Дəріс-15.
Тақырыбы: Есімше жəне көсемше категориясы.
Есімшенің түрлері мен тұлғалары.
Көсемшенің түрлері мен тұлғалары.
Есімше мен көсемшенің айырым белгілері.
Есімше мен көсемшенің қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ.Етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі ең
көлемдісі əрі сыры алуан, күрделісі – есімше формалары.
Есімше-етістік пен сын есімнің арасындағы аралық категория.
Бірақ, есімшенің арасындағы аралық категория. Бірақ, есімшені етістік қатарына
жатқыза алатын өзіндік белгілердің оның бойынан табылатындығ: яғни, есімше салт жəне
сабақты болып келе алады, етіс, шақ, жақ. Рай, формаларын қабылдап, түрлене алады.
Есімшені етістіктің қатарына жатқызуға дəлел болатын жəне бір басты белгі:
есімше тек етістікке ғана тəн болымсыз форманы қабылдай алады. Сондықтан, оны етістік
құрамына жатқызып, оны осы сөз табы құрамында қарастырамыз.
Есімшені етістіктің негізіне (түбір етістікке, етіс формалы етістікке, күрделі
етістікке) арнайы қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Тіліміздегі есімше жасайтын
жұрнақтар:
1. –қан, -кен, -ған, -ген;
2. –ар, -ер, -р;
3. –атын, -етін, -йтін, -йтын құранды жұрнақтары. Бұл жұрнақтар көсемшенің –а, -е, -
й жұрнақтары мен –тын, -тін жұрнақтарының бірігуі арқылы жасалған.
4. –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек;
5.
–у/шы, -у/ші құранды жұрнақтар. Кейбір қазақ тіл білімінің мамандары осы
құранды қосымша етістіктің түбіріне жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп
түсіндіреді. Ол – дұрыс пікіт. Алайда, бұл құранды форма тұйық етістік тақырыбында да
қарастырылады. Сондықтан бұл формаға біз көп тоқтала бермейміз.
6.
–с,
7.
Қазіргі қазақ тілінде есімшенің қалдық формалары да кездесіп отырады. Ол қалдық
формалар мыналар: -аған, -еген, -ажақ, -ежек.
-аған, -еген формалары арқылы жасалған есімшелердің саны тілімізде өте аз. Бұл
формалар арқылы жасалған есімшелер етістік жүйесінен шығып, сын есім қызметінде ғана
қолданылады. Бұл есімшенің көне түрі. Бұл формалы есімше болымсыздық мағынада
қолданыла алмайды. Мысалы, алған қолым береген, жетім қозым емеген. (мақал) Тебеген
ат, сүзеген сиыр, қашаған жылқы т.б.
-ажақ, -ежек формасы тек кейбір облыстар тұрғындары тілінде ғана қолданылады.
Əсіресе, оңтүстік облыстар мен Батыс Қазақстан қазақтары тілінде кездеседі. Соңғы
облыс тұрғындары тілінде əлі күнге осы шақ формасында келіп отырады. Мысалы,
алажақ, бережек, көрежақ, отыржақ т.б.
Бұл аффикстердің шығу төркіні –шақ, -шек қосымшасымен байланысты болып
келетін сияқты.
Бұл форма түрік, түркмен, хақас, құмық, башқұрт, татар тілдерінде есімшелердің
өнімді формасы болып саналады. Сондай-ақ, өзбек тілінің хорезм диалектісінде,
қарақалпақ тілдерінде де қолданылады. Бірақ, қазақ тілінде бұл формалар - өнімді
формалар емес.
Есімше морфологиялық түрлену мен синтаксисті қызметі жағынан зат есім, сын
есімдермен ұқсас. Есімше есімдер сияқты септеледі, көптеледі, жіктеледі жəне
тəуелденеді. Сонымен бірге, есімшелер тілімізде ұзақ жылдар бойы баяндауыш
қызметінде жұмсалып, қимылды да білдіріп келген. Предикаттық қызмет есімшенің
шақтық мағынаны білдіру қызметін де айқындайды.
Осы айтылған тұжырымдар есімшенің қандай категория екендігін білдіретін
теорема тудырады. Сонымен, есімше дегеніміз не ?
Есімше дегеніміз есім қызметін атқара алатын, есімдерше түрлене алатын, яғни
септік, тəуелдік, көптік, жіктік жалғауларында түрлене алатын, етістік сияқты да түрлене
алатын, яғни етіс, шақ, жақ, болымсыздық, рай формаларын қабылдайтын, сөйлемде
барлық сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын септік етістіктің грамматикалық
категориясы болып есептеледі.
Сөйлемде қандай қызмет атқарса да, есімшелер өзінің негізгі қызметінен,
сипатынан айырылмайды. Ол сипат-шақтық мəнді білдіру. Есімшелерді түрлерге бөлгенде
де, осы сипат есепке алынады.
Есімшелерді қазақ тілінің ғылыми оқулықтарында үш түрге бөліп қарастырады:
өткен шақ, есімше, осы шақ есімше жəне келер шақ есімше. Тек Ы.Е.Маманов қана өзінің
етістік туралы еңбегінде есімшелерді 5 түрге бөліп береді:
1. Өткен шақ есімше.
2. Дағдылы есімше.
3. Болжалды есімше.
4. Ниет есімше.
5. Осы шақ есімше.
Мамановтың бұл классификациясы оқулықтарда берілген классификацияға белгілі
дəрежеде сəйкес келіп отырады деп айтуға болады.
1. Өткен шақ есімше. Өткен шақ есімше түбірге –қан/кен, -ған/ген жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Есімшенің бұл формасы -өте өнімді жəне түркі тілдерінде кең тараған
түрі. Мысалы, көр-ген, кел-ген, баянда-ған, жан-ған т.б.
Ескерту. Өткен шақ есімше жасайтын осы жұрнақтар қалып етістіктеріне жалғанған кезде
осы шақты білдіретін кезі бар. Мысалы, Біз Асан тұрған колхозда болдық. Айдармен қатар
отырған – Ысмағұл деген мұғалім. Осы сөйлемдерде есімшенің формасы, өткен шақ мəнін
емес, осы шақ мəнін беріп тұр.
Өткен шақ есімше өзінің мағынасы жəне синтаксистік қызметі жағынан сын есімге
ұқсайды. Мысалы, қиылған қас, құлшынған жас, оқыған адам, жиналған үй, салынған
төсек т.б.
Өткен шақ есімше субстантивтеніп, зат есімнің орнына қолданылған кезде, зат
есімдерше көптеледі, септеледі, тəуелденеді жəне жіктеледі.
Осы шақ есімше. –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары есімшенің ауыспалы осы
шақ түрін жасайды. Жалпы бұл жұрнақтар көбінесе, өткен шақ мəнін береді. Бұл
форманың қай шақты беретіні, контекске байланысты белгілі болады.
Ғалымдар бұл жұрнақтың о бастағы төркіні тұрған сөзі болуы керек деп
топшылайды. Ол сөз ықшамдалып, тұғын формасына айналған, кейін əдеби тілде
қысқартылып –тын, -тін түрінде қолданылып жүр деп түсіндіреді. Ал – тұғын формасы əлі
де тілімізде қолданылып жүр: Келетұғын уақыты болды – Келетін уақыты болды. –тұғын
формасы көбінесе, поэтика тілінде, буын санын толтыру мақсатында қолданылады:
Жорғамын қалың топта самғайтұғын,
Бəйге ат та серпінімді шалмайтұғын.
Əнімді он екі взвод жіберейін,
Есінен-өле-өлгенше қалмайтұғын (Сара).
Осы шақ есімше жоғардағы –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы
жасалғанымен, осы шақ мағынасы сөйлесіп отырған кезді дəл көрсетпейді, дағдыдағы,
əдетке айналған, үйреншікті болған, жалпы жүзеге асып отыратын не істеліп отырған
əрекетті білдіреді. Мысалы, Сенің алғаның да, алатының да , аларың да ылғи алғыс деген
сөйлемді қарастырайық. Осы сөйлемдегі алғаның - өткен шақ, алтының – осы шақ, -
аларың – келер шақ. Сондықтан да, Мамановтың дағдылы есімше деп көрсететін түрі осы
шақ есімшемен сəйкес. Дағдылы есімшенің шақтық формасы тұрақты емес. Сондықтан
оқулықтарда бұл форманы бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ
мағынасын береді.
Ғалымдар – у/-шы, -/ші қосымшалары да осы шақ мағынасын береді. Мысалы,
Сөйлеуші кісі мінбеден түсті. Көпшілік жағдайда есімшенің бұл формасы есімше аясынан
шығып, субстантивтеніп, зат есім құрамына енген.
Келер шақ есімше. Келер шақ есімше етістікке –с, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек,
-пақ, -пек жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бірақ бұл жұрнақтардың əрқайсысының
өзіндік есімше жасау ерекшелігімен бір-бірінен оқшауланады.
І топ. –ар, -ер, -р жұрнақтары. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған есімше сөйлемде қай
орында, қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарса да, үнемі келер шақ мəнін береді.
Алайда, есімшенің бұл формасының басқасына қарағанда қолданылу өрісі тар.
Атрибуттық қызметте өте аз қолданылады, ең негізгі қызметі – баяндауыш болу. Бұл
жұрнақтар етістіктің тек болымды түріне ғана жалғана алады. Ал болымсыз туынды
етістікке –с жұрнағы жалғанып есімше формасы туындайды: Құлағын салмас, тіліңді
алмас көп наданнан түңілдім /А/.
ІІ топ. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған
есімше мақсатты келер мағынасын береді. Бұл есімшеге болымсыздық жұрнағы
жалғанбайды. Айтпақ ойы осы болатын. Алмақтың да салмағы бар. т.б.
Есімшелердің
синтаксистік
қызметінің
кеңдігі,
жан-жақтылығы
оның
семантикалық
табиғатына
байланысты.
Есімшелер
есімдер
мен
етістіктердің
ерекшеліктерін өз бойына бірдей сіңірген, сондықтан екеуінің де синтаксистік қызметін
бірдей атқарады.
Есімше – етістіктің өзіндік ерекшеліктеріне бай, ерекше категориясы. Оны
етістіктің басқа категорияларынан бөлектейтін басты айырмашылығы – атрибуттық
мағынасы. Есімшені есімдерге əсіресе сын есімдерге жақындататын осы белгісі.
Есімшелерді есім сөздермен жақындастырып тұратын мынандай ерекшеліктер:
І. Есімшелер есімдер сияқты, көптеледі, тəуелденеді жəне септеледі. Көптік жалғаулы
есімшелер есімдер сияқты тəуелденеді, септеледі жəне жіктеледі.
ІІ. Есімшелер сөйлем ішінде баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметтерін
атқарады. Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі анықтауыш болса, есімшенің де негізгі
қызметі – анықтауыш.
ІІІ. Есімше де сын есім сияқты анықтауыш қызметін атқарып анықталушы сөздің алдында
тұрады. Бұл жерде сын есімнен бөлек бір ерекшелігі бар. Сын есім заттың өзіне тəн
тұрақты белгісін білдірсе, есімше заттың іс-əрекетке байланысты көшпелі, динамикалық
белгісін білдіреді.
ІV. Есімшелер де, есімдер сияқты болымсыздық мағынаны емес, жоқ сөздері арқылы да
бере алады. Тіл білімінде ерте заманнан есімдер мен етістіктердің бір-бірінен айыратын
белгі осы болымсыздық формасы деп саналады. Яғни, -ма, -ме болымсыздық жұрнағы тек
етістіктерге жалғанады да, ал жоқ, емес сөздері тек есімдерге ғана тіркее алады деп
түсіндіріледі. Есімше категориясы бұл пікірді толық теріске шығарады. Есімше де
болымсыздық мағынасын екі түрлі жолмен бірі алады.
Мысалы, көрген-көрмеген, білген-білмеген // көрген емес, көрген жоқ – білген
емес, білген жоқ т.б.
Осы белгілер есімшені есім сөздер тобымен жақындастырып, оны етістік сөз
табына кіреді деп санайтын белгілер де бар. Олар мыналар:
1. Есімшелер етістікке тəн барлық категориялардың формаларын қабылдап, түрлене
алады. Мыс, көр-ін-ген – етіс категориясы, көр-ме-ген – болымсыздық категориясы, көр-
ген – шақ категориясы, көр-ген-мін – жіктік жалғау немесе жақ категориясы т.б.
2. Есімшелер де етістіктер сияқты заттың іс-əрекетін, жай-күйін білдіреді. Яғни, заттың
динамикалық белгісін білдіреді, ал есімдер, соның ішінде сын есімдер заттың қимыл-
қозғалыссыз, іс-əрекетсіз статикалық күйін білдіреді.
3. Есімшелер етістік сияқты шақтық категориямен ерекшеленеді, салт жəне сабақты болып
бөлінеді. Шақтық мағына есімшелердің етістіктен пайда болғанын білдіретін негізгі
белгілерінің бірі.
4. Есімшелер жеке тұрғанда ІІІ жақтық мағынаны білдіреді. Сонымен, есімше дегеніміз
есімдердің де, етістіктердің де қызметін атқаратын грамматикалық категория.
Есімшелерді дербес сөз табы деп тануға, айтуға болмайды. Себебі, олар аффикстер
арқылы етістіктерден жасалады жəне етістіктен бөлек жаңа семантикалық мағына
құрамайды.
Есімшелердің зат есімге, сын есімге, тіпті жалқы есімдерге айналып кеткен түрлері
де бар:
Төлеген, Сақтаған, Қайнар, Атшабар, Айтуар, Атбасар, Қойбағар т.б.
КӨСЕМШЕ КАТЕГОРИЯСЫ: Іс-əрекеттің, қимылдың себебін, амалын көрсететін
қимылды білдіретін категория көсемше деп аталады.
Көсемше категориясы арнаулы формалар арқылы жасалады. Ол формалар
мыналар: -ып, -іп, -п; -а, -е, -й; -қалы, -келі, -ғалы, -гелі; -ғанша, -қанша, -кенше.
Көсемшелер мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан бірде үстеу, бірде етістік
қызметін атқаратын аралық категория болып табылады. Көсемше сөйлемде көбінесе
динамикалық адвербиал / етістіктен болған пысықтауыш / қыщметін атқарады.
Көсемшенің осы функциясы оны етістіктің өзге формаларынан ерекшелендіріп отыратын
негізгі грамматикалық сипаты болып табылады. Мысалы, асығып сөйлейді, асыға
сөйлейді деген тіркесте көсемше форма қалай деген сұраққа жауап беріп, сөйлеу деген
етістіктің амалын білдіріп тұр. Мазмұны жағынан да қимыл үстеуі болып, қимыл-сын
пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сен кеткелі үш ай өтті. Күн батқанша осында бол.
Деген сөйлемдердегі көсемше формасы іс-əрекеттің мезгілін білдіріп, мезгіл үстеуі мəнін
беріп, мезгіл пысықтауыш болып тұр. Ал сөйлескелі келдім тіркесіндегі көсемше іс-
əрекеттің, қимылдың мақсатын білдіріп тұр.
Көсемшелер жеке-дара сөз ретінде қолданылмайды, морфологиялық жағынан
жалғаулармен түрленбейді. Олардың тек кейбір түрлері ғана жіктік жалғауларынан
қабылдай алады. Ол формалар: -а, -е, -й жəне –ып, -іп, -п.
Көсемшелер тек етістік негіздерімен жəне одан пайда болған формалармен ғана
тіркесе алады. Олар субстансивтік адъективтңк қызмет атқармайды. Сөйлемде тек
пысықтауыш, баяндауыш қызметін атқарады. Көсемше күрделі етістіктің құрамында, яғни
аналитикалық форманың жетекші сыңары қызметін атқарады.
Көсемшенің барлық түрі де, сөйлемнің бағыныңқы түрінің ғана баяндауышы
қызметін атқарады. Ал басыңқы түрінің баяндауышы функциясын тек жіктелетін
формалар ғана атқарады.
Көсемше өзінің бойына етістіктің басты белгісі-шақтық қасиетті ұстайды. Яғни,
шақ мəнін бере алады. Пысықтауыш қызметінде көсемше шақтық мəнді көмескі береді де,
баяндауыш қызметінде анық бере алады.
Міне, осы белгілер көсемшені басқа категориялардан айыруымызға себепші
болады.
Сонымен, көсемше дегеніміз? өзінен соңғы негізгі іс-əрекеттің мезгілі мен
мақсатын, сын-сипатын, амалын, себеп-салдарын т.б. сапалық құбылу амалын көрсететін
дербес категория.
Көсемшенің аффикстері дара жəне күрделі болып бөлінеді:
1) дара: -ып, -іп, -п; -а, -е, -й;
2) күрделі: -алы, -гелі, -қалы, -келі, -қанша, -кенше, -ғанша, -генше;
Көсемшелердің кейбірі сөз табы жағынан етістіктің шеңберінен шығып, басқа сөз табына
үстеу, шылау түріне айналып кеткендері де болады. Тіпті кейбір зат есімге де айналған.
Мысалы, Сатыбалды – сатып алды.
Көсемшелердің кейбірі деформацияланып, өзгерген: əкел-алып кел, апар – алып
бар, əкет – алып кет, апар – алып бар, əкел – алып кел т.б. Сондай-ақ, алып, келіп, болып
сияқты көсемше формалары қысқарып ап, боп, кеп түрінде де келе береді.
Көсемше шақ мəнін беру тұрғысынан бірнеше түрге бөлінеді. Ы.Е.Маманов
көсемшені мағынасы мен сыртқы тұлғасына қарай үш түрге бөлінеді:
1. Өткен шақ көсемше
2. Осы шақ көемше
3. Мақсатты көсемше
А.Ысқақов көсемшені шаққа қатынасына қарай үшке бөледі.
Бірақ, Мамановқа қарағанда сəл өзгеше болып келеді.
1. Өткен шақ көсемше
2. Осы шақ көсемше
3. Келер шақ көсемше
Жалпы Маманов осы шақ категориясына келгенде өзге авторлармен көбінесе,
келісе бермейді. Ол осы шақ категориясы формасыз беріледі. Оны тек контекске ғана
ажыратуға болады деп түсінеді.
1. Өткен шақ көсемше. Бұл форма –ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғанша, -қанша, -
кенше жұрнақтары арқылы жасалады. Бірақ, бұл аффикстердің өткен шақ мəнін беру
қызметі бірдей болып келе бермейді. –ып, -іп, -п формалары өткен шақты анық береді. Ал
–қалы, -келі, -ғалы, -гелі, -қанша, -кенше, -ғанша, -генше формалары контексте берілуіне
қарай бірде өткен шақ, бірде келер шақ мəнін береді. Мысалы, сізбен танысқалы көп
болған сияқты. Көріспегелі көп уақыт өтті. Осы сөйлемдердегі танысқалы, көріспегелі
деген көсемше формалары «танысқаннан бері», «көріспегеннен бері» деген мағынаны
береді. Немесе, Демалысты үйде өткізгенше, саяхатқа кетсем-ші деген сөйлемді алып
көрелік. Осы сөйлемдегі өткізгенше деген көсемше формасы да «өткізгеннен гөрі» деген
мағынаны береді. Яғни, өткен іске өкіну мағынасы бар. Сонымен, соңғы аффикстер
көсемшенің ауыспалы өткен шақ формасын береді.
2. Осы шақ көсемше. Осы шақ көсемше –а, -е, -й формасы арқылы жасалады. Көсемшенің
бұл түрі де ауыспалы осы шақ деп аталады. Себебі, бұл формалар көсемшеге бірде осы
шақ, бірде келер шақ мəнін жүктейді. Мысалы, жүгіре жөнелді, айта бастады, жүре келе
деген күрделі етістіктердің құрамындағы көсемше формасы осы шақ мəнін беріп тұр.
Сондай-ақ, екі кісінің диалогында қайдан келесің-үйден келемін де осы шақ мəнін беріп
тұр. Ал «мен ертең келемін» деген сөйлемді алатын болсақ, мұнда келер шақ мағынасында
айтылып тұр.
3. Келер шақ көсемше. Келер шақ көсемше –а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғанша, -
генше, -қанша, -кенше формалары арқылы жасалады. Көсемшенің бұл формасы да өткен
шақ, осы шақ жəне келер шақ түрін ауысып жасай алатын болғандықтан ауыспалы келер
шақ деп аталады. Маманов –қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтары арқылы жасалатын шақ
формасын көсемшенің мақсатты түрі деп түсіндіреді. Жалпы алғанда, бұл формалар келер
шақ мəнін бере алады: Мысалы, аламыз, келеміз, көреміз, қараймыз т.б. І-ші форма
арқылы жасалған. Танысқалы келдім, көріскелі бардым, деген формалар алда жүзеге
асатын істің мағынасын білдіреді. Ал көріскенше сау бол, танысқанша күте тұр т.б.
формалар да келер шақ мəнін беріп тұр.
Етістікке –майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше деген
құранды жұрнақтар жалғану арқылы да көсемше категориясы жасалады. Бірақ, бұл
формалар арнаулы көсемше формасы деп саналмайды. Сондықтан, əдебиеттерде ол
формалар арнайы көрсетілмейді. Мысалы, ойламайынша сөз айтпа, хабар жетпейінше
қозғалма деген сөйлемдердегі ойламайынша, жетпейінше деген сөздер көсемшенің
қызметін атқарып, көсемше болып тұр.
Сонымен, көсемше өзіндік ерекшеліктері бар етістіктің дербес грамматикалық
категориясы болып табылады. Оларға мынадай ерекшеліктер тəн:
1. Көсемше тұлғалы етістік дара тұрып дербес мəн береді де, көбінесе сөйлемде
пысықтауыш қызметін атқарады.
2. Күрделі етістіктің жетекші сыңары үнемі көсемшенің формасында болып келеді. Мұны
аналитикалық форма деп атайды.
Тюркологияда есімше мен көсемшені араластырып жіберу, олардың арасын
ажырата алмаушылық кездесіп отырады. Оларды араластырмас үшін, екеуінің арасындағы
айырмашылықтарды білу керек. Ол айырмашылықтар мыналар:
1. Есімшелерде шақтық, райлық мағына анық болады, ал көсемшелерде олай емес.
Көсемшеле шақ мағынасын контекс белгілейді.
2. Есімшенің сөйлемдегі басты қызметі анықтауыш болса, көсемшенің баста қызметі
пысықтауыш болу.
3. Есімше жалғаулардың барлық түрін қабылдаса, көсемше тек жіктік жалғауын ғана /онда
да бəрі емес/ қабылдайды.
4. Көсемшенің жұрнағы бір сөз құрамында екі рет келмейді. Ал есімшенің формасы екі
рет келмейді. Ал есімшенің формасы екі рет келуі тілімізде кездесіп отырады. Мысалы,
барғансыған, оқитынсыған, оқитынситын т.б.
7. Пəн бойынша электронды оқулықтар тізімі:
8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
№
Тақырып
Мазмұны
А
пт
а
Əдебиет
1
Тілдің
грамматикалық
құрылысы
1. Грамматика саласының
қарастыратын
мəселелері.
Грамматиканың
лексикология,
фонетика,
стилистикамен байланысы.
2.
Морфология
мен
синтаксистің арақатынасы.
3.
Сөздің
ішкі,
сыртқы
жақтары.
Лексикалық,
грамматикалық
мағыналардың
ерекшеліктері.
1 . Қазақ тілінің грамматикасы . -
Астана, 2002.
2 . Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А.,
1991.
3 . Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі
азақ тілінің морфемалар жүйесі . - А,
1986.
4 . Аханов К . Грамматика
теориясының негіздері. - А ., 1996.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің
морфологиясы. - А., 2007.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г.,
асым Б., Қобыланова А жəне т.б.
азіргі қазақ тілі. - А., 2005.
7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. -
А., 1966.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі
өздердің грамматикалық сипаты. -
А.,1998.
9. Төлеуов Ə . Сөз таптары . - А., 2002.
2
Грамматиканың
негізгі ұғымдары
Грамматикалық мағына,
грамматикалық форма
туралы түсініктер. Олардың
белгілері, ерекшеліктері.
Грамматикалық мағынаны
білдіретін тілдік бірліктер.
Грамматикалық категория,
түрлері, белгілері, сөз
таптарына
байланыстылығы.
1 . Қазақ тілінің грамматикасы . -
Астана, 2002.
2 . Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А.,
1991.
3 . Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі
азақ тілінің морфемалар жүйесі . - А,
1986.
4 . Аханов К . Грамматика
теориясының негіздері. - А ., 1996.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің
морфологиясы. - А., 2007.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г.,
асым Б., Қобыланова А жəне т.б.
азіргі қазақ тілі. - А., 2005.
7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. -
А., 1966.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі
өздердің грамматикалық сипаты. -
А.,1998.
9. Төлеуов Ə . Сөз таптары . - А., 2002.
10. Кузнецов П . Ц . О принципах
изучения грамматики М . 1961г. стр
25.
3
: Сөз топтары, сөз
құрамы.
Атауыш, көмекші сөздердің
негізгі белгілері, түрлері.
Одағай сөздер ерекшелігі.
Негізгі
жəне
көмекші
морфемалар.
Жұрнақ жəне жалғау.
. Қазақ тілінің грамматикасы . -
Астана, 2002.
2 . Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А.,
1991.
3 . Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі
азақ тілінің морфемалар жүйесі . - А,
1986.
4 . Аханов К . Грамматика
теориясының негіздері. - А ., 1996.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің
морфологиясы. - А., 2007.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г.,
асым Б., Қобыланова А жəне т.б.
азіргі қазақ тілі. - А., 2005.
7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. -
А., 1966.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі
өздердің грамматикалық сипаты. -
А.,1998.
9. Төлеуов Ə . Сөз таптары . - А., 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |