А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Ағайын аразынан ақсайды, Ат турасынан ақсайды.  Ағайын



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
А. О. Искакова «М шh р-Ж сіп К пеев шы армаларында ы ма ал-м тел

Ағайын аразынан ақсайды,
Ат турасынан ақсайды. 
Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды.
Ағайынға қадірім жоқ, бетімді көреді, 
Қатынға қадірім жоқ, етімді көреді. 
Ағайынның азары болса, безері болмайды.
55


Ағам – алғанша,
Жеңгем – жегенше» 

6,40 б.

«Атадан алтау тусаң, бір жалғыздық. 
Атадан бала астым десе,
Баптан (бастан) төмен туады 

6, 45 б.

«Атадан ұл туса игі, 
Ата жолын қуса игі.
Ата жолын қумаса,
Бәрінен де жоғы игі! 
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын
Аталасым атқа мін, 
Атасы басқа, аттан түс. 
Аталы ұлдың кісесі басқа, 
Биелі ұлдың боқшасы басқа.
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әзірейіл малға ортақ. 
Атаң да болса, бір жолдас,
Қатының да болса, бір ойнас.
Атаң өлсе, қойылар,
Атан өлсе сойылар. 
Атаң өлсе, өлсін,
Атаңды көрген өлмесін» 

6, 46 б.

«Бар ағайын пәтуада болмас,
Жоқ ағайын сатуда болмас» 

6, 51 б.

.
«Төркіні жақынның – төсегі жиылмас» 

6, 90 б.

. 
Ел, халық туралы мақал-мәтелдер саны он бір.
«Ел алмаған елу жыл – елу жыл жатады.
56


Ел даусыз болмайды,
Тау құрсыз болмайды. 
Ел жиіде - кедей тоқ.
«Ел көшті, жау жетті!»-деп. 
Ел қонбай, ит тынбайды. 
Ел - тозығы жетер - сөзден азар,
Ер - тозығы жетер - көзден азар. 
Ел - ұрысыз, 
Тау бөрісіз болмайды. 
Елден кетсе де, ерден кетпейді. 
Елдің жайлауында,
Биенің байлауында» 

6, 57 б.

«Елу жылда – ел жаңа,
Жүз жылда - қазан жаңа
Елің қосқандай болсын,
Алашың туысқандай болсын» 

6, 58 б.

Ақылды, ақымақ туралы мақал-мәтелдер саны он. Осы тақырыпта
жазылған мақал-мәтелдерде ақылды мен ақымақ адамның қандай болатыны
жайлы айтылады.
«Ақыл -білім азығы,
Білім - ырыс қазығы. 
Ақыл жастан шығады, 
Асыл тастан шығады. 
Ақыл жас ұланнан шығады, 
Жүйрік тай-құнаннан шығады.
Ақыл – малда, 
Көрік - көмейде.
Ақылсыз бас-аяқтың әлегі.
Ақылы жоқ, 
57


Бос белбеу ұрыншақ келеді
Ақылы жоқтың – жақыны жоқ.
Ақымақ достан – ақылды дұшпан артық
Ақымаққа – тоқпақ,
Аюға намаз үйреткен – таяқ.
Ақымақтың тізгіні - 
Құлағында болады.
Ақылдының тізгіні -
Кеудесінде болады» 

6, 42 б.

. 
Жақсы, жаман туралы мақал-мәтелдер Мәшһүр-Жүсіп жинаған қазақ
мақал-мәтетелдерінде кездеседі.Олардың жалпы саны жиырма.
«Жақсы ат -
Есен болмаса, бейнет тіптен.
Жақсы әйел - 
Жаман еркектің басын хан қылады. 
Жаман әйел - 
Жақсы еркектің басын даң қылады.
Жақсы әке-қырық жыл азық
Жақсы бастар, жаман қостар.
Жақсы болсаң, жердей бол -
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң, судай бол -
Бәрін жуып кетірген. 
Жақсы - жаманның азығы, 
Өлі-тірінің азығы. 
Жақсы жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» 

6, 60 б.

«Жақсы – көргенін айтады, 
Жаман – бергенін айтады. 
58


Жақсы кісі аттан құласа,
Жаман кісі табашы болады. 
Жақсы лепес – жарым ырыс. 
Жақсы мал – жан садағасы. 
Жақсы мен жаманның жаны бірдей,
Арық пен семіздің бауыры бірдей 
Жақсы сөз - жанның азығы. 
Жақсы сөзге жан семіреді. 
Жақсыға сөз ереді, 
Жаманға шөп ереді. 
Жақсыда жаттық жоқ. 
Жақсыдан жаман туады -
Бір аяқ асқа алғысыз, 
Жаманнан жақсы туады -
Адам айтса нанғысыз. 
Жақсыдан шарапат,
жаманнан кесепат. 
Жақсымен жолдас болсаң,
жетерсің мұратқа,
жаманмен дос болсаң, 
қаларсың ұятқа» 

6, 61 б.

Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер саны он екі. Осы тақырыпта
жазылған мақал-мәтелдерде байлық пен кедейлікке байланысты тұжырым,
ойлар айтылады.
«Бай байға құда болса,
Арасында жорға жүрер. 
Кедей кедейге құда болса,
арасында дорба жүрер. 
Бір бай кедейге құда болса, 
«Қайдан болдым?!» - деп, зорға жүрер. 
59


Бай байға құяды. 
Өзек өзенге құяды. 
Бай - бай емес
Бірлік - бай. 
Бай - бастас, 
Би - құлақтас.
Бай болсаң, жан - бір алтын: 
Қанша сыласаң көнеді, 
Жарлы болсаң, жан - бір күдері:
Қанша қинасаң, қинауыңа көнеді.
Бай болсаң, 
Торғын орамалмен бетіңді сүрт.
Жарлы болсаң,
Жаныңменен көтіңді сүрт. 
Бай - бір жұттық,
Батыр - бір оқтық. 
Бай төсегі - темір кіс, 
Кедей төсегі - қара кіс.
Бай төсегі - темір пейіш, 
кедей төсегі - қара кебіс. 
Байдың асын байғұс қызғанады. 
Байды малы ардақты, 
Кедейдің жаны ардақты.
Байлық - мұрат емес, 
Жоқтық ұят емес» 

6, 49 б.

Ұры, алаяқ туралы мақал-мәтелдер саны он. 
«Ұрлық қылса, өледі, 
Шөп жесе, қақалады. 
Ұрлық түбі - қорлық.
60


Ұры байымас, сұқ семірмес
Ұры басынып ұрлайды, 
қонақ таңдап қонады. 
Ұры – қарының серігі
Ұры өлгенше: «Ақпын!»-дейді,
Тоқал өлгенше «Нақпын!»-дейді. 
Ұры – түн асқанша, 
Қасқыр - дөң асқанша» 

6, 91 б.

«Ұрының көті қуыс. 
Ұрының өзіне лайық сойылы бар.
Ұрысы күшті болса, Иесі өледі» 

6, 92 б.

.
Аң, ит, құс туралы мақал-мәтелдер саны он тоғыз.
«Аш иттің көтін сұқ ит жалайды. 
Бұралқы ит үнімен жағады. 
Бүркіт алсаң,
Көрінген қызылға талпынып, бармайтынын ал. 
Қатын алсаң,
Көшкенде, жұртыңда қалмайтұғынды ал!» 

6, 53 б.

 
«Еттің бәрі қазы емес. 
Иттің бәрі тазы емес» 

6, 60 б.

 
«Ит балалап сауын болмас.
Ит есекке ет беріпті, 
Есек итке шөп беріпті,
Екеуі де аш қалыпты.
Ит – жеті қазынаның бірі.
Ит жоқта шошқа үреді қораға, 
Би жоқта құл жүреді арада.
61


Ит жүйрігін түлкі сүймейді, 
Ауру кісі күлкі сүймейді. 
Ит итаяғын жаламай тоймайды.
Ит иттігін білдірмей қоймайды.
Ит қарынына сары май жақпайды. 
Ит құрсағы жібісе, жатпайды.
Ит құтырса, иесін қабады. 
Ит – опа,
қатын – жапа
Ит тойса да жалаңдайды,
тоймаса да жалаңдайды.
Ит ұяласынан қорықпайды.
Иттен туған құрмалдыққа жарамайды.
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» 

6, 68 б.

.
Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер саны жиырма шақты болып келеді.
«Жылқы мал – ысқырса, желдікі 
Айдаса, жаудікі.
Жылқы мал кенжелесе, өседі,
Қой көбелесе өседі» 

6, 67 б.

«Қой алдырып, қорасын бекітеді. 
Қой анасы бестен. 
Қой асығы демеңіз,
Қолайыңа жақса, сақа қой!
Жасы кіші демеңіз, 
Ақылы асса аға ғой!» 

6, 75 б.

«Қой аузынан шөп алмас 
62


Қой бітерде қотаншы ит кез болады. 
Қой – ұры, қойшы – өтірікші. 
Қой үстіне торғай жұмыртқалағандай,
жыланмен бала ойнағандай. 
Қойдан қоңыр қойшының қоңыр өгізі.
Қойды шартық,
Елді қортық бүлдіреді.
Лақ маңырай су ішер,
Ұлан жылай күн кешер» 

6, 76 б.

«Өгіз өлмес, арба сынбас. 
Өгіз өрге сүйрейді. 
Өгіз өлдім демес,
Арба сындым демес. 
Сиыр алсаң, танып ал, 
Танымасаң тарғыл ал. 
Сиыр пұл болды,
Қатын би болды. 
Сиыр сары, жылқы тарғыл болмайды. 
Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды. 
Сиыр судан жерісе,
Су сиырдан жериді» 

6, 82 б.

.
Дос, дұшпан туралы мақал-мәтелдер саны сегіз.
«Дос – басқа, дұшпан аяққа қарайды.
Дос болып, ауру болғанша,
Сауда қылып, сау бол! 
Дос жылатып айтады,
63


Дұшпан күлдірте айтады. 
Досын бергеннің тұсына (түсіне) қарама! 
Досың да, дұшпаның да ер болсын. 
Дұшпаннан түк тартса да, пайда» 

6, 56 б.

«Кәпірдің қаласынан сақта, 
Дұшпанның жаласынан сақта» 

6, 69 б.

«Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман» 

6, 43 б.

.
Қонақ, той туралы мақал-мәтелдер саны тоғыз.
«Қонақ бір қонса - құт,
Екі қонса - жұт.
Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырады. 
Қонақ мақтаған нәрсені – 
Қонақ басына сыйласаң, 
Жақын арада
Адам атамыздың жап-жалаңаш қаларсың. 
Қонғанша қонақ ұялады,
Қонған соң, үй иесі ұялады» 

6, 76 б.

«Той дегенде, қу бас домалайды
Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
Тойға барсаң тойып бар
Тойдан татқан – татқан да бір, тойған да бір
Тойдың болғанынан «Болады» - дегені қызық» 

6, 89 б.

64


Қорытындылай келе, осы мысалдарды келтіру арқылы, Мәшhүр Жүсіп
Копеевтің мақал-мәтелдерді адамның қасиеттеріне, туыстық қатынастарға
бөліп, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын, түпкі-ойын жеткізді. Осы бір тоқсан
ауыздың сөздің тобықтай түйіні, демекші, әрбір сөзіне дейін тұнып тұрған
терең ой жатыр десек те қателеспейміз. 
3.2 Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасы
Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары
мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын
мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-
ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін
діни мәтіндерді, нақыл сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе
ұқсас ел арасында кең тараған мақал-мәтелдермен, сөз оралымдармен
салыстыра ұсынып отырмыз. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын
алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте
қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен
сабақтасып жатқандығын білдіреді[47, 13 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет