Коммуникация


§ 6. Орыстілді әлем мәдениетінің



Pdf көрінісі
бет185/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
§ 6. Орыстілді әлем мәдениетінің 
хабарлондырулор мен үгіт- 
насихаттағы ереишелігі
Буған дейін атап өткеніміздей, орыс тілінде халыққа үндеу жа- 
саудың көбірек таралған түрі прагматизмімен, қасаңдығымен, нәр- 
сіздігімен ерекшеленеді. Соңғы уақытқа дейін Ресей идеологиясы- 
ның негізінде индивидуумды ужымға айырбастау идеясы жатты: 
жекелеген адам - машинадағы бір бұрау, егер ол бузылса, маши- 
наның жағдайы ауырлайды, бірақ бастысы - машинаның бурауы 
емес, машинаның өзі ғой. Сол себепті осы бір бурауға деген қатынас 
тым салқын, немқурайлы болды: Кіруге болмайды; Ластама; Жа- 
нуарларға тамақ берме; таяқ, қолшатыр және чемодандарды бас- 
палдаққа қалдырма; өрмелеме - өлтіреді; жете алмасаң - желікпе; 
бөгде адамдарға кіруге болмайды. Адамға деген үндеудің ең кең 
таралған түрі - инфинитив формасындағы императив. Демек, ең 
дөрекі, адам төзгісіз айғай: Тоқта! Жат! Отыр! Өзінше демократия: 
итке де (саяси турғыдан дурыс), әскерге де, шекара заңын бузушыға 
да, қылмыскерге де, заңға бағынған қарапайым халыққа да бір фор- 
мада буйрық береді. Рақмет те жоқ, өтінбейді де, онымен цоймай 
«сен» деп дікеңдейді.
Жоғарыда келтірілген темекі тартумен күресу жөніндегі ағыл- 
шын тіліндегі мәтіндердің «бай ассортиментіне» орыс тілінде тек 
қана «Не курить» сөзі қарсы қойылып келді. Қарапайым әрі анық. 
Кейде тиімділігін арттыру мақсатында леп белгісі қойылды.
Әрине, ағылшын тілінде де халыңқа үндеудің әртүрлі формасы 
барлығына қарамастан, қарапайым, анық әрі тікелей буйрық бе­
реги no smoking [темекі тартпа], no trespassing [шекараны бузба], 
do not touch [қол тигізбе] секілді формалар да кездеседі. Алайда 
советтік орыс тілінде не курить сөзіне өзге нұсқа болмады.
310


Посторонним вход воспрещен (бөгде адамға 
кіруге болмайды) тіркесін ағылшын тіліндегі 
осы тіркестің мағынасын беретін баламасымен 
салыстырып көрелік: Private. Бул сол «кіруге 
тыйым салынған» есікте ілулі тұрады. Орыстілін- 
дегі нусқасы қатаң, ресми, қылмыстық кодекстің 
бабы секілді естіледі. Ағылшын тілінде тек бір 
сөз кездеседі: бірақ қандай сөз! Идеология 
үшін, менталитет үшін, сәйкесінше сол қоғам- 
ның мәдениеті үшін қастерлі, жүрекке жылы 
сөз: private - жеке, жекеменшік, құпия, яғни 
оған тиісуге болмайды.
«Темір қоршау» заманында осындай үндеу- 
лерге қатысты әзіл болған еді: КСРО-дан бір 
бақытты жан Англияға іссапармен барады. Қай- 
тып келген соң одан журттың ынтығып сурағаны: Англия қалай? 
Ағылшындар қалай? Әлгі баңыттан басы айналған жан: Ағылшын- 
дар туйық, коммуникацияға нашар, «менің үйім - менің қамалым» 
принципімен өмір сүреді деп еді, өтірік екен. Олар өте ашық, көңіл- 
ді, әр үйдің есігінің маңдайшасында ағылшынша «сәлем» деп жа- 
зып қояды екен. Бул ағылшын қоғамының өзгелер үшін түйықтығын 
ғана білдірмейді, шетелге сапар шегуші «бақыттылардың» шеттілін 
нашар білетіндігінен де хабар береді.
Орыстың «абайлаңыз, қабаған ит» тіркесіне ағылшын тіліндегі 
Beware of the dog [иттен сақтаныңыз] тіркесі сай келеді. Орыс тілін- 
дегі мәтінде қабаған сөзімен қорқытса, ағылшын тілінде иттің бар 
екені жайында мәлімет қана береді. Орыс тілінде «абайлаңыз, бо- 
ялған» сөзі тек қана боялған туралы мәлімет беріп қана қоймайды, 
сондай-ақ адамның қамын ойлап, оның абайлау қажеттігін ескер- 
теді. Ағылшын тіліндегі баламасы Wet paint бояудың әлі кеппегенді- 
гінен хабар береді. Сізге факт жайында мәлімет берді, әрі қарай не 
қалайсыз, соны жасаңыз.
Мәскеу метросының есіктерінде қысқа әрі қатқыл: суйенбе де­
ген сөз тур. Лондон метросында узақ уақыт бойы жолаушыларды 
қорқытқан әрі ескерткен Obstructing the doors causes delay and can 
be dangerous [есіктерге сүйенбеңіз: бұл кедергі келтіреді әрі қауіпті] 
деген жазу болды. Соңғы жылдары болуы мүмкін ыңғайсыздықтар 
жайындағы (causes delay) түсіндірмені алып тастап, тек қана қа- 
уіп-қатер қалдырылды: Obstructing the doors can be dangerous [есік- 
ке сүйенбеңіз, бул - қауіпті].
Ресей пойыздарының тежегіш-крандарында үркіту және ескер- 
ту ілулі турады: Тиіспе! Айыппул ... рубль (бағасы тиісінше өзгеріп 
турады). Лондон метросында оған балама хабарландыру: Penalty
311


for improper use is ... [дүрыс ңолданбағаныңыз үшін айыппүл са- 
лынады ...]. Алайда судьялар тежегіш-кранмен ойнағандардың 
ісін қараған кезде improper анықтамасын қалай түсіндірерін біл- 
мей қиналды. Сөйтіп мәтін: Penalty for deliberate misuse is... 
[әдейі дұрыспайдаланбағаныңызүшін айыппұл салынады...] болып 
өзгертілген.
Орыс тілі жайында әңгіме айта отырып, біз «соңғы уақытқа дей- 
ін» деген тіркесті бірнеше рет қолдандың. Шынымен де, соңғы кез­
де Ресейде идеологияда, әлеуметтік өмірде және соған сай мәде- 
ниетте түбегейлі өзгерістер жасалды. Демек, тіл де бұл өзгерістерге 
сай бейімделгені анық.
Хабарландырулардың өзі қызықты әрі мазмунды бола түсті: 
олар тым көп (күн өткен сайын жарнама мен хабарландырулар- 
дан тұратын газет-журналдардың саны артуда) және олар біздің 
өміріміз сияқты түрлене түсуде. Оның ішінде заңсыз қызметтер мен 
заттар да ашық түрде ұсынылуда. Оқырманды арамдыцпен, қыл- 
мыспен әрі бурмалаумен шошытқым келмейді. Дегенмен мұның 
өзі - тіл, мәдениет, әрі мәдениетаралық коммуникация. Тек бей- 
күнә, практикалык, тұрғыдан тиімді, жииаз тасымалдауды усынған 
хабарландыру жайында айтып өткім келеді:
«Трезвые грузч. 35 р/ч. Автопереезды квартирн., офисные, сей­
фы, пианино. Качество».
Комментарий айтудың өзі артық.
Халықпен қарым-қатынас жасаудың түрі өзгеруде. Дамушы, ше- 
телдік немесе шетелдіктермен жұмыс істеуге бағытталған мекеме- 
лерде - господа (мырзалар) сөзі жиі пайдаланылатын болып жүр. 
Жергілікті мекемелерде товарищи (жолдастар) сөзі уважаемые (қүр- 
метті) теңеуімен көбірек алмастырылды (төменде келтірілген мысал- 
дарда түптік орфографиясы мен пунктуациясы сақталып отыр):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет