Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады
Апталық басылым
№1-2 (7037) 10 қаңтар 2017 жыл
Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті
Орда жұлдызы
ordazhuldyzy.kz
Бірлестік тынысы
-4
-8
Сәрсенбі, 11.1.2017
-2
-14
Бейсенбі, 12.1.2017
-1
-4
Жұма, 13.1.2017
Жаныңда жүр жақсы адам
-3
-6
Сенбі, 14.1.2017
-3
-3
Жексенбі, 15.1.2017
-6
-9
Дүйсенбі, 16.1.2017
-9
-13
Сейсенбі, 17.1.2017
«Жақсылық нұры» («Луч добра») славяндық
этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен
Жаңа жылдың жалғасындай болған Рождество Хрис-
тово мерекесін аудан орталығындағы славяндықтар
оны өзіндік сән-салтанатымен қарсы алды.
Мерекелеушілермен қатар, ауданның атқамінерлері
және ақсақалдар қатысқан шараны аталмыш бірлестік
төрағасы Дмитрий Семилиди «Қош келдіңіз» айтып ашса,
аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов жиналғандарды осы-
нау мейраммен құттықтады. Рождестволық майшамда-
рын жағып, әсем шырша жанында тойдың шығу тарихын,
маңыздылығын айқындайтын тақпақтарын тақылдатқан
бүлдіршіндер де, мың бұралған бишілер де, тіпті, мерекені
қыздыра түсу үшін келген «орман тұрғындары» (аю, май-
мыл, қоян, т.б.) да Сайқын ауылындағы «Жасмин» кафесін-
де жайылған салтанатты дастарханның сәнін келтірді. Ба-
лалармен бірге дөңгеленіп би билеген үлкендеріміз балғын
балалық шаққа барып келгендей әсер алды. Кейін «Калян-
ка» атты дәстүрдің ерекшелігін баяндаған бүлдіршіндердің
пәк көңіліне, игі тілектеріне разы болғандар өз баталарын
беріп жатты. Ал, «тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі
бір» талай славяндықтармен тату-тәтті ғұмыр кешкенін
баяндаған Елдос аға Кенжеғалиев, аудан әкімінің орынба-
сары Лариса Қайырғалиева өздерінің ыстық ықыластарын
білдіріп, мереке мерекеге ұлассын деген тілегін жеткізді.
Ал, қазақпен тамырлас болып кеткен өзге ұлт өкілдері
жүздерінен «біз біргеміз, сөгілмейді іргеміз» деген ой
ұшқыны айқын аңғарылып тұрды. Жиналғандар естелік
суретке түсуді де ұмыт қалдырмады.
Р.БАҚЫТОВА.
«Біз біргеміз,
сөгілмейді іргеміз»
Қажырлы еңбектің бағалануы
қашанда адамның мәртебесін биікте-
тері хақ. Ширек ғасыр «Батыс энерго-
ресурсы» ЖШС-інде қызмет етіп келе
жатқан Жұмазия (Тома) Жарасбаева
(суретте) көпке еңбекқор әрі талап-
шыл, қайсар мінезімен таныс.
Өткен жыл қорытындысы бойын-
ша ол облыс әкімі Алтай Көлгіновтің
Алғыс хатына ие болды. «Еңбек – бәрін
жеңбек» демекші, айлық, жылдық есеп-
терін үнемі уақтылы, тап-тұйнақтай
тапсырып, жоғары көрсеткішке жетіп
жүрген бұл ұжым облыста да алдыңғы
лекте. Жалпы, жеке тұрғындар ай сайын
орта есеппен 653 091, заңды тұлғалар
(кәсіпкерлер) 472 157, түрлі мекемелер
336 528 киловатт электр қуатын пай-
даланады екен. Олардан бір айда 8 047380 теңге қаржы жиналған. Мекеме
штатындағы бес адамға қоса, округтерде сегіз адам келісім-шартпен электр
қуатына төлем жинайды.
–Төлемді уақытынан кешіктіріп жүргендердің әрқайсысымен телефон
арқылы сөйлесіп, түсіндіремін. «Кісі сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген
бар ғой, олар «Ойбай, апа, қазір-ақ төлеп тастаймын»-деп ағынан жарылып жа-
тады. Айтқанындай-ақ, сол мезетте есептесіп кетеді. Ең бастысы, әр адаммен
ортақ тіл табуың шарт. Сосын біздің жұмысқа талапшылдық аса қажет. Онсыз
болмайды. Таяуда Ұялы ауылына барғанымызда құмда мал бағып отырған
бір кісі арнайы келіп: «Жарықтың рахатын көріп отырмыз. Шынын айтсақ, біз
электр қуатын көп пайдаланамыз. Өзіңіз келді дегесін көріп, Жаңа жылмен
құттықтап кетейін деп, арнайы ат басын бұрдым»,-деді шынайы пейілмен.
Үнемі мол тәжірибесімен бөлісіп жүретін іскер басшы қызметінің лайықты
бағалануы ауылдастарын да қуантты. Жұмазия Халиоллақызының бірбеткей-
лігі де көпке үлгі. Таяуда әріптесі Жалғас Қазмадияров та «Батыс энергоресур-
сы» мекемесі басшысының Алғыс хатымен марапатталыпты. Бұл да еңбектің
еленуі емес пе?!
Біз азамат жүгін арқалап жүрген әйел-ананың ісі кейбір бөріктілерге өнеге
болса деген ниеттеміз.
Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.
Алғыс хат иеленген
алғыр жан
Анда-санда
дүкенге
шығып,
базарға соғып, орталықты бір ара-
лап
қайтатын
зейнеткерлердің
үйден көп ұзамайтыны белгілі ғой.
Тұрағымыз ауылдың оңтүстік бетін-
де болғандықтан, малымыздың өрісі
де Ұңғысыннан әрі қарай. Ұлы Жеңіс
мерекесінде оздырылатын дала
қызықтарында ғана машинамен зыр
етіп барып келіміз де, Сайқынның
солтүстік беткейіне аяқ баспайды
екенбіз. Қазан айының басында
мүмкіндігі шектеулі қызымызға ауыз
екі тілде «ипотека» аталып кеткен
аймақтан үй беріліп, кілт табыс ету
салтанатына шақырылдық. Шы-
нымды айтсам, аудан орталығында
мұндай әсем үйлерден шағын
қалашық жасақталады деген ой
миыма кіріп шыққан емес. Қалашық
дейтін себебім, бізге тиесілі баспана
үшінші көшеде болып шықты. Бірінен
бірі өтеді. Электр жүйесі, табиғи газ,
су бәрі ішке кіріп тұр. Бөлмелері кең
де жарық, тура қаладағыдай.
...Есіме Орда ауданы қайта
құрылған жылдар түсті. Арнаулы
оқу орнын бітіріп келген төрт қызға
төрт бөлмелі үйдің екі бөлмесі тиді.
Екі бөлмесі жаңадан отау құрған
жас жұбайлардың еншісінде. Электр
желісі ғана тартылған. Суды бас-
сейнге кезекпен құйдырамыз. Ең
қиыны пеш жағу болды, отын іздеу
машақаты өз алдына... Кейде түтін
тартпай, азапқа түсетінбіз. Бүгінде
құрбылар кездескенде сол кезеңді
айтып, күлісіп аламыз. Егемендіктің
алғашқы жылдары да оңай болған
жоқ қой. Құдайға шүкір, соның бәрі
артта қалды. Елбасымыздың сараб-
дал саясаты ширек ғасырда мемле-
кетімізді әлемге танытты. Экономи-
камыз қалыпты даму үстінде. Тұрмыс
жыл санап жақсарып келе жатқанына
жалпақ жұрт куә.
Менің
бүгін
қолыма
қалам
алғандағы мақсатым – қуанышымды
ауылдастарыммен бөлісіп, баршаны
табалдырықтан аттаған Жаңа жыл-
мен құттықтау еді. Тауық жылы да та-
бысты болғай!
Зоя ЫСМАҒҰЛОВА,
зейнеткер.
Сайқын ауылы.
Жаңа дүкен есік ашты
Ұзақ жыл сауда-саттықпен айналысып келген кәсіпкер Әспет Ақтарова үшін
мешін жылы сәтті болды. Дәл Жаңа жыл қарсаңында арманы орындалып, киім-
кешек дүкенінің тұсауы кесілді. Осынау игі іске аудан әкімінің орынбасары Лари-
са Қайырғалиева, кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Ерлан Нүркенов, кәсіпкерлер
палатасы аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Жұмағұловалар арнайы
ат басын бұрып, қуанышқа ортақтасып, ізгі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, ок-
руг әкімі Қайырсапа Саматов та ауылдасының ізгі қадамына ақ тілегін жеткізсе,
оның зайыбы Балзия Өтебайқызы өз қолымен дайындаған әдемі үй тұмарын
тарту етті.
Өзге де жерлестері «ауылдастың тайы озсын» деген ниетпен ақ пейілдерін
білдірді. Отағасы Жанболат Ақтаров пен осы әулеттің үлкені, зейнеткер-
ұстаз Рысты Имашева да жақсылық көпшілікке жұғысты болуын тілеп, келген
меймандарға ризашылығын айтты.
Бұдан кейін «Асыланбек» дүкенінің ашылу салтанатына жиналғандарға
сыйлық табыс етіліп, арнайы дастархан жайылды. Үлкендер ақ батасын бер-
ді.
Г.ТҰРСЫНТЕГІ.
Бисен ауылы.
Кәсіпкерлікке – кең өріс
Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз
Қоныстой қуанышы
10 қаңтар 2017 жыл
2
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Туған
жер қасіреті
№ 62 ҚАУЛЫ
Орда ауданын таратып, халқын қынадай қырып еді-ау...
Шіркін, Батыс!
Отанымның мақтаны!
Тәтті түстей көрген бала шақтағы...
Сен дегенде –
Көз алдымда көлбеңдеп,
Ата бергей бейбіт күннің ақ таңы.
Полигон деп аталатын дүрбелең
Басталғанда,
Мен Азғырда жүрген ем.
Шәкірт едім
Интернатта оқитын
Бейбіт күнде қатер барын білмеген.
Белшемізден баттық-тағы сорға біз,
Бір-ақ күнде тарап кетті Ордамыз.
Бір-ақ күнде қош айтыстық Жайықпен
Содан бері 17 күн жолдамыз.
Бұлтты болды бейбіт өмір аспаны,
Біз дегенде қабағын бір ашпады.
Жүк поезы
Тәшкенттен де асырып
Мақтаралға бізді апарып тастады.
Күйіп тұрған тамызға жұрт шыдамай
Ауа райы
Арық суы ұнамай
Әр күн сайын 4-5 адам өледі,
Ордалықтар қырылғаны қынадай.
Ел аманда мүлде естен тандық біз,
Сырқаттанып, күнде күйіп жандық біз.
Өлімге де – ата дәстүріменен
Тіпті көңіл айтудан да қалдық біз.
Қалай ғана шыға қоймақ бұл ойдан
Мен де ауырдым.
Үш ай бойы.
Мұңайған
Қайран Анам
Жалғызына ғұмырды
Тілеп алған болса керек Құдайдан.
Кеңселер аз мен есігін ашпаған,
Соның көбі мені көзге жасқаған.
Бұйығылау болып өстім, қайтейін,
Қаршадайдан Тағдыр талап тастаған.
Одан бері елу жеті жыл өтті.
Талай жылдар жас жанымды жүдетті,
Өмірбақи тер төгумен жақтым мен
Құдай берген Ақындығым түлетті.
Өтсе-дағы жастық шағым арынды,
Деседі жұрт қаламгерсің қарымды...
Елу жеті жыл бойында
Түсімде
Көріп жүрдім Ақ Жайықты, Нарынды.
Қарсы алғанда Бақтықожа бас болып
Марқайғаны жүрген көңіл пәс болып,
Жүрегімде шүпілдеген сағыныш
Жанарымнан тамшылады жас болып.
Ақын болып өз елімді жырладым,
Байтағыма мәлім менің сырларым.
Кіндік қаным тамған жерді басқанда
Антей-сынды
Құдіреттеніп тұрғаным!
Өткеннің өкінішін айтқанда, елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес,
тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту
керек.
Н.НАЗАРБАЕВ.
1930 жылдары белең алған қуғын-сүргін саясатының соңғы тұяқ серпер толқыны
біздің ауданымызды шәйіп кетті. 1952 жылы одақтық биліктің шешімімен ауданның
көп жері «Капустин Яр» әскери полигонына беріліп, Орда ауданы таратылды, халқы
депортацияға (депортация – қудалау, жер аудару) ұшырады. Айрандай ұйыған қайран
ел облыстың Чапай, Фурманов аудандарына, бірқатар жері халқымен Гурьев облы-
сына, көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысына зорлықпен көшіріліп, тоз-тоз болып,
жан-жаққа тарыдай шашылды. Белгілі қылқалам шебері, алматылық жерлесіміз,
марқұм Саламат Өтемісов осы оқиғаға байланысты «Аңсау» атты өлеңінде:
Қуаныш бармай ұзаққа,
Қара бұлт төнді бұл жаққа.
Нарынның халқы түсті ғой,
Полигон деген тұзаққа.
Сынақтар бастап бәйгені,
«Сыйлады» елге қайғыны.
Шашылып кеткен ағайын,
Оралар екен қай күні...
Міне, туған өлкеміздің тарихына өшпес таңба салған Нарындағы сол қасіретке биыл 65 жыл толады. Осыған орай
біз журналист М.Фазылованың төмендегі мақаласын көпшілік назарына ұсынып отырмыз.
Бірер жыл бұрын дүниеден озған, ұлағатты
өмірімен өзгелерге үлгі болып, асаулық
танытқанды «тәк» деп тыйып тастары бар,
ауылдастары арасында беделді Ұлбақан Рама-
занова асыл жарының қамқоршы тірегі, сенімді
серігі болып, «ұлдарым – қонысым, қыздарым
– өрісім» деп, тамырын жеті қабат жер астына
жіберген мәуелі бәйтеректей жан тұғын. Ширақ
қимылды, жайдары, өз жасынан әлдеқайда жас
көрінетін, жарқын мінезді ана әңгімешіл де еді.
–1936 жылы Орда ауданының Теректі ауы-
лында дүниеге келдім. Ата-анам Шоқанай мен
Жұмағаным қарапайым шаруа адамдары бо-
латын. Дүниеге келген тоғыз баланың алта-
уы ауыр тұрмыс, жоқшылықтан ерте шетінеп,
соңымнан ерген қос інім Амангелді мен Өтебай
үшеуімізді ата-анам жетелеп жүріп өсірді. 1942
жылы жазда әкем Ұлы Отан соғысына аттан-
ды. Ауыр жараланып келген соң, денсаулығы
сыр беріп, 1956 жылы қайтыс болды. Қадыр
ақынның: «Мен мектепке барған жылы, жасақты
жау тиісіп, адам қаны жоса ақты, Жетпісте-
гі шалдар орып егінді, жетідегі біздер тердік
масақты» деген сол кез ұрпағының шынайы
өмірін бейнелеген өлеңі бар емес пе?.. Мен
де 1942 жылы «Каганович» колхозындағы бас-
тауыш мектепке бардым. Күнсұлу апайым осы
ауыр жылдарда бізді білімге, отаншылдық рухқа
тәрбиелей білді. Бұғанасы бекімеген бүлдіршін
болсақ та, соғыстың зіл батпан қасіретін сезініп
өстік. Сабақтан тыс уақытта колхоз жұмысын
атқардық. 1949 жылы аудан орталығынан біз-
дерді комсомол қатарына өткізу үшін жастар
жетекшісі Нариман Сағадетов бастаған өкілдер
келді. Менің жасым комсомолға өтуге ілікпей-
ді, яғни, он төртке толған жоқпын. Нариман
ағаға менің жасымды бір жыл үлкейтіп жазып,
мүшелікке қабылдаңызшы деп өтініш жаса-
дым. Себебі ол кезде комсомол мүшесі болу
мәртебе еді. Жастардың дүниетанымын, адам-
гершілік, рухани көзқарасын қалыптастыруда
бұл ұйымның атқарған рөлі аса мықты бола-
тын. Сөйтіп, құжат бойынша 1935 жылғы болып
шыға келдім, әрі комсомол мүшесі атандым.
1952 жылы Азғырдан орта мектепті ойдағыдай
аяқтап, ауылға келдім. Соғыстан кейінгі ауыр
жылдар. Одан әрі оқып, білімнің шалқарына
шабыттана шомылатын шама жоқ, колхоздың
қара жұмысына кірісіп, үй ішіме қолқабыс бере
бастадым. Сол жылы шілде айында ауданнан
келген өкілдер колхозшыларды жинап, Оңтүстік
Қазақстан облысының Мақтарал ауданына
көшірілетіндігіміз туралы хабардар етті. Қоныс
аударылу себебіміз құпия болып қалды,- дегені
бар бір әңгімесінде.
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық
университетінің доценті, тарих ғылымдарының
кандидаты Б.Боранбаеваның «Капустин Яр»
әкелген қасірет» атты еңбегінде бұл тарихи оқиға
туралы былай деп көрсетілген: «Туған жерін
аяулы анасына балап, қадыр тұтатын көнекөз
қарияларымыздың жадында мәңгілік жатталып
қалған бұл оқиға 1951 жылы 21 желтоқсанда
КСРО Министрлер Кеңесінің Орал облысы
Орда ауданының жерін 1947 жылдан іске
қосылған «Капустин Яр» сынақ аймағына беру
жөніндегі №5263 бұйрығынан соң басталған-ды.
Міне, енді осы жарлықтың негізінде 1952 жылы
31 қаңтардағы Орал облыстық еңбекшілер де-
путаттары атқару комитеті кеңесінің: «В соот-
ветствии с постановлением Совета Министров
Казахской ССР от 14 декабря 1951 г. №1013-119
С, установившим план внутри республиканско-
го переселения на 1952 г. исполком облсовета
депутатов трудящихся решил: «Утвердить на
1952 год план переселения из колхозов облас-
ти 300 колхозных хозяйств в хлопководческие
районы Южно-Казахстанской области, в том
числе из Джангалинского района 125 хозяйств
и Урдинского района 175 хозяйств» деген №
62 қаулысы негізінде аудан таратылып, халқы
туған жерден қуылып тынады (БҚОММ 850-
қор, 9-тізбе, 1555-іс, 114-парақ). Ежелден ата-
бабаларымыздың құтты қонысы, шөбі шүйгін,
жер асты суы мол, төрт түлік малы үшін жазы
сая, қысы пана болған, табиғаты ерекше Нарын
құмындағы Орда ауданы халқының Ұлы Отан
соғысынан кейінгі тыныштығы тағы да осылай
бұзылған еді...»
– Көрнекті ақын Қайрат Жұмағалиев екеуміз
он жыл бойы бір сыныпта оқыдық, Оңтүстік
Қазақстанға да бірге көштік, ол анасымен
«Тельман» колхозына орналасты, -деп сөзін
жалғағанды сонда кейіпкеріміз.– Поезбен он
бес күндей жүрдік. Аптап ыстық, су тапшы,
пойыз Елек станциясына тоқтаған кезде шай
қайнатуға түскен көрші «Интернационал»
колхозының тұрғыны қарт әжей жүріп бара
жатқан пойызға іліге алмай, басылып қалды.
Әлі күнге дейін сол әженің ақ шашы жайы-
лып, қансырап жатқаны көз алдымда. Келіп
қоныстанған жеріміз мидай жазық дала, жерде
қылтанақ шөп жоқ, тостағандай бақалар қаптап
өріп жүр. Лас судан адамдар іш сүзегіне ұшырап,
сәбилер қырылып жатты. Ел жақтан елеңдеп
хабар күтеміз, сағыныштан аққан көз жасы-
мыздан жүрегіміз қарс айырылатын. Тас соғып,
там үйлер салдық. Күн ұзаққа аптап ыстыққа
шыжғырылып, мақта терімінде жұмыс істейміз.
Мақтаның сояуын отынға пайдаланамыз. Осы
колхозда 1958 жылға дейін тұрдық. 1953 жылы
ауылдасым Қамеш Рамазановқа тұрмысқа
шыққанмын. Екі жылдан кейін тұңғышымыз ұл
бала дүниеге келіп, бір айдан соң шетінеді. 1956
жылы дүниеге келген екінші сәбиімізден де
айырылып қалдық. Ауылдан бірге көшкен ерлі-
зайыпты Бұрхан мен Ағипа Өмірзақовтардың
үш қызы мен бір ұлын қара жердің қойнына
беріп, жер бауырлап жылағанын да көрді мына
шыққыр көз. 1958 жылдың 14 наурызында
қызымыз Тоқтагүл өмір есігін ашты. Неде бол-
са қызымыздың бас амандығын ойлап, оның
қырқынан шығуын күтпестен алтыншы сәуірде
бір түнде ұрланып қашып, елге оралдық, -деген
Ұлбақан апаның дауысы дірілдеп кетті.
Ал, Б.Боранбаева жоғарыдағы еңбегінде кли-
маты ыстық оңтүстік аймаққа қоныс аударған
жерлестеріміздің мүшкіл халін былайша ба-
яндапты: «1952 жылы шілде айындағы аптап
ыстыққа қарамастан Ордадан көшірілген көшпен
бірге Оңтүстік Қазақстан облысына келген,
бүгінде белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев: «Шым-
кентке дейін тура 17 күн жүрдік. Жолда кез келген
өткізу пункттеріне тоқтаймыз. Қашан қозғаламыз,
қайда барамыз, ол жағы беймәлім. Ырғатылып
келіп пойыз тоқтағанда, жапа-тармағай түсе
қалып, самауыр жағып, шай қайнатып ішеміз.
Кейде шай қайнағанша пойыз жүріп кетіп, ыстық
суды жерге төге салып, әрең ілінеміз. Қозғалған
пойызға асығыс отырам деп жүріп, бір адам
темір дөңгелекке басылып, қаза тапты», - деп,
оңтүстіктің ыстық ауасы мен суына үйрене ал-
май, қарт адамдар мен жас балалардың іш
сүзегі ауруына ұрынып, жаппай шетінегені тура-
лы «ауа райы қоңыржай, жер асты ылғалынан
сүзіліп шыққан құдықтың салқын суына үйренген
біздер мұнда келіп, еріксіз арықтың суын іштік.
Осыдан іш ауру пайда болып, әсіресе, балалар
қынадай қырылды. Өлімнің көптігі соншалық,
адамдар бір-біріне көңіл айтудан қалады екен.
Заң қатты, ешкімді себепсіз жұмыстан босатпай-
ды, өліктерді жерлеудің өзі сын болды ғой. Өлікті
жерлейтін адам жоқ. Қандай қасірет еді! Осылай
біздің арқамызда ауылдың шетінде айналасы ат
шаптырым қорым - зират пайда болды. Зираттың
үлкейгені соншалық, білмейтін адам оны
«жаңадан орнаған ауыл екен» деп қалатындай
дәрежеге жетті. Өйткені, қабірдің қасындағы
біздің колхоз көзге көрінбей қалды», - деп еске
алады. Төлқұжаттарын жинап алғандарына
қарамастан, еріксіз қоныс аударылған сол
адамдардың бірқатары кері жасырын қашып
келіп, туысқандарын паналағаны туралы ақын
ағамыз: «Тағы бір сұмдықты айтайын: біздің
бәрімізде төлқұжат жоқ, құжатымызды жинап
алған. Адам санатында емеспіз. Қайда барамыз.
Қашқандардың өзі малын қорасына байлап, отын
жағып қойып, ешкімге білдірмей айлы түнде соқа
бастарын алып кетіп жатты. Шіркін, осының бәрін
кезінде айта алмадық қой»,- деп қамығады».
Сонымен елге оралған ерлі-зайыпты Рама-
зановтар отбасы Жәнібек ауданының XIX пар-
тия съезі атындағы колхозына келіп орнала-
сып, білікті басшы, колхоз төрағасы Өтепқали
Сақыповтың қарауында білек сыбанып еңбек
етеді. Берекесі мығым отбасында сегіз ұл, екі
қыз өсіп-өнеді. Ұлбақан апаның енесі Сәуия
шеше өзін сәбидей мәпелеп күтіп, үстіне қылау
жұқтырмаған келініне қайтыс болар алдын-
да: «Маған жасаған жақсылығыңды өзің көр,
жарығым, саған ризамын» деп ақ батасын беріп
кетіпті. Енесінің батасын алған сол жанның
он баласы бүгінде бір-бір шаңырақтың алтын
қазығына айналып, ел қатарлы еңбек етуде.
Олардан өрбіген жиырма жеті немере-жиен
мен он бір шөберенің қызығын көріп, тірлігінде
абыройлы өмір сүрген ардақты ананың жолы
ұрпақтарына жұғысты болғай деп тілейсің.
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ
Кіндік қаным
тамған жер
10 қаңтар 2017 жыл
3
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Шежіре сыр шертеді
Кітапта қояс-ноғайдан – Оразақай,
Ағай, Жолай, Әжі, Батырақай, Бөлек,
Жауар. Оразақайдан Нияз – Шомбал-
дар, Шомбалдан он бала, Бекжаннан
он бес бала отау болып шыққаны
көрсетілген.
Қоястың
Ағайынан
– Ерубай, Артық деген екі бала, Еру-
байдан – Асан мен Бияш тарайды.
Ноғайбайда «Сәрсен терегі», «Бияш
терегі» деген жерлер, Асан деген
ауыл бар. Қоястың бір тармағы Әжі
болса, сол маңдағы сор Әжібұлақ
аталады. Жалпы ауылдың Ноғайбай
аталуы ноғайлардың қоныстануына
байланысты сияқты.
Журналист Рахмет Иманғалиевтің
«Нарын – шежіре. 2 бөлім» деген
кітабынан да біраз мағлұматтарға
қанықтым. Асан-ноғайдың ұлдарының
Исатай-Махамбет бастаған Тастөбе
шайқасына қатысқандығы туралы
Жаңақаладағы тақтада жазылған.
Ноғай-қазақтар Сақмардан келгенде
себек беріш Сарыжала ауылдарына
қосылуы, Сарыжала батырдың Үлкен
Шотай деген ұлынан туған Арыстан-
бек бәйгеден келген атын Жәңгір
ханға сыйлап, Батырбекті қонысқа
сұрап алуы да, Ноғайбай мен Батыр-
бек ауылдары іргелес жатуы да осы
болжамның дұрыс екенін жақындата
түседі.
Туған топырақтың ұлтарақтай
бөлігі де ұлттық рухымыз, руха-
ни құндылықтарымыздың баста-
уы. Туып-өскен өлкеміздің, ата-
бабаларымыздың өткен жолын,
тарихи керуенімен шұбаған көненің
руханиятын кейінгі ұрпаққа жеткі-
зу – қасиетті парызымыз. Демек,
ұлтқа құрмет – елге құрмет. Ұлттың
жүрген жолымен ғибрат алар тір-
лігін ұмытпай, ұрпақтарға жеткізіп
отыру – азаматтық парыз. «Туған ер
топырағын ұмытпайды» дегендей,
біз де «мың өліп, мың тірілген», со-
нау қаһарлы жылдарда «толарсақтан
саз кеше» ерлік көрсеткен Азғыр-На-
рын өлкесінің шежірелі тарихын жан-
дандырып, келешек ұрпаққа мирас
етуге ниеттендік. Ұрпақ үшін рухани
байлықтан асқан байлық, одан өткен
құнды сый болар ма? Әрине, бәрін
түгел зерделеу және жазып баян-
дау қиындау болса да, әртүрлі өлке
жылнамасындағы елеулі оқиғалар
туралы деректерді беруге тырыстық.
Ұлылығымыз
бен
парасаттылығымызды, халқымыздың
тарихи мұраларын сыйламасақ, кішіні
қалай тәрбиелейміз? Қазақ зиялысы
Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұл туып ұлы
жолда қызмет қылса, онан зор ұлтқа
бар ма ырыс?» деген екен.
Енді, аз-мұз өткен тарихқа ойыссақ,
1926 жылы Азғыр өңірінде жеке аудан
құрылып, халық тұрмыс-тіршілігінде
жаңаша бір кезең басталған. Жаңа
ауданның әкімшілік құрамына сол
кездегі Ноғайбай, Лабай, Сүйіндік,
Азғыр, Батырбек, Таубұйрат, Жиделі,
Сарыжала батыр
һәм ноғай-қазақтар