Коммуникация



Pdf көрінісі
бет20/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188
Лингвокультурология. 
Теория и методы.
М., 1997.
23


әлеуметтік-саяси және экономикалық күй- 
зелістер елдердің көшіп-қонуын, арала- 
суын және шиеленістерін адам айтқысыз 
күшейтіп жіберді. Бұл, әрине, мәдениет- 
тер қақтығысына әкеп соғары даусыз.
Сөйте тұра, ғылыми-техникалық прог­
ресс және адамзаттың бейбітсүйгіш, сана- 
лы бөлігінің куш салуымен, коммуникация 
бойынша мәдени әріптестерге қурмет, 
төзімділік, мәдени диалог, өзара түсіністік 
тиімділігінің басты шарты - қарым-қаты- 
настың барлық жаңа мүмкіндіктері мен 
түрін, формасын ойлап табуда.
Осының барлығы - көңілге күдік уяла- 
тары да, сенім ұялатары да - мәдениет- 
аралық 
қарым-қатынас 
мәселелеріне 
ерекше назар аудартуға түрткі болды. 
Дегенмен де, бұл мәңгілік мәселелер адамзатты өте ерте заман- 
нан алаңдата бастаған. Дәлел ретінде бір мақалды еске түсіріп 
көрелік. Мақал-мәтелдер халық даналығының қаймағы екені тегін 
емес. Сөйтіп, ол тіл арқылы сақталып, ұрпақтан-урпаққа жеткен 
халықтың мәдени тәжірибесіне айналып отыр.
Күні бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған, әлі де қол- 
даныстан түспеген «В чужой монастырь со своим уставом не 
ходят» (Бөгденің иііркеуіне өз заңымен бармайды) деген орыс 
мақалы бар. Оның ағылшын тіліндегі баламасы: When in Rome, do 
as Romans do (Римге келгенде, римдіктер сияқты бол) сөзбе-сөз 
болмаса да, сол мағынаны беріп тұр. Яғни екі тілде де халық да- 
налығы қазір мәдениет қақтығысы деген терминмен әдіптелген 
шиеленістерге жол бермеуге тырысады.
Бұл сөз тіркесі, өкінішке қарай, жоғарыда айтып өткен әлеумет- 
тік-саяси және экономикалық секілді көңіл қынжыларлық себеп- 
тердің салдарынан «сәнге» айналды. Көптеген босқын, иммигрант- 
тар, репатрианттар тіпті «бақуатты экономикалық» жағдайдың 
өзінде «бөтеннің ережелері» қақтығысынан зардап шегуде.
Мәдениеттер қақтығысы дегеніміз не? Неге мәдениеттер соғы- 
сы туралы айтатын болдық?
«Золушка» фильміндегі өмір проблемалары жайлы барлық 
сауалға «Кел, билейік!» деп жауап беретін би тәлімгері секілді 
мен де филолог ретінде, яғни «сөзді жақсы көре отырып», жауап- 
ты тілден іздеуді ұсынамын.
Әуелі сөз болды, сөз бар, бола бермек, соңында да сөз қалады.
Мәдениеттер қақтығысы терминін түсіну үшін орыстың
24


шетелдік (иностранный) сөзін есіңізге түсіріңіз. Оның ішкі форма- 
сы мейлінше айқын: өзге елдерден. Туған, өзге мемлекеттер емес, 
мәдениет адамдарды біріктіреді және оларды өзгелерден, бөтен 
мәдениеттен ерекшелеп тұрады. Басқаша айтқанда, төл мәдени- 
е т - халықтың ұлттық ерекшелігін қорғаушы қалқан және өзге ха- 
лықтар мен мәдениеттерден қорғап-қоршап тұратын бітеу дуал.
Сөйтіп, бүкіл элем адамдарды тілі мен мәдениеті арқылы бірік- 
тіріп тұратын «өзі» және тіл мен мәдениеттен жұрдай «өзгелер» 
деп бөледі. (Алайда әртүрлі әлеуметтік-тарихи себептерге байла- 
нысты, ағылшын тілі басты халықаралық қарым-қатынас құралына 
айналды. Сол себепті де, оны миллиондаған адам пайдаланады 
әрі бұл тілді ана тілім деп есептемейтіндер ағылшынтілді әлемге 
аса зор саяси-экономикалық және басқа да үлесін қосты.
Бұл әлемдегі халықтар арасындағы қалқан жойылды: оның 
мәдениеті ашық көрмеге қойылғандай, өзге адамзат үшін қол- 
жетімді бола түсті. «Менің үйім - менің қамалым» қағидасын жақ- 
сы көретін ағылшындардың улттық жабық махаббаты үшін - бұл 
парадокс немесе тағдыр тәлкегі сияқты көрінуі мүмкін. (Олардың 
улттық үйінің есігі бүкіл әлемге ағылшын тілі арқылы ашылды).
Ежелгі гректер мен римдіктер бүкіл әлем халқын және мәде- 
ниетін варварлар деп атады - гректің barbarous «жателдік» деген 
сөзінен шыққан. Бұл сөз - дыбысқа еліктеген және жат тілмен ті- 
келей байланысты: бөтен тілдер қулаққа түсініксіз бар-бар-бар 
деген дыбыстар секілді естілген (орыстың балаболымен салысты- 
рыңыз).
Ежелгі орыс тілінде барлық шетелдіктерді «неміс» деп атады. 
XII ғасырдағы орыс мақалы ағылшындарды: Аглинские немцы не 
корыстные люди, да драться люты9 (Аглиндік немістер өзімшіл 
емес, бірақ сурапыл төбелеседі) деп сипаттайды. Ақырында бул 
сөз жателдік терминімен алмастырылды да, неміс сөзінің ма- 
ғынасы Германиядан келген шетелдіктер мағынасына дейін та- 
рылды. Бір қызығы, неміс сөзінің түбірі - нем, мылқау (немой), 
яғни - сөйлей алмайтын адам (біздің тілімізді білмейтін адам) 
сөзінен шыққан. Шетелдіктің анықтамасы негізінде туған тілінде 
сөйлей алмайтын, нақты бұл жағдайда орыс тілінде сөйлей ал­
майтын, өзін сөз арқылы түсіндіре алмайтын (варвар сөзімен са- 
лыстырыңыз) адам уғымы жатыр.
Неміс сөзін алмастырған шет елдерден сөзді, тілді білуден 
(немесе тілді мүлдем білмеуден) шыққан тегіне қарай көбірек ак­
цент қоятын болды: бөтен жерден, өзге елдерден. Осы сөздердің 
мәні -туған , өз сөздерімен қарама-қарсы қойған кезде айқында- 
ла түседі: шетелдік, я-ғни бөтен, өзге елдерде қабылданған. Осы 
қарама-қарсылықта өз және бөтен уғымдарының арасында өзара


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет