Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет206/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Тыныс алу жүйесі. Барлық Tracheata сияқты, көпаяқтылар тек трахея 
арқылы тыныс алады. Жоғарыда көрсетілгендей, трахея эктодермальды, 
сыртқы хитиңді кутикула жабыны дененің ішкі жағына қарай ығысып, трахея 
түтікшесінің шоғырын құрайды. Олар ұзына бойы және көлденең орналасқан 
трахея түтіктеріне айналып, олардан тарамдалған жіңішке трахеолалар әрбір 
клетканы, мүшені орап, оларды оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея 
жүйесінің ішкі қабырғалары хитинді сақиналарымен астарлаған, сол 
себептен олар қабыспайды, ауа еркін өтеді. Трахея жүйесі жұп стигмалардан 
немесе тыныс алу тесігінен басталады. Олар тұлға сегменттерінің бүйір 
жағында орналасқан. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттері 
жұптасып қосылғандықтан стигмалары да екі жұпты. Бұлардың 
сегментгерінде бір-біріне қатыссыз және тармақталмаған трахея шоғыры 
жұбымен жатады.
Chilopoda класс тармағының көптеген түрлерінде жұп стигмалары 
сегмент сайын емес, кезектесіп орналасқан, ал Scutigera туысының 
өкілдерінде тек 7 жұп стигмасы болады.
Трахеядағы газ алмасу процесі бұлшықеттердің жиырылып, босаңсуы 
арқылы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді.
Қан айналу жүйесі. Көпаяқтылардың жақсы дамыған жүрегімен қоса, 
перифериялық қан тамырлары да бар. Жүрегі нәзік, мөлдір түтік, ішектің 
үстіңде тұлғаның бойымен бүкіл денесінде созылып жатады. Артқы жағы 
тұйық немесе екі қысқа түтікшеге жалғасқан. Жүрек, дене сегменттеріне 
сәйкес, камераларға бөлінген, әрбір камерада остия деп аталатын екі тесігі 
болады (қақпақшамен ашылып жабылатын). Diplopoda класс тармағыңда, 
сегменттері қосарланғандықтан жүректің бір камерасында екі жұп остиясы 
болады.
Жүрегі миға бағытталған бас аортасына жалғасады. Ерінаяқтылардың 
(Chilopoda) қан айналу жүйесі өте жақсы дамыған, миға бағытталған бас 
аортасынан артерия сақинасы шығып, ол ішекті айналып өтіп, құрсақ нерв 
тізбегінің үстінде ұзына бойы орналасқан құрсақ қан тамырына жалғасады
сондай-ақ жүректің әр камерасынан екі бүйірлік артерия шығады. Жүрек 


ерекше қанат тәрізді бұлшықеттердің көмегімен дененің қабырғасына бекіп 
тұрады. Жүректен шыққан қан тамырлары (бас аортасы, бүйірлік артериялар, 
қосымша артериялар) денеге тарап, кейін үзіледі де, гемолимфа (қан) дене 
қуысына немесе миксоцель (аралас) қуысына құйылады, яғни қан айналу 
жүйесі ашық. Дене қуысынан гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына 
өтіп, одан остия арқылы жүрекке барады. Қанаттәрізді бұлшықеттерінің 
жиырылу нәтижесінде жүрек камералары да жиырылып, гемолимфаны артқы 
жақтан алдына қарай айдайды. Құрсақ қан тамырында гемолимфа қарама-
қарсы бағытта (алдыңғы жақтан артқа қарай) жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет