кетін айқын көруге болады. Дегенмен оның тілдің лексикалык,
жүйесіндегі пайыздық көрсеткіші көп емес. Мәселен, Е.М. Вереща
гин мен В.Г. Костомаровтың көрсетуінше, орыс тілінің лексикалык,
жүйесінің 6-7 пайызын баламасыз лексика құрайды.5 Баламасыз
лексика аударма теориясы мен практикасы тарапынан жақсы қа-
растырылған. Күрделі жағдай ретінде бір ұғымның салыстыры-
лып отырған тілдік жүйеде әртүрлі таңбалануынан, бір уғымды
сипаттайтын лексемалар саны бір тілде көп, екінші тілде аз болуы
мүмкін.
Мәселен, орыс тілінің дүниетанымындағы саусак,
(палец) уғы-
мының тұрпат межесін қарастырайық. Бұл ұғымды ағылшын тіліне
аудару үшін нені меңзеп тұрғанын білуіміз керек: қол не аяқтың
саусақтары ма, егер қолдыкі болса, онда к,ай саусак,, өйткені ағыл-
шындар қолдың бас бармағынан басқасын
fingers деп атайтыны
белгілі, қолдың бас бармағын -
thumb, ал аяқтың башпайларын -
toes деп атайды.
Орыс тілінде он саусак, керісінше, ағылшын тіліндегі
eight fingers
and two thumbs [сегіз саусак, және екі бас бармак,], ал жиырма сау
сак -
eight fingers, two thumbs and ten toes [сегіз саусақ, екі бас
бармак, жэне он башпай] ұғымдарына сәйкес келеді. Қоршаған ор-
таның бір ғана бөлшегі ағылшын тілін үйренуші орыс халқы үшін
үш түрлі уғыммен таңбалау басы артык, дүние
(бір ғана саусақты
уш түрлі таңбалау: fingers, thumbs, toes) болуы мүмкін, керісін-
ше, орыс тілін үйренуші ағылшындардың көзқарасы тұрғысынан уш
түрлі ұғымның бір ғана саусак, (палец) ұғымымен таңбалануы тіл-
дегі кемшілік саналуы мүмкін. Кез келген тілдік жүйедегі мұндай
ұғымдардың аз не көптігі аудармашылардың назарын өзіне ау-
дартады, алайда аударма теориясы мен практикасы мәселесімен
айналысушы ғалымдар тарапынан бүл мәселе толык, ескерілмейді
немесе мүлде назар аударылмайды.
Баламасыз (эквивалентсіз) лексика не жартылай баламалы лек
сика дүниежүзі тілдерінде кеңінен таралған құбылыс, жалпы кез
келген тілдік жүйедегі көптеген сөздер өзара эквивалентті деген
болжам бар. Олардың негізінде тіларалық ұғым жатыр, мұндай
тіларалық ұғымдар қоршаған ортаның ңандай да бір үзіктерін бей-
нелейді. Тіларалык, сәйкестікке құрылған лексиканы меңгеру, со-
ның негізінде аударма жасау оңай саналады. Шет тілін үйрену тек
осындай уғымдар жүйесін меңгерумен ғана шектелмейді. Бірақ
тіл - ұғымдардың жиынтығынан ғана емес, тілдік бірліктің негізі
саналатын сөздер жүйесінен турады. Ал сөз семантикасының өн
бойында тек лексикалық мағына ғана өмір сүрмейді.
Сөз семантикасы белгілі бір дәрежеде сол сөздің лексика-фразео-
логиялық тіркесімділігімен, әлеуметтік лингвистикалық коннота-
Достарыңызбен бөлісу: