кезеңде, керісінше, дәл сондай энтузиазммен кемшіліктеріміз бен
осал тұстарымызды айтудан, жазудан танбадыц.
Америкалықтар өз устанымдарына берік болып шықты, олар
қазір де «Proud to be American» деуін жалғастыруда. Ағылшын-
дардың «proud to be English, proud to be British [ағылшын екеніме
мақтанамын, британдык, екеніме мақтанамын]» деп айғайлап,
өздерін мадақтауларына олардың улттық мінезі жібермейді. Бул
турғыда олардыңөз әдіс-тәсілі бар (қараңыз: II б., 1-т., 5). Міне, бул
жайында Валерий Ганичев былай деп жазады: «Иә, ағылшынның
жоғары дәрежелі саясаткерлері аса білімді әрі мақсатшыл. Реті кел-
ген жердің бәріне өз одақтастарын, апологеттерді, англофилдерді
(бізде русофил сөзі - билік пен баспасөздің ең жаман (балағат) сөзі)
«кіргізуге» дайын түрады».2
Бір қызығы, біздің Ресейде үгіт-насихат («Советское, значит, от
личное» /Кеңестік болса, үздік, «у советских собственная гордость»
/кеңестіктердің өз ожданы бар/, «великий могучий Советский
Союз» /Ұлы да алып Кеңес Одағы/) кеңес адамы екеніңді мақтан
етуге үйрететін, алайда өз ұлтыңмен мақтану туралы тұспалдап
болса да айтылмайтын.
Ресей «орыс екеніме мақтанамын» деген сөзді Александр Суво
ров кезінен бері естімеген шығар.
Америкалықтар өз еліне деген асқан адалдығы мен берілгенді-
гін насихаттауға келгенде бәрінен асып түседі. Бүкіл әлемге белгілі
тауар белгісіндегі Made in USA [АҚШ-та жасалған] деген сөз Crafted
with pride in USA [АҚШ-та мақтанышпен жасалған] деген даурықпа
сөзбен алмастырылған. Осы даурықпа жолдардың авторы тауар
белгісіне өз сөздері жазылған арзан және сапасыз шұлықты әйгілі
«Target» дүкенінен кездестірген екен.
Достарыңызбен бөлісу: