Қосымша əдебиеттер:
1. Салқынбай А.Тарихи сөзжасам. А.,1999
2.Қазақ грамматикасы. А.,2002
3.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі А.,1991
4.Оралбай Н. Қазақ тіліндегі етіс категориясы , 2002
5.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1983
6.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасыА.,1991
7.Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А.,1986
8.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
9.Байтұрсынов А.Тіл тағлымы.-А.,1992
10.Бейсенбаева З. Кейбір қосымшалардың термин жасауындағы рөлі. Сөз өнері. 1978
11.Ибатов А. Қаақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А.,1988
12.Қалиев Ғ. Сөз тудыру-жеке сала. «Қазақстан мектебі». 1984,№6
13.Қалиев Ғ.Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері.-Қазақстан мектебі,1980,
№9
14. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., 1996.
15. Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 1967.
16.Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының құрылысы мен
мағыналары. А., 1979.
17. Хасанова С., Əбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. А., 1996.
18. Хасенова А.Қ. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. А., 1971.
19.Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. А., 1957.
20. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістік категориялары. А., 1980.
21. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахском языке. А., 1940.
22. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. А., 1980.
23. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А., 1958.
24. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. А., 1953.
25. Искакова А. Наречие в казахском языке. А., 1960.
26. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. А., 1982.
11. Реферат, Курстық жұмыстар тақырыптары
1 .Грамматиканың лексикологияның фонетика, стилистикамен байланысы.
2. Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары, талас пікірлер.
3. Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.
4. Күрделі сөздер жəне олардың түрлері.
5.Түрік изафеті жəне оның ерекшелігі.
6.Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі
7.Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен
олардың ерекшелігі.
8. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мəселесі.
12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық
талаптар
1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
Жұмыс көлемі – 20 беттен кем емес. Параметрлері: шрифт TNR, 12 кегль, полуторный
интервал, сілтемелер бет бойынша, нумерация бет соңында ортасында.
Əдебиеттер тізімі – жұмыс соңында. Құрылымдық компоненттері: мазмұны, кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды, əдебиеттер тізімі
2. «Кіріспе»
«Кіріспе» бақылау жұмысының жалпы сипаттамасын, көтеретін мəселелерді, мақсаттары
мен міндеттерін қамту керек (көлемі – 0,5 – 1,5 бет). Бұл бөлімде жұмыстың жаңалығы,
өзектілігі, негізгі бөлімде айтылатын ойдың ұшығы, қарастырылатын мəселелер, негізгі
сүйенген əдебиеттер туралы мағлұматтар қарастырылу керек.
3. Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде кіріспеде берілген мақсаттар мен міндеттер орындалу тиіс
4. «Қорытынды»
Қорытынды
жұмыста
жалпы
жұмысқа
баға
беріледі,
негізгі
бөлімдегі
ой
қорытындыланады. Қорытынды көлемі 0,5 – 1 бет.
13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар,
сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен
алады.
-
http://www.rmeb.kr
-
http://www.iis.ru/el-bib
- www. sdu.edu.kz
- www. studentochka.kz
-
www.kazakh.ru
14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта,
телеконференции(форум), чат)
–
zuhra_82@inbox.ru
–
luna2505@mail.ru
–
saya__86@mail.ru
– platon.wksu.kz
–
www.wksu.kz
15. Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
1-7 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
21. Грамматиканың екі саласы - морфология, синтаксис туралы не білесіз?
22. Грамматика нені зерттейді?
23. Қазақ тілі грамматикасының бірліктері.
24. Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.
25. Тілдегі сөздер сөйлемде қалай қолданылады?
26. Грамматиканың міндеттілік, қарама-қарсылық белгілері не?
27. Грамматикалық мағына жəне лексикалық мағына, айырмасы, байланысы.
28. Грамматикалық форма жəне грамматикалық мағына деген не?
29. Грамматиканың лексикология, фонетика, стилистикамен байланысы.
30. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасы..
31. Лексика-семантикалық тəсіл; Морфологиялық не синтетикалық тəсіл; Синтаксистік не
аналитикалық тəсіл.
32. Сөздің морфологиялық құрылымы.
33. Жұрнақ, жалғау түрлері
34. Нөлдік жалғау түрлі категорияға қатысты ма?
35. Нөлдік форманы зерттеген ғалымдар.
36. Көптік жалғаулар, ерекшелігі.
37. Сөз таптары туралы түсінік.
38. Сөзді таптастыру принцптері..
39. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.
40. Түрік изафеті жəне оның ерекшелігі.
41. Қазақ тіліндегі жақ категориясы
42. Жіктік жалғауларының ерекшелігі.
43. Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі
24. Зат есімнің категориялары жəне ерекшеліктері (Септік категориясы оның ерекшелігі;
Тəуелдік жəне көптік категориялары).
25. Зат есімнің жіктелуі.
26.Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі.
27. Сын есімнің ерекшелігі, түрлері.
28. Сын есімнің семантикалық сипаты.
29. Сын есімнің құрылымдық түрлері.
30. Зат есімнің синтаксистік қызметі.
31. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
32. Сын есімнің шырай категориясы.
1.8.2. 8-15 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
1. Сан есімнің түрлері, ерекшеліктері.
2. Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты.
3. Есімдік, прономиалдану процесі
4. Есімдіктерің синтаксистік қызметі.
5. Есімдіктің түрлері, айырмашылықтары.
6. Етістік сипаты.
7. Етістіктің есім сөздерден айырмашылығы.
8. Етістіктің морфологиялық сипаты.
9. Етістіктің категорияларына жалпы сипаттама, түрлері мен ерекшеліктері.
10. Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен
олардың ерекшелігі.
11. Салт – сабақтылық категориясы оның етіс категориясына қатысы.
12. Етіс категориясы туралы түсінік.
13. Етістіктің етіс категориясының салт сабақтылық категориясына қатысы.
14. Есімшенің түрлері мен тұлғалары.
15. Көсемшенің түрлері мен тұлғалары.
16. Есімше мен көсемшенің айырым белгілері.
17. Рай категориясы туралы түсінік.
18. Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.
19. Етістіктің каузатив формасы.
20. Шақ категориясы.
21. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мəселесі.
22. Үстеу, түрлері, сипаты.
23. Үстеулердің қалыптасу тарихынан не білесіз?
24. Еліктеу сөздер, түрлері.
25. Еліктеу сөздердің семантикалық, морфологиялық, фонетикалық сипаты.
26. Еліктеу сөздердің түрлері, олардың ерекшелігі.
27. Одағай, сөйлемдегі алатын орны.
28. Одағайлардың лексика–грамматикалық ерекшеліктері.
29. Шылаулар жəне олардың түрлері.
30. Модаль сөздер.
16.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау жəне бағалау материалдары (бақылау
тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық
билеттер жəне т.б.)
Емтиханға дайындалатын сұрақтар:
Көптік жалғау ненің көрсеткіші?
А) Етістіктің болымсыздық категориясының.
В) Сын есімнің шырай категориясының.
С) Зат есімнің сандылық категориясының.
Д) Зат есімнің тəуелдік категориясының.
1 Тұғын ненің жұрнағы?
+a) есімше
b) етіс
c) рай
d) көсемше
-= End Question =-
2 Меншік иесінің көп екендігін білдіретін тəуелдеу түрі:
a) оңаша
+b) ортақ
c) екеуі де
d) жартылай оңаша
-= End Question =-
3 Тəуелдеулі зат есімдерге жалғанатын барыс септік жалғауы:
a) –а, -е
b) –ға, -ге
c) –қа, -ке
+d) –а, -е, -на, -не
-= End Question =-
4 Заттың бет жағына, алдыңғы жағына жақын мекенді білдіретін көмекші есім.
a) арты
b) асты
+c) алды
d) үсті
-= End Question =-
5 Субстантивтенбей тікелей өзінің негізгі мағынасында тұрған сын есімге тіркесетін
септеулік шылаулар:
a) тəрізді, арқылы
b) бойы, жөнінде
+c) сияқты, тəрізді
d) жайлы, жайында
-= End Question =-
6 –ажақ; -ежек; ненің жұрнағы?
+a) есімше
b) зат есім тудырушы
c) сын тудырушы
d) етіс тудырушы
-= End Question =-
7 Туынды сын есімдерді тап.
a) ақ, сары, уайымшыл
+b) балалық, аудандық, үйлі
c) жақсы, қысқа, таулы
d) ірі, тік, жылы
-= End Question =-
8 Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
a) –лық, -лік, -ынды, -інді
b) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
c) –шақ, -шек, -ша, -ше
+d) –дық, -дік, -тық, -тік, -лы, -лі
-= End Question =-
9 Күшейтпелі шырай бар мысалды /сөйлемді/ тап:
a) Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық, бəйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті
артық /М/.
b) Сүйкімді менен артық жан табылар /А/.
c) Бұдан артық қараңғы бұрышты қой қорадан ғана табарсың /Мұст/.
+d) Жеңеше-ау, көзің тіп-тік сөзің аптық.
-= End Question =-
10 Күшейтпелі шырай қатысқан сөйлемді көрсет:
a) Сүйкімді менен артық жан табылар
b) Үлкен өткір қоңырқай көздері ерекше ажарлы
+c) Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай
d) Бұл ат – аттың жүйрігі
-= End Question =-
11 Сан есімдер іштей мағыналық жəне морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сəйкес неше
топқа бөлінеді?
a) 4
b) 3
c) 7
+d) 6
-= End Question =-
12 Дара есептік сан есімдерді тап.
+a) он, жиырма, отыз
b) бір, жиырма үш, үш жүз
c) отыз, қырық төрт
d) мың бір жүз елу
-= End Question =-
13 -лік қосымшасы жалғанғанда бір сан есімінен қандай сөз табы жасалады?
+a) зат есім
b) сын есім
c) сан есім
d) етістік
-= End Question =-
14 Қандай реттік сан есім алғы, алғашқы, əдепкі, əуелгі деген сөздермен синонимдік
мағынада қолданыла алады?
a) екінші
+b) бірінші
c) төртінші
d) бесінші
-= End Question =-
15 -ер қосымшасы қандай сан есімге тəн?
a) екі, үш
b) бір, төрт
c) алты
+d) бір
-= End Question =-
16 Бөлшектік сан есімдер дегеніміз –
a) белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тəртібі, реттік жүйесін белгілейді
b) сан мөлшерін жинақтап көрсетеді
c) өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіреді
+d) белгілі бір заттар мен құбылыстардың үлесін, бөлшегін білдіреді
-= End Question =-
17Көптік мағынаны білдіреп тұрған зат есімдерді тап:
a) Тайбурыл, Байшұбар
b) дүкен, үй, мұғалім
c) аю, балықшы
+d) құрал-сайман, үйір-үйір, жіп-шуда
-= End Question =-
18 Қай септік жалғауы сөзге қосылған кезде грамматикалық тəуелділікті білдіреді?
a) атау
+b) ілік
c) барыс, көмектес
d) жатыс
-= End Question =-
19 Туыстық жақындықты білдіріп тұрған жалғаулы сөзді көрсет.
a) Асқардың кітабы, жолдасымның үйі
b) Мұнайдың қалдығы, тұздың ерітіндісі
c) Кітаптың мұқабасы, адамның келбеті
+d) Досымның əйелі, егіздің сыңары
-= End Question =-
20 Тəуелдік жалғаулы зат есімнен кейін жалғанатын табыс септік жалғауы:
a) –ны, -ні
b) –ды, -ді
+c) -н
d) –ты, -ті
-= End Question =-
21 Қимылдың, іс-əрекеттің болып жатқан орнын, мекенін білдіретін жатыс септігіндегі зат
есім қандай сұрақтарға жауап береді?
+a) қайда? Неде?
b) қашан? Қай уақытта?
c) қайда?
d) қашан?
-= End Question =-
22 Есімшенің жұрнағын табыңыз?
+a) –ушы; -уші;
b) –ғалы; -гелі;
c) –лан; лен;
d) –ыл; -іл; -л;
-= End Question =-
23Қандай жалғаулар жалғанғанда сын есім заттанып, субстантивтеніп кетеді?
a) тəуелдік
b) септік
c) көптік
+d) тəуелдік, септік, көптік
-= End Question =-
24 Етістіктену термині қалай аталады?
+a) вербиалдану
b) адвербиалдану
c) инфинитив
d) адъективтену
-= End Question =-
25 Негізгі сын есімдерді тап:
a) балалық, жазғы
b) үйлі, сұр, биік
c) аудандық, жақсы, таулы
+d) ақ, көк, сұр, биік
-= End Question =-
26 Болымсыздық категориясы синтаксистік - аналитикалық тəсіл арқылы қалай
жасалады?
+a) жоқ сөзі
b) –сыз жұрнағы
c) –сіз жұрнағы
d) –ма жұрнағы
-= End Question =-
27 Зат есімдердің бірігуі арқылы жасалған сын есімдерді көрсет:
a) көкжал, сарыбуын
b) қырыпсал, алыпқаш
+c) безбүйрек, тасбауыр
d) ашкөз, ашқарақ, ақкөңіл
-= End Question =-
28 Негізгі сапалық сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер:
+a) көк ала, ақ сары, қара ала
b) қара қасты, көк көйлекті
c) ат жақты, қой көзді
d) жақсы-жақсы, ескі-жаңа
-= End Question =-
29 Қызыл жүзді, жирен сақалды, орта бойлы. Қандай жолмен жасалған сын есімдер?
a) негізгі сапалық сындардың тіркесуі арқылы
b) басқа сөз таптары мен сын есімдердің тіркесуі арқылы
+c) негізгі сындар мен туынды сындардың тіркесуі арқылы
d) қайталама қос сөздер арқылы
-= End Question =-
30 Сын есімнің –ілдір формасы мынадай сөзге қосылады:
a) қызыл
b) ал
+c) көк
d) мөлдір
-= End Question =-
31 “Сары” сын есіміне ғана жлғанатын бəсең шырай формасы:
a) –ғылт, -ғылтым
b) –лау, -леу, -дау, -деу
+c) -ғыш
d) –қай, -ай
-= End Question =-
32 Сан есімнің қандай қосымшасы арқылы үстеу жасалады?
a) –дық, -дік, -тық, -тік
b) –ті, -пақ
c) -кіл
+d) –лап, -леп, -дап, -деп
-= End Question =-
33 Бір сан есімінің мағынасынан алшақтап, шылау сөзге ауысқан түрін көрсет
+a) Орғыды бір бүгіліп, бір жазылып, Құлашын қарыштауға жолын болжап
b) Түсті көзі бір мезгілде, бір сұлу жан көркіне
c) Бірі баптап бағып, күтіп, Бірі тасып су себеді
d) Сен бір артық көркемсің, Биік асқар шың-құздан
-= End Question =-
34Бір сан есіміне –ік, -лес қосымшалары жалғанғанда … жасалады.
a) зат есім
b) үстеу
+c) етістік
d) сын есім
-= End Question =-
34Бір сөзіне қандай сөздерді қосу арқылы есімдік сөздер жасалады?
a) қалыпты, ыңғай, тұтас
b) аз, алуан, жолата, қатар
c) өңкей, сыдырғы, түрлі
+d) неше, деме, деңе, неңе
-= End Question =-
35Екінші реттік сан есіміне –лей қосымшасы жалғанғанда … болады.
a) зат есім
b) сын есім
c) етістік
+d) үстеу
-= End Question =-
36Топтық сан есімнің –дан, -ден қосымшасы қосарлана қолданылған сан есімдерге қалай
жалғанады?
a) бірінші компонентіне
+b) соңғы компонентіне
c) алғашқы жəне соңғы компонентіне
d) екеуіне де жалғанбайды
-= End Question =-
37Астам, жуық, қаралы, тарта сөздерінің тіркесуі арқылы қолданылатын сан есімдер:
a) бөлшектік
+b) болжалдық
c) жинақтық
d) топтық
-= End Question =-
38 Жарым, жарты, ширек сияқты сандық ұғымда қолданылатын сөздер арқылы беріледі:
a) топтық
+b) бөлшектік
c) жинақтық
d) реттік
-= End Question =-
39 Зат есімнің рең мəнін тудыратын жұрнақтар:
a) –м, -ым, -ім
b) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
+c) –шақ, -шек, -ша, -ше
d) –ыс, -іс, -с
-= End Question =-
40 Сын есім тура мағынасында қолданылса … болады.
a) пысықтауыш, толықтауыш
b) анықтауыш, бастауыш
+c) анықтауыш
d) толықтауыш
-= End Question =-
41Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсет:
+a) –лы, -лі, -сыз, -сіз
b) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
c) –шақ, -шек
d) –ғылықты, -гілікті
-= End Question =-
42 Салыстырмалы шырайдың жасалу жолына жатпайды
a) –ша, -ше
b) –шыл, -шіл
c) -ғылт, -гілт
+d) жап-жақсы, қып-қызыл
-= End Question =-
43Зат есімдер неше тəсіл арқылы жасалады?
a) 2
b) 4
+c) 3
d) 6
-= End Question =-
44 Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
a) –ақай, -екей
b) –кеш, -паз, -қой, -хана, -стан
+c) -ым, -ім, -м
d) –кер, -гер
-= End Question =-
45Көмекші есімдер … септік формаларын қабылдайды
a) ілік септіктен басқа
b) барлық септік
c) табыс, шығыс септіктерінен басқа
+d) атау септіктен басқа
-= End Question =-
46Қайталану арқылы жасалған көмекші есімдер … айналады
a) зат есімге
b) етістікке
+c) үстеуге
d) сын есімге
-= End Question =-
47Қимыл-əрекеттің бағдарын, барып тірелер жерін көрсететін септік жалғау:
a) атау
b) ілік
+c) барыс
d) табыс
-= End Question =-
48Зат есімнің ең негізгі, ең басты қызметі … болуға лайықты
a) анықтауыш
b) баяндауыш, бастауыш
+c) бастауыш, толықтауыш
d) пысықтауыш
-= End Question =-
Туынды сын есімдер неше түрлі тəсіл арқылы жасалады?
+a) 3
b) 4
c) 2
d) 6
-= End Question =-
49Қысқарған сөзді басқаша қалай атауға болады?
+a) аббревиатура
b) вербиалдану
c) идиомалық
d) адьвербиалдану
-= End Question =-
50Конверсия түрін көрсет
a) қосарлану
b) субстантивтену, қосарлану
+c) субстантивтену, адъективтену
d) префикс
-= End Question =-
51Қай септік қосымшасы үндестік заңына бағынбайды?
+a) көмектес
b) ілік
c) атау
d) жатыс
-= End Question =-
52 Зат есімнің өзді-өзі, бір-бірімен тіркесу жүйесі қалай аталады?
a) сөз тіркесі
b) сөйлем
c) латын изафеті
+d) түрік изафеті
-= End Question =-
53Қосымшаның түрін көзсетіңіз
a) 1
+b) 2
c) 3
d) 4
-= End Question =-
54Аналитикалық тəсілдің ішкі түрлері:
a) 3
+b) 4
c) 2
d) 5
-= End Question =-
55“Ет-мет” қандай сөз?
a) біріккен
b) кіріккен
+c) қайталама қос сөз
d) қосарлама қос сөз
-= End Question =-
56Берілген есімдіктердің қайсысы зат есім орнына жүреді?
a) ешқашан
+b) əлдекім
c) мына
d) қайда
-= End Question =-
57 Модаль сөзді табыңыз?
+a) мүмкін
b) əлде
c) енді
d) ал
-= End Question =-
58“Арманыма” сөзіндегі соңғы қосымша:
a) тəуелдік жалғау
b) көптік жалғау
c) жіктік жалғау
+d) барыс септік жалғау
-= End Question =-
59Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы
a) етістік
b) зат есім
+c) есімдік
d) үстеу
-= End Question =-
60Тəуелденіп барып септеліп тұрған есімдікті анықта.
+a) өзімнің, өзіме
b) кіммін, кімсіңдер
c) өзімізбен, өздері
d) қайсымыз, нешеуі
-= End Question =-
61“Дəнеме” қандай есімдік?
a) белгісіздік
+b) болымсыздық
c) жалпылау
d) сілтеу
-= End Question =-
-= End Theme: Есімдер
62“Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей əуелгі өз мағыналарынан
айрылып (дилексикалану), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына беретін жəне,
сонымен бірге сол компоненттеріне фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан əр
қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірінен белгілі дəрежеде əрі үндесіп, əрі ықшамдалып
құралған күрделі сөзді айтамыз” деген пікір қай ғалымдікі?
a) Ы.Маманов
+b) А.Ысқақов
c) Н.Сауранбаев
d) Н.Оралбаева
-= End Question =-
63. Райды алты түрге бөлген ғалым.
a) Қалыбаева
+b) Маманов
c) Хасенова
d) Ысқақов
-= End Question =-
64Н.Сауранбаев … зерттеген.
a) есімше
+b) көсемше
c) етіс
d) шылау
-= End Question =-
65“Қазақ тіліндегі есімдіктер” атты еңбектің авторы.
a) А.Ысқақов
b) С.Исаев
c) А.Хасенова
+d) Ə.Төлеуов
-= End Question =-
66Ғ.Мұсабаевтың “Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары” еңбегі қай жылы шықты?
a) 1961 ж
+b) 1951 ж
c) 1991 ж
d) 1998 ж
-= End Question =-
67Қос сөздерді: қосарлама қос сөздер, қайталама қос сөздер деп жіктеп қазақ тіл біліміне
кіргізген ғалым
a) Ғ.Мұсабаев
b) С.Исаев
+c) А.Ысқақов
d) Ə.Төлеуов
-= End Question =-
68Болжалдық сан есімдерді айта келіп, оның шығыс жəне барыс септіктеріндегі сан
есімдерден соң артық, аса, астам, жуық, жақын, тарта, тақау сияқты сөздердің қатысы
арқылы жасалатындығын, ондай кезде олар бір күрделі мүше ретінде жұмсалатындығын
жəне ондай тіркесті сөздердің синтаксистік қызметін анықтауыш деп көрсеткен, пікір
білдірген ғалым.
+a) Ə.Хасенов
b) Т.Сайрамбаев
c) Р.Əміров
d) Ə.Төлеуов
-= End Question =-
69 1978 жылғы еңбегінде Орфографиялық сөздікте 360 ғана біріккен сөз беріліп, əлі де 950
біріккен сөздің оған ілікпей қалғанын дəлелдеген ғалым
a) М.Балақаев
b) Г.Жаркешева
+c) Б.Қалиев
d) Р.Əміров
-= End Question =-
70 “Қазақ тіліндегі етіс категориясы” атты еңбектің авторы
+a) А.Қалыбаева
b) Н.Сауранбаев
c) М.Оразов
d) Н.Оралбаева
ГЛОССАРИЙ
Күрделі сөздер- аналитикалық тəсіл арқылы екі я одан да көп сөзден құралып, бір
лексикалық мағына беретін сөздер.
Қос сөз-екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір
тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер.
Тіркескен күрделі сөздер-екі я одан да көп мағыналы сыңардан жасалып, біртұтас
мағына беретін сөздер.
Сөзжасамдық бірліктер-туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар.
Сөзжасамдық мағына-туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған
мағына.
Есім сөздер-өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз табы.
Құранды етістіктер- есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл
мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер.
Қосарланған етістіктер-екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер.
Сөзжасамдық тип-бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас
мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.
Сөзжасамдық үлгі-туынды сөздің нақты жасалу жолы.
Туынды сөздер- сөзжасамдық тəсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен
қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сөздер.
Туынды түбір- құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер.
Сөзжасамдық саты-негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжсамдық
ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік.
Сөзжасамдық жұп-негіз сөз бен онан жасалған туынды түбір сөздің жиынтығы.
Сөзжасамдық тарам-тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды
сөздердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |