Дағылар баши думан-думан ел гелялә,
Ағылай-ағылай еки гөзи яш гелялә.
Мұны қазақшаға аударсақ былай болады:
Таулар басы тұман-тұман ел келеді,
Жылай-жылай екі көзге жас келеді
53
.
Ал, «Елім-айдың»:
1. Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртыңнан айырылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді, –
деп басталатыны белгілі. Демек, «Елім-айдың» түп негізі сонау қазақ пен
түркімен бөліне қоймаған Жайылхан мен Сейілхан заманында жатқан
сияқты. (Көне шежіре бойынша, Алаштан Сейілхан, Жайылхан туады.
Сейілханнан сегіз арыс түркімен өсіп өнсе, Жайылханнан қазақ арыстары
53
Жолма-жол аудармасын жасаған – ақын Болат Жетекбай.
тарайды). Ал, халық әніне айналған жоғарыдағы өлең үзіндісі – «Елім-
айдың» түркімен халқында сақталып қалған сілемдері болса керек.
Түптеп келгенде, «Елім-ай» – қазақтың кәдімгі қараөлеңі. Сол себепті
мұнда ешқандай авторлық қолтаңба сезілмейді. Ал, аталмыш зардың ел
аузында сақталған толық нұсқасы осы төрт ауыз өлең болып табылады:
2. Туған жердің қия алмай тау мен тасын,
Біз келеміз тыя алмай көздің жасын.
Не жазып ек, Жасаған, қор етердей,
Көрінгенге халқымның алтын басын.
3. Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман.
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көлдің жасын көл қылып ағызамын.
4. Мына заман қай заман, қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман.
Көк аспаннан топырақ, шаң борайды,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман.
Осы төрт ауыз өлең мен Қаратай Биғожиннің ойдан шығарған
шатпақтарын салыстырып көріңіз. Аралары жер мен көктей. Оған тоқталар
болсақ, сөзіміз тым ұзап кететіндіктен, плагиат жырды талдауды осы жер-
ден доғарып, енді «Елім-айдың» халық әні болып табылатындығы жайлы
және аталмыш өлеңнің әйел зары екендігі туралы пікірімізді дәлелдеуге
көшпекпіз.
Көшпелілердің мыңжылдықтарға ұласқан Күн түбіне жортқан даңқты
жорықтары тарих қойнауына сіңіп текке жоғалған жоқ, ол сол сахара
көшпелілерінің қара шаңырағының иесі – қазақ халқының ой-санасында
сақталып, рухани мәдениетіне негіз болды. Сондықтан көшпелілік өмір
салты – әскери өнермен біте қайнасқан, сабақтасқан, салаласқан ерекше
тұрпатты, төлтума мәдениетті дүниеге әкелді десек те болады. Соның
айғағы «Ақсақ құлан», «Ел айырылған» күйлері, Доспанбет, Шалкиіз,
Қазтуған, Жиембет, Марғасқа мұралары. Барлығы елдікке үндейтін,
ерлікті мадақтайтын, батырлық рухқа толы алдаспан жырлар. Мұның
түп негізі көшпелілердің үнемі соғыс жағдайында ғұмыр кешуінде жа-
тыр дер едік. Қазіргі қоғамтанушылдардың тілімен айтқанда, әскери-
демократиялық құрылым жүйесі салтанат құрған Еуразия көшпелілері
108
109
Еуропа отырықшылары от қаруларға ие болғанша әлемге ат үстінен
қарады. Қашанда жинақылық, сергектік, жауынгерлік бапта болу –
көшпелілер үшін ұлан-ғайыр кеңістікте еркін өмір сүрудің әрі басқа-
лардан үстем болудың алғышарты еді. Ол заманда, әмәндә, ер жігіттің
аты кермеде байлаулы, найзасы белдеуде сүйеулі тұрды. Ат жалын
тартып мінуге жарайтын еркек кіндікті біткен төтеннен жорық дабы-
лы қағылып, атой салынып, ата-баба аруағы шақырылғанда түгел дүрк
көтеріліп, демде бөрілі байрақты тудың астынан табылып, лезде сүрең
салысып жауға аттанып кете алатын. От басы, ошақ қасында жатып
ауырып өлу – қорлықтың үлкені, ал, түзде жау қолынан ажал құшуды
Тәңірдің сыйына балайтын көшпелілер, мейлі жорықта жүрсін, мейлі ел
ішінде болсын, қайғыға беріліп, үйкүшік боркеміктерше күйкі ән айтпай-
тын. Тумысынан жаужүрек көшпелі жұрттың сарбаздарына қайғы бап-
тап бордай езілу, күйректік таныту жат еді. Қайыңның безіндей қатты,
қарағайға қарсы біткен бұтақтай мықты болу, басқа түскен қиыншылық-
тың ығында жүнжіп кетпеу – киіз туырлықты жауынгер жұрттың
жаугершілік өмір салты шыңдаған берік ұстанымы еді. Өйткені, қайғыға
салыну, зар төгіп, запыран шегу – жауынгерлік рухты әлсіретпек. Рухы
әлсіреген сарбаздың жауға атой салып шайқаспақ түгілі, қосын бо-
лып еруге жарамайтыны белгілі. Осындайда атақты Шыңғыс ханның
зарлауық, жылаңқы ән айтқандарды қатал жазалағаны еске түседі.
Қайғылы ән-күй жайлаған мемлекетің болашағы жоқ екенін осыдан екі
мың жыл бұрын өмір сүрген қытайдың ұлы тарихшысы Сыма Цянь да
(б.з.б. 145–86 ж.) жазып қалдырған: «Өлімге бой ұсынған мемлекеттің
ән-күйі қайғылы, жаныңды құлазытады. Ал халқының көрген күні қор-
лық болып келеді»
54
.
Елдің рухын түсіретін жасық ән айтуға тыйым салу бертінге дейін
келгенге ұқсайды. Әсіресе, ол мынау Қапқаздағы тау халықтарында күні
кешеге дейін сақталып келсе керек. Оған дәлел атақты имам Шәмілдің
мына бір әңгімесі.
Ресей отаршылдарына қарсы ширек ғасыр бойы қайтпай соғысқан
Шәмілді бұл күнде кім білмейді?! Бір күні сол Шәміл кескілескен қанды
ұрыстардың бірінен соң, аламандарына тыныс берген ес жияр шақта бір
жауынгерінің мұңлы әуенге салып отырғанын құлағы шалыпты. Сарбаз-
дарын дереу дүрк көтеріп, сапқа тұрғызған Шәміл әлгі әншіні қалың
қолдың алдына шығарып қатаң ескерту жасапты; сонан соң, кімде-кім
бұдан былай мұңлы, қайғылы ән айтатын болса, соған аяусыз дүре
54
Сыма Цянь. 5-том. – Мәскеу, 1986. – 74-б.
соғылсын деген пәрмен беріпті. Сөйтіп, Шәмілге ерген тау тайпалары
қайғылы ән салудан сап тыйылыпты. Күндердің күнінде бір биік шыңды
бекініс қып, жау жасағын тосып жатқан Шәмілдің құлағына әлдеқайдан
мұңлы әуеннің әлсіз үні талып жетіпті. «Кім де болса, ұстап алып
жазалаңдар», – деп бұйырыпты Шәміл салқын сабырмен. Жан дәрмен
түн құшағына сүңгіген жасауылдар, сәлден соң бастары салбы-
рап, Шәмілдің алдына қайтып келіпті. «Қайда, әлгі заржақ, неге бос
қайттыңдар», – деп сұрапты Шәміл. Жасауылдар етіктерінің ұштарына
қарап, ештеңе айта алмай күмілжи берген соң, қаны басына шауып,
бойын ашу буған Шәміл сауалын қайта қойыпты. Енді кешіксе, көсемде-
рінің қаһарына өздері ұшырайтынын сезген жасауылдардың бірі:
– Дат, тақсыр, – депті.
– Айт, – десе керек Шәміл.
– Тақсыр әннің иесі кім екенін анықтадық. Бірақ жаза қолдану түгілі, ол
адамның есімін сізге айтуға батпай тұрмыз.
– Осыншама батылдарың жетпейтін, оның кім болғаны сонша, – деп
таңырқапты Шәміл. – Жазаланбауларыңа мен кепіл, айтыңдар жасырмай!
– Ол сіздің анаңыз екен, тақсыр, – депті жасауыл.
Имам Шәміл тұнжырап бір сәт ойға батыпты. Сәлден соң:
– Онда дүрені маған соғыңдар, анамның жазасын өзім тартамын.
Сөйтіп, өзін жазаға бұйырылған жанның дәргейіне келтіріп, арқасын
жалаңаштап, етпетінен дүреге жатыпты.
Алайда, әзіз басшыны сабауға кім тәуекел етсін, нөкер біткен дағдарып
қалыпты.
– Қані, сен соқ дүрені, – деп ақырыпты Шәміл бағанағы жасауыл-
дардың біріне. Қолына өрме қамшыны еппен алған жасауыл әйеншек
қимылмен Имамды жайлап ұра бастапты. Сонда шыдамай кеткен Шәміл
орнынан атып тұрып, әлгі жасауылдың қолынан қамшыны жұлып ала
сала жон арқасынан шықпырта осып-осып жіберіпті де: – Міне, осы-
лай соқ мені, – деп дүреге қайта жатыпты. Амалы қалмаған жасауыл
Шәмілдің бұйрығын бұлжытпай орындаған екен деседі. Тау аңыздары
осылай дейді.
Мұның бәрін неге айтып отырмыз? Әсілі, жылау, жоқтау, зарлау – ежел-
ден әйел ғұрыпты дүние. Ал, осы күнгі жалдамалы, қолбала ғалымда-
рымыз Қожаберген сақалынан жасы сорғалап отырып, «Елім-айды»
шығарыпты деген ойдан шығарылған қисынсыз жалған аңыздарға иман-
дай сенеді. Көптеген ғалымдарымыздың сөз танымайтыны (текстоло-
гия) былай тұрсын, көне заман болмысын сезінуден мақұрым. Олардың,
әсіресе «қожабергентанушылардың» Қазақ хандығы заманындағы
110
111
жырауларды алдына өңгеріп алған домбырасын безектете тартып әндетіп
отырған өлеңші бейнесінде көретінін қайтерсің. Ал, шын мәнінде ел
абыздары – дана жыраулар қолына домбыра ұстамаған ғой. Ертеректе
қадау-қадау ғана өнерпаздың қолынан табылатын қара домбыра – ілкіден
сал-серілер аспабы. Содан болар, домбыраның бағы сал-серілер дәуірі –
Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ заманында ашылды; тынысы
әншілік-күйшілік дәстүр қанат жайған Құрманғазы, Тәттімбет күйші,
Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мұхит әнші дәуірінде кеңіді. Мұны ұлы
ғалым Шоқан Уәлиханов та қуаттайды. Өз еңбегінде ол ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап, ел ішінде қобызбен таңды таңға ұрып, бағзы
дәуір жырларын толғайтын жыршылардың азая түскенін, жұрттың
жырдан гөрі әнге көбірек әуес бола бастағанын, соның салдарынан
домбыраның қобызды ығыстырып келе жатқанын қынжыла баяндайды.
Ал, бізге жеткен ел аузындағы жыраулардың сипаты, тіптен, бөлек. Аңыз
әңгімелердің ешқайсынан да қолына домбыра ұстап, өлең айтқан бірде-
бір жырау, би, шешен ұшыраспайды. Мәселен, Мәшһүр Жүсіптің Бұқар
жырауды халық аңыздары бойынша суреттеуіне назар аударайық: «Орта
жүз арғындағы төртуыл Қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман
батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында
Абылай хан алдында жыр толғаған. Өз заманындағы жандар бұл кісіні
көмекей әулие деседі екен. Бір сөз білмейді, тек көмейі бүлкілдеп
жырлай бастайды екен»
55
. Ал, біздің «қожабергентанушыларымыз»
Қожаберген жыраудың қолына домбырамен қоса шаңқобыз ұстатып
қояды. О тоба! Шаңқобыз тартып отырған үш жүзге қадірлі жыраудың
бейнесін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Қандай күйкі көрініс. Міне,
ендеше:
Достарыңызбен бөлісу: |