Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Ән-кй сапары» кітабынан. А. 1976



Pdf көрінісі
бет4/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

 («Ән-кй сапары» кітабынан. А. 1976).


11
Серке ОЖАМ6ЛОВ
АСА ӘНШІ ӘМІРЕ
...Әміренің өзін көруден бұрын алдымен атына, атағына 
әбден қанық болатынбыз. «Семейден шыққан Әміре деген 
әнші сонау Еуропаға, Парижге барып келіпті, жер жиһанның 
сол өнер жарысында екінші бәйгені алып келіпті, дауысы 
ғажап екен» деген сөз ауыздан-ауызға тарап, Әміре аты аңызға 
айнала бастаған, алғашқы қазақ газеттері оның Париж сапары 
туралы жарыса жазып жатқан шақта, яғни 1925 жылы, 
Әміренің өзін көрудің де сәті түсті. Халық Комиссариаты 
қазақ театрын ашуға қаулы қабылдап, арнайы шақыртқан 
соң келсем, онда Иса Байзақов отыр екен, кешікпей Әміре де 
келді. Жанында әйелі бар. Алғашқы жүздескеннен кейін-ақ 
өзін жоғары ұстамай, Парижге барғандағы әңгімелерін айтып 
отырды. Бұл сапарға оны РСФСР Халық ағарту комиссары 
Анатолий Васильевич Луначарскийдің екі рет телеграмма 
жолдап, арнайы шақыртқаны газет оқырмандарына, әрине, 
жақсы белгілі. Луначарский, тіпті, Әміренің домбырасын да 
қайта жасатып беріпті. Қолындағысы үні жақсы болғанымен, 
сырт көзге қораштау екен, Луначарский: «Мына домбырамен 
бару ыңғайсыз. Ондағы жұрт жас Совет өкіметінің әр 
қадамына сын көзбен қарайды, мен шеберлерге айтайын, 
дәл осындай домбыра жасап берсін», – депті. «Кешікпей-
ақ пернесіне перне қосылмаған, әдемі ағаштан шабылған, 
кәдімгі қазақтың қара домбырасын алып келді, тартсам 
күмбірлеп тұр, бұрынғысынан да жақсара түскен», – деді 
Әміре сол кездесуде. Ол домбыра қазір Қазақ ССР Орталық 
музейінде сақтаулы тұр.
Көп ұзамай өзіміз талайдан аңсап жүрген дауысты, 
Әміренің әйгілі даусын күн сайын ести алатын болдық. 
Әміре салған әндердің әсерін айтып жеткізу, меніңше, 
мүмкін емес. Ғасырларда ғана қайталанар, бүтін бір халыққа 
табиғаттың тартуындай, сирек сыйындай саналуға тиіс 
бұл дауыс сезімінде сәулесі, көкірегінде көзі бар адамды 
бейтарап қалдыра алмайды. Музыкалық тілде жоғары тенор 
деп аталатын Әміре дауысының мөлдір тазалығы, мінсіз 
сұлулығы туралы таңдана, тамсана айтылған пікірлер көп. 
Соның бәрі рас. Расында да, Әміре қай әнді орындаса да 


12
әуен-сазды ақындық зердемен сезіп, сырлы сөзді әншілік 
жүрекпен жеткізетін. Мен Әміре әншіліктің ақыны да, артисі 
де еді дегім келеді. Ән әуенін соншама сергек сезініп, терең 
түсінуіне, ой көкірегінде қорытып алған өзіндік әсерін сұлу 
да асқақ дауысымен жан жүрекке жеткізуіне оның актерлігі 
де керемет көмектесетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет