Армияда
«жолдас» («товарищ») сөзі қолданыста қалды. Ре-
сейдің әскери-теңіз флотының бас командирі 2003 жылдың 27 шіл-
десіндегі әскери шеруді қабылдау барысында: «Жолдастар, матрос-
тар мен офицерлер!» - деп тіл қатты.
Сонымен қатар әрі әзілмен, әрі ирониямен айтылатын «мырза-
лар-жолдастар» қос сөзі де қолданылады. Газеттегі «күшті әлемнің»
адамгершілігі туралы мақала «Мырзалар мен жолдастардың дағ-
дылары» («Привычки господ и товарищей»)18 деп аталды.
Көне атаулардың, топонимдердің оралуы - қазіргі Ресейдің
қоғамдық өмірінің және мәдениетінің ерекшелігіне айналды.
Кеңес дәуірінің өзгерген атауларын қайта өзгерту кезеңі басталды:
Ленинград Петербург болып, Свердловск Екатеринбург, Метро
строевская Воздвиженка, Дзержинский алаңы Лубянка болып
өзгертілді.
Бастапңы кезеңде атауларды өзгерту, дауысқа салу және ха-
лықтык, референдумдар арқылы толықтай демократиялык, түрде
жүргізілді. Мәселен, Петербург қаласы Ленинград облысының ор-
талығында орналасқандықтан, солтүстік астананыңтұрғындары қа-
ланың көне тарихи атауын қайтаруға келісті, бірақ облыс түрғында-
ры Ленинград атауына адалдык, танытты.
Мәскеуде, неге екенін қайдам, алғашқылардың бірі болып
«Лермонтовская» метро стансасын «Красные ворота» атауымен ал-
мастырды. Бул халықты қайран қалдырды: Лермонтовты не үшін
өкпелетті?
Қазіргі таңда көне атаулармен бірге жаңа атаулар қатар қолда-
ныста жүр. Біздің ата-аналарымыздың буыны жаңаға қайтадан үй-
ренді, яғни көне (үйреншікті) және жаңа атауларды қолдануда қи-
налды. Қазір біздің кезегіміз келді. Тіл - мәдениет айнасы.
Достарыңызбен бөлісу: