§ 4. Ақпараттық-реттеуші лексиканың то ралу, эсер ету тәсілдері Сөйтіп, өмірдің барлык, саласында: сөйлеудің мүлдем қасаң,
формалды және қалыптасқан қызмет түрлері (кіру, шығу, темекі
тартпа) диалектілік тұрғыдан хабарлау және ықпал етү қызметін
өзара ыцпалдастырады.
Әр тілде негізгі екі үрдістің бірлігі мен күресі жүріп жатыр: бірі -
тіл формалары мен модельдерінің өнімділігіне негізделген тілді пай-
даланушылардың еркін шығармашылығы, екіншісі - дайын күрделі формалардың, ңалыптасқан, жиі қайталанатын, қасаң клишелердің
жасалуы. Біріншісі, тілді дамытуға және көркемдеуге мүмкіндік бе-
реді, екіншісі - «сөз тіркестері қорын» жинақтай келе, сөйлеу ұжымы
үшін сол түсініктер мен ойларды айтүды оңтайландырған дайын қура-
ма клишелерді ұсына отырып, тілді пайдаланушылардың күш-жігерін
унемдейді.
Бірінші үрдіс еркін формалар мен сөз тіркестерінің көмегімен ықпал етеді, екіншісі - хабарлау қызметін атқарады, әрі сөйлеу
кезінде дайын бірліктер ретінде қолданылады.
Ақпараттық-реттеуші лексикада хабарлау қызметінің басым-
дыққа ие екені айңын. Қоғамдықтәртіпті реттеуші тараптан халыққа
жасалған үндеулер, тұрақты сөз тіркестері - өндірістің негізгі қаруы
болмақ. Алайда ағылшын тілі - нақты әрі көп қырлы қызметке ие.
Жоғарыда сипатталған хабарлау және диалектілік өзара әрекеттесу
үрдісі - адамның қоғамдық мінез-құлқын, іс-әрекетін нақтылайтын
осындай құрғақ, іскерлік, жаьандың клиштенген ақпараттық тақтай-
шаларда көріністабады.
Қалай десек те, көшедегі жарнамалар тікелей адамға бағыт-
талған. Көп жылдар бойы жинақталған, сыналған, үйреншікті үн-
деулер уақыт өткен сайын адресатқа ықпал ету мақсатында фор-
масын өзгертеді, өз ішінен өзгеріске ұшырайды, яғни адамдарды
сол уақыттағы мәдениет, идеология және әлеуметтік шарттар талап
ететін дүниелерді жасауға мәжбүрлейді.
Сөйлеу қызметінің осы саласында да тіл уздіксіз дамиды, экспе
римент жасайды, сөйлеудің жаңа формаларын іздейді, сол әлеумет
мүшелеріне ықпал етеді, яғни оларды реакция жасауға шақырады.
Тілдің осы процестерінің барлығы мәдениет, менталитет пен идео-
логиядағы өзгерістермен тікелей байланысты.
Тілдің талқылап отырған стиліндегі ықпал ету қызметінің тәсіл-
дерін қарастырып көрелік:
Ағылшын тілінде ойнақы, «клиенттің» көңілін аулайтын мате-
риалдар көптеп кездеседі. Сондыңтан әзірге ағылшын тілін зерт-
теуді жалғастырайық. Қолымыздағы материалдар қабылдаушыға
(реципиентке) әртүрлі бұйрық, нұсқаулар арқылы ықпал етудің
әдіс-тәсілдерін анықтауға көмектеседі.