46Л. 8.
Павловская.
Как
иметь дело с русскими.
Путеводитель по России
для деловых людей.
М„ 2003, 22-23 66.
216
Орыстардың байлыққа деген
қарым-қатынасы жайлы біздің
ойымызды А.В. Павловскаяның «Как иметь дело с русскими» кіта-
бындағы пікірлер де құптай түседі:
«Ресейде ақшаға және байлыққа қатысты күрделі қарым-қатынас
түзіліп келеді. Орыстың мәдениеті мен әдебиеті үнемі «бақыт ацша-
да емес» деген қағиданы басшылыққа алды. Бақытты сатып ала ал-
майсыңдеген идея орыстардың санасында мықтап орныққан. Орыс
тарихы да ңызық иллюстрация усынады.
XIX ғасырдың екінші жар-
тысында орыс көпестерінің кейбірі біраз байлыққа кенеледі. Орыс
көпестерінің кәсіпкерлігі, ілкімділігі мен іскерлік қабілеттері белгілі
болатын. Бірақ көпестер шексіз байлығы үшін
өздерін кінәлі санаға-
ны сондай, байлығының басым бөлігін шіркеулердің қүрылысына,
ауруханалар мен мектептер салуға (өз қызметкерлері үшін емес, қа-
ладағы кедейшілікпен күрес мақсатында) әртүрлі қайырымдылық
ұйымдарына молынан жұмсайды. Олардың балалары мен немере-
лері қаржыларын мәдениет пен өнерді дамытуға жүмсады: бай кол-
лекцияларды жинады, халықтың қолөнерін дамытуға
қаржы құйды,
театрлар ашып, жасталантты көркемөнерпаздарды қолдады. Сөйтіп,
Мәскеудегі атақты Третьяков галереясы белгілі көпес династиясының
өкілі Павел Третьяковтың қаржысы мен энтузиазмының арқасында
ашылса, Мәскеу көркем театры мәскеулік көпес Станислав атымен
танылған Савва Морозовтың (оның шын аты
көпестер династиясына
тиесілі Алексеев) қаржысына салынған. Олардың көбі үшін меценат-
тык пен қайырымдылыктың соңы мүлдем таңырға отырумен аяқтал-
ды, мәселен, Савва Морозов пен Мамонтовтардың қаржысы осы
жолда түгесілді. Бірақ олар қайтадан қаржы жинауға қүлшынбады,
өйткені бұл олардың жанына ауыр салмақ салатын еді.
Ресейдегі байлыққа деген осы күрделі қатынас бүгінгідей бақай
есеппен өмір сүруге жеткен заманда да сақталып отыр. Байлық қызға-
нышты, жеккөрінішті түдыратыны анық, бірақ қоғамда оған деген құр-
мет пен беделді көрсетпейді. Бүл қазіргі жаңа орыстарға көптеген жан
азабын
сыйлайды, өйткені олар айналасындағылардың күрметіне ие
болуды мақсат етеді. Ресейде паракорлыққа жол берілетіні туралы
қалыптасқан түсінікке сай, біреуге пара бергісі келетіндерге оны бе-
рерден бүрын айналасындағылармен
ақылдасып алуға кеңес берер
едім. Ресейде көптеген мәселелер дәл осылай парақорлық арқылы
шешілетініне қарамастан, мұны ашықтан-ашық үсыну
адамды кор-
лап, ызаландыруы мүмкін. Сіз көптеген орыстар үшін «біз кедейміз,
бірақ менменбіз» принципінің мүнда салтанат күрғанын, Ресейде ақ-
шадан бас тартудан да маңызды екенін түсінесіз».46