Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

Бір сөзді екі қайтар дегізбеген.
Сарқылып сағасыз су сап болады,
Телегей тең болмайды теңізбенен.


94
95
Айырып досты – достан, жарды – ашықтан,
Сұм дүние кімдерге боқ жегізбеген.
Қыс қыстап Сырдың бойын, жаз Арқада,
Өтіпті бір сал жігіт «Сегіз» деген.
Қаңтарда жылқы ығады, Ақпанменен,
Ұстайды жымнан түлкі қақпанменен,
Сегізге өліп-өшіп ғашық болған,
Бір сұлу айдан артық Мақпал деген.
Сегіздің өзі сері, жылы тауық,
Көрмеген өмірінде қатер-қауіп,
Бір жылы Сырда жұт боп сері Сегіз,
Жөнелген жылқыны айдап Арқаға ауып.
Сегіз солай кете барғанда, қарақалпақ елінің қыз таңдап жүрген баты-
ры Жабы Мақпалға кезігеді де, әкесіне қалыңын төлеп алып кетеді. Осы 
оқиға құлағына тиген Сегіз қос атпен Жабының соңынан қуып барады. 
Ол да сері, батыр жігіт екен. Екеуі күш салыстырып, Мақпалды қай күші 
асқаны алмақ болады. Осы сертпен күрескенде, Сегіз Жабыны жығады. 
Алайда серттен шыға алмай, қалыңдығын амалсыз қиған Жабыға, Сегіз 
бірге туған сұлу қарындасын беріп, екеуі өмірлік дос болады.
Оқиға мұнымен тынбайды. Арқаға сүйген ерімен бірге барған Мақпал 
төсек тартып жатып алады. Бақсыға көрсетсе «сары кезік» деген сырқат 
дейді – емі Сырдың суы, оны ішсе – жадырайды, ішпесе – ауырады. 
Бұған көздері жеткен ғашықтар Сырдария бойына қоныстап, егіншілікпен 
шұғылданады, балалы-шағалы болып, бақытты өмір сүреді»
43

Сәбит Мұқанов жатқа білген жырдың үзіндісін қағазға түсіргені өз 
алдына, оның қысқаша мазмұнын айта кетуді жөн көреді. Бірақ, көріп 
отырғанымыздай, бұл жерде Сәбең композитор Сегіз сері Баһрамұлы 
жайында жұмған аузын ашпайды. Сонда қалай болғаны? Егер ата жолы-
мен келсек, Сәбең мен Сегіз сері бір туысқан. Екеуі де ашамайлы Керей
руынан. Ауылдарының арасы да аса алыс емес – көп болса екі-үш
көштік жер. Әгәрәки қазіргі «сегізтанушылар» жазып жүргендей: «Үш 
жүзге аты мәлім Сегіз сері», шыныменен, Солтүстік Қазақстан өңірінде 
өмір сүрген болса, онда жарты ғасырлық жазушылық ғұмырында 
қазақтың арғы-бергі тарихындағы хатқа түсуге лайықты өнерпазын түгел 
түгендеп, олардың әрқайсысы жөнінде, атап айтқанда Біржан сал, Ақан 
серіден бастап, есебі күні кеше ғана дүниеден өткен Кенен Әзірбаевқа 
43
Сәбит Мұқанов. Халық мұрасы. – Алматы, 1974. – 137–138-б.
дейін жүздеген әнші, ақын, жыршы, күйшілер жайында қажымай қалам 
тербеген Сәбеңнің өз ауылдасы Сегіз серіні ұмыт қалдырғаны қалай?
Егер Сәбеңнің ондай даңқты жерлесі болса, «Баяғыда біздің елде Сегіз
деген атақты сері өмір сүрген» деп, өз дағдысымен онымен аталас 
туыстығын да айта кетуді ұмытпай, егжей-тегжей ерінбей, жалықпай
жазар еді ғой. Шынында да, ақылға сыймайтын жағдай. Ол аздай,
Жүсіпбек Басығариннің дерегіне сүйенген жазушы Мақпал оқиғасының 
Сырдарияда болғандығын айтып, Сегіз серінің мекен жұртын мүлде
басқа қиырға – Сыр еліне сілтеп жібереді. Сөйтсек, Сәбит Мұқанов
ағамыз бағытты дұрыс көрсетіпті. Бұған әйгілі жырау Балқы Базардың 
(1840–1911) «Мақпал – Сегіз» хикаясын оқығанда көзіміз анық жетті.
Базар жырау жыры былай басталады:
Қазақ пен қарақалпақ бір туысқан,
Ел екен біршілікке бел буысқан.
Көп заман қатар көшіп, қыстап-жайлап,
Бір жерде кіндік кесіп кір жуысқан.
Қалдырып Қарақалпақты Бесқалаға,
Қазақтар қоныстанған күншығыстан.
Содан соң бір-бірімен қыз алысып,
Екі ел боп ен-таңбасы айырылысқан.
Кей-кейде араздасып аралары,
Жол тосып, керуен тонап, мал қуысқан.
Қыз таңдап қарақалпақ Жабы батыр,
Жар-доспен, жақын-жуық ақылдасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет