Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет1/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce



Жүсіпбек Елебеков 


3
УДК 78
ББК 85.31
Т 78
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Т 78 ТӨлЕУТаЙ Е.
Жүсіпбек Елебеков: Деректі роман («Әйгілі адамдар» сер.). –
Алматы: «Өнер», 2013. – 272 б. + 32 бет жапсырма.
ISBN 978-601-209-209-7
Өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутайдың бұл кітабында Қазақстанның халық 
артисі, әнші Жүсіпбек Елебековтің өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы
турасында егжей-тегжейлі баяндалады. Шығарма ұлы әншінің өмір сүрген 
дәуірін тұтас қамтиды. Автор қазақ музыка тарихындағы ақтаңдақтарға – шығу 
тегі даулы әндерге қатысты өз пікірлерін батыл білдірген. Сондай-ақ, аталмыш 
кітапта әншінің замандастары Қалибек Қуанышбаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен 
Айманов, Әбікен Хасенов, Рамазан Елебаев, Тоқбай Жұмағұлов сынды қазақ 
өнерінің көрнекті тұлғалары жайында да тың деректер мол қамтылған. Жинақтың 
соңында Ж.Елебеков орындаған әндер нотасы мәтінімен берілген.
Кітап көпшілік қауымға, халқымыздың ән өнерін, оның шығу тарихын білуге 
ұмтылған талапкерлерге арналған.
УДК 78
ББК 85.31
 
 
 
 
 
© Төлеутай Е., 2013
© «Өнер», 2013
ISBN 978-601-209-209-7
© Көпіш Ә., (безендіру), 2013
КіріспЕ орнына 
Халық музыкасы – ұлт жанының асылдығының, тереңдігі мен 
тазалығының, рух қуаты мен парасат биіктігінің, дүниетаным кеңдігінің 
айғағы. Әлемде сұлу саздан сарай соғып, адамзат руханиятының игілігіне 
айналдырған, санасына ән, көкірегіне күй ұялаған, бүкіл болмысы музыка 
болып өрілген ерекше өнерпаз халықтар бар. Қазақ халқы да – осындай 
жұрттардың санатынан. Осы орайда «Әдебиет ұлы болмай, ұлт ұлы 
болмайды» деген жазушы Ғабит Мүсірепов пайымына ұқсас, біз де өз 
кезегімізде, үлкен музыкалық мәдениетке ие бола алмаған ұлт ұлы әдебиет 
жасай алмайды дер едік. Өйткені музыка өнерінсіз – әдебиет көріксіз, 
сөз өнері – қораш. Музыка әдеби шығарманың өн бойына терең тыныс 
беріп, бір ғажап үйлесімділіктің ұлы сарынын естіріп тұрады. Әдебиет
пен музыка – домбыраның екі ішегі тәрізді ұлттық һәм әлемдік мәдениет-
тің мәңгі сарқылмас қос арнасы, бұлақ бастауы; күллі өнер атаулының 
асқақ, дара біткен егіз шыңы, адамзат ақыл-ойының, сана-сезімінің сан 
мыңдаған жылдарға созылған эволюциялық өсу жолының жемісі.
Әдебиет – ақындар мен жазушылардың дәргейіндегі дүние, ал музыка 
мәдениетін композиторлар жасайды. Қазақтың байырғы, көне халықтық 
музыкасын да жеке өнерпаздар дүниеге әкелген. Бірақ уақыт өте келе ән 
мен күйді туған халқына паш етуші авторлардың аты-жөндері ұмытылып, 
кәрі тарихтың жадынан есімдері өшіп қала берген. Тек ХІХ ғасырдан 
бастап, халық жадында мәңгілік ұмтылмайтын ұлы таланттар шоғыры 
дүниеге келді. Атап айтқанда, қазақтың классикалық музыка өнерінің 
алыптары: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Сайдалы Сары 
Тоқа, Ықылас, Абыл, Қыздарбек, Есір, Дайрабай, Құлшар, Дина, Мәмен, 
Боғда, Әбди, Сүгір, Сембек, Сейтек сынды саңлақтар халқымыздың 
күй өнерін кемелдендірсе, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан 
Шолақ, Мұхит, Жаяу Мұса, Естай, Жарылғапберді, Мұстафа Бүркітбай-
ұлы, Құлтума, Әсет, Мәди, Ғазиз, Сары, Иманжүсіп, Шашубай, Берікбол 
Көпенұлы, Тәуке, Иса, Нартай, Кенен тәрізді өнерпаз композиторлар мәңгі 
тозбас һәм қайталанбас ғажайып ұлы ән дәстүрін дүниеге әкелді. Бүгінгі 
тәуелсіз еліміздің қастерлі жәдігері саналатын осынау ұлы мұрамыз қазақ 
халқының адамзат мәдениетіне қосқан рухани үлесі болып бағалануда. 


4
5
Жоғарыда аттары аталған «әнді ерттеп, күйді мінген кемеңгерлердің» 
(Жарылғапберді) дарын қуаты мен талант тегеуіріні халқымызды музыка 
мәдениеті аса кемел биікке көтерілген ұлттардың қатарынан лайықты 
орнын алдырды. Әрине, халық композиторларының қалдырған осынау 
мол мұрасы сол заманнан біз өмір сүріп отырған дәуірге бірден топ ете 
қалған жоқ. Ол шығармалар шебер орындаушы өнерпаздардың жеткізуі-
мен кейінгіге жалғасты. Нақтылай айтсақ, музыканы композиторлар 
тудырды, ал орындаушылар болса, шығарманы жадына жаттап, оны
көкірек көмбесінде аялап сақтап, кейінгі буын өнерпаздарға қаз-қал- 
пында аманат етті. Есімдері аталған музыка саңлақтарының қалдырған
мол мұрасы орындаушы өнерпаздардың: күй өнері – дәулескер 
домбырашылар арқылы, ән өнері – күміс көмей, жез таңдай әншілердің 
жаңғырта жеткізуімен, бір сөзбен айтқанда дәстүр сабақтастығының 
нәтижесінде біздің заманымызға жетіп, есті ұрпақтың еншісіне 
тиді, текті ұрпақтың игілігіне жарады. Осы орайда тобықтай түйін 
түйер болсақ, халқымыздың музыка мәдениеті екі үлкен өнерпаздар 
тобының: шығарушылар (композиторлар) мен орындаушылардың 
(әншілер мен домбырашылар) аса зор ауқымды шығармашылық 
еңбегінің нәтижесінде қалыптасты, кемелденді, көркейді, гүлденді; 
бүгінгі күнгі биігіне жетті. Негізінен, ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысынан бастап, халық өнерінде орын алған бұл рухани құбылыс
қазақ даласындағы барлық әншілік, күйшілік мектептерге тән болды. 
Әсіресе, Арқа әншілік мектебінде осынау үрдіс, тіпті, ренесанстық
сипатқа ие болды. Арқа әндерін Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай,
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Жарылғапберді, Әсет, Шашубай, 
Майра, Мәди, Иса және т.б. саңлақ композиторлар дүниеге әкелсе, олар- 
дың шығармаларын Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаббас Айтбаев, 
Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Темірболат Арғынбаев, Қуан 
Лекеров секілді дүлдүл әншілер кемел шеберлікпен жұртқа жеткізді,
халық арасына таратты. Сондай өнерпаздың бірі һәм бірегейі – халқы-
мыздың ұлы әншісі Жүсіпбек Елебеков еді. Ендігі әңгімеміздің
арқауы осы әншінің өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында 
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет