27A. Mazrui.
The political
Socio lo gi of the English
Language. M o u t o n -T h e
H ague, 1975, 81 6.
Ол үйіне а к, нәсілді адамдардың келгенін қалайтын... Ал әйелі-
не жас джентльмендердің, тау инженерлерінің үйіне тоңтаға-
ны үнайтын. Ол да нағыз джентльмендерге қызыға қарайтын.
Бірақ ол ескі заманның кеншісі еді, оның үстіне әйелі бар.
Джентльмендердің көзі әйеліне түскенде, ол кенішін біреу то-
нап, бар қупиясын ашып қойғандай күй кешетін (Д.Г. Лоуренс).
91
Әрбір ті/i - сол тілде сөй-
леушілердің жан дүниесі
сақталған ғибадатхана.
Оливер Уэндел Холмс
Үзіндідегі барлык, атрибутты сөздер әлеуметтік-мәдени шарт-
тылықты сақтаған. Шынайы өмірдегі бір-бірімен байланыстағы зат-
тар мен ұғымдар сөйлеуші санасымен табиғи сәйкестік тауып, оның
әлеуметтік тәжірибесін көрсетеді. Real gentleman тілдік қурылы-
мының негізінде ағылшынтілді қоғамда қалыптасқан әлеуметтік
құрылым, моральдың-этикалық кодекс жатыр. Сол секілді old-time
miner тіркесінің негізінде де маңызды әлеуметтік факторлар бар,
оларды білмейінше, аталған сөз тіркесін жасау, оны түсіну мүмкін
емес.
Сондықтан да коммуникацияның негізгі шарты аялық білім-
нің болуы, яғни сөйлеушіге де, тыңдаушыға да тән реалий мен
мәдениетті білу қажет деген сөз.
§8. Тіл - мәдениет сақтоушысы
Every language is a temple in which the soul of those
who speak it is enshrined.
Oliver Wendell Holmes
Тіл адамның жан дүниесі мен мәдениетін бейнелеумен ғана
шектелмейді. Оның аса маңызды қызметінің бірі - мәдениетті
сақтап, оны урпаңтан-ұрпаққа жеткізу. Демек, тіл жеке адамның, эт-
никалық топтың, халықтың, улттыңұлттық мінезін қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады.
Тіл идиоматикасында, яғни тілдің ұлтқа тән белгілері сақталған
бөлігінде қундылықтар жүйесі, қоғамдык, мораль, сол халықтың
әлемге, адамдарға, жат журтқа деген қатынасы сақталады. Фразео-
логизмдер, мақал-мәтелдер бір мәдениет аясында шоғырланған
белгілі бір қоғамның өмір салтын, географиялық орналасқан жерін,
тарихы мен салт-дәстүрін барынша көркем бейнелейді.
Бул жайында жазылған ғылыми еңбектер көп. Идиоматика улт-
тык, нақышы мен стильдік бояуы, мәдениетті жеткізуші сипатына
орай тілші-ғалымдардың да, шет тілін үйренушілердің де назарын
айрықша аударып келеді. Сөйлеудегі фразеологизм рөлінің ара сал-
мағын ескерсек, буған да ынтығушылықтың басым екенін көреміз.
Идиомалар рөлі тым шектеулі, олар тамаққа қосатын дәмдеуіштер
сияқты, шымшымдап, пышақтың ұшымен қосуды қажет етеді. Ал
тамақты тіл деп алсак,, оның сөз бен сөз тіркесі деген бейтарап
(идиомалық емес) қурамдас бөліктері бар. Тілдік бірліктер мен
мәдениет, өмір салты, ұлттық мінез және т.б. арасындағы тікелей
92
байланыс (идиомаға негіз болған бейнелер, метафоралар арқылы)
сан рет зерттеліп, айқындалған. Мәселен, ағылшын тіліндегі теңіз-
ге қатысты идиомалар Ұлыбританияның өткен ғасырлардағы өмір
салтынан, яғни оны қоршаған аралдар мен теңіз тіршілігінен, теңіз-
шілер өмірінен алынған.
Тіл халык, мәдениетін саңтап, оны үрпақтан-ұрпаңқа жеткізіп оты-
рады. Тіл халықтың шынайы өмірі мен мәдениетін қалай бейнелеп,
еңбастысы қалай сақтайтынын қарастырып көрейік. Мысалы, монар
хия, оған халықтың қатынасы деген тақырыпты алайық. Басқаша айт-
қанда, орыс, ағылшын тілдерінде монарх, мемлекет билеушісі және
оның ел басқару ісі қалай суреттелетінін қарастырып көрейік.
Ресейде де, Англияда да ғасырлар бойы монархия ел билеудің
басты әрі жалғыз формасы болды. Бір қызығы, екі елде де монар
хия ел билеу тәсілі ретінде күшін жойды. Ресейде монархия 1917
жылы күшпен жойылса, Англияда ол ресми түрде бар болып есеп-
телгенімен, өткен күндерді ескетүсіретін ескерткіш, сәнге қойылған
анахронизм сияқты. Шын мәнінде монархтың қолында ешқандай
саяси билік жоқ. Тіл, әлбетте, айна секілді қоғамның әлеуметтік,
мәдени құрылымының маңызды жақтарын көрсетіп, оны өз қазы-
насына салып сақтайды. Ал енді, екі тіл өзінің осы қызметтерін қа-
лай атқарғанын байқап көрейік.
«Монарх пен монархия» тақырыбындағы (царь, царица, цар
ский, king, queen, royal) тілдік материалдарды қарастыру кезінде
жағымды коннотациялардың, тілдік бірліктердің жағымды реңк-
терінің басым екені бірден байқалады.
Тілдің өзге қабаттарына қарағанда, идиоматикалық жүйенің
улттық мәдени сипаты басым болады. Идиомалардың өн бойын-
да сол ұлттың ұлттық қундылықтар жүйесі, ұлттық дүниетанымы,
өзіне және өзге халыққа деген көзқарасы, ұстанатын моральдық
қағидаттары сақталады. Фразеологизмдер, маңал-мәтелдер не-
гізінде кез келген халықтың ұстанған мәдениеті, өткен тарихы, гео-
графиялық орналасу жағдаяты, ұстанған өмір салты көрнекі түр-
де айқындалады. Идиомалардың өн бойындағы ұлттық мәдени
ерекшеліктердің басымдық танытуы, стилистикалық реңкі жоғары
болуы, тілші ғалымдар, шет тілін үйренушілер тарапынан қатты
қызығушылық тудырып келеді. Фразеологизмдердің сөйлеу тілін-
дегі қолданысы өзге тілдік бірліктерге қарағанда пропорционалды
емес. Сөйлеу тіліндегі фразеологизмдердің қолданысы өте шектеу-
лі, мұны тіліміздегі идиомалардың қолданысын тағамның дәмін
келтіру үшін салынатын түрлі дәмдеуіштермен салыстыруға бола
ды. Әдетте тағамға қосылатын дәмдеуіштердің қай түрі болмасын,
пышақтың ұшымен ғана алынып, өте аз мөлшерде салынады. Сөй-
леу тілін қалыптастыруда фразеологизмдерді аз-аздан ңолданып
отыру керек, ал сөйлеудің өзі көбіне бейтарап тілдік бірліктерден
(сөз, сөз тіркесі) түзіледі.
Тілдік бірліктердің халықтың ұлттық мәдениетімен, улттык, мі-
нез-қулқымен, ұлттың өмір сүру салтымен тікелей байланысы көп-
теген зерттеу еңбектеріне арқау болды. Ұлыбританияның аралдар
арасында орналасуы, ағылшын халқының күнкөрісі өткен дәуірде
осы аралдармен байланысты болғандығы, халық арасында Tenia-
mi мамандығының кең таралуы - олардың тілдік санасында арал,
теңізге қатысты өзіндік уғым-түсініктердің, ағылшын тілінде «Tenia-
re» қатысты идиомалардың берік орнығуына ықпал еткен. Белгілі
бір тілде сөйлеуші ұжымның шынайы мәдени дүниесін өз тілінде
қалай бейнелеп, сақталатынын көрсету үшін монархия және ха-
лықтың оған деген қатынасы тақырыбын қарастырып көрейік.
Ресейде де, Англияда да ғасырлар бойы негізгі басқару жүйесі
монархиялык, билік болды. Бір қызығы, екі елде де монархиялык,
билік төңкеріс арқылы ңұлатылған болатын. 1917 жылы Ресейдегі
монархиялык, билік күшпен алынып, төңкеріс негізінде құлады. Ал
Англия жерінде әлі күнге дейін өткеннен қалған белгі ретінде тек де-
коративті анархия ретінде формальды түрде өмір сүріп келеді. Қазір-
гі кезде мұндай монархиялық биліктің ешқандай саяси күші жок,.
Тіл - қоғамның мәдени және әлеуметтік қурылымының көрсет-
кіші және сол ақпаратты өн бойында сақтайтын қазына. Осы екі тіл-
дік жүйенің жоғарыда аталған функцияны қалай атңаратынын сөз,
турақты сөз тіркесі, мақал-мәтелдер негізінде қарастырайық. «Мо
нарх және монархия» (царь, царица, царский, king, gueen, royal)
тақырыбына қатысты тілдік материалдарды (сема нти калы к, epic)
зерттеуде көрсетілген тілдік бірліктердің жағымды коннотациялык,
реңкі бірден көзге түседі.
Екі тілдік жүйеде - ағылшын тілінде, тіпті орыс тілінің өзінде
Кеңестік Ресейдің бірнеше онжылдықтар бойы монархиялык, билік-
ке қарсы антимонархиялык, күрес жүргізгенімен, монархия билігін,
оның даңқын, патшалықтың немесе корольдіктің бөлінбеуі, мо-
нархтың марапатталуы сияқты ақпараттар тілдік бірліктердің өн
бойында сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |