Chilopoda класс тармағының өкілдерінен
басқа барлық көпаяқтылар
зиянсыз. Ірі ерінаяқтылардың, мысалы Scolopendra-ның шағуы аса ауыр
болуы мүмкін.
Классификациясы. Көпаяқтылар класы 4 класс тармағына бөлінеді:
симфилалар - Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар - Chilopoda
және қосжұпаяқтылар немесе кивсяктар - Diplopoda.
СИМФИЛАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SYMPHYLA
Ақ түсті немесе сарғыштау болып келген, ұзындығы 1 см-ге дейін ұсақ
көпаяқтылар,
топырақ арасында, түсіп қалған жапырақтардың, тастардың
астында
тіршілік етеді, шапшаң қозғалады. Мұртшалары жіп тәрізді ұзын,
көпбуынды, үш жұп ауыз аяқтары бар, көздері болмайды. Трахея арқылы
тыныс алады, бір жұп стигмалары бас бөлімінде орналасқан. Жүру аяқтары
12 жұп, ал дене сегменттерінің саны 15-тен 22-ге дейін. Аяқтарының түбінде
өте ұсақ өскіндер (грифелькалар) және томпайып тұратын дорбалары бар.
Осы белгілерімен және ауыз аппараттарының
құрылысымен симфилалар
алғашқы қанатсыз насекомдарға ұқсас. Соңғы тұлға сегментінде жұп
церкалары орналасқан, оның түбінде өрмек безінің тесігі ашылады. Жыныс
жүйесі денесінің алдыңғы бөлімінде орналасып, тесігі тұлғаның үшінші
сегментінде ашылады, тек Polyxenellidae тұқымдасында - жыныс жүйесі
артқы бөлімінде. Даму жолы анаморфоз
ұрықтану кезінде аталықтары
сперматофораларын топыраққа жабыстырып қояды. Аналықтары
сперматофораны аузымен алып, айрықша жақ қалташығына салады да,
жыныс тесігінен шыққан жұмыртқаларын аузында сақтап, сол жерде оларды
ұрықтандырып, содан кейін топыраққа түсіреді. 10 күннен кейін
жұмыртқадан личинка шығады, Scutigerella туысының личинкалары 6 жұп,
ал Hanseniella - 7 жұп аяқты. Ересек түрлері 6 жыл өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: