қасиеттерді, мэнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мэн ретінде калыптаскан ұғым. Шындап келгенде, құдай деп жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялык жэне және психологиялык бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп карау тек абстракцияда ғана мүмкін. Сондыктан, Кант пен Гегельдің адамды рухани кұбылыс ретінде караулары негізсіз. Жан мен тэн, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тэн өлгенде жан да өз өмірін тоқтады. Адамның мэні - ақыл- ой, жігер, жүрек (жан мағынасында) жэне физиологиялык процестерге жатпайтын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұймдасу кабілетімен тығыз байланысты. Адам - табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондыктан оны табиғаттан бөліп карауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатгы зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. “о дүниеде” калай жаксы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, “осы дүниеде” қалай жаксы өмір сүруге болатын жолдарды іздестірулері керек. Осындай жақсылыкка апаратын жол, кұдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах. Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам акыл-ойы объективті нактьшықты дұрьгс бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаудың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру. XIX ғасырдың ортасына буржуазиялык революциялар артта қалып, Еуропа елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар: буржуазия жэне жұмысшылар келді. Бұл кезең жас буржуазияның капитал корын жасау жолында қоғамда калыптаскан дәстүр, әдет-ғұрып,