Коммуникация



Pdf көрінісі
бет43/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188
қабылдауынан туындайтын қақтығыстар. Түрлі ұлттық мәдени 
ерекшеліктер қалай да бір сөздің түрлі стилистикалық коннотация- 
сыныңтуындауына алып келеді.
Тіпті жалпы адамзатқа түсінікті жасыл түстің таңбалануының өзі, 
сол тілдік жүйелердегі лексикалық мәнді толықтай ашады деу де үл- 
кен күмән тудырады, себебі метафоралық және стилистикалық кон-


нотация сөз мағынасына эсер етпей қоймайды. Ал ллұндай конно- 
тациялардың түрі тілдік жүйеде әртүрлілігімен ерекшеленеді. Орыс 
тілінде зелёные глаза тіркесі сиқырлы күшке ие, су перісінің көздері 
туралы ой салатын әрі романтикалық, әрі поэтикалық сипатты ие- 
ленеді. Ағылшын тіліндегі green eyes бірлігі метафоралық түрғыдан 
«қызғаныш» ұғымын таңбалайды және соған орай жағымсыз конно- 
тацияны иеленеді.
Green eyes тудыратын жағымсыз ассоциациялар «Шекспирдің 
кінәсінен» қалыптасқан. Өйткені «Отелло» трагедиясындағы қыз- 
ғаншақтық, көре алмаушылық (jealousy) жасыл көзді құбыжык, -
о green-eyed monster бірлігімен ассоциацияланады.
Тағы бір мысал: орыс тіліндегі черная кошка тіркесі ағылшын 
тілінде black cat түрінде дыбысталып, үй жануарын, яғни қара түсті 
мысықты таңбалайды. Бірақ орыс халқының мәдениетінде қалып- 
тасқан наным-сенімге сәйкес, қара мысық адамға бақытсыздық, 
сәтсіздік алып келеді, сол себепті бүл тіркес жағымсыз ассоциация- 
ны иеленеді. Мына өлең жолдарын еске түсірейік:
Ж ил д а бы л ч е р н ы й кот за углом ,
И его нен авид ел весь д ом ...
Говорят, не повезет,
Если ч е р н ы й кот д о р о гу перейдет.
(Қ азақш а сө зб е -сө з аударсақ:
Ертеде үй бұр ы ш ы н д а қара м ы сы қ ө м ір сүр іпті,
О ны букіл үй ж ек көреді екен.
Егер қара м ы сы қ ж олд ы кесіп өтсе,
Ол а д а м н ы ң ж олы б о лм ай д ы деп ж ам ан ы ры м ға ж о р ы ған . -
А уд а р м а ш ы л ар д ан )
Ағылшын халқының мәдениетінде қара мысық - «сәттіліктің, 
күтпеген жерден бақытқа кенелудің» белгісі ретінде танылады, тіпті 
орыс халқының таңданысын тудырған нәрсе - «Good Luck» деген 
жазуы бар ашықхаттың (открытканың) сыртында дәл осы қара мы- 
сықтың бейнеленуі болатын.
Баламасыз не жартылай баламалы лексикаға қарағанда, шет 
тілін үйретуде баламалы лексиканы оқыту үлкен қиындық туғыза- 
ды. Белгілі бір ұғымның сол тілдегі баламасы тіл үйренушінің ша- 
тасуына алып келуі мүмкін. Өйткені оның тарапынан қолданылған 
балама сөздің сөйлеу тіліндегі функционалды қолданысы, лекси- 
ко-фразеологиялық тіркесі және лингвостилистикалық коннотация- 
сы ескерілмейді. Басқаша айтқанда, қарапайым деген жағдайдың 
өзінде әртүрлі тілдік жүйеде қоршаған ортаның кейбір көріністерін 
бейнелейтін белгілі бір сөздің үғымдық мазмұны бірдей болға- 
нымен, функционалды мән-мағынасы әркелкі мәнге ие болуы мүм-
63


кін. Себебі үлттык, ойлау жүйесіндегі ерекшеліктерге сәйкес, сөздің 
функционалды қолданысы да әртүрлі болады.
Сонымен тілдегі баламалы лексика (тілдік эквиваленттілік) -
семантикалык, ая, лексикалық тіркес, стилистикалық коннотация 
сынды факторларды негізге ала отырып анықталады. Тілдегі бұл 
мәселелердің барлығы тілшілерге, аудармашыларға, шет тілі оцы- 
тушыларына жақсы таныс. Әрбір тілдік жүйедегі сөз баламалары- 
ның мәденитанымдық аспектісіне осы уақытқа дейін көңіл ауда- 
рылмады десе де болады. Тілдік бірлік ретінде сөз болмыстағы зат 
не құбылыспен (сөздің мәні) өзара ңатынаста болатыны белгілі. 
Алайда түрлі мәдениетте тек заттар мен құбылыстар ғана әртүрлі 
болмауы мүмкін (мәселен, эскимос, қытай, қырғыз немесе ағыл- 
шын халықтарының уйлерінің өзіне тән ерекшеліктері бар), сол зат 
не құбылыс туралы мәдени таным-түсініктің әртүрлі болуының өзі 
маңызды саналады. Тілдік эквиваленттіліктің негізінде ұғымдык,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет