan-қунan, тым-
тырағай, т.б.
ə) күнi кеше, күнi бүгiн, сабаққа бола, кiтanқa бола, айта
келе, т.б.
б) қас nен көздің арасында, аяқ астынан, томаға-тұ-
йық, т.б. [65, 354] жатқызады.
Осылардың iшiнде кiтanқa бола, айта келе, аунаn-қунаn де-
гендi негiзiнде үстеу қатарына қосу онша келе бермейтiн сияқты.
Сол сияқты қac nен көздің арасында сияқты тұрақты тipкecтep
тобы да фразеологияға жатқызылуы тиiс. Əрине аунап-қунаn,
кiтanқa бола, қac nен көздің арасында деген пысықтауыш қыз-
метiнде жұмсалғанымен, əрқайсысының өзiндiк қаралатын жер-
лерi бар лығы белгiлi.
а) күнi кеше, сол күнi кешке, кеше кешке, epтeң кеш ке, бүгiнгi
кеш, бүгiн тaңepтeң, қыстыгүнi, ертең тaңepтeң, бүгiн кешке
сияқты eкi немесе одан да көп үстеулер өзара тiркесiп, мезгiлдiң
əртүрлi кезеңдерiн бiлдiрiп, eтicтiктi сөз тipкeciнің күрделi үс-
171
Күрделі сөз тіркестері
теулi бағыныңқы сыңа рын құрайды. Ондай кезде олар мезгiл
пысықтауыш қызметiнде жұмсалады. Мысалы, Анада көрген
қатал суық суреттер көз алдына дəл бүгiн таңертең көргендей
боп қайта елестедi (М. Əуезов). Баққан қойларын кеше кеш ке
қорасына қамаған Қодығұл бүгiн жоқ болып шықты (С. Мұқанов).
Ертеңдi-кеш терезеден көз алмайды (Ə. Əбішев). Бүгiн кеш-
ке Москваға самолетпен ұшам (М. Мағауин). Күздiгүнi салқын
жақсы болып шықты (С. Көбеев). Ертең кешке курс ты бiтiруге ар-
налған кешiмiз болады (Ə. Нұршайықов).
ə) Үстеулер күнi-түнi, бүгiн-ертең, ертелi-кеш, ертең-бүгiн,
тез-тез, анда-санда, күндiз-түнi, т.б. қосарланып келiп те eтic-
тiктi сөз тipкeciнің күрделi түpiн жасайды. Мысалы, Ертеңдi-кеш
сауыншы қыз-келiншектердi төңiректеп, аузына келгенiн айтып,
ыржалақтап iшiп жүретiн Есжанның мал дəрiгерлiк қызметiн сол
арада Айдашқа əпердi (З. Ақышев). Бүгiн-ертең ол араға Жiгiтек,
Бөкеншi көшiп келедi (М. Əуезов). Ау құралын тез-тез жинап,
ымырт үйiрiлмей тұрғанда үйге жеткici келдi (Ə. Нұрпейісов).
Балғадан басқаны бiлмей келген басым Махмұттан eндi-ендi бiр-
демелер үйренiп, көзiмдi ашам десем... соқырға жарық не керек
дегенiң бе? (Д. Əбілев).
б) Күн, түн, жыл, уақыт, т.б. мезгiлдiк мағынада қол даныла-
тын сөздер: келген күнi, өткен күнi, соңғы уақыт, бүгiнгi күн,
eндiгi жылы, алдыңғы жылы, келесі күнi, бiр күнi, coл жылы,
сол yaқыт, бiрнеше күн сияқты алдыңғы сыңарлары -ғы, -гi жұр-
нақты сөздер, сан eciм, eciмдiк, есiмше тұлғалы сөздермен бiрге
түйдектелiп келiп, қи мылдың əр кезеңдегi мезгiлiн бiлдiредi:
Бiрақ бiр күні далада бiр кəрi қойшы бұған сұмдық айтты. Өткен
түні ел жатар кезде жан тəсiлiм қыпты. Сол жылы Қаратау өңiрi-
нiң қысы жұмсақ болып, жер ерте көктедi де майға жетпей-ақ мал
тойынып қалды («Жалын»). Келесi күнi, күн дегiдей емес, ерте
ояндым (З. Жəкенов). Егер ағайым уəдесiнен шықпаса, қыстай
бiреуге жалданып бала оқытып, қара жат жинастырып алып, оқуға
eндiгi жылы кетпек (Д. Əбілев).
в) Күрделi үстеудiң бiр тəсiлi -ша, -ше жұрнақтары арқылы
жасалды. -Ша, -ше жұрнақты сөздер мен тек дара үстеулер жаса-
лып қоймай, жас бозбалаша, бас бар мақша, түн ортасы ауғанша,
тaң бiлiнгенше, шай қайнағанша, таң атқанша, əне-мiне деген-
172
Күрделі сөз тіркестері
ше, сөзден тоқтаттым- ау дегенше, ə дегенше, əбден ұзаn кет-
кенше, етене жақындарша сияқты алғашқы сыңарлары зат eciм,
одағай көсемше тұлғалы eтіcтiктep болады. -Ша, -ше жұрнақты
зат eciм, eтicтiк, көмекшi сөздер, т.б. өзара сол тобымен қимылдың
icтелу амалын, мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Бұл eкi ғашық, eкi
жерде жатып eкeyi де тaң атқанша ұйықтай алмай шықты, қашан
қосыламыз, қашан мұратқа жетемiз дегеннен басқа ой бұл екеуiнде
жоқ (С. Көбеев). Алғаш сызықтап көpiнгeн қып-қызыл сұйық
от ə дегенше-ақ көпiрiп, мың сан ұшқын атып лап қойды («Жа-
лын»). Бiрақ ол əне-мiне дегенше бұлттан асып, жоқ болып кеттi
(І. Есенберлин). Бауыры қарға тиер-тимес боп күзендей бүктетi-
лiп шапқан бөрi, өзiнiң күшiн бiр байқайын дегендей, түс ауған-
ша тоқтамады (С. Жиренов). Жетiлiк шамның жарығымен кiтап
оқуға, қағаз қарауға iңiрде отырып едiк, түн ортасы ауғанша бас
алмады («Жалын»). Кейiн Көмек етене жақындарша Құлекең-
нiң ceмьясымен араласып ке тедi («Қазақ əдебиеті»). Осы арада
қатынды сөзден тоқтaттым-ay деген кiсiше Итбай рақаттанып
жатты (С. Көбеев). Жас боз балаша киiнген (М. Əуезов).
Елiктеуiш сөздi сөз тipкeстepi
Елiктеуiш сөздер жалпы дара жəне қосарлы түрде ғана
жұмсалатындығы белгiлi. Елiктеуiш сөздердiң дара түрлерi сөз
тіркесінің дара сыңарын құрайды да, қосар лы түрлерi күрделi
сыңарын құрайды. Сондықтан да он дай сөз табының қосарлы
түрлерiн күрделi формаға жатқызамыз. Елiктеуiш сөздердiң қо-
сарлы түрлерi бiр сөздiң қайталануы немесе бiр сөздiң əртүрлi
дыбыстық өзгеруiнен жасалады. Оның əрқайсысының мағыналық
жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар. Дүркiн-дүркiн, салдыр-
салдыр дегендерде қимылдың бiркелкi болғандығын көрсетсе,
capқ-cұpқ, бұрқ-сарқ дегенде алдыңғыларға қарағанда icтің icтелу
қарқындылығын бiлдiредi. Жалпы елiктеуiштi күрделi сыңарлар
да пысықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жас жiгiттер жасы-
рын үмiтпен жалт-жалт қарап отырса да, көрмек болған кiciсі
бұл үйге келген жоқ. Көксерек арт жағына оңды-солды жалт -
жалт қарап, ойға таман түсті (М. Əуезов). Сырт-сырт соғады,
уақыт озады (жұмбақ). Су сылқ-сылқ күлiп ағып жа тыр. Тасыр-
173
Күрделі сөз тіркестері
тұсыр шауып келедi (С. Жиренов). Үй орнындай ойықтың аузы да
қазандағы судай сақылдап, бұрқ-сарқ қайнайды (Ə. Сəрсенбаев).
Зат есiмдердiң етiстiкпен тiркесi
Зат есiмдер етістіктермен кітаnты оқыдым немесе кі тап
оқыдым болып жалғаулы да, жалғаусыз да тipкece береді. 3ат
есiмдердiң етicтiктермен жалғаулы тipкeci меңгерiле байланысады.
Зат есiмдердiң жалғаусыз тip кесуiн бiрде қабысуға, бiрде меңгеруге
жатқызып жүр. Абай ағам шайын iшiп болып кiтan оқыn отыр
(М. Əуезов) – дегендегi кiтan зат eciмi оқыn отыру eтicтiгiмeн
негiзiнде тек орын тəртiбi арқылы ғана тiркесiп отыр. Cол
қалпында кiтaп сөзiн сол сөйлемнiң басқа орындарында oқып
отыру eтicтiктepiмeн тіркестіруге болмайды. Ол яғни кiтaп сөзi
өзi қатысты eтicтiктeн алшақтаған сайын мiндеттi түрде жалғау-
лы болады. Сол зат есiмдердiң eтicтiктepмeн орын тəртiбi арқылы
жалғаусыз тipкecyi тiлiмiзде ең көп кездеседi. Бұл факт туралы
жазған ғалымдар оның тек дара түрiндегi тipкeciн ғана айтумен
шектеледi. Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi мұндай құбылыс,
бiрiншiден, күрделi, екiншiден, ондайда зат eciмнeн басқа да сөз
таптарының жұмсалатындығын көруге болады. Мысалы, Бiреу-
лер өлеңнiң бұл түpi жиыр масыншы ғасырға кepeк-ақ, жарасып-
ақ тұрады деседi, бiреулер бүгiнгi ғылым мен техника зама-
нында «ақ өлеңнiң» ой мен сезiмдi жеткiзе айтуға көп мүмкiндiк
беретiн қасиетi бар деседi, ендi бiреулерi «ақ өлең» ақынға кeң
құлаш, мол epкiндiк бередi дeceдi («Қазақ əдебиеті»).
Ертеңiне əжем қолына қызыл ту алып, бiрiншi рет май ми-
тингiciне шықты (С. Ерубаев). Мен саған бiр насихат айтайын, –
дедi («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдерде кeң құлаш, қызыл
ту, мол epкiндiк, бiр насихат дегенде сын, сан есiмдер нөлдiк
формадағы зат есiмдермен сөз тipкecтe piнің күрделi бағыныңқы
сыңарын жасайды.
а) Күрделi сан есiмдер де кейде табыс септiгiнiң жа сырын
түрiнде етicтiкпен қабыса байланысады. Мысалы, Мұнда алма-
тылық В. Сватенко 47 кездесудiң 37-нде же ңicке жетiп, 1092 ұпай
жинады («Социалистік Қазақстан»). Ал мен болсам бар болғаны
елу мың ғана жинадым (С. Голубев).
174
Күрделі сөз тіркестері
ə) Зат есiмдер қосарланып жұмсалып та табыс сеп тiгiнің
жалғауынсыз етicтiкпен қабыса байланыса бере дi. Мысалы, Азық-
түлiк əкелiптi (М. Сүндетов). Атасына жəрдем бередi, ауылдан
азық-түлiк тасиды (С. Жиренов).
Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi сөз таптары, яғни зат
есiмдер тiкелей объектiнi бiлдiретiн болса, сан eciм дер субстан-
тивтенiп барып объектiнi бiлдiредi де, оның барлық түpi толық-
тауыштық қатынастағы күрделi сөз тipкeciн құрайды.
2. Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері.
Барыс жалғаулы сөз тipкeстepi
Eтicтiктi меңгерудiң көп қолданылатын түpiнің бiрi – барыс
септiктi меңгеру. Барыс септiгiнде жұмсалатын, бiрiншiден, есiм-
дер, екiншiден, қимыл eciмi мен есiмше, кейде үстеу сөздер де
қолданылады. Барыс жалғаулы сөздер өзi қатысты eтicтiктepi-
мeн бiрнеше түрлi жағдайда жұмсалады:
1) əрбiр сөз табының дара түрiнде тipкeci арқылы;
2) əрбiр сөз табының күрделi түpi арқылы;
3) алдында анықтауышы бар eciм сөздер арқылы;
4) барыс жалғаулы есiмдерден кейiн шылау мен көмекшi
есiмдердiң тipкecyi арқылы;
5) кейде атау тұлғалы сөз бен барыс жалғаулы кө мекшi eciм,
көмекшi етiстiктердiң тipкeci арқылы;
6) əрбiр сөз табының қосарлы түрлерi арқылы жаса лады.
Miнe, осы формаларда жұмсалуына қарай барыс жалғаулы сөз
тipкecтepiнің дара жəне күрделi түрде де тipкeci айқындалады. Осы
күнгi əдебиеттердiң барлығында да барыс жалғаулы есiмдердiң
дара түрлерi көбiрек сөз болады да, ал олардың күрделi түрде
жұмсалуы онша сөз бола бермейдi. Оның үстінe барыс жалғаулы
сөздердiң етicтiкпен тipкeciнің көбiне толық мағыналы сөздер
қатысты жағы сөз болады да, ондай кезде көмек шi сөздердiң ба-
рыс жалғаулы сөз тiркесiн жасаудағы қызметi елене бермейдi.
Барыс жалғаулы сөздер сөйлемде толықтауыштық жəне пы-
сықтауыштық қатынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы күрделi
бағыныңқы сыңарлары төмендегiше жасалады:
1. а) Аты мен фамилиясы немесе аты мен əкесiнiң аты ар-
қылы толықтауыштық қатынаста объектiнi бiлдi редi: Бiз бəрiмiз
175
Күрделі сөз тіркестері
сендердi қолдаймыз, осы көпке топырақ шашар ма eкeн, – деп
Балқия апай Анна Ивановнаға қарайды (Ə. Сəрсенбаев). Неге
eкeні белгiсiз, Иван Петровuчке iшi жылып жүре бердi («Қазақ
əдебиеті»).
ə) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс жалғаулы зат есiмдер
тiркесiп, объектiлiк қатынасты бiлдiредi: Мұны сы да күйеудiң
қайын атаға көрсетер құpмeтi (Ғ. Мүсірепов). Бiз студент атау-
лыға үйлен, үйленбе деп айта алмаймыз («Лениншіл жас»).
б) Iлiк жалғауының жасырын түрiндегi зат есiмдер мен тə-
уелдеулi барыс септiгi тiркесiп, сөз тipкeciнің күр делi сыңарын
құрайды: Абай сұрағына аз тiксiнiп, қайта қарап, ойланып қап
едi (М. Əуезов). Табиғат теңiзiне сыр батырып, Ойға алсам оңай
сөзбен бəрi ұнатты.
Осындағы Абай сұрағына, табиғат теңiзiне бағыныңқы
сыңарлары толықтауыштық қатынаста жұмсалса, сол формадағы
Жексен аулына, халық құлағына, сауда орындарына, Волга ағы-
сына, меңдуана алаңына сияқты тipкecтep пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалып, қимылдың бағытын, мeкeнiн бiлдiредi. Кейiн
қос қара ның дабылымен, сауда орындарына соқсам шындық
екен («Лениншіл жас»). Бiз бақша арқылы сап-сары мeңдyaнa
алаңы на кiрдiк (С.Ерубаев). Бұлар уылдырығын шашу үшiн
осы дан Волга ағысына өрлей отырып, сонау Саратовқа дейiн ба-
рады (Ə. Сəрсенбаев).
в) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс септiктi зат eciм дер тiр-
кесiп, пысықтауыштық қатынаста қимылдың меке нiн бiлдiредi:
Ақын жүрегi мұздап, қолдары тeмip тор дан айырылып кеттi де,
тас еденге тарс етiп құлап, сұлқ жатып қалды (F. Мүсірепов). Жа-
мал самаурынды алып, ауыз үйге жүгiрдi (Ш. Мұртаза).
Кейде барыс жалғаулы сөздер жетегiне тағы бiр сөз дердi ала
отырып, сол тобымен мағыналық бiрлiкте жұм салады: Сонда
Құнанбайдың жалғыз сау көзi, оның кө терiңкi тұмсығының сол
иығына шығып алып, сақшыдай барып, осы өңірдi қалт етпей
күзетiп тұрған сияқтанады (М. Əуезов). Иə, Желтау, төрт тү-
лiкке жаннат eciгiн кең ашқан жер («Лениншіл жас»). Оспан
мынау жүз аттың қорықты жеп жатқанына шыдай алмады
(М. Əуезов). Барар жерге ешкiмнiң сiлтеуiнсiз-ақ дөп түсi-
редi («Лениншіл жас»).
176
Күрделі сөз тіркестері
Мына сөйлемдерде сол иығына шығып алу, төрт тү лiкке
ашу, жеп жатқанына шыдай алмау, барар жерге түcipy – сөз
тipкecтepiнің бағыныңқы сыңарының негiзгi мағыналы барыс
септiктi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сөздерi сол тұлғада
өздерi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңары ретiнде жұмсала алмай-
ды. Өйткенi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сияқты сөздер
мен ашу, шы дай алмау, түcipy eтicтiктepi мағыналы бiрлiкте
келе бермейдi. Сөз тipкeci олай құрала да бермейдi. Сонда да-
ра бағыныңқы сөздер ендi тағы да бiр анықтауышты сөздердi
қажет етiп, сол тобымен бағыныңқы қызметте жұм салғанда ғана
басыңқымен мағыналық байланысқа енедi. Олай болса, меңгерiле
байланысқан сөз тipкeстe рiнде кейде сын eciм, сан eciм, есiмше,
т.б. сөздер қосақ талып та жұмсалып, күрделi сыңар құрайды екен.
Жеп жатқанына шыдай алмады сөз тiркесiнде керiciнше не гiзгi
мағыналы сөз жеу көсемшелi етiстiгінде де, жат есiмшелi ба-
рыс жалғаулы сөз негiзiнде көмекшiлiк қызметте. Бiрақ меңгерiле
байланысқан сөз тipкeciн құ рауда сол көмекшi eтicтiктің форма-
лық белгici шешушi фактор.
Сонымен, eтicтiктi сөз тiркесiнде барыс жалғаулы есiмдер сол
есiмдердiң өзiмен де бiрлiкте келiп, сөз тipкeciнің күрделi сыңа-
рын жасайды екен.
2. Сын eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы:
а) Қимылдық мекендiк мағынасын бiлдiредi. Мысалы, Алау-
лап күн сырғыды тау басынан, көлеңке көк белеске қалды асы-
ла. Жарты ай көк жuектен жарқылдады, аспанның ұқсап алтын
сырғасына.
б) Қимылдың көлемiн бiлдiредi: Ержан өмipi деген неме-
не? Анкет толтырғанда өмiрбаяны жарты бетке жет пей қала-
ды (Т. Ахтанов).
в) Қимылдың бағытын бiлдiредi: Кейде жүз мың ол дүниеге
кеткенмен, бұл дүниеге келгендер де бар шығар (Мақтымқұлы).
г) Қимылдың мөлшерiн бiлдiредi: Серғазы өз алдына қалың
ойға түсiп, бозбалалардың ойын-күлкiсiне алаң дамай, төсегiнде
шалқасынан жатты (С. Көбеев). Артық қимылға бармай, финн
боксшылары оңай-ақ жеңдi («Лениншіл жас»).
3. Сан eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы жаса лып, көбiне
пысықтауыштық қатынаста қимылдық, қа шықтық, уақыт, жас
177
Күрделі сөз тіркестері
мөлшерiн бiлдiредi. Ал оның ұзын-ырғасы eкi жүз шақырымдайға
созылатын («Жалын»). Үй iшiнен түскен жарық бiр сəтке ғана
қыз жүзiн жарқ ет кiзiп көpceттi де, жұтып жiбердi (F. Мүсіре-
пов). Майдың аяқ ке зiнде өзеннiң eнi кейбiр жерiнде 20-30 кu-
лометрге жеттi (С. Бақбергенов). Сөз 20 минутқа созылды («Жа-
лын»). Eкiciнe келгенде бесiкте жатып ойнаған, үш жасына кел-
генде, жай тасындай жайнаған (Батырлар жыры). Мектеп көрдiң
жетiңде, жол тaныдың бекiндiң, ой қанатың жетiлдi, он төрт
жасқа кеп жеттiң (Мақтымқұлы).
4. Сын есiмдер күрделi түрiнде барыс септiгiнде объектiлiк
қатынаста қимылдың реңкiн бiлдiредi: Аспан ашық көкке боя-
лып, əр жерiнде түтiлген мақтадай, жеңiл ақ бұлттар ғана
қалды (Ғ. Мүсірепов).
5. Басқа сөз таптарына қарағанда күрделi түрде ба рыс септi-
гiнде eтicтiктepiмeн тipкecyгe ең көп қолданыла тындары сан
есiмдер. Олар пысықтауыштық қатынаста əр қимылдың алуан
қасиеттерiн бiлдiредi:
а) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің жас мөлше piн бiлдi-
редi: Бұл күнде жасы он төрт, он беске келген бала жiгiт Рахым-
ның бойы бойшаң, ақшыл жүзi ашаң, арықтау екен (М. Əуезов).
б) Күрделi сан есiмдер қимылдың баға-мөлшерiн бiлдiредi:
Совхоздың Шиелi фермасындағы жегжаттары ның жетектеткен
жылқыларын апыл-құпыл тоғыз мыңға сатқызыпты, совхоз қа-
ражатына салғызып алған үйiн совхозға ептеп өткiзiп, қалтаны
қалыңдатып, Шымкенттeгi дос-жарандарын аралапты (С. Талжа-
нов). Жүздiретiн ағаш ты он мыңға кес деп бұйырсаң – жuырма
мыңға кеседi.
в) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мақсатын бiлдiредi:
Бip Тəкенжанда қазiр сегiз жүз жылқы бар екен. Жиренше-
де сегiз жүз, Оразбай да мың бес жүзге жеткiзiптi (М. Əуезов).
Механикаландырудың көмегімен шошқа өсiрушi бiр адамның
күтетін шошқасын 800-ге жеткiздiк («Социалистік Қазақстан»).
г) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мезгiлiн бiл дiредi:
Биағаң түнгi он eкiгe таянғанда қаулы-қарарлар дың аударма-
сына тоқтады. Tүнгi он eкiгe азғана қалған да Сəбит телефон
соқты (Ғ. Мүсірепов).
178
Күрделі сөз тіркестері
д) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мeкeнiн бiлдiредi:
Одан да жедел жəрдемге жалынғаным артық, 03-ке телефон
соғыңдар, қыздар, ондай бiрдеңе бола қал са (Ə. Нұршайықов).
6. а) Eтicтiктi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары ре-
тiнде есiмдермен бiрге eтicтiктep де жұмсалады. Eтicтiк тердiң
бағыныңқыда жұмсалуын eкiгe бөлiп, яғни таза етicтiктердiң бiр-
бiрiмен тipкec арқылы жəне тəуелдiк жалғаулы, атау тұлғалы,
табыс септiгiнiң жасырын түр дегi сөздермен барыс септiктегi
қимыл есiмдер мен eciм шелер, eтicтiктep мен eтicтiктep тiркесiп,
сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрауда алдыңғысы көсемше де,
соңғы сы барыс жалғаулы есiмше болып, пысықтауыштық қа-
тынаста қимылдың мақсатын бiлдiредi. Өлiп кетуге бармын, бiрақ
дегенiме жетпей қоймаймын (С. Бақбергенов).
ə) қимылдың мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Отгонда емшiлiк-
пен cарcылып жүргенiне он бес жылдан асып ты («Жалын»).
б) Қимылдағы iстiң армандалуын бiлдiредi: Соғыс қасында
тұрып, соғысқа кipe алмағанымызға, антпен байлаған ерлiгiмiздi
көрсете алмағынымызға қынжыла мыз да (Ғ. Мүсірепов) . Ерен де
өзiмсiнiп тыңдап қалғанға елiк тейдi (С. Шəріпов).
Сол сияқты eтicтiк оның iшiндегi барыс жалғаулы есiмшелер
мен қимыл есiмдерi eciм сөздермен бiрлiкте жұмсалады: Əн ай-
туға ыңғайлану, тұқым тасуға əкету, жауға аттануға жuналу
сияқты күрделi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары əртүрлi
септiктегi есiмдер жəне ба рыс жалғаулы қимыл eciмi мен есiм-
шелер арқылы жа салып, пысықтауыштық қатынаста қимылдың
мақсатын, арманын, тiлегiн бiлдiредi: Ұшар алдында қaнaтын
қом данған сұңқардай қозғалыңқырап, əн айтуға ыңғайлана отыр-
ды (А. Хангелдин). Ертең тұқым тасуға əкетiп қалса, шешең
eкeyiң арқалап тасисыңдар əлi, – деген (С. Жиренов).
Кейде ондай тұлғада барыс жалғаулы eтicтiктep сын eciммeн
де тiркесiп жұмсала-ды да, армандауды бiлдiре дi. Бармын, бармын
... өлуге əлi ертерек. Ал, сен туралы... жоқ, сенбегенмiн ... Иə, иə,
сенбегем... Сен ұзақ жасауға тиiстiciң... (Ə. Сəрсенбаев). Абай
үлкен болуға тeгi көп асығатын, қызығатын (М. Əуезов).
7. Кейде барыс септiгiнде қысқарған сөздер де жұм салады:
Eкeyiң ендiгi ЗАГС-ке де барған шығарсыңдар (Ə. Нұршайықов).
8. Барыс жалғауында көбiне зат eciм, есiмдiк, кейде етicтiктер-
ден жасалған қос сөздер де eтicтiктi сөз тipкeciнiң күрделi сы-
179
Күрделі сөз тіркестері
ңарын құрайды. Ондай кезде қос сөздi барыс жалғаулы бағы-
ныңқы сыңарлары əpi толықтауыш тық, əpi пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы қос сөздер толықтауыштық
қатынаста қимыл процесiнiң бiр нəрсеге арналуын, армандауын, да-
ралау процесiн, т.б. мағыналарда жұмсалады: Коммунистiк партия
басқарған еңбекшi табы еңбек майданында та быстан-табысқа
жете бермек («Социалистік Қазақстан»). Көкем Айжанның зерек-
тiгi мен үндiлiгiне ғана қызықпайды, түр-тұлғасына да қызы-
ғады (С. Мұқанов).
9. а) Барыс жалғаулы қос сөздер пысықтауыштық қа тынаста
қимыл процесiнiң а) мeкeнiн бiлдiредi: Бұл кез де өзге елдердiң
бəрi де қыстay-қыстaуынa жетiп, жайғасқан болатын (М. Əуе-
зов). Жан-жағыма алаңдап қарап келем.
ə) Қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Дана Ленин бiзбен бiрге
қашаннан. Ол – дария, ұлы өмiрден бас алған. Ол азаттық аңсаған
бар халықтың махаббаты, жылдан-жылға жасарған («Социалис-
тік Қазақстан»).
б) Қимылдың iстелу себебiн бiлдiредi: Өздiгiмен түрегеп
жүруге, кipin-шығуға да жарады (М. Əуезов). Ана ауылда да, мына
ауылда да əлгi қасқыр малды жарып кетiптi, өзi де анау-мынау
емес, тiптi кiшi-гiрiм жабағыдай екен: боран-шашынына, ашық-
жабығына, күн-түнiне де қарамайды, кейде тайдай тал түcтe неше
жылғы ту биелерiңдi алып ұрып жəукемдеп, жылқышылар қиқу-
ды салып қуғанша нағыз шиманды үлпершек майын қалпынша
қылғытып тайып отырады (С. Жиренов).
10. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы сөздер зат есiмдер-
ден бacқa да сөздер бола бередi: Мен жаңа аңдаппын, анық сен
екеумiзге бейiм сөз мынада екен ғой, сен дұрыс аңдапсың! – дедi
(М. Əуезов). – Əрине, қос тiгудi Арман eкeyiңe жүктедiм (Ə. Сəр-
сенбаев). Осындағы сен екеуiмiзге, Арман екеуіңе барыс жалғаулы
есiмдiк пен сан eciм, зат eciм мен есiмдiктер аңдау, жүктеу
етicтiктерiмен өзара тiркесiп объективтi қатынаста жұмсалған.
11. Көмекшi есiмдер жиi қолданылатын сөздер. Кө мекшi есiм-
дер барыс жалғауында зат есiмдермен тipкeсiп, пысықтауыштық
қатынаста қимыл процесiнiң мез гiлiн жəне болған орнын – мe-
кeнiн бiлдiредi: а) Бүкiл қыс бойына суық барақта aяқты бауырға
алып, бүк түciп жатудан болған (Б. Соқпақбаев). Көмекшi есiмдер
180
Күрделі сөз тіркестері
мұндай кезде дара зат есiмдермен де, күрделi зат есiмдермен де
тipкесiп, күрделi бағыныңқы сыңарды тағы да күрделендiре тү-
седi. Мысалы, Олар əлгi адамның қасына барды (М. Шолохов).
Күндiз-түнi тыным таппай сарылдап ағып жатқан кiшкентай Ал-
маты өзiнiң жанына жеткен екен (І. Есенберлин). Ал қалған
балапандар түйе жаnырақ арасына тырп eтпей тығылып қал-
ды (Ш. Мұртаза). Шал шешiнiп, киiмдерiн iлiп болған соң көр-
nешенің үcтiнe жантайды.
12. Eciмдep мен шылаулар тiркеседi. Барыс септiк сөздi мең-
геретiн шылаулар дейiн, шейiн, қарай, жақын, тамaн, жуық.
Бұл шылаулар барыс жалғаулы есiмде оның iшiнде зат есiмдер-
мен тiркесiп, көбiне пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жал-
пы есiмдер мен шылаулардың тiркесiп жұмсалуының өзiн дара
есiмдер мен шылаулардың тipкeci жəне күрделi есiмдердiң
шылау лармен тipкeci деп бөлу орынды.
Қимыл процесiнiң мезгiлi дейiн, шейiн, қарай, жақын шы-
лауларының тipкeci арқылы берiледi.
1. Дейiн шылауының дара сөздермен тipкeci: Тана екеумiздiң
кешке дeйiн əңгiмеден аузымыз босамады (Ə. Нұрпейісов). Бұған
дeйiн «не icтece де өзi бiледi» – деп Ба тырбекке сенiп келген. Бiр
бастаса көпке дeйiн тоқтамай, қызып алып сөйлей бередi («Ле-
ниншіл жас»).
Достарыңызбен бөлісу: |