Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

«қанаТТалДы» хақынДа
Жүсіпбек Елебеков замандастарына үш жүздей ән білемін, соның 
жетпіс-сексенін еш дайындықсыз айта аламын дейді екен. Әнші 
Жәнібек Кәрменов ағамыз болса, 1984 жылдың қарашасында «Қазақ 
әдебиеті» газетіне жариялаған «Әніңнің жете алмаспыз бұрмасына» атты
мақаласында: «Жүсекең жеті жүзге тарта ән білуші еді», – деп жазып-
ты. Біздің шамалауымызша, Жүсекең өзі айтқандай, үш жүздей ән білген 
сияқты. Оның жетпіс-сексенін дайындықсыз айта аламын деген сөзінің 
де жаны бардай. Өйткені әншінің еліміздің мұрағаттарында сақталған
репертуар қорын (аудиожазбалар) есепке алғанда, жоба қарамы сексенге 
жуық ән болып шықты. 
Қазіргі әншілердің жағдайында 300 ән түгілі, он шақты әнді күтіп, бап-
тап айтып жүрудің өзі оңай дүние емес. Тіпті, сонау ертелі-кеш ән шалқып 
жатқан Әміре заманында да әркез ән тәрбиелеп, үнемі шығармашылық 
қалыпта (формада) жүрудің оңай болмағанын көреміз. Бұған сол кездегі 
әншілердің репертуар қорына үңілгенде көзіміз жете түседі. Мәселен, 
ән қоры аса бай болғанына қарамастан, атақты Әміренің тұрақты 
репертуарының небәрі он шақты әннен құралғанын байқаймыз. Атап 
айтсақ, қай жиында болсын Әміренің ең сүйіп салатын әндері: «Ағаш 
аяқ», «Ардақ», «Көк көбелек», «Балқадиша», «Үш дос», «Жалғыз арша», 
«Гауһар қыз», «Смет», «Бес қарагер», «Дудар-ай» болғанын білеміз. 
Әншілер Қали Байжанов пен Майра Уәлиқызы да А.В.Затаевичке 11–13 
әннен жаздырған. Осы мысалдарға қарап, айтулы деген әншілеріміздің 
үкілеп баптап топқа салар әндерінің жиын саны 15–20-дан аса қоймаға-
нын аңғарамыз. 
Жетпіс-сексен әнді дайындықсыз, бірден айтып кете аламын деген
сөзінен Жүсекеңнің әншілік қуаты, даусының тегеурін күші көрінгендей. 
Ал, енді, келісті орта болып, есті тыңдарман қолқа салып жатса, 
Жүсекеңнің сол үш жүз әнді таңды таңға ұрып айтатындығы еш күмән 
тудырмайды. Ертедегі әншілердің барлығы да солай болған. Мәселен, 
Біржан сал, Үкілі Ыбырай заманының ән дүлдүлдері бірнеше күнге дейін 
шалдықпай шырқайтын болған деседі. Десек те, ХХ ғасырдың басын-
да большевиктер билігі орнасымен, қазақ халқын отырықшы тіршілікке 
күштеп көшіруге байланысты бұрынғы көшпелі еркін жұрт енді уақытпен 
жүріп-тұратын болды. Осы тұста әнші-күйшілердің де репертуарының 
қысқара бастағанын көреміз. Ел уақытпен санасатын болды, баяғыдай
киіз үйдің іргесін түріп қойып, апталап жатып ән шырқап, жыр шалқытып, 
күй тыңдайтын заман келмеске кетті. Оның үстіне, отызыншы жылдар- 


84
85
дан бастап, драма театрлардың, филармониялардың пайда болуымен 
мәдениет ошақтарында қойылатын концерттердің ұзақтығы белгілі
уақыт дәргейіне бағындырылды. Мәселен, академиялық концерттердің 
ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан аспауы тиіс дегендей. Осындай концерт-
терде домбырамен айтатын әншілер көп болса екі-үш ән айтатын, болма-
са көбіне-көп жалғыз әнмен шектелетін. Мұның ақиқатына отызыншы-
қырқыншы жылдардағы Жүсекеңнің концерттік репертуарын саралай
келе көз жеткіздік. Ол заманда тура қазіргі кездегідей домбыраға кәдім-
гідей шектеу қойылғанын, басты басымдық еуропалық өнер түрлеріне 
(классикалық музыка) берілгенін аңғарамыз. Тек ол кезде көбінесе 
еуропалық өнер мен орыс музыкасына көбірек көңіл бөлінсе, бұл заманда 
батыстық тобырлық мәдениетке (эстрада, рок, поп музыка т.б.) басымдық 
беріліп келе жатқаны жасырын емес.
Осындай қолдан жасалған шектеушіліктер өнерпаздардың репер-
туар қорының жұтаң тартуына әкеп соқтырды. Бұрынғыдай жиын- 
тойларда жүздеген әнді күні-түні шырқап салар заман өтіп кетті. Әншілер 
бар болғаны он, жиырма әннің төңірегін шиырлап қалды. Жүсекең, бұл 
жағдайды тіпті, мойындаған да тәрізді. Бұны Хабиба Елебекованың 
естелігінен байқаймыз. «Жүсекең үш жүзден астам ән білем деуші еді.
Сол әндердің жүзге тартасын айтып жүретін. «Студияға барып сабақ 
беруімнің айтылмай жүрген әндерді қайта қарап жаңғыр-туыма үлкен 
пайдасы тиді», – дейтін еді»
34
. Яғни, Жүсекең студияда ұстаздық еткен 
жылдарында ел есінен шығып, жоғалып, өшуге айналған, өз жадында да 
көмескі тартып, ұмытыла бастаған әндерді шәкірттеріне үйретіп қалдыру 
мақсатында қайта жаңғыртқанын көреміз. Әнші-ұстаз бұл мақсатына 
жетті де. Мәселен, әнші Жәнібек Кәрменов Жүсекеңнен үш жүзден аса ән 
үйренгенін айтады. Тағы бір шәкірті Қайрат Байбосыновтың бұл күндегі 
репертуар қорының 500-ден астам әнді құрауы – осының айғағы. Әрине, 
оның 100-ге жуығы өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарына 
тиесілі. Осы жылдары музыка зертеуші Илья Жақанов пен Қайрат Бай-
босынов ағаларымыздың сал-серілердің айтылмай жүрген көптеген 
әндерін ел арасынан іздеп тауып, қайыра жарыққа шығарғандары белгілі. 
Сондай-ақ, Қайрат әншінің жаңа заман композиторларының да ондаған 
шығармаларын орындағанын білеміз. 
Ал, енді, Ж.Елебеков қай әндерді сүйіп айтқан дегенде, біздің есімізге 
алдымен түсетіні – «Қанатталды». Аталмыш ән Жүсекеңнің ең сүйіп
салған әні болуымен қатар, әлі күнге дейін басынан дау арылмай келе 
34
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 309-б.
жатқан шығармаларының бірі. Сондықтан осы еңбегімізде «Қанатталды» 
тарихына арнайы тоқталып, ән жайындағы азды-көпті деректерді саралай 
келе, өз байламымызды айтпақшымыз. Әйтпесе, жылдар жылжып өткен 
сайын «Қанатталдыға» «жиендік» жасаушылар көбейіп барады. Біздің 
мақсат: атағынан ат үркетін «аузы дуалы» зерттеушілердің ешқайсының 
«абырой», беделіне» қарамай, даулы ән турасындағы шындықтың бетін 
ашып, әділін айту. Сонымен, аталмыш ән жөніндегі аңыз бен ақиқатты 
ажыратуға, ең бастысы, «Қанатталдының» кімнің әні екендігін анықтауға 
талап қылып, талпынып көрейік. Алдымен «Қанатталдыға», оны келістіре 
шырқаған Жүсіпбектің әншілік шеберлігіне музыкатанушылар мен 
өнер, әдебиет қайраткерлері тарапынан берілген бағалауларға, мақтау, 
мадақтауларға аз-кем тоқтала кетейік. 
«Әлемге Сіз ұшырған «Қанатталды, Секілді әлі күнге әннің алды», –
деп Қазақстанның халық артисі, ақын Шахан Мусин жырлағандай, 
Жүсіпбектің орындауындағы «Қанатталды» – өз заманының шын мәнін-
дегі әнінің туы болды. Бұған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Жүсіпбек, 
сен осы «Қанатталды» әнімен өнердің ең жоғарғы сатысына көтерілгей-
сің. Сен бұдан кейін де талай жақсы ән айтарсың. Бірақ «Қанатталды» 
әні өзінің әсемдігі мен мінсіз нәзіктігі жағынан бәрінен де асып тұрар», –
деген сөзін еске алсақ, «Қанатталды» әні мен Жүсіпбектің әншілігіне 
берілген бағаның нарқы арта түспек
35

Ал, кәсіби музыкатанушы Ахмет Жұбанов болса, өткен ғасырдың
сонау отызыншы жылдары Жүсіпбек салған «Қанатталдыға» төмендегі-
дей баға беріп қалдырған: «Көрушілердің психологиясын жақсы зерт-
теген концерт жүргізуші бұрынғыдан бетер қыздырып, әншіні басын 
изей шақырып тұр. Кәнігі әртістердей қайта-қайта шығып кетіп қалып 
халықты сарылтпай, Жүсіпбек сахнаға қайта келіп, үстелінің жанында 
концерт жүргізушімен сыбырласты. «Бұл қысқа ғана өндіріс мәжілісі» 
деп жүргізуші халықты тағы бір күлдіріп алды. Жүсіпбек отырар-отыр-
мастан жан-жақтан «Қанатталды, Қанатталды» деген дауыстар шықты. 
«Айтқандарың болсын!» – дегендей әнші басын изеді де, домбырасын 
басқа тонға түсіруге бұрай бастады. Біз сияқты «есту әділдігін» камер-
тонға тапсырған адамдарға Жүсіпбектің оп-оңай өзіне керекті тонды
тауып алуы таңқалдырды. Әншінің есту дәрежесі жоғарғы сатыда тұрға-
нын дәлелдеді. «Қанатталды» алдында әннің контекстінде бар ма, жоқ, 
кейін орындаушылар қосты ма, жоғарғы нотаны айғайлап алу бар екен. Со-
дан кейін ғана әннің өзі басталады екен. Ән «Сұржекейден» өзге (осының 
35
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 127-б.


86
87
алдында ғана Ж.Елебеков «Сұржекейді» орындаған болатын. – Е.Т.), бір-
ден жоғарғы регистрден басталды. Мұнда салған жерден үлкен толқу –
тынышсыздық, серпінді ішкі қозғалыс бар. Өлең шумағының алдыңғы 
екі жолы бойы тынбастан толқын атқан дыбыс дауылы, үшінші жолдың 
басында басталғандай болып, бірақ тағы жоғары тырмысады. Алдыңғы 
аласұрудан шаршаған ән қанаты, енді бұрынғыдай самғап жоғары
ұшатын әлі болмағандай, тек тауықтың ұшатын биігіндей көтеріліп, 
қайта «жерге» түседі. Әннің аяғында дауыстың төменгі регистрінде 
«қорытылатын» бөлегінің әсері айта қалғандай «Қанатталды» дейтін сөз 
алдындадағы әннің уілдеп, сахнадан тек әншінің әлі дыбысты үзбегенін 
ернінің қимылы мен домбыраның сүйемелінен ғана білесің. Әлден 
уақытта бұлттан шыққан күндей әншінің дауысы естіле бастап, үзілмес-
тей «Қанатталды!» деген сөзге келіп жалғасады. Әрине, Жүсіпбектің 
бұл арадағы шеберлігі тыңдаушыларды еріксіз ұйытты. Біз болсақ сотто 
воче (жарты дауыспен айту) дегенді кітаптан оқып, бірақ оның қазақтың 
әншісінің орындауында есітеміз деген ойымыз болмайтын. Сол себепті
ме, Жүсіпбектің әншілігі басқадан алабөтен артық көрінді. Дыбыс өрне-
гінің нәзіктігін, «жұқалығын» тек сурет өнері саласындағы акварельмен 
теңеуге болар еді. Жоғарыда айтылғандай, Жүсіпбектің есіту дәрежесінің 
биіктігі, орындау қабілетінің күштілігі, жаратылыстан өзінің музыкаға 
бейімдігі, оның ән айтқанда бүкіл жан дүниесімен беріліп кететіні – оның 
орындаған әндерінің бәрін де «анасынан қайта туғызды». «Қанатталдыны» 
нотасына қарап үйреніп айтқан адам, әрине, Жүсіпбектің орындау 
мәнерінен аулақ болады. Концерт бағдарламасының сыртында Жүсіпбек 
тағы бірнеше ән орындады. Бірінен-бірі асып түсіп, бірінен-бірі артық 
сияқты болып көрінді. Жүсіпбекпен бірінші танысу осылай болды»
36

Өткен ғасырда ғұмыр кешкен өнер ардагерлерінің естеліктерін 
ақтарған кезімізде Жүсіпбектің «Қанатталдысына» жатжұрттық музыка 
білгірлерінің де өз бағасын бергенін көреміз. Мәселен, 1936 жылғы Қазақ 
өнері мен мәдениетінің Мәскеуде өткен онкүндігінде Күләш, Жамал, 
Шара сияқты халқымыздың аяулы өнерпаз қыздарының көрсеткен биік 
өнерлеріне сүйсіне келіп, Қанабек Байсейітов былай дейді: «Ер әртістеріміз 
де зор абырой-атаққа ие болды. Алуан дауыс, алуан мінез, бірінен-бірі 
өткен өңкей ығай мен сығайлар ән салғанда, сүйсінгеннен көзің жасау-
райды екен. Кеңес өнерінің тамаша білгірі, Мәскеу консервоториясының 
директоры М.М.Имполитов-Иванов Ж.Елебековтің «Қанатталдысын» 
тыңдап отырып:
36
Ахмет Жұбанов. Замана бұлбұлдары. – Алматы, 2001. – 342–343-б.
– Сіздің мына жігіттің ән салғаны арқанды ширатып-ширатып алып 
асауға лақтырғандай екен, – дегені әлі есімде. Мақтау өзіңе арналма-
са да, сондай сөздер сүйегіңе дейін балқытады екен, шын мәнінде біз өз 
өнерпаздарымыздың беделін, бағасын сол алғашқы онкүндіктен кейін ба-
рып білгендей болдық»
37
.
Енді, Жүсіпбек шырқаған «Қанатталдыға» арналған мадақ өлеңдердің 
бірінің иесі – Насыр атты ақын жөнінде бірер сөз. Алдымен, өлеңнің өзіне 
кезек берейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет