6
В. С. Виноградов.
Л е к
сические вопросы пе
ревода худож ественной
прозы . - М., 1978, 56 б.
7 П о-видим ом у, та ко
го рода эквиваленты
следует искать в области
терм инологии.
цияларымен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, сөздің жеке-дара
тұрғандағы және сөйлеу тіліндегі функционалды қолданыс мағына-
сының сәйкес келуі өте сирек кездеседі. Тіларалык, синонимдердің
өзі үлкен күдік тудырады. Сондықтан тіларалық сәйкестіктерді зерт-
теу, жан-жақты тілдік талдау жүргізу керек.
«Белгілі бір ұғымды білдіретін және бір-бірінен эмоционал-
ды-экспрессивті, стильдік немесе өн бойындағы маңызды ақпа-
раттарымен ерекшеленбейтін көптілді сөзді табу» қиынның қиыны
саналады.6
Лингвистикалық ерекшелік, әсіресе тілдік аңпарат, лексико-фра-
зеологиялык, тіркесімділік, әртүрлі тілде
сөйлеуші халықтың сая-
си-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, рухани мәдениет, әлеуметтік-мәдени кон-
нотациялар (коммуникацияның мақсаты, орны, мезгілі және тағы
басңа жағдайларына байланысты алып қараса) сөз семантикасына
эсер етпей қоймайды. Мұның өзі тіларалык, синонимдер (тіларалық
баламалар) мәселесінің күрделі екенін көрсетеді.7
Сөздің білдіретін ұғымдық мағынасын жасанды түрде айңын-
дау, соның негізінде тіларалық сәйкестікті қалыптастыру шет тілін
үйренушілер мен аудармашылар үшін кері әсерін тигізуі мүмкін.
§2. Сөйлеу мен коммуникацияның ішкі
қиындықтары
Жалпы тілдік коммуникацияны, әсіресе
шет тіліндегі тілдік
коммуникацияны күрделендіре түсетін басты екі мәселеге тоқ-
талайық.
1.
Коллокациялық немесе тілдің қолданысын нормативті
тұрғыдан сипаттайтын лексика-фразеологиялың шектеулер. Кез
келген тілдегі әрбір сөздің өзіне тән өзге сөздермен тіркесу аясы
немесе мүмкіндігі бар. Яғни тілдік жүйедегі сөздер өн бойындағы
семантикалық мазмұнына сәйкес өзге сөздермен тіркесу қабілеті
арңылы ерекшеленеді. Мәселен, неге
жеңіс (победа) сөзі тек
жету
(одержать),
жеңіліс (поражение) сөзі
ушырау (потерпеть),
роль сөзі
орыс тілінде играть, значение - иметь, выводы, комплименты - де
лать тілдік бірліктері өзара тіркеседі?
Неге ағылшын тілінде
«платить» мағынасын білдіретін
to pay
етістігі орыс халқының көзқарасы турғысынан тіркесуге қабілеті
жоқ
attention [внимание],
visit [визит],
compliments [комплимен
ты] сөздерімен тіркеседі? Не себепті орыс тіліндегі
высокая трава,
крепкий чай, сильный дождь сынды сөз тіркестері ағылшын тілінде
6 0
long grass (высокая трава - бітік шөп),
strong tea (сильный чай - қою
шай),
heavy rain (тяжелый дождь - ак, жауын) түрінде дыбысталады.
Мұның жауабы біреу: әрбір сөздің өзіндік лексика-фразеоло-
гиялық тіркесімділігі немесе валенттілігі бар. Нақты тілдегі әрбір
сөздің нақты бір сөзбен ғана тіркесуі ұлттық (әмбебап емес) си-
патқа ие. Мундай тілдік ерекшеліктер өз ултымыздың төл мәде-
ниетін өзге ұлттың мәдениетімен салыстырғанда айқындалатыны
сияқты, екі тілдік жүйені өзара қатар қойғанда айқындалады. Шет
тілін үйренушілер үшін күрделі саналатын мұндай мәселелерді
сол тілдік ұжымның өкілдері байқай алмайды, тіл тұтынушылары
үшін әлдебір тілдегі
чай сөзінің сындық мағынадағы
сильный, ком
плимент сөзінің
платить етістігімен ғана тіркесе алу мүмкіндігі
бар екені ойландырмайды. Сол себепті шет тілін үйренген
кезде
сөздерді жеке турғандағы мағынасымен ғана емес, сол тілге тән
турақты тіркес қурамындағы мағынасымен қоса жаттаған дурыс.
Лексикалық тіркес аударма негізіне нуқсан келтіреді. Екітілді
салыстырмалы сөздіктер жоғарыда айтылған мәселені дәйектей
түседі. Сөздікте берілген бір сөздің екінші бір тілдегі «баламасы» тіл
үйренушілерді шатастырады, сөйтіп олар шетел сөздерін өз ана тілін-
дегі үйреншікті мәнмәтінмен (контекст) қолдануға машықтанады.
«Русский язык» баспасы жіберген сондай бір қатенің
international
furniture деп аталып кеткені белгілі. Орыс тіліндегі
международная
обстановка ұғымын орыс-ағылшын сөздігінің көмегімен аударған
оқушы
international furniture деп аударып жіберген.
Мұндай мән-
мәтіндер бір-бірімен өте сирек сәйкес келеді.
Мәселен, қарапайым, әрі кең қолданысқа ие кітап және оның
ағылшын тіліндегі балама нұсқасы
book
сөзін қарастырайық. Ағыл-
шын-орыс тілінің сөздігіндегі құрамында кітап сөзі жиі қолданыла-
тын тіркестерді қарастырайық. Төменде берілген тілдік бірліктерді
орыс тіліне аударғанда тек біреуі ғана кітап лексемасымен сәйкес
келеді:
0
book on / about birds - книга о жизни птиц - Қүстар өмірі
туралы кітап;
a reference book - справочник - анықтамалық;
a chegue book - чековая книжка - чек кітапшасы;
a ration book - карточки - карточка;
to do the books - вести счета - есепшот жүргізу;
our order books are full - мы больше не принимаем заказов - біз
ендігәрі тапсырыс қабылдамаймыз;
to be in smb's good/bad books - быть на хорошем/плохом сче
ту - жақсы/жаман есепте болу;
1 can read her like a book - я вижу ее насквозь - мен оны то-
лықтай көріп түрмын;
We must stick to/go by the book - надо действовать по прави
лам -
ереже бойынша эрекет ету керек;
I'll take a leaf out of your book - я последую твоему примеру -
мен сізді үлгі тутамын;
Не was brought to book for that - за это его привлекли к отве
ту - оны бул үшін жауапқа тартты.
Кейде жекелеген сөздің аудармасы оның сөз тіркесі құрамын-
дағы аудармасымен мүлде сәйкес келмейтін тустары да кездеседі.
Оның айқын дәлелін берілген иллюстрациялық материалдардан
көруге болады:
записка -
note - хабарлама;
деловая записка - memorandum - іскерлік хат;
докладная записка - report - баяндама;
любовная записка -
love letter, billet-doux - ғашықтық хат;
закрытый - closed - жабық;
закрытое заседание - private meeting - жабық жиын;
закрытое голосование - secret ballot - жасырын дауыс беру;
закрытое помещение -
indoors (РАСС) -
жабық ғимарат.
Орайы келгенде, тіл үйренуші аудиторияны мынадай бір жағ-
даятпен таңғалдыруға болады: ағылшын тілінде сөйлеушілер өз
тілдерінде көрсетілгендей басын тура мағынасында сумен, суса-
бынмен жумайды екен. Қызықекен, олар-біртүрлі адамдар! Here?
Өйткені орыс тіліндегі мыть голову тіркесіне ағылшын тіліндегі
to
wash one's hair баламасы сәйкес келеді.
Бір таңғаларлығы, «саяси әдептілік» тұрғысынан алғанда (қа-
раңыз, II тарау,
II бөлім, §3), басы таз адамдарды ренжітуі мүмкін
тіркестің әлі күнге дейін ешбір қымсыныссыз қолданылуы таңғал-
дырады. Өйткені ағылшындар өз тілінде
to wash one's hair (сөз-
бе-сөз аудармасы:
шаштарымды жуамын) бірлігін қолданады, ал
басы таз адамдар үшін орыс тіліндегі
«мыть голову» тіркесін қол-
данған дұрыс шығар. Өйткені бас әркімде бар, ал шаш... Ал to
wash
one's head уғымы ауыспалы мағынада орыс тіліндегі
«намылить
шею» қолданысына жақын келеді.
2.
Лексико-фразеологиялық тіркестің қупиясы мен усынар то-
сын сыйынан да ереңірек жасырын жатқан екінші бір курделі
мәселе - қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстардың әр тілдегі
«баламасы» ретінде таңбаланатын сөздерді
түрлі мәдениеттердің
Достарыңызбен бөлісу: