§7. Түр-түс атауларының әлеуметтік-мәдени оспектісі Тілші ғалымдар спектор түстерінің атауларын зерттеуге ерекше
көңіл бөледі. Ал одан кейінгі орындарда қимыл-ңозғалыс етістіктері
мен туыстык, атаулар тұр.
Түсті білдірудің әлеуметтік-мәдени метафорикасы туралы жа-
зылған еңбектер көп. Бір түстің өзі әртүрлі мәдениетте әртүрлі
символикаларға ие болатыны белгілі. Г.А. Антипов, О.А. Донских,
И.Ю. Марковина, Ю.А. Сорокиндердің «Текст как явление культу
ры» деген кітабында ақ пен қара түстер мысалы негізінде көрнекі
материалдарды қолдана отырып, егжей-тегжейлі түсіндіреді. Мәсе-
лені аталған кітаптан үзінді келтіре отырып, дәйектеп көрейік.
Ақ түс негізінен көптеген мәдениетте үміттің, қайырымды-
лықтың, тазалықтың, махаббаттың және соған жақын тағы басқа
ұғымдардың символы ретінде қалыптасқан. Грузин субмәдениетін-
де ақ түс - қайырымдылықтың, мейірімнің, махаббаттың символы
(«И над миром зареяло белоснежное полотнище - символ добра,
милосердия и любви».20 Қырғыз субмәдениетінде оны мынадай кон-
нотациямен байланыстырады: «Ақ - Айтматовтың бұрыннан жақсы
көретін, нәзіктіктің, қорғансыздықтыңтүсі, қайырымдылықпен үміт-
тіңтүсі, мейірім мен махаббаттың, көктем гүлініңтүсі».21 Қара нәсіл-
ділердің бір ғана киносының атауын келтірсек-ақ жеткілікті: «Үлкен
ақ үміт». Ақтүсті конфронтативті қабылдау шығыс елдерінде кезде-
седі. Олар үшін ақ түс өлімнің, қазаның белгісі (сол себепті Оңтүстік
Кореяда түрме киімінің түсі ақ болып белгіленген). Ак, түсті өліммен
байланыстыру орыс мәдениетінде де бар: «Өлімге дайындалғандай
шал үстіне түгел ақ киім киіпті...».22 ...Қара түс бірқатар мәдениетте
өлімнің, қайғының, қазаның символы ретінде қабылданса, ал кей-
де салтанатты іс-шараны да білдіреді: «Қайғы мен қазаның қара
орамалы» - орыс және қырғыз субмәдениеттерінде;23 «Киімдері
тек қара еді: азасы да бар - Алкестида көз жұмғалы көп болмаған,