Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


кй атасы – "рманазы, ән атасы - Әміре деген пікірді



Pdf көрінісі
бет6/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

кй атасы – "рманазы, ән атасы - Әміре деген пікірді 
аиаттыына ден ойан жөн. Халқымыздың әншілік 
өнерінің шырқау шыңы - Әміре Қашаубаев шығармашылығы
– ұлттық мәдениетіміздің аса бағалы бөлігі, мәңгілік игілігі.
(«Социалистік азастан», 2 тамыз, 1978 ж.)


14
алыбек УАНЫШБАЕВ
ЕСТЕЛІК
1924 жылы ақпан айында Семейде бір облыстың 
жиылысы болды. Ол кезде Павлодар, Қарқаралы, Өскемен, 
Баян – бәрі бір-ақ облыс болатын. Сол жиылыста павлодарлық 
Майра, Әміре Қашаубаев та болады деп естіп, Қарқаралыдан 
Қали Байжанов барған. Бұлардан басқа, әр жерден талай 
әншілер барған болатын. Бұлардың бәрінің жиналатын 
себебі бар. Сол жиылыста ылғи әншілерді бірімен-бірін 
әнмен айтыстырамыз, қай озғанына бәйге береміз деп, облыс 
басшылары жан-жаққа хабарлаған көрінеді.
Сол жиылыста мен де болған едім. Әмірені бұрын көрген 
жоқпын. Бірақ, Әміре – даңқы ертерек шыққан әнші. Көптен-
ақ дақпыртын сырттан білетінбіз. Ол кезде ірі әншілердің аты 
аталғанда, Әміре алдымен ауызға түсетін. Әміренің бірсыпыра 
әндерін Семейден Қарқаралыға Жақыпбек жеткізіп жүрген 
кезі. Осы жолы Семейге барғанымда, жолым болып қайттым. 
Өйткені, ұзын құлақтан естіген Әміренің әнін өз құлағыммен 
естідім. Жиылысқа уәкіл боп бармаған кісіге орын тие қоя 
ма. Семейдің осы күнгі облыстық театрында, арт жағында 
сығылысып отырып, ән тыңдадық. Әншілер бірінен соң бірі 
шығып, қол соқтырып жатыр. Қай-қайсысы болса да, өзінше 
дәрмендімін, дәндімін дегендері, менен асқанын көрермін 
дейтін бұрыннан бар әдет қой. Бірақ, кімнің қандай екенін 
халық айырады. Әншілердің бірсыпырасы тоқтап қалды. 
Аяқтап келгенде, екі әнші қалды. Бұл екеуі Әміре мен Қали 
еді. Тыңдаған халық та қажымады, екі әнші де барын аяған 
жоқ. 
Әміре мен Қали екеуі кезек-кезек айтысты. Жұрт екеуін 
екі жақтан қолтықтап, шала бүліністі. Қыза-қыза сахнадан 
шықпай, екеуі екі орындыққа отырып алып айтысты. 
Домбыра, гармонь екеуінің қолында кезек-кезек сайрады. 
Тіпті, әрі-беріден соң екеуі бір әнді кезек айтатын болды. 
Анық сынасарлық жер осы болды. Бірақ, ел екі жақ боп, 
Семейдің көпшілігі Әміре айтқанда ду қол шапалақтап, 
Әмірелеп айқайлап, ызы-шу, қым-қуыт болады да, Қали 
айтқанда Қарқаралы, Павлодар, Баяннан барғандар жан-
тәнімен қошеметтейді.


15
Бірсыпыра жұрт өзімшілдікке салынып, босқа өзеуреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет