Хадисте: «Жұмақ – аналардың аяқтарының астында». Қазақ мақалы:
«Жұмақ – ананың аяғының астында». Хадисте: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында». Қазақ мақалы: «Ата-ана разы болмай, Алла разы болмас». Хадисте: «Білім іздену әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз». Қазақ мақал-мәтелдері: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»; «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен»; «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»; «Ақыл азбайды, білім тозбайды». Риуаятта: «Білімді бесіктен табытқа дейін іздеңдер». Қазақ мақал-
мәтелдері: «Білімді тал бесіктен, жер бесікке дейін іздеңдер»; «Жүз жыл өмір сүр, жүз жыл үйрен». Хадисте: «Уа, Алла! Өзіңмен пайдасыз білімнен сақтанамын». Нақыл сөз:
«Амалсыз білім жеміссіз ағаш». Қазақ мақалы: «Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын». 66
Нақыл сөз: «Білім – нұр, надандық – қараңғылық». Қазақ мақалы:
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»; «Білім – гауһар, бағасы жоқ, надандық – кесел, дауасы жоқ». Құран Кәрімде: «(Аяттардан) ақыл иелері ғана үгіт алады». Хадисте:
«Адам дәл ақылдан асқан артықшылыққа ие болған емес. Ақыл иесін тура жолға салады, жамандықтан қайтарады. Ақылы кемелденбейінше пенденің иманы толықпайды, діні түзелмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас»; «Ақыл – адам көрігі, сабыр – ақыл серігі»; «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды»; «Ақыл айнымас, алтын шірімес»; «Ақылдының сөзі – дарияның өзі»; «Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар»; «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді». Хадисте: «Даналық сөз – мүміннің жоғалтқаны, егер тапса, оны алуға басқадан гөрі хақылы». Қазақ мәтелдері: «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез»; «Нақыл сөз – ниеті аққа жақын сөз». Хадисте: «Сөздің сиқырлы күші бар». Қазақ мақал-мәтелдері: «Өнер алды – қызыл тіл»; «Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады»; «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»; «Ақынның тілі қылыштан өткір». Хадисте: «Әрбір мақамның, орынның өз сөзі бар». Қазақ мақал-мәтелдері:
«Орынды айтылған сөз орнына қағылған шегедей»; «Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар»; «Сөз тапқанға қолқа жоқ».