Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«=стаздарым – достарым» кітабынан



Pdf көрінісі
бет9/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(«=стаздарым – достарым» кітабынан
А. «Жалын», 1976 ж.)
апан БАДЫРОВ
АЛ*АШЫ ТОПА Т=СУІМ
Астанамыз Орынбор қаласынан 1925 жылы Ақмешітке 
көшіп, көп мекемелер кетіп жатқан мезгіл еді. Институтта 
оқу жылы аяқталып, елге қайтуға асығып жүрміз.
Орталықтың Ақмешітке көшуіне байланысты онда үлкен 
съезд шақырылып, оған бүкіл республикамыздан қонақтар 
барды. Бұрынғы Ақмешіт аты өзгеріп, жаңа астанамызды 
«Қызылорда» деп атапты дегенді сырттан естиміз.
Осы мерекеге арнап шақырылған қонақтар Қажымұқан 
Мұңайтпасов, Әміре Қашаубаевтар Семейге бара жатып, 
Орынбордағы тамыр-таныстарына жолшыбай соқты. Біздің 
де оқу бітіп, демалысқа елге жүруге жиналып-түйінген 
кезіміз.
– Цирк палуаны Қажымұқан келді. Францияда бәйге 
ал 
ған атақты әнші Әміре Қашаубаев келді, - деген хабар 
дүңк ете қалды. Бұларды бұрын сырт естуіміз болмаса,
анық білмейміз, көруге сондай құмармыз. Жұрт аяғы сая-
бырланып, қалың ел тарап жайласқаннан кейін қысыла, 
ұяла отырып, тәуекелге бел байлап, танысуға рұқсат сұрап


25
олар асханада отыр екен, жетіп бардық. Бала демей, біздерді 
Әміре орнынан тұрып қарсы алды да, екі қолымен бірдей 
қолдасып амандасты. Столды кеңейтіп отырды. Ананы да, 
мынаны да әкел деп үстемелеп официантқа әмірді беріп 
жатыр. Қажымұқан сол кезде елуге келген болса керек. 
Қажымұқан отырған орнында көп қимылы жоқ, алып 
тұлғалы, басы денеге біткендей, қозғалмайтын, тек жан-
жақты көзбен шолып қарайтын адам екен. Шашын тақырлап 
алып тастаған, маңдайы жарты қарыс, қалың қабағы 
көзін жапқандай, дүрдиген жоғары ернін қою қара мұрты 
жауып тұр. Саусақтары салалы, өзінің жуандығына құшақ 
жетпес, бірақ оған орай, бойы биік болғандықтан, қарны 
байқалмайды. 
Таудай Қажымұқанның қасында қаршығадай боп лып-
лып етіп Әміре жүр. Әміре қасқа маңдайы жарқыраған, екі 
шекесі торсықтай, аузы үлкен, пісте мұрын, мойны қысқа, 
толықша кісі көрінеді.
Атақ-даңқы айдай әлемге әйгілі екі алыптың мінез-
қылықтары бізге жағып барады. Ұната сүйсініп, таң-тамаша 
болып аузымызды ашып, қарап қалыппыз. Қызылордада 
өткен съезд жайын сұрап, жаңа астанамыздың қаласын, 
оның елін, жерін сұрап жатырмыз жамырасып... Әміре бәрін 
тәптіштеп айтып берді. Қажымұқанда көп сөз жоқ. Анда-
санда Әмірені тоқтатып, бірлі-жарым сөзді көлденеңнен 
қойып қалады. Сөйтіп, өзіміздің балалық албырт шағымызда 
ананы да, мынаны да көруге, естуге құмар, ынтық күнімізде 
қазақ халқының аттары аңызға айналған екі ардагер ұлы 
Қажымұқан Мұңайтпасов және Әміре Қашаубаевпен осылай 
танысып едік...
Қандай үлкен спектакль қойсақ та, артынан өлең 
айтылмаса, жұрт риза болмайтын, тарамайтын. Концерттің 
бір салмағы Әміре мен Исаның мойнында. Бұларға Елубай 
еретін, Құрманбек қосылатын, ескіні түйреуішпен түйреп, 
қызын ұзата алмай бұзауын қасқырға жегізіп Қалыбек 
түспейтін сахнадан. Артистердің қалған көпшілігі түгелдей 
хорға қатысады. Концерт бөліміне арнап жаңа ән-күй 
даярлайтын бізде маман композиторлардың жоқ кезі, 
әркімнің қашаннан білетін, айтып келе жатқан меншікті 
өлеңі бар. Ешбір даярлықтың, үйреніп жаттығудың керегі 
жоқ. Сахнаға жаңа тақырып, жаңа өлең, жаңа тақпақ, жаңа 


26
әнді концерттің құдайы Иса әкелуші еді. Осындай сауық 
кештерінің ажары, сәні де, думанды жиынның көркі де 
Әміре мен Иса еді ғой. Асыра айтқан болмас, тап ол күндерде 
қазақ көркемөнерінде бұл екеуі көлде жүзген аққу-қаздай 
еді. Бұлардың ол күндегі қадір-қасиеттері, қалың көпшілік 
алдындағы беделдері керемет. Бірі - атағы жер жүзіне әйгілі 
әнші, Совет елі атынан Парижге барып, үлкен дүбір, бәсеке 
жарыста басқаларға жол бермей, жүлде алып, қазақ әнін 
жүз құбылтып, мың түрлендіре салған майталман-шебер, 
халқының көлдей алғысы мен сүйіспеншілігіне бөленген 
Әміре Қашаубаев. Екіншісі – оның серігі, жалынды сөздің 
пірі, сүрінбес шешен, өнер көгінде қалықтап ұшқан ақиық, 
телегей-теңіз ақын, әрі әнші, әрі артист Иса Байзақов. Бұлар 
сахнаға шыққанда театр алдындағы ел қуанышын айтудың 
өзі үлкен бір ғанибет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет