Коммуникация



Pdf көрінісі
бет79/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   188
name of square in Moscow [Мәскеудегі алаң атауы]». Оксфордтық 
нақтыланған мәліметтер бойынша бұған берілетін түсініктеме 
(қазіргі Мәскеудегідей алаңемес, Пушкин заманынан бергі Мәскеу- 
дегі кварталды меңзеп отыр) - «а quarter in Moscow», «close to the 
Basmannaya where Adrian used to live [Басманнаяға жацын, бұрын 
Адриан өмір сүрген мекен]» деген ұғымды береді.
«Гробовщик» повесінің алғашқы жолдарындағы нақты дерек- 
тердің түсініктемесінде («Последние пожитки гробовщика Адриана 
Прохорова были взвалены на похоронные дроги, и тощая пара в 
четвертый раз потащилась с Басманной на Никитскую»), оқырман- 
ның Басманная жэне Никитская көшелерінің (кейін Герцен, қазір


Үлкен Никитская) арасындағы 3 милые тең 
арақашықтықты (мәскеулік түсініктеме) білуі 
маңызды емес, бұл екі көшенің сол кездері 
Мәскеудің ең шеткі нүктелері болғаны - бірі 
солтүстік шығыста, екіншісі оңтүстік батыста 
орналасқаны маңызды болып отыр. Демек, та- 
быттың Мәскеудің бір шетінен екінші шетіне 
(оксфордтық түсініктеме) жөнелтілуі меңзел- 
ген. Қазіргі Мәскеу үшін ол Бусиноводан Буто- 
воға дейінгі қашықтық.
Автор «пошташы Погорельскиймен» са- 
лыстыратын Юрко полицейдің («Гробовщик») 
характерін толығырак, та ни түсу үшін бұның 
жазушы Антоний Погорельскийдің (Алексей 
Перовскийдің псевдонимі, 1787-1836) «Лафер- 
товская маковница» (1824) повесінің кейіпкері екенін білу ғана емес, 
энциклопедиялык, сипаттағы мәліметтер бойынша, бұл сенімді қыз- 
метшінің бейнесін беретінін (мәскеуліктүсініктеме) білуде маңызды.
Бригадир сөзіне берілетін түсініктеме нақты энциклопедиялык, 
мәліметтердің барлық түсініктемесіне сәйкес келеді: I Павел патша- 
ныңтұсында (1796-1801) жойылған полковник пен генерал-майор 
арасындағы әскери шен, алайда бұл мәліметке қоса көркем туынды 
мәтінімен байланыстыратын Мәскеу түсініктемесі қажетәрі маңыз- 
ды: «сондықтан бұл хикаяттағы оқиға кезінде тек қана отставкадағы 
бригадирлер болған еді».
Төмендегі «Барышня-крестьянка» повесінің үзіндісінде реалий- 
ді (шынайылыцты) абстракт-энциклопедиялык, (дерексіз энцикло­
педиялык,) және контекстуалды бағытта түсіндіру тәсілі қызықты 
берілген: «В молодости своей служил он в гвардии, вышел в отстав­
ку в начале 1797 года, уехал в свою деревню, и с тех пор оттуда не 
выезжал» (Ол жас шағында гвардияда қызмет етті, 1797 жылдың 
басында отставкаға шығып, деревнясына кетті. Ол содан бері де- 
ревнядан шыққан жок,).
Мәскеулік комментарий оқырманға 1797 жылдың шынайы та- 
рихи оқиғалары жайында энциклопедиялык, мәліметтердің біразын 
ұсынып отыр. Бірақ бұл мәліметтер повесть мазмұнымен мүлдем 
сәйкес келмейді: «resigned his commission in early 1797, i. e. after the 
death of Catherine II and the accession of Paul I, who took a hostile 
attitude to Catherine's Guard and started reorganising the Russian army 
in the Prussian manner [1797 жылдың басында, яғни II Екатеринаның 
қазасынан кейін және Екатеринаның гвардиясына өшпенділікпен 
қарап, орыс армиясына Пруссия мәнерінде өзгерістер енгізуді қолға 
алған I Павел таққа отырған кезінде отставкаға кетті].
118


Оксфордтык, комментарий керісінше, оқырманға шынайы та- 
рихи мәселелер жөнінде жеткілікті деңгейде мәлімет бермейді, 
онда Иван Петрович Берестовтың мінез-құлқы мен сипатын түсін- 
діруге басты назар аударылады: «Berestov, therefore, belonged 
to those officers, fairly large number, who did not hold with the 
reorganisation of the army undertaken by Paul I and had left the 
service in 1797 [Берестов I Павел қолға алған армиядағы өзгеріс- 
терге ңарсы көптеген офицердің бірі болды, сол себепті де 1797 
жылы қызметтен кетті]».
Егер оксфордтық комментарий Иван Петрович Берестовті - өз 
принципі бар, орыс армиясындағы өзгерістерді қабылдамаған 
(мәскеулік комментарий бойынша, пруссиялык, мәнерде), патри­
от, әскери мансабын құрбандыққа шалушы ретінде сипаттаса, ка- 
лифорниялык, комментарий мүлдем басқа образды бейнелейді: 
«After the death of Catherine II in November, 1796, her successor Paul 
I dismissed many of the people, especially officers of the Guards who 
had surrounded her [II Екатеринаның қазасынан кейін, 1796 жылдың 
ңарашасында оның мұрагері I Павел көптеген адамды қызметінен 
шеттетті, әсіресе оның (II Екатеринаның) айналасындағы гвардия- 
лык, офицерлер лауазымдарынан айрылды]». Калифорниялык, 
комментарийдің түсініктемесінде Берестов наразылык, ретінде 
қызметінен өзі кеткен жоқ, керісінше, Екатеринаны жақтаушы- 
лардан құтылуды мандат еткен I Павел оны жұмыстан шығарып 
жіберді.
Осы үш комментарий: уақыт, мекен, оқиға барысы немесе а- 
тауы жайында объективті мәліметтер беретін нақты энциклопедия- 
лық және шынайылық пен автордың идеялық-көркемдік ойымен 
арадағы байланысты тереңдете, әрі аша түсетін контекстуалды-ба- 
ғыттық қос мезеттің өзара сәйкесуі қаншалықты маңызды екенінің 
көрнекі мысалы.
Демек, классикалыңтуындының комментаторы жоғары білімді, 
өзі сипаттап отырған дәуірдің мәдениеті, тұрмысы, салт-санасы, 
ырым-жоралғылары жайында мейлінше мол мағлұматты білетін, 
автордың өмірбаянын бүге-шігесіне дейін оқыған, ол туралы сыни 
әдебиетті, оныңхаттары мен күнделіктерін, шимай-шатпағына дей- 
ін зерттеген т.с.с адам болуы тиіс. Сонда ғана ол «сөйлемдер ара- 
сынан» автордың нені меңзегенін, аллюзиялар, реминисценция- 
ларды көре алады және оқырманға жеткізе алады.
Көркем туындыда берілмеген нақты деректерге түсінік беру 
өте қиын және бұл комментатордың эрудициясы мен абыройын да 
ерекше танытады.
119




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет