Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea
Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколекс) төрт
сорғыштары мен кутикулярлы ілмектері бар; денесі көп буынды; жатыны
тұйықталған; дамуы түпкі (негізгі) иесінен аралық иесіне көшу арқылы өтеді;
личинкалары - цистицерк, цистицеркоид, ценур, эхинококк, альвеококк.
Солитерлер отрядына
көптеген тұқымдастары жатады, солардың
ішінде адам мен жануарларға күшті зиян келтіретін үш тұқымдастың
өкілдері: Taeniidae тұқымдасынан Taeniarhynchus saginatus - өгіз солитері,
Taenia
solium - шошқа солитері, Echinococcus granulosus - эхинококк,
Alveococcus multilocularis - альвеококк, Multiceps multiceps - қой мишығы;
Anoplocephalidae
тұқымдасынан
- Moniezia expansa -мониезия;
Hymenolepididae тұқымдасынан - Hymenolepis nana - қортық солитері.
66-сурет. Өгіз солитерінің финнасы: A
- сиыр етінің арасындағы финна; Б - финна
-цистицерк; 1 - сколекс, 2 - мойын, 3 - сұйықтыққа толы көпіршік
67-сурет. Цестодтардың личинкалары: А - цистицерк; Б - ценур; В - эхинококк; Г -
цистицеркоид
Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus) немесе қарусыз цепені.
Басында
тек төрт сорғышы болады, ілмешектерінің және тістерінің
жоқтығынан қарусыз деп аталады. Денесі 1000-нан аса буыннан тұрады,
ұзындығы 18-20 м-ге дейін. Жыныс мүшесі 200-ші буыннан (проглоттидтен)
бастап дамиды.
Пісіп жетілген буындарының ұзындығы 16-30 мм, ені 5-7 мм,
тұйықталған жатын тармақтарының саны 17-35-ке жетеді.
Өгіз солитерінің даму циклі жоғарыда көрсетілген. Ересек түрлері
адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал личинкасы аралық иесі сиырдың
немесе өгіздің ішкі мүшелерінде дамиды. Личинкалары цистицерк типті.
Жұқтыратын ауруы тениаринхоз деп аталады.
Шошқа солитері (Taenia solium) немесе қарулы цепені. Сыртқы дене
пішіні, дене бөлімдері,
құрылысы, даму циклы жағынан өгіз солитеріне
ұқсас. Басында төрт сорғышынан басқа қосымша көптеген ілгектері болады,
осы белгісіне қарай оларды қарулы деп те атайды. Денесі 900-дей буыннан
тұрады, ұзындығы 2-3 м, кейде 6-8 м-ге дейін жетеді. Аналық безі өгіз
солитерініңкідей екі бөлімнен емес, үш бөлімнен тұрады.
Тұйық бітетін
жатын тармақтарының саны 7-12. Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде
тіршілік етеді, ал цистицерк личинкалары аралық иесі шошқаның ішкі
мүшелерінде дамиды. Кейде аралық иесі адам да бола алады. Шошқа
солитерімен ауру адам құсқан кезінде жұмыртқалары қайтадан жұтылып
ішектің ішіне түседі де, онкосфералары қан жолы арқылы ішкі мүшелерге
өтіп (бұлшықеттеріне,
бауырына, өкпесіне, жүрегіне, миына, көзіне),
орналасып қалады. Бұдан пайда болатын цистицеркоз ауруы адам өмірі үшін
өте қауіпті. Ересек түрінің жұқтыратын ауруын тениидоз деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: