Коммуникация


  Киелі заттар мен символдар-ға табынушылық



Pdf көрінісі
бет152/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   188
2. 
Киелі заттар мен символдар-ға табынушылық. КСРО-да да, 
АҚШ-та да елтаңба, ту, билік пен режимнің рәміздері ашық үгіт-на- 
сихат ретінде маңызды рөл ойнады.
КСРО-да советтік символика (бесбурышты жұлдыз, орақ пен 
балга) күнделікті өмірде өте танымал болды, мектеп дәптерлерінде, 
банкноттарда, театр шымылдығында, ыдыс-аяқта және т.б. бейне- 
ленді. АҚШ туын мемлекеттік мекемелерден ғана емес, сондай-ақ 
қонақүйлерден, тіпті жекеменшік үйден де (АҚШ билігінің азамат- 
тарына жасаған кеңдігінің белгісі) кездестіруге болады. Өз басым 
АҚІІІ туын Лос-Анжелестегі химиялықтазалау пунктінен және жаға- 
жайдағы киім ауыстыратын жерден көргенім бар.
Бейіт басындағы жалау әскери адамның жерленгенін білдіреді. 
«Атом пойызы» (Atomic train) атты америкалык, фильмде кейіпкер 
басын өлімге тігіп, машинист кабинасындағы жалау бейнеленген 
кәдесыйды алу үшін апат болған пойызға қайтып келеді.
1В. Ганичев.
Из Англии, 
но не о ней // Завтра, 
1998, № 37 (250).
243


3 Speech by Richard 
Dreyfuss to the 1996 
A m erican Federation of 
Teachers Co nvention. 
Cincin nati, Ohio, A u gu st 4, 
1996. Los A ngeles, [1996],
p. 2.
Неліктен америкалық және кеңестік идеология рухани тұрғыдан 
жақын болды? Себебі, екі елдің мақсат-міндеттері бір-бірімен үн- 
дес еді, сондықтан үгіт-насихат жүргізу әдістері де, оның тілде бей- 
неленуі де уқсас болып шықты.
Кеңес басшыларының алдында маңызды да күрделі міндет 
түрды. Ол - қысңа мерзім ішінде революция нәтижесінде күтпеген 
жерден билік пен мәдениетке араласуға мүмкіндік алған милли- 
ондаған оқымаған, білімі төмен немесе мүлде сауатсыз шаруалар 
мен жұмысшыларды, яғни «қараңғы халықты» билікті үстап түра 
алатын, ғылым мен мәдениетті дамытып, елді азамат соғысының 
алапатынан көтере алатын мәдениетті цоғамға айналдыру. Бүл үшін 
лозүнгтер, клишелер, плакаттар мен дауыс зорайтқыштар секілді 
қарапайым да өтімді үгіт-насихат әдістері керек болды. Миллион- 
даған адамдардың сауатын ашып («Ликбез» кампаниясы - сауат- 
сыздықты жою), қоғамда өзін-өзі ұстауға үйретіп, («Граждане люди! 
Будьте культурны! Не плюйте на пол, а плюйте в урны!» /Азаматтар! 
Мәдениетті болыңдар! Еденге емес, тиісті орынға түкіріңдер!/ де- 
гізіп, Маяковскийдің де тіліне тиек болған), сөйтіп жаңа мәдениет 
қалыптастыру ңажеттігі туындады.
(Жақша ішінде айта кетейік. Қазіргі Қытайдың туристік орында- 
рында түкіруге тыйым салатын ағылшын тілінде қате жазылған -
«no spitting everywhere [сөзбе-сөз: кез келген жерге түкірмеу]» 
ескертпелер жиі ұшырасады. Қытай императорларының жерасты 
мазарына түкіруге кімнің дәті барады екен деп таңғаласың. Алайда 
ескертпе ілініп тұрған соң, сондай жағдайлардың болғаны ғой.
Америкалықтардың да алдында «америкаландыру», яғни АҚШ- 
қа қоныс аударған иммигранттарға америка мәдениетін күштеп 
таңып, қысқа мерзім ішінде америкалық мәдениетке үйренген 
қоғамға айналдыру міндеті тұрды. Бұл науқан ауқымы жағынан 
кеңестік дақпыртқа жете алмады, мұнда Кеңес одағындағыдай 
миллиондаған адам қамтылмады, КСРО-дағы жағдай теңіз не мұхит 
сияқты болса, ал АҚШ-тағы жағдай өзен тәрізді, толассыз жалғаса 
берді. Иммигранттарға да жаңа отаны туралы: America the beautiful 
[Америка - сулу], Proud to be American [Америкалык, екеніме мақта- 
нам], American dream [америкалық арман] сияқты қарапайым 
шындықты тез арада сіңіруге тура келді. Олардағы ескі мәдениетті 
аластап, орнына жаңа мәдениетті орнықтыру қажет болды. Амери- 
каға қоныс аударуға бел байлаған адамдар жайында Джон Куинси 
Адамс былай дейді: «They must cast off their European skin, never to 
resume it. They must look toward their posterity rather than backwards 
to their ancestors [Олар өзінің еуропалык, терісінен шығып, оған 
ешқашан оралмауы тиіс. «Олар артқа, дүниеден өтіп кеткен ата-ба- 
басына қарамай, тек алға, болашаққа қарауы керек».3


Америка халқын мемлекет ретінде баиланыстыратын дәнекер 
нәрсенің жок, болуы оның бірегейлігін көрсетеді. Америкалықтар- 
ды мемлекет ретінде басын біріктіретін дәнекер ретінде еркіндік, 
теңдік, демократия, жер бетінде орын алар америкалық жұмақ ту-
ралы идеяларды негіз етіп алуға болады: 
«We are tied to our country in a unique 
way - we are not the French or the Italians 
or anyone else held together by geography, 
ancestry and common culture: we are tied to 
the abstracts of freedom and opportunity and 
the themes expressed in the constitution and 
the Bill of Rights-and if we cease to believe 
these things, what's the point of being an 
American? The ties that bind us are more 
invisible here - we have no common culture 
to fall back on6 no united version of history
no monolithic tale shared by all. Our foods, 
our Gods, our marriage customs-everything 
is various, different... The future, in fact, has 
been the one constant in the history of Ameri< 
The essence of America is a commitment
Біз өз мемлекетімізге ерекше қуштармыз. Біз француз немесе 
италиялықтар сияқты, ортақ мәдениет арқылы географиялық 
туршдан біріккен улт та емеепіз. Біз, америкалықтар - абстрак- 
цияға, «Ңуқық туралы Билл» мен Конституцияда көрсетілген 
еркіндікке, мумкіндікке қуштармыз. Егер осы жайттарға өз 
сенімімізді жоғалтар болсақ, бізге америкалық ел болудың 
қандай мәні бар? Халық, улт ретінде бірігуге негіз болатын 
ортақ мәдениетіміз жоқ, ортақ тарихымыз жоқ, қабьілданған 
ортақ дүниелер де жоқ. Бізді америкалық ретінде байла- 
ныстырып турған дәнекер нәрсе көзге көрінбейді. Біздің 
ішетін тамағымыз, біздің сенетін Қудайымыз, біздің үйлену 
салт-дәстүрлеріміз де әртүрлі. Сол себепті Америка тарихында 
өзгеріссіз қалатын ортақ нәрсе - болашақ, сол болашақ туралы 
ой-тужырымдар. Америка мемлекетінің негізгі мәні - орында- 
лу мүмкіндігі бар болашақ, арман туралы идеяға беріктігінде 
жатыр. Осы үміттен, арманнан, болашақтан, бізді байланыс- 
тыратын америкалық идеядан бас тарту - қазіргі уақытта не- 
гізгі жауымыз.
to an unbounded future
of achievable dreams... Yet the real and greatest enemy we face, as the 
millennium draws near, is the rejection of hope, optimism, and faith in 
the American ideas that bind us, that are our very essence».4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет