Коммуникация



Pdf көрінісі
бет17/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188
5Э. 
Сепир.
Язык. Введе­
ние в изучение речи// 
Избранные труды по 
языкознанию и культу­
рологии. 185 б.
6Ю.В. Бромлей.
Этнос и 
этнография. М., 1975, 
48 6.
Т А . Антипов, О.А. Дон­
ских, И.Ю. Морковина, 
Ю.А. Сорокин.
Текст как 
явление культуры. Ново­
сибирск, 1989, 75 б.
менталитеті, адамдармен қарым-қатынасы т.б., яғни қарым-қаты- 
нас қуралы ретінде сол тілді пайдаланушы халықтың мәдениеті 
арқылы қалыптасады.
Демек, тіл «біздің өмір сүру салтымызды танытатын тәжіри- 
белік дағдыларымыз бен идеяларымыздың әлеуметтік жинақтық 
қоры»5 - мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Адамзат қызметінің бір 
түрі тіл - адам өмірінің әртүрлі саласында адамзат қызметі нәти- 
желерінің жинағы ретінде айқындалатын (жоғарыға қараңыз) мә- 
дениеттің (айталық: өндірістік, қоғамдық, рухани) құрамдас бір 
бөлігі. Алайда ойлауды жүзеге асыру формасы ретінде, бастысы 
қарым-қатынас құралы ретінде тіл - мәдениетпен бірдей деңгейде 
тура алады.6
Егер тілді оның қурылымы бойынша (қалыптастыру және игеру 
амалдары (ана тілі немесе шет тілі ретінде) қарастыратын болсақ, 
онда әлеуметтік мәдени қабат немесе мәдениет қурамы тілдің бір 
бөлігі немесе оның шынайы турмыстық келбеті.
Сайте тура мәдениет қурамы - жай ғана тіл арқылы баяндала- 
тын мәдени ақпарат қана емес, бул оның барлық деңгейі мен сала- 
ларына тән тілдің бөлінбес бір бөлігі.
Тіл - ужымның қоғамдық санасын, дәстүрін, мәдениетін 
сақтап, жеткізу арқылы адамдар тобынан этносты, ұлтты қалып- 
тастыратын қуатты қоғамдық қару.
«Мәдениеттің ұлттық ерекше қурамдарының ішінде тіл бірінші 
орында. Тіл, біріншіден, қарым-қатынас мәдениеті ретінде адам- 
дарды өзара байланыстыра да, өзара алшақтата да алады. Тіл - ол 
тілде сөйлеуші адамдарды белгілі бір қоғамға телитін белгі.
Этностың негізгі ерекше белгісі - тіл. Оны ішкі және сыртқы екі 
жағынан алып қарастыруға болады: «ішкі» бағыт бойынша ол эт- 
никалық интеграцияның негізгі факторы ретінде айқындалады; 
«сыртқы бағыт» -  ол этностың негізгі этнобөлшектену белгісі. Өз 
бойына осы екі қарама-қайшы қызметті диалектілік тұрғыдан қа- 
быстыра отырып, тіл - этностың өзін-өзі сақтау әрі оны «өзім» және 
«өзгелер» деп бөлшектеу құралы».7
Демек, тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы - күрделі 
әрі көп аспектілі. Бул кітап тіл мен мәдениеттің адамдар қарым-қа- 
тынасы үдерісіндегі өзара байланысы, ықпалы және әрекет проб- 
лемаларына арналады. Бұл проблемаларды қарастырудан бурын, 
әдіснамалық және әдістемелік тұрғыдан кей мәселелер мен түсі- 
ніктерді алдын ала келісіп алайық.
Адам мәдениетінің қалыптасуы және даму мәселелерімен мә- 
дени антропология айналысады. Антропология аты айтып тұрған- 
дай - адам туралы ғылым. Алайда адам туралы ғылымдарға (тағы 
да атында көрініс тапқандай) барлық гуманитарлық ғылымдар мен
20


кейбір жаратылыс ғылымдарының да (ме­
дицина, жекелей - биология) қатысы бар.
Адам туралы ғылым өте көп. Бұл түсінікті 
де. Себебі, адам - өте күрделі, әртарапты 
және көпқырлы жаратылыс. Сол үшін де 
жүрттың барлығының назары адамда.
Тікелей адамға бағытталмаған басқа 
ғылымдар әлемді, табиғатты, адамзаттан 
тыс объективті шындықты зерттеу пәні 
ретінде қабылдайды. Бірақ бүл қоршаған 
ортаны зерттейтін адам, ол - адам көзқа- 
расы тұрғысынан қарастырылады. Басқа- 
ша айтқанда, адами фактор тіпті гумани- 
тарлық емес ғылымдардың өзінде көрініс 
табады.
Яғни адам туралы көптеген ғылымдар 
адамның физикалық (биология, медици­
на), рухани (психология, философия, филология) ерекшеліктерін, 
іс-әрекетін (экономика, социология), қалыптасуы мен дамуы (тарих) 
турғысынан эр қырынан зерттейді. Бұл пәндер өзара тығыз байла- 
нысты. Қалай дегенмен де, нысаны адамтану болатындықтан, бүл 
ғылымдардың бірінен екіншісі туындап отырады. Онда әртүрлі пән- 
дерге жүктелген аспектілер біртұтас организм ретінде, бөлінбес бір 
бүтін ретінде өмір сүрмек.
Антропология немен айналысады? Бұл ғылым өзге ғылым сала- 
лары секілді бөлінбес бүтінді бөлшектеп алғанда нені таңдап отыр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет