ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық жұмысымыздың нәтижесінде, қойылған мақсат-
міндеттеріміз орындалды. Қазақ мақал-мәтелдері және Мәшһүр-Жүсіп
жазбаларындағы қазақ мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу жағдайы
сараланды, ақын жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі орнын айқындадық.
М.Ж.Көпейұлы жинаған мақал-мәтелдердің маңызын анықтадық, Мәшһүр-
Жүсіп қазақ мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу жағдайын, жариялануын,
жиналу мәселелерін, зерттелуін қарастырдық. М.Ж.Көпейұлының жинаған
мақал-мәтелдерін топтастырдық. Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен
арақатынасын айқындадық. Адамзат баласының есін біліп, оңы мен солын
танығаннан бергі бүкіл тіршілігі өзінің жер бетіндегілердің ішіндегі ең естияр,
ең бір салалы жаратылыс иесі екенін дәлелдеуге сарп етумен келе жатқан
сияқты әсер қалдырады. Өйткені небір асылдар мен асқақтарды көріп,
оңайлықпен анау-мынауға таңданбайтын, атақты сарайлар мен мұнаралар,
бағзы замандардағы ата-бабалардың зердесі мен зейінінің куәлік-
құжаттарындай әр қилы сипатта жер шарының әр аймағынан ұшырасатын
ескерткіш-жәдігерліктер саналы жанды қай кезде де ұшы-қиырсыз қалың
ойдың иіріміне жетектемей тұрмайды. Сондай-ақ, арғы-бергі дәуірдің
пайғамбарлары мен сахабаларының тірлік кешкен заманынан бүгінгі күннің
әңгімесі секілді сыр шертетін аңыздар мен мифтер, әр қилы кезеңнің әр-алуан
оқиғаларының сұлбасы айшықталған ерлік жырлары, қоғамдық даму мен
ұлттық болмыстың барометрі секілді мақал мен мәтелдердің діттеп айтар ой-
түйіндері бұрынғыларды қалай толғандырса, бүгінгілерді де солай тебірентіп,
ойға түсіреді.
Қалың қазақтың қордалы топырағында өстік. Ес білгеннен өлең сөздің,
ертегі-жырдың, аңыз-дастанның бесігінде тербелдік. Тұтас романдарға арқау
боларлық оқиғаларды апталар бойы айтатын жағы талмас әңгімешілерді,
тарихи деректерді жіпке тізіп, ру-тайпалардың жік-жігіне ажыратып, мыңдаған
адамдардың есімін жатқа соғатын зеректігінде шек жоқ шежірешілерді көрдік.
Ұзақ сонар, көл-көсір хикаятты, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінмен, мақал-
мәтелмен шегелеп бітіруші еді. Мақал-мәтелдер халық қазынасының мол
байлығы. Мақал-мәтелдер қай ғасырда болмасын өзінің маңыздылығын еш
жоймайды.
Қазақ мақал-мәтелдері – сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар
бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам,
70
көркем, шебер, дәл, терең, астарлы мінезі, тағдыры; табиғат, ғарыш, оның
толып жатқан құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық,
махаббат пен ғадауат, достық пен дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен
өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек – осы алуандас құбылыстар, түйіп
айтқанда адам баласына қатысты мың сан көкейкесті сұраулардың
диалектикалық шешімі бар.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп
Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына
қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ
уақытпен қажымас ізденуді қажет ететіні белгілі. Себебі мақал-мәтелдер дайын
күйінде жеке дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не
қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру
керектігі аян. Осы тұрғыдан келгенде Мәшһүр-Жүсіптің қазақ мақал-мәтелдерін
көптеп жинағанын қолжазба қорынан аңғарамыз. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
жинаған қазақ мақал-мәтелдері тақырыптық жағынан болсын, тәрбиелік,
өнегелік жағынан болсын маңызды. Осындай ұлы ғұламамыздың
қолжазбасынан алынған мақал-мәтелдер қазіргі таңда «Қазақ мақал-мәтелдері»
деген атпен шығатын кітаптарда жиі кездеседі. Бірақ, өкінішке орай кейбір
материалдарда Мәшһүр-Жүсіптен алғаны еш көрсетілмей келгенін үлкен
қынжылыспен атап айтқымыз келеді.
Сайып келгенде, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жинаған қазақ мақал-мәтелдерінің
сөз өнерінде алатын орны ерекше. Себебі мақал-мәтел – бейнелі сөз,
тапқырлық, даналық сөз. Мақал-мәтел – көлемі нұсқа, тілі ұста, құрылысы
тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, керекті кезінде
қынаптан қылыш суырғандай жаңғыртуға, пайдалануға оңтайлы.
Мақал-мәтел – халықтың көп жылдың, сан ғасырлық көрген-білгенінен,
бастан кешкенінен қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы; табиғатта,
өмірде үнемі болып, қайталап тұратын уақиғалармен, құбылыстармен
байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мақал-мәтелдер – әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол -
өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құраған балаң кезінен
алып, ғасырлар бойы еленіп-екшеліп, сұрыпталып, толассыз толығып келе
жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мирасы.
Қорыта айтқанда, белгілі қазақ фольклортанушысы Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлының мақал-мәтелдерін арнайы зерттеудің мәні өте зор.
71
|