Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата08.02.2017
өлшемі9,9 Mb.
#3665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

84

жастарды  мемлекеттік  тілде  сөйлетпей  болашаққа  үміт  арту  елес 
куғанмен  пара-пар,  өйткені  тілмен  даритын  үлттық  рух  әлжуаз  жер- 
де жаһанданудьщ табанына тапталып, үлттық әлеуетімізден біржолата 
айырылып  қалуымыз  ғажап  емес.  “Мен  жастарға  сенемін”  деген  екен 
М.Жүмабаев.  Содан бері көп жыл өтті. Заман өзгерді, заң өзгерді, орта 
өзгерді,  адам өзгерді.  Орыстандыру саясатын бастан кештік, Батыстың 
әлем-жәлемі келді, есірткі, жезөкшелік,  СПИД шықты, жүмыссыздық, 
кедейшілік  сақталып  отыр.  Мен  ойы  онға,  санасы  санға  ыдыраған 
жастарымыз  жаһандану  салмағына  шыдамай, жігерін  жасытып  ала ма 
деп корқамын.
Төртіншіден,  мемлекеттік  тілді  мазақтайтын,  әжуалайтын,  қор- 
лайтын, бүрмалайтын,  бірде-бір факт қүқық  қорғау органдарының на- 
зарынан тыс қалмауы керек.  Тіл туралы Заңды  бүзғандар жауапқа тар- 
тылсын,  айыппүл төлесін, қызметтен алынсын.  Бүл үшін тіл басқарма- 
лары  мен  прокуратура  қызметкерлері  арасында  тығыз  байланыс,  ын- 
тымақтаса жүмыс істеу ынтасы болғаны жөн. Маңдайшадағы жазулар, 
жарнамалар,  дүкен,  базар,  дәмхана,  ойынхана,  т.б.с.с.  атаулары  қазақ 
және  орыс  тілдерінен  басқа  тілде  -   ағылшынша,  қытайша,  немісше, 
өзбекше,  т.б.с.с.  жазылмауын  қадағалайтын  күн  жетті.  Қазақстандық 
патриотизм осындайдан басталады.
Отарлаудың  зардабын  шегіп,  тілінен,  үлттық  қүндылықтары  мен 
үстанымдарынан  айырылып  қалған,  айырыла  жаздаған  халықтар  аз 
емес.  Өткен  ғасырдың  ортасында  Индия  ағылшынша,  Алжир  фран- 
цузша  сөйлегені  тарихтан  белгілі.  Бүгінде  олар  өз  негіздеріне  қайта 
оралды.  Ал  түрлі  жағдайлармен  ассимиляцияға үрынған  этностардың 
қасіретін  ешкім  айтып  жеткізе  алмайды.  Қаншама  қасіретті  бастан 
өткерсе  де,  қүдайға  шүкір,  қазақтар  ассимиляцияланбады.  Әйткенмен 
біршама қандастарымыздың тілдік-мәдени тамырынан ажырағаны, эт- 
никалық  сәйкестігін  жоғалтқаны,  тәуелсіздіктің  келуімен  жаңа  ахуал 
мен  қүндылықтарды  жатырқап,  рухани  шошынғаны,  жанын  қоярға 
жер таппай,  күйзеліске түскені рас.  Өтпелі кезеңде  бүларды  билік  пен 
байлықтан алшақтау үстағанда туған тіліміздің түғырға қонуы қайшы- 
лықсыз  болмаса  да  жеңілірек  жүретіндей  корінеді.  Әлі  де  кеш  емес. 
Енді  үлтжанды  идеологияны  түзуге  және  жүзеге  асыруға  басымдык 
беруге  тура  келеді.  Кімде  кім  шын  жүрегінің қалауымен  үлттық  пат- 
риотизмді іздейтін болса, оны көктен іздеудің қажеті жоқ. Ол ана тіліне 
деген адалдықтың төңірегінде түнып түр. Тек соны көретін көз, үғатын 
зерде керек-ақ.
85

ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНА МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
КӨЗҚАРАС
Грек  сөзі  ономастика  екі  мағынада  қолданылады.  Біріншіде
-   қандай  ғана  болмасын  тілде  сақталған,  қолданылатын  атаулардың 
жиынтығын білдірсе, екіншіде -  тіл білімінің атауларды зерттейтін  са- 
ласы болып табылады.  Екі мағынада да мәселенің  түйіні  тілге  тіреліп 
түр.  Тіл  тағдыры  -   үлт  тағдыры.  Бүл  ойды  А.Байтүрсынов:  “Сөзі 
жоғалған  жүрттың  өзі  де  жоғалады”  деген  бір  ауыз  пайыммш  түйіп 
тастағаны  белгілі.  Ендеше  бүгінгі тақда  тіл  мен  ономастикаға  катыс- 
ты үрдістердің жай-күйіне  қағанағы  қарқ, сағанағы сарқ Америка мен 
Францияда  да,  енді есін  жия  бастаған  посткеңестік тәуелсіз  жас  мем- 
лекеттерде  де -  қай  елдегі  болмасын  қарапайым  еңбек  адамынан  ака- 
демикке дейін  алаңдаушылықпен қарауы әбден түсінікті.
Қазақстанда  ономастика  мәселесі  мейлінше  өткір  әрі  аскынып 
түрғаны  ешкімге  күпия  емес.  Елді  мекендердің,  жер-суымыздың  төл 
атаулары жойылып, орнын орысша жаңалары басқаны қазақ халкының 
тарихын  бүрмалау  ғана  емес,  үлттық  санамызға  дақ  түсірген  қиянат. 
Ол  өз  шешімін  тапқанша  үлтжанды  зиялыларымыздың  көңілі  жай 
таппайтыны  да  басы  ашық  ақиқат.  Өзінің  арыстарын,  тарихын  ар- 
дақтай  алмай,  өзгенің  жыртысын  жыртып,  ықпалында  жүрген  елде 
отансүйгіштік сезім тиянақты қалыптасуы мүмкін емес. Тәуелсіз елдің 
үлтгық  қауіпсіздігіне  бүдан  зор  қатер  де  жоқ  шығар.  Біздің  санамыз 
бен жүрегімізді «не  істеу керек?» деген сұрақ жегідей жеуде.
Бүл сүраққа толағай жауап беру үшін алдымен қазақстандық оно­
мастика неліктен осындай күйге түскенін анықтап алғанымыз жөн. Бір 
қарағанда  жауап  та  даяр  түрған  сияқты.  Ресейге  бодандықты  қабыл- 
дап, отар өлке кебінін кидік, кеңестік тоталитаризмнің қыспағында қа- 
лып,  төбемізден  тоқпақ,  аузымыздан  қақпақ кетпеді.  Демографиялық 
апаттардан көп халықтан  аз халыққа,  дәстүрлі  шаруашылығымыздың 
күйрегенінен  тоқ  халықтан  аш  халыққа  айналдық,  тіл  шүбарланды, 
жер-су аттары, қалалар мен ауылдар, көшелер келімсектер берген  ата- 
умен  аталатын  болды.  М.Шоқайдың  сөзімен  айтқанда,  “бүл тиянақты
86

мақсатқа  ескі  орыс  өкіметі  ақырындап  болса  да,  табанды  түрде  жы- 
лжыды...  бірқатар  көне түркістандық қалаларға (Ақмешітті -  Перовск, 
Шымкентті  -   Черняевке  айналдырған  секілді)  қайта  ат  қойды,  т.б. 
Бүлардың  бәрі  «Түркістанда  орыстардың  билігін  нығайту»  саласында 
ескі  Ресей  үшін  көкейкесті  мақсат болған осы салада Кеңес  өкіметінің 
қолы  жеткендерімен  салыстырғанда,  баланың  ойыны  десе  әбден  бо- 
лады” .  Күні  кешеге  дейін  тап  осы  тағдырды  Кеңестер  Одағының 
қүрамында болып  келген  барлық үлт республикалары кешкен жоқ па? 
Кешті,  Әлде  оларда  ономастика  мәселесі  біздікінен  жеңілдеу  мазмүн 
мен  сипатта  өрбіді  ме  екен.  Сонда жүрттан өзгеше алапат бізге қалай- 
ша  келді?  Біздің  ойымызша,  отарлау  мен  тоталитарлық  қыспақтың 
Қазақстанға көз көріп, қүлак естімеген ономастикалық деформациялар 
әкелуінің негізгі себебі тагдырымыз уысында қалган империяның тари- 
хи-ырғақты дамуымызды зорлықпен, күшпен, аяусыз бүрмалағанында, 
сындырғанында, корлағанында жатыр. Миллиондаған қазақтың өмірін 
қиған  аштық,  экологиялық апат,  қазақ тілінің қыспаққа түсуі,  ономас- 
тикалық  кереғарлық -  бәрі осыдан туындайды.
Ресей  билеушілерінің  мүншама  ақикөзденуінің бір  сылтауы  қазақ 
халқының үздіксіз жүргізген азаттық қозғалысында  болса керек. ¥лан- 
ғайыр  жерімізді  бағындыру  үшін  патшалық  самодержавиеге  130  жыл 
уақыт  жүмсауға тура  келді.  Сырым Датүлы  мен Кенесары  Қасымүлы 
басқарған  халық  қозғалысын  басып-жаншып  тоқтату  үшін  ширек 
ғасырға жуық мерзім жоғалтты. Сөйтіп Орталық Азияның, Шығыстың 
өзге  мемлекеттеріне  ағылшындардан  бүрын  жете  алмай  қалды. 
Ж ириновскийлсрдің Үнді мүхитына жетіп, етігімнің шанын сүртем деп 
күні  бүгінге дейін  қоқандауы көкейдегі арманның сарыны.  Шаруашы- 
лық-мәдени  типі,  өркениеттік  болмыс-бітімі  өзгеше  қазақ өлкесін Ре­
сей империясы озі тектес, өзіне ұнайтын қалыпқа түсіремін деп адалы- 
мызды  арамдады,  түнығымызды  ылайлады.  Бізден  кейінгі  кезек  Орта 
Азиядағы  түркі  тектес  бауырларымызға  — қырғыздарға,  өзбектерге, 
түрікмендерге  тиесілі  еді.  Ал  алпауыт  империя  Батыстағы  боданы 
Балтық 
республикаларына  келгенде  бер  жағымен  қоқаңдағанмен, 
әлеуметтік-экономикалық дамуда взінің мешел қалғанын түсініп, оның 
тарихи-ырғақты  дамуын  күштеумен тежегенмен,  түп-тамырынан  тар- 
тып бүза алмады. Ономастикалық зорлық-зомбылығы да етпен терінің 
арасындағы желдей тез оңалды.
Бүдан  шығатын  методологиялық  қорытынды  мынадай  бол- 
мак:  қазіргі  тәуелсіз  Қазақстан  зорлық-зомбылыққа  толы  өткенінің
87

тағылымынан  кемел  корытынды  жасап,  тарихи-ырғакты  даму  жо- 
лына тезірек  түсуге  үмтылумен  әрі  260  жылға  созылған  отарлау  мен 
өктемдіктің  зардабынан  қол  үзу  арқылы  ендіп  жерде  тарысы  шскен- 
дерге  еліктеуден,  алға  озып  кеткендердің  тірлігін  көзсіз  қайталаудан 
іргені  аулақ үстауы  керек.  Бүл  — әлемдік  озат  тәжіриое  мен  жстістік- 
терді алмау керек деген  сөз емес.  Мәселе азаттығымыз  осн  үлттық қа- 
уіпсіздігімізге  нүксан  келтірмейтін  даму  жолын  дүрыс  тандай  алуы- 
мызда.  Әрине,  тарихи-ырғақты  дамудың мәні  мен  болмысы  заманына 
қарай  өзгеріп  отыратыны  айтпаса да түсінікті.  «Елу  жылда -   сл  жаңа, 
жүз  жылда -  қазан», деген халқымыз.  Керей,  Жәнібек,  әз Тәуке,  Абы- 
лай  хандар  билеген  кешегі  қазақ  қоғамында  өзгерістер  өзегін  түркі 
өркениеті  мен  көшпелілерге  тән  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік, 
мәдени-имандық  қатынастар  және  байланыстар  айшықтаса,  бүгін  на- 
рықты, демократиялы, зайырлы,  қүқықтық мемлекетке айналу міндеті 
қүрап  отыр.  Ол  Ата  Заңымызда  да  кадап  көрсетілген,  нақты  жолда- 
ры  мсн  кезеңдері  «Қазақстан  -   2030»  стратегиялық  бағдарламада 
дәйектслген. Бүл орайда Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқы- 
на Жолдауы айрықша мәнге ие.  Тек тарихи-ырғақты болмысқа енген- 
де  ғана қазақ ономастикасы даңғыл жолға түседі.
Тарихи-ырғақты даму жолына түскен-түспегенімізді айғактайтын 
көрсеткіштер,әрине,коп.Әйткенменсолардыңекеуітағдыр анықтағыш 
фактор болып табылады. Ең алдымен ауызға алатынымыз -  саяси азат- 
тық.  Мемлекеттік  биліктің  тізгінін  қолынан  шығарып  алған  халық 
өз  елінде,  өз  жерінде  отырып-ақ  кіріптарлыққа  түсетінін,  байғүс  псн 
бейшараға  айналатынын  түсінетін  жалғыз  халық  бар  болса  он  сегіз 
мың ғаламда,  ол -   қазақтар.  Мүны  кезінде  Шоқан  да айтқан  болатын. 
«Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне негіздсліп зорлык- 
пен  ырықсыз  жасалған  реформа  адам  баласын  жойқын  апатқа  душар 
етіп  келеді»  -  деген  еді  ол.  Отарлаушы  елдің сойылын  соғушыларды 
бас  басына  би  болған  өңшең  қиқым  деп  Абай  да  өлтіре  сынаған  еді. 
XX  ғасыр  басында  Алаш  автономиясы  идеясының  дүниеге  келу  се- 
бебі  де  осында  жатыр.  Қүдайдың  көзі түзу  болып,  Күлтегін  жазуын- 
да  айтылғандай,  биіктен  тәңірі  баспаса,  төменде  жер  айырылмаса, 
қанынды судай ағыза жүріп саяси азаттыққа бір-ақ күнде қол жеткізу- 
ге болады екен.  1991  жылдың  16-желтоқсаны — тап осындай сәт.
Саяси  азаттыққа  қол  жеткен  сәттен  тағдыранықтағыш  екін- 
ші  фактор  -   экономикалық  азаттық  пен  кемелдікке  жол  басталады. 
Кеңестік  модернизациялаудан  туындаған  Қазақстан  экономикасының

тәуелсіздік  қарсаңындағы  сыңаржақ,  шикізаттық  сипатын,  техноло- 
гиялық  кембағалдығын  айтудың  қажеті  шамалы.  Соның  өзін  озбыр 
Орталық  уысынан  шығармады.  Республикамыздағы  өнеркәсіптік 
әлеуеттің  93%-ы  Мәскеудің  құзырында  қала  берді.  Яғни  аты  біздікі, 
заты  басқанікі деген  сөз.  Біреудің жоғын  біреу ән салып жүріп  іздейді 
деген емес  пе.  Ішінара болса да Қазақстандағы экологиялық  ахуалдың 
ушығуына  жалпыхалықтық  меншік  атаулының  іс  жүзінде  тікелей 
Мәскеуге бағынуы себеп болды. Міне, енді ғана өз байлығымызға, мен- 
шігімізге  иелік жүргізетін  күн  туды.  Осы экономиканы  халық  игілігі- 
не жегілетіндей  кешенге айналдыру әрі қазақстандық тарихи-ырғақты 
арнаға  түсіру  үшін  бізге  нағыз  үлтжанды,  кемел  мемлекеттік  билік, 
кәсіби  үкімет  керек.  Үкіметі  мен  Парламенті  басқа  тілде  сөйлейтін 
елде  басқасын  былай  қойғанда,  ономастика  саясаты  да,  практикасы 
да пәрменді болуы  неғайбыл.  Бүл — бір. Екіншіден,  еліміздің мүддесін 
бәрінен  жоғары  коятын,  ономастикалық  әділетсіздікке  жол  бермей- 
тін  заңнамалық-қүқықтык  негіз  қалауды  ойластыруымыз  қажст. 
Тәуелсіздік түсында қыруар  іс  атқарылғанмен, өкінішке орай, екеуі де 
діттеген жерден шықпай отыр. Бүған айғақ ретінде сан-мың мысал кел- 
тіруге болар еді.  Бірак онсыз да түсінікті жайды шиырлай бермей және 
басы артық түсініктемесіз екі-ақ мысал келтірейік:  2000 жылы казанда 
Астанаға  Ресей  Президент!  В.В.Путин  келді.  Л.Н.Гумилев  атындағы 
Еуразия үлттық университетіндегі кездесу үстінде онын риза көңілмен 
айтқан  мына сөздері әлі  ссімізде:  Қазақстан үкіметі мүшелерінің жар- 
тысынан  көбі,  деді  ол,  Мәскеуде  жоғары  білім  алғандар  екен.  Хош 
деңіз.  Қарағанды  металлургия  комбинаты,  дсйді  өнеркәсіп алыбының 
бүгінгі  қожайыны  Лакшми  Миттал,  менің  тәжімдегі  ең  жарқырап 
түрған  гауһар.  Тәуелсіз  Қазақстандағы  билік  шылбырына  ие  бүгінгі 
саяси элита  өкілдері кәсіби білім  мен тәрбиені кеше Ресейде  алғанын, 
Қарметкомбинат  индус  тәжіндегі  гауһарға  айналғанын  алға  тартқан 
бүлар біз  үшін қуанып отыр дегенге сенгіміз келмейді.
Түйіп  айтар  болсак,  өлшеусіз  қүрбандықпен  жеткен  саяси 
азаттығымызды  да,  енді  реттеле  бастаған  экономикалық  жүйені  де 
мемлекеттік,  үлттық  мүддеге  бағындырудан  бір  сүйем  артқа  шегін- 
бей,  болашақ Қазақстанды, жаңа қоғамды тарихи-ырғақты  өсумен, қа- 
рымдылықпен  бекемдегенде ғана үлтгың еңсесі көтеріліп,  ономастика 
шаруашылығының тамырына қан жүгіреді.
Бірақ  бүл  да  қазақ  ономастикасының  бағын  үшпаққа  шығаратын 
методологиялық  тұжырымдардың  соңы  емес.  Гәп  мынада:  тарихты,

оның  ішінде  ономастиканы  да  жасайтын,  тарихпен  бірге  өзгеретін 
құдірет — адам.  Жәй адам  емес — ақылына байлығы  сай,  Абай  айтқан- 
дай,  толық  адам.  Ғылым  тіліне  салсақ,  ономастиканың  бүгінгі  және 
ертеңгі тағдыры үлттық зиялы қауым мен үлттық буржуазиянын өзара 
одағына, ынтымақтаса қайрат қылуына қарап қалды.
Кеңес  өкіметі  қазаққа  аз  қайғы-қасірет  әкелмесе  де  өзінің  мақ- 
сат-мүраты  үшін  үлт  зиялыларының  қалыптасуына,  өсіп-өнуіне  кесе- 
көлденең  түра'  алмады.  Қазақ  зиялыларының  тағдыры  -   касіретті 
тағдыр.  Олардың  бірнеше  буыны  айтам дегендерін  айта  алмай,  жазам 
дегендерін  жаза  алмай  кетті  мына  жалғаннан.  Сырты  бүтін,  іші  түтін 
идеологиямен уланды. Адасқандары, жөргегінен жерігендері,  солайша 
қүрдымға  кеткендері  де,  оң-солын  танығанша  шалыс  басып,  кейінде 
дүрыс  жол  тапқандары  да  аз  емес.  Идеологияланған,  саясаттанған, 
орыстанған  ортада  қанаттанған  қазақ  окығандары  кімнің  сойылын 
соғып,  кімнің  жыртысын  жыртып  жүргенін  білген  күні-ақ  мәңгүрт 
болудан,  қүл  болудан  қалды.  Қысқасы,  тәуелсіздіктің  тілдік,  руха- 
ни,  ономастикалық,  т.б.с.с.  негіздерін  қалағандар  -   рухы  биік,  жаны 
адал  үлт  зиялылары.  1986  жылдың  желтоқсанында  Алматының  бас 
алаңына  жиналған  өрімдей  қыз-жігіттер  «Менің  Қазақстаным»  әнін 
кездейсоқ шырқаған жоқ.  Олардың үлттық сана-сезімін,  намысын, жі- 
герін Асан Қайғыдан Шәмшіге дейін үзілмеген қазақ зиялылары, қазақ 
зиялыларының  талантымен  суғарылған  шырын  сөздері,  ән-күйлері, 
ғылыми  ой-санасы  нәрлендірді.  Келешекте  де  осылай  бола  берсе  -  
бағымыздың жанғаны.  Бірақ, бірақ...
Қанша шешен болса да,
Дауға қойма малсызды,
Қанша батыр болса да,
Жауға қойма жалғызды, -
деген емес пе дана халқымыз.
Зиялыларымыздың  ономастика,  тіл,  терминология,  топонимика, 
этноним  — бәрін-бәрін  жөнге  салуды,  ілгерілетуді  көздеген  ойлары 
мен үсыныстары,  жобалары  мен  идеялары үлттық буржуазияның бел- 
сенді материалдық-техникалық, қаржылық іліп әкетуінсіз орындалмас 
арман күйінде қалғаны қалған. Бүған айғақ-дәлел толып жатыр.  Айта- 
лық, XX ғасыр басындағы Алаш зиялыларының ниетінде, қазақ мемле- 
кетін қүру  идеясында мін бар ма еді? Жоқ. Сонда ол неге жүзеге аспай
90

қалды?  Өйткені  сол  идеяның  арқасында  байлығын  арттырған  үстіне 
арттыра  түсетінін  үғынған үлттық  буржуазия  Ресей үкіметінін, тиым 
салуы  себепті  өнеркәсіпте,  банкіде,  теміржолда,  мүнайда  ез  үлесінен 
айырылып,  әлеуметтік  қауым  ретінде  қалыптаспаған  еді.  Сауда-сат- 
тықпен немесе ауыл шаруашылық өнімдерін товар-акша  айналымына 
түсірумен  байлар  санатында  жүргендердің  саны  да,  сапасы  да  уақыт 
үдесінен тым төмен түрды.
Тарих  тағы  қайталануда.  Ебін  тапқан  машкевичтердің  қолына 
жинақталған  байлықтың  жанында  Атымтай  Жомарт  кәсіпкерлеріміз 
А.Ермегияевтің,  Н.Сабиляновтың  капиталы ауыз  сүртуге  жарамайды. 
Әрине,  қара жаяу  емеспіз.  Бірақ  бөрікті  аспанға атуға  әлі ертерек бо­
лып  түр.  ¥ л т   мүддесін  аспандатуға  өресі  жетпеген  байшыкеш  бауыр- 
ларымыз  ауылға  атасының,  көшеге  көкесінің  атын  беріп,  елге  іріткі 
салуда.  Мүның сыртында мемлекеттік қүрылымдарға ықпалы бар  кал- 
талы  қандастарымыздың  басым  бөлігі  орыснамай  мәңгүрттер  екенін 
қайда  қоямыз.
¥ л т  буржуазиясы мен зиялылары қолүстаса әрекеттенумен іргелі 
істерді  атқара  алатынына  айғақ-дәлелді алға тартар болсақ,  ойымызға 
қазіргі  ақындар  айтысы  оралады.  Жыл  сайын  республикамыздың 
түкпір-түкпірінде  ондаған  айтыс  дүркіреп  өтуде,  жеңімпаздары  мил­
лион теңгеге  дейін  сыйақымен  марапатталады,  темір  түлпарға  мінеді. 
Осы шығынның бәрін үлтжанды қалталы азаматгар көтеруде.  Ендеше 
қазақ  ономастикасын  ілгерілетуді  үлттық  буржуазия  және  зиялылар 
одағына  байланыстыра  сөз қылуымыз  бекер емес.
Ономастика  мәселесін  оңтайлы  шешу үшін  және  бір  методологи- 
ялық  принцип  -   тарихилықты  (историзм)  қаперде  үстауымыз  керек. 
Тарихилық  принципінің талабына жүгінсек -  кез келген қүбылыстың, 
үрдістің,  озгсрістің  мән-мағынасын  үғыну  үшін  солардың  солғынын, 
шалажансарын,  балаңын  емес,  ен,  кемелін,  үздігін  түсінш,  ғылыми 
сараптап,  ой  елегінен  өткізуіміз  керек.  «Капиталды»  жазу  үшін 
Маркстің  Лондонға  көшкені  кездейсоқтық  емес.  XIX ғасырдың  клас 
сикалық  капитализмі  Англияда  орныққан  болатын.  Тарихилық  при 
нципіне  сүйенгенде  ғана  ненің артта  қалғанын,  қайсы  шикші  шсіл  с 
екенін  анықтауға  болады.  Айтайық,  әдебиетте  Абай  мен 
үхтарды, 
ғылымда  Шоқан  мен  Қанышты,  өнерде  Әміре  мен  Күләшті,  саясатта 
Абылай  мен  Кенесарыны  үлгі  түтып  отырған  жоқпыз  а. 
номас 
када да осы  принципті  басшылыққа  алғанымыз  дүрыс.  Астана,  лма 
ты,  Қарағанды,  Өскемен  тәрізді  ірі-ірі  қалаларда  үлттық  ономастика
91

«сөйлеп,  менмүндалап»  түрса,  қалғандары  күні  үшін  көпке  ілеседі. 
Өкіиішке орай, бүларда көше, шағын аудан, әлеуметтік инфрақүрылым 
объектілері  -   бәрі  кешегі  қалпынан  оңала  қойған  жоқ.  Ол  аздайын 
жаңаларымен толықты. Астанадағы «Конгресс Холл», «Синема Сити» 
атаулары тәуелсіздік жылдары бой көтергендері. Өзің дәруішсің, кімге 
пір боласың деген сөз  осындайдан шыққан болар.
Ономастика  саласында  істелген  шаруа  үзақ  үрдістің  басы  ғана. 
Алда қыруар міндеттер күтіп түр.  Мақсатқа жету үшін теориялық-ме- 
тодологиялық  үстанымдар  мен  қүндылықтарды  дөп  басып  анықтап 
алуымыз керек. Олар мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілсе қүба-қүп. 
Әйтпссс  ор істің басын  бір  шалып, досқа күлкі, дүшпанға таба  болуы- 
мыз мүмкін.
Оіюмастикапың  практикалық  міндеттері  санмен  де,  сапамен  де 
шсшілгені  жон.  Мықдаған  көшелеріміз,  жүздеген  елді  мекендеріміз, 
саисыз иысандарымыз басқа тілдегі атаулармен айшықталуынан арыл- 
мапыпша  қазақстандықтардың,  әсіресе  жас  үрпақтың  санасындағы 
ақтаццақтарды,  саяси-әлсуметтік  екіүдайлықты  жою  қиынға  соғады. 
Әринс,  бүл ономастика саласын түтастай қазақтандырып жіберу керек 
дсгсн сөз смес.  Әлсмдік еркениет пен мәдениет белестері,  адамзаттын 
ойшыл,  кайраткер  түлғалары  қазақ  ономастикасынан  орын  тебетіні 
күдіксіз.  Әйткенмен  санда  да,  сапада  да  үлттық  болмыстың  басым 
түсіп  жатуын  қамтамасыз  етпей  діттеген  мақсатқа  жетпейміз.  Өзін 
сыйлағандар ғана езгенің қадірін түсінеді.
92

А ЗА Т Т Ы Қ  О Н О М А С ТИ К А С Ы : 
Т Ә Ж ІР И Б Е , ІЗД ЕН ІС , ІР К ІЛ ІС
Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялау  ғасырлар 
бойғы  арман-аңсардың  жұлдызды  сәті  ретінде  санамызға  орнағанына 
бір  мүшелден  асты.  Ансаған  күнге  қас-қағым  сәтте  қол  жеткенмсн, 
тәуелсіздік  туын  жайнатып,  іргетасын  қапысыз  бекемдеу  міндсті 
қиынның  қиыны  екен.  Азаттықтың  әр  күні  казак  қоғамының  алды- 
на  КСРО-дай  алып  империяның  күйреуінен,  жаһанданудан,  нарыққа 
көшуден туындаған бүрын-соңды беймәлім, күрмеуі күрдслі үрдістсрді 
үсынып,  «елім,  жерім»  деген  азаматтарды  күндіз  отырғызбады,  гүндс 
үйықтатпады.  Әзірге  ықылас-ниетіміз  қабыл  болып,  ерікгі  дс  СР^1Н 
Қазақстанның салқар көші алғашкыда асу берместей көрінген біраз  е 
лесті  артта  қалдырумен  жаңа  қоғамға  апаратын  үлан-ғайыр  тәжіри  с 
жинақтады.  Осының  бәрі  қазак ономастикасынан да көрініс тапты.
Патшалық  отарлау  мен  кеңестік  тоталитаризмнен  қисапсыз  зор 
лық-зомбылық  көрген  халқымыз  азаттықтың  бастапқы  жылдарында 
эмоцияға бой  алдырып,  аз қасірет әкелмеген  идеология  мен саясатгын 
жердегі көлеңкесіндей тарихи-мәдени  ескерткіштерді, айталық,  лма 
ты қаласындағы Дзержинскийдің ескерткішін, қиратуға дейін  арғаны 
рас.  Дер  кезінде  қабылданған  мемлекетгік  шешімнщ  арқасында 
мүңдай  стихиялық-оспадарлык қозғалыска тиым  салынды. 
және 
1995 жылдарда қабылданған кос Конституция мәтініне тарихи  мәдени 
мүраны қорғауға бағышталған баптардың енуі мәселені  айыппен ше 
шуге қүқықтық берік негіз қалады.
Ономастикалық  саясат  пен  практиканьщ өркениетті  үстанымда 
және 
қүндылықтар 
талабына 
сай 
қалыптасуына 
л  асымі
Н.Назарбаевтың  қосқан  үлесі  орасан  зор.  Қазақстандықгардьщ  ри 
сыз сеніміне ие болған Президентіміз үлтаралық келісім мсн үилс 

көздің  қарашығындай  сақтауға  қолдан  келгенін  аямады. 
'Рли^ 
жерде  нақақ  көзден  жас  тамбайды.  Нәтижесінде  үлттык  мәдсн 
талықтар  жауқазындай  бой  котеріп,  ол  Қазақстан  халыктарыныи 
самблеясын  қүруга  әкелді.  Басқа  үлт  өкілдері  лауазымды  қыэм
93

ге  тағайындалды.  Түптеп  келгенде,  саяси  қуғын-сүргін  қүрбандарын 
еске  алу,  үлттық  тарих,  мәдениетті  қолдау  жылдарын  жариялауды, 
Түркістанның, Тараздың, қазақ мемлекеттігінің, Абылай мен Кенесары- 
дай хандардың, әйгілі  билердің,  батырлардың,  Абайдың,  М.Әуезовтің, 
Қ.Сәтбаевтың,  Ә.Марғүланның,  Ә.Қастеевтің,  ¥ л ы   Отан  соғысының, 
тың игерудің мерейтойларын  мемлекеттік,  әрісі ЮНЕСКО  деңгейінде 
үйымдастыруды,  Еуразиялық  Одақ  идеясын  үсынуды,  Елордадағы 
Еуразия  үлттық  университетіне  Л.Н.Гумилев  есімін  беруді  -   бәрін 
мемлекет  басшысының  қазақ  ономастикасына  соны  серпін  әкелген 
қайраткерлігі деп үғынуымыз керек. Президенттік қызметінің алғашқы 
күнінен-ақ  Н.Назарбаев  Қазақстандағы  халықтардың  үйытқысы  әрі 
ел  тағдырын  анықтаушы  этнос  қазақтар  екенін,  байырғы  үлттың  тілі 
мен  мәдениеті,  тарихы  мен  тағдыры  кезінде  тәлкекке  түскенін,  аз 
бүрмаланбағанын  ашық  та  иландыра  айта  алды.  Сөзі  мен  ісі  бір  жер­
дей  шығып  жатқан  Елбасына  артына  ерген  жүрты  сенді.  Ақиқаты  да 
осы.  Осылайша тарихи  атауларды  қалпына келтіру,  елді  мекендердің, 
үйымдар  мен  физикалық-географиялық  объектілердің  айтылу-жа- 
зылу  транскрипциясын  түзету  ара-түра  дау  туғызғанмен  қантөгіссіз, 
қақтығыссыз,  үлтаралық  ың-шыңсыз  қолға  алынды.  Халқымыздың 
менталитетіне тән сабырлылық, салиқалылық, байыптылық тәрізді қа- 
сиеттер де мәселені ушықтыруға жол бермеді.
Ономастика ісінің кешенді жолға қойылуына Тіл туралы Заңдардың 
(1989,1997 жылдарғы), Қазақстан Республикасы Ү кіметінің «Қазақстан 
Республикасындағы кәсіпорындарды, үйымдарды, мекемелерді, темір- 
жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық 
объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының тран- 
скипциясын  өзгертудің  тәртібін  бекіту  туралы»  қаулысының  (1996 
жылғы  5  наурыз)  оңтайлы  ықпал  еткені  сөзсіз.  Үкімет жанынан  Мем- 
лекеттік ономастика комиссиясын қүру істі нақты әрі жүйелі жүргізуге 
мүмкіндік  берді.  Тарихи  маңызы  зор  бүл үрдістен  бүқаралық  ақпарат 
қүралдары,  зиялы  қауым,  отансүйгіш рухтағы  қарапайым  жандар  тыс 
қалмады.  Әлденеше ғылыми басқосулар өтті.
Осылайша ономастика саласындағы мемлекеттік саясаттың, уақыт 
талабының, қальщ бүқараның көздегені бір жерден шыққан соң қыру- 
ар  істер  атқарылды.  1999г-2004 жылдар  аралығында  ғана  Мемлекеттік 
ономастика  комиссиясының шешімдеріне сәйкес және Қазақстан Рес­
публикасы  Президентінің  Жарлықтарына  орай  359  елді  мекенге  атау 
берілді,  қайта  аталды  және  транскрипциясы  өзгертілді.  «Большевик», 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет