Ерте күнде отты Күннен Гүн туған,
Отты Гүннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынымен мен жуғам, –
демей ме, атақты «Пайғамбар» өлеңінде. Қазақ Мағжан айтқан осы
қысық көзімен дүниені көрді, әлемді таныды. Әлем халықтарын зертте-
ген ғалымдар отырықшы халықтарға қарағанда көшпелілер көзінің жіті
көргіштігін, өте алыстан көру қасиетіне ие екенін айтады. Солтүстік
Американы мекен ететін эскимостар мен қиыр солтүстік түркілері –
якуттар (сахалар) әлемдегі ең көзі өткір халықтардың санатында. Тіпті,
олардың көздерінің телескоппен ғана көруге болатын өте алыстағы аспан
денелерінің қозғалысын көре алатындығын зерттеп жазған ғалымдардың
еңбектері бар.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абылғазы Қарашаұлы
(1837–1927) өмірде болған кісі. Сол кісі 1923 жылы өзінен ескі заман ба-
рымтасын сұрағандарға әңгіме айтып отырып: «Көзім, мақтанғаным емес,
шырақтар, түстік жерден көруші еді», – депті. Түстік жер – кем дегенде 30–
40 шақырым шамасы. Міне, қазақтың қысық көзінің кереметі. Жүсекеңнің
20
21
бала кезден байқампаздығының, жадысының мықтылығының арқасында
Мәдидің де көзінің қысық, өткір болғандығын, бұл деректі оның фото-
суреті мен кинотаспаға түсірілген айғақтармен дәлелдеп отырғанымызды
көзі қарақты оқырман сезеді деп ойлаймын. Олай болса, бұл даулы
тақырыпты жауып, сөзді Жүсіпбектің өзіне берейік.
«Әлгінде сырттан «Ғалия» деген дауысты ести сала, Жақыпбектің
шырқай жөнелуінің сырын кейін білдім. Мәди Жақыпбекпен кездескенде
сәлемін алмай, «алдымен «Ғалияны» айт, «Ғалия-Ғалия» деп тұрып алады
екен.
Мәди қымыз ішіп сусындады. Мәдидің асығыс екенін сезген Жақыпбек:
– Мәди аға, мына Жүсіпбек деген бала менің інішегім еді, әншілікке ба-
улып жүр едім, тыңдап көрсеңіз қайтеді – деп, өтініп сұрады. Мәди маған
бұрылып, тым кішкене ұсақтағыма қарап, күлімсіреді де:
– Жарайды, айтсын, бұл жігітті де тыңдайық, – деп жайғасып отырды.
Жақыпбек гармонын алып «Қарғам-ау» әнін тарта жөнелді. Мен
Жақыпбектің жалт етіп қарай қалған көзінен бойымды тез жиып алдым да,
қосыла жөнелдім. Бір-екі ән айтылған соң гармон үні басылды. Үйдегілер
үнсіз Мәдиге қарап қалыпты. Мәди есіктен Қоянды тауының биігіне қарап
үнсіз отыр. Бір кезде Жақыпбекке:
– Баулып жүр едім де, қыран қанаты қатпаған балапанын қиядағыға бау-
лиды. Жастайынан топ ортасына салуың маған соны елестетті. Тек өзіңдей
биікке самғайтын болсын, – деді де, маған қарап:
– Кішкентай інішегім, мені байлар, бектер жек көргенімен қарапайым
ел қадір тұтады. Ендеше, менің бойымда бір қасиеттің болғаны да. Мә,
мына ақшаға көйлек алып ки, менен тәбәрік болсын, – деп менің қолыма
бір бөлек қағаз ақша ұстатып, өзі тез басып шығып кетті.
Мәдидің атына мініп, жорта жөнелгенін үйдегілер естіп отыр. Атының
дүбірлете басқан тұяғының дыбысымен үйдегілердің Мәдиге деген
жүректерінің дүрсілдері бірге соғып, үн қосқандай болды»
10
.
Жүсіпбек Мәдиді тұңғыш әрі соңғы рет көргенін осылайша жазып
қалдырған. Осы жерде бізді қызықтыратыны, Жүсіпбек Мәдимен қай
жылы кездескен деген сауал. Өз естелігінде Жүсекең оқиғанының болған
жылын жазбаған. Осы орайда Жүсіпбек Мәдимен кездесуі ықтимал деген
жылдардың барлығында әділет күрескерінің түрмеде отырғаны көңілге
күдік ұялатады. Мәдиге қарсы алғашқы қылмыстық іс 1905 жылдың
10 желтоқсанында қозғалған. Содан 1918 жылға дейін, яғни, Кеңес
өкіметі орнағанша Мәди 13 жылдай айдауда болып, бір шеті Өскемен
10
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 22-б.
мен Қызылжар, бір шеті Спасск (Қарағанды) мен Омбы аралығындағы
көптеген абақтылардың дәмін татқан. Ақыры қолымыздағы «Мәди ісін»
саралай келе Жүсіпбек Мәдимен 1914 жылдың маусым айында кездес-
кен деген ұйғарымға тоқтағандаймыз. Өйткені Мәди 1913 жылдың
6 желтоқсанында Қарқаралы түрмесінен қашып шығып, 1914 жылдың
19 мамырына дейін Қарқаралы уезін аралап, болыстардан өзінің қыл-
мыскер еместігін дәлелдейтін құжаттар жинаумен айналысқан. Міне,
Мәди мен Жүсіпбектің кездесулері осы кезеңге тап келеді. Бірақ бұл
ұйғарымға келу кезінде алдымыздан тағы бір түйткілді сұрақ шықты. Егер
Мәди 19 мамырда қайта ұсталып, қолға түскен болса, бұл оқиға Қоянды
жәрмеңкесінің ашылуынан бұрын болған болып тұр. Жәрмеңкенің маусым
айының 1-інші жұлдызында ашылып, 5 шілдеде жабылатынын жоғарыда
айтып өткен едік. Бұл уақыттарда Мәдидің Атбасарға айдалып, сол
жылдың тамызына дейін Атбасар абақтысында отырғаны «Мәди ісінде»
жазылып тұр. Демек, Мәди 19 мамыр күні, яғни Қоянды жәрмеңкесінің
ашылуына 11–12 күн қалғанда ұсталған болып шығады. Осы тұста
ескеретін бір жайт бар. Ол патшалық Ресейдегі күнтізбе мәселесі. Атақты
«Мәди ісі» кеңес дәуіріне дейін болғандықтан, мұндағы құжаттар ескі
күнтізбе бойынша рәсімделген. Мәселен, Қазан төңкерісі 25 қазанда бол-
са, ол Кеңес өкіметінің жаңа күнтізбеге көшуіне байланысты 7 қараша
болып белгіленген. Екі ортадағы айырмашылық 12 күндей. Осы тәсілмен
есептейтін болсақ, Жүсіпбектің Мәдиді көру оқиғасы маусым айының бас
кезі – Қоянды жәрмеңкесінің ашылған күндеріне тұспа-тұс келеді. Дәл
осы күндері «Мәди ісіндегі» құжаттарда көрсетілгендей, Мәди Қарқаралы
уезінің болыстарынан өзінің кінәсіздігін дәлелдейтін қолхат жинау үшін
жәрмеңкеге келгенін көреміз. Жүсіпбек Мәдиді осы кезде көрген болар
деп топшылаймыз. Амал не, Мәди осы күндердің бірінде жәрмеңкеде
ұсталып, Атбасар түрмесіне жөнелтіледі. Содан кейін Жүсіпбекке Мәдиді
қайта көру бақыты бұйырмады. Десек те, осы жалғыз кездесу Жүсіпбек
санасында мөрдей басылып, есінде мәңгілікке қалып қойғанын әншінің
Мәди жайлы тамаша естелігінен көреміз. Осымен Мәди жайлы сөз тамам.
Бала Жүсіпбектің өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі – Байбөрі руының
Қыдырәлі атасынан шыққан Божақанның Ноқасының асына қатысуы.
Жүсіпбектің өз естелігіне жүгінсек, Божақанның Ноқасының асы 1914
жылы шілде айының аяғына таман берілген. Асқа сауын айтқан, келген
елді жөнелткен Божақанның інісі Смағұл деген кісі көрінеді. Көшімдер
тобы да асқа тап-тұйнақтай сайланып бармаққа қамданады. Өйткені
асқа жинақы, сән-салтанатпен барса, барғаны өз алдына, үкілеген ақыны
қарсыласын сөзден жеңіп, апарған палуаны күрестен жықса, қосқан аты
22
23
бәйгеден келсе, сол рудың, сол атаның беделі көтеріліп, жақсы атағы
жалпақ жұртқа жайылатыны белгілі. Көшім елінің бас көтерері – Күдерінің
Нұрланы деген кісі асқа баратын өз елінің жақсы-жайсаңын, әнші, палуа-
нын бастап апармаққа қамданғанда, алдымен осыған көңіл аударса керек.
Осы арада көлденең бір мәселе килігеді. Ол – күллі Көшім аузына қарап
отырған Жақыпбек әншінің Семейге жолаушылап кетуіне байланысты
асқа бара алмайтындығы. Алдында ғана әншілікке Жақыпбек, палуанға
Шыбынтайдың Рымбегі, бәйгеге Нұрланның Ормаңдай деген жүйрігі
түседі деп ұйғарылса керек. Ақырында Күдерінің Нұрланы бір амалын
тапқандай болады. Бұл жөнінде Жүсіпбектің өзіне кезек берейік:
«Қазақ халқы әнсіз, күйсіз өмірдің сәні жоқ деп санайды. Оның үстіне
мынандай көп ел жиналған үлкен асқа әншісіз бару бұларға қатты бат-
ты. Әсіресе, Жақыпбек сияқты асқақ дауысты сырбаз әншінің орны бөлек.
Жақыпбек бар жиындарда Біржан, Ақаннан кейінгі саңлақ әнші біздің орта-
мыздан шықты деп мақтанатын. Енді өздері бара жатқан аста Жақыпбектің
орталарында болмағаны қорлық сияқты болып көрінді. Нұрлан ойланып
отырды да:
– Бала болса да Жүсіпбекті әкетеміз. Егер бойына дарыған өнер болса,
жастығына қарамай-ақ шырқайды, алып барамыз, – деп сөзін бітірді.
Осы жаңалықты естігенде шешем біраз қобалжыды. Жейдемді жуып,
киетін киімімді қағып, сілкіп жүріп, маған қарайды да күледі. Көзінен
біресе қорқыныш, біресе қуаныш сезімі білінеді.
Асқа жүретін күні ауыл адамдары тегіс жиналды, сәске көтеріле ба-
ратын кісілер атқа міне бастады. Шешем мені де құла дөненіме мінгізіп,
таралғысын қысқартып жатып:
– Балам, елдің алдына бірінші рет шығасың, ән айтарда ұялмай,
қысылмай айт! Қорғаншақтап, қобалжитын болсаң, әніңнің әсері
жоғалады. Жақыпбектің інісі деген атқа шіркеу келтірме. Ағаңның еңбегін
ақтай біл. Ал сапарың оң, мәртебең биік болсын, құлыным! – деп бетімнен
сүйіп, тізгінімнен жетектеп біраз жерге дейін шығарып салды. Мен желе
жөнелдім. Әкемдерді қуып жетіп артыма қарасам, кимешегінің ұшы
желбіреп шешем жаңағы орнында әлі тұр екен»
11
.
Жүсіпбек Ноқаның асында тәуір өнер көрсетіп, жұрт назарына
ілінеді. Бойы кішкентай, әлі таралып өсе қоймаған он жасқа жаңа толған
Жүсіпбекті Күдерінің Нұрланы қобдидың үстіне шығартып отырғызып,
ән айтқызады. Жүсекең әуелі «Сұржекейді», сосын Балуан Шолақтың
«Ғалиясы» мен «Қарғаны» айттым дейді. Әншінің осы сөзіне сүйенсек,
11
Бұл да сонда. – 26-б.
Жүсіпбектің негізгі ән қорының тым ертеден, бала жастан қалыптасқанын
бағамдаймыз. Аталған әндерді Жүсекеңнің өле-өлгенше айтып өткені
белгілі. Сөйтіп, Көшімдер Ноқа қажының асынан абыройлы қайтады.
Жүсіпбек өзінің бала дауысымен шырылдай, шырқай ән салып, ағасы
Жақыпбектің орнын жоқтатпаса, Шыбынтайдың Орынбегі палуандықтан
есе жібере қоймай, тек бас палуаннан ғана жеңіліс табады. Нұрланның
Ормаңдайы бәйгеден төртінші келіпті.
Ноқаның асынан кейін екі жылдай сахарада аса ірі оқиғалар бола
қоймайды. Мекені кең сахара – момын қыр қазағы үшін өмір өз ағысымен
тыныш қана жылжып өтіп жатқандай еді. Бірақ бұл дауыл алдындағы
тыныштық болатын. Қазақтың тағдыры бұл кезде Петербордағы патша са-
райында шешіліп жатқан-ды. Соның айғағындай 1916 жылы атақты «мау-
сым жарлығы» бұрқ ете қалды. Ақ патша жарлығының жойқын күші со-
нау Арқаның қиыр түкпірінде әлі орыс аяғы тиіп көрмеген (Қойтасқа осы
күнге дейін орыс аяғы тимеген сияқты) балақ төбелі, мол қуысты қолатты
Қойтас тауын мекендейтін Қарабатыр, Балғабай әулетін де тітіретіп өтті.
Тітіретті дегеннен гөрі шаңырақтарын шайқалтып жіберді дегеніміз
дәлірек болар, өйткені осы 16-ншы жылдан кейін Қарабатыр мен Балғабай
ұрпақтары оңала алмай, сол күйі ес жия алмай тозып кеткендей болады.
Әрине, сонау 16-ншы жылдан басталып, бар қазаққа қатал сынақ, ауыр
нәубет болған бұл қасіретті кезеңнің қанқұйлы Сталин өлген елуінші
жылдарға дейін жалғасқаны белгілі. Құдай оңдағанда Балғабай балалары
бірінші дүниежүзілік соғыс қимылдары жүріп жатқан Еуропаның сызды,
сазды, батпақты ормандарында қара суықта дірдектеп окоп қазу бейнетіне
айдалудан аман қалады. Бірақ бұл патша жарлығынан біржола құтылу емес
еді. Қайта Жақыпбек қатты тұтылады. Майдан мақсаты үшін еріксіз қара
жұмысқа алынған Жақыпбек Бесобадан (Бесоба – Қарқаралы қаласынан
150 шақырымдай қашықтықтағы жер аты. Сол жылдары бұл өңірден кен
қазылса керек.) Семейге қорғасын таситын кірешілік жұмысқа жегіледі.
Арқаның ақырған аязы мен үскірік борандарында сақал-мұртына сауыс-
сауыс мұз қатып, қоңсыз, арық аттармен ышқына кіре тартқан Жақыпбекті
көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Барлық болмысы тек ән салуға жарал-
ған, нәзік бітімді Жақыпбекке қыстың қақаған аязындағы кірешілік жұмыс
ауыр тиеді. Бойын суыққа алғызып, деніне дерт жамаған ол келесі жылы
аурулы болып елге қайтады. Ертіс жағасындағы зауыттардың біріне
Құмдыкөл деген жерден көмір тасуға алынған үлкен ағасы Сейітбек те
сол жылы еліне аман-сау оралыпты. Халқымыз «жұт жеті ағайынды» деп
тегін айтпаса керек. Келесі жылы жығылған үстіне жұдырық болып елге
сарысүзек ауруы тиеді. Онсыз да «он алтының» зобалаңынан есеңгіреп, ес
24
25
жия алмай жатқан елді жұқпалы дерт баудай түсіреді. Алдымен бір жылға
созылған кірешілік жұмыстан аурулы болып, жұқарып келген Жақыпбек
жығылады. Айтып келген ажал қойсын ба, есіл әнші 1918 жылы наурыздың
16-сы күні 23 жасында дүниеден өтеді. Жақыпбектен соң отыз жастағы
үлкен ағасы Өмірбек, әкесінің немере інісі Берімсек, шешесі Қымбат
бірінен соң бірі сүзек дертінен опат болады. Құдай сақтап, қатерлі аурудан
ең үлкен ағасы Сейітбек, апасы Бәдібай және Мәлике, Жүнісбек, Рымкеш
атты іні-қарындастары аман қалады. Төтеннен, жүремелетіп келген тосын
қайғы қойсын ба, әкесі төсек тартып жататын ауруға ұшырайды. Жақын
жандарынан айырылған, кедейшіліктен тұралаған қаралы ауыл әупірімдеп
он сегіздің қысынан шығады. Күлімдеп келген көктем, жайраңдап келген
жаз Балғабай әулетінің қалың қайғысын сейілте алмайды. Еркектері ауру-
лы, жесірлері жылаулы Қойтасты жайлаған қаралы әулет өз ғұмырында
тұңғыш рет жайлауға көше алмай қор болады. Кейін бұл туралы Жүсіпбек
өзінің естелігінде: «Жазды күтіп отырған ел қыстаудан көше бастады. Біздің
ауылдың көшуге шамасы келмеді. Ең бас көтерер әкем, күндіз-түні төсек-
тен бас алмай жатады да қояды.Үлкен ағам Сейітбек аурудан көпке дейін
айыға алмады. Басқалары ұсақ балалар, қаралы әйелдер. Жамағайындар
іштей жиіркеніп, қашқақтап жақындағылары келмеді. Мұндай нәубетті
бұрын-соңды көрген емеспіз», – деп жазды. Анасының, ағалары Жақыпбек
пен Өмірбектің қазасы Жүсіпбекті ерте есейтіп жібергендей болды.
Өмірдегі орнын, өнердегі жолын өз бетінше тапқысы келген көкірегі
сәулелі жас өнерпаз жан-жағына көз салып, алдағы болашағын ойлай
бастады. Бұл кезде қыр елінде жаңа заманның лебі сезіле бастаған-ды.
Кеңес өкіметінің табаны бекіп, күш алып кетпесе де, ел өміріне өзгеріс
кіргізе алатындай жағдайға жетіп қалған-ды. Жаңа өкімет орнаған кез-
де Жүсіпбек небәрі 14-15-тегі өспірім жас еді. Ең жақын аяулы адамда-
рынан айырған, өзіне қабағын түйе келген қанқұйлы өкімет турасында
Жүсіпбек өз естеліктерінде жақсы пікірден басқа ештеңе айтпайды. Қайта
жаңа өкіметті жақтаған сыңай білдіргендей, сипай қамшылайды: «Бұл кез
жұмысшы-шаруа үкіметі үстем тапты құлатып, билікті өз қолына алған
уақыт еді. Байлар билікті еркімен бере қоймай, қолынан келген қастығын
аямай, жанталаса қимылдап, қарсылық көрсетіп жатты. Ауылдың әрбір
саналы азаматы ел ішіндегі болып жатқан қастандық, жауыздыққа қарсы
тұрып, тынбай жұмыс істеді. Мен де шамам келгенше жас үкіметтің жала-
уын көтерген азаматтардың соңына еріп, айтқандарын орындап қолғабыс
еттім. Бірақ менің армандағаным әншілік жолы еді. Әсіресе, қамқор ұстаз,
ғазиз ағаның жастайымнан тәрбиесіне алып, өзіндей әнші ғып шығаруды
арман еткен мақсаты ойымнан кетпеді. Ауыл-үйдің әншісі болып, ел ара-
сынан ұзай алмай жүруім мені қанағаттандырмады. Не де болса, халықтың
көп жиылған жері Семейге барсам, бойымдағы барымды топ ортасына сал-
сам деген ой басымнан кетпей қойды. Жақыпбек менің балаң жастығымды
өзімен бірге ала кетті. Оның өлімін естіген жұрттың қабырғасы қайысып,
көкірегі қарс айырылды. Жанға ләззат, жүрекке нәр сыйлаған асқақ әншінің
асыл үні тұнжыраған тұңғиық аспанды мұңды сазға бөлегендей, артын-
да орны толмас өкініш қалдырып кете барды. Жақыпбекті білетіндердің
көздері енді маған түсе бастады. Өшкенін жандырып, өлгенін тірілтетін
мен секілді. Қай жерде той жиын, бас қосу бола қалса, арнайы ат жібертіп
шақыртады. Ауылдағы қызыл отаудың қасында, жастардың ортасында
жүретін болдым. Жаңа өкімет кедейдікі – біздікі екенін, бұл жолда жан
аямай күресу керек екенін ұқтым. Он бес жасымда жиырма бестің жүгін
арқалап ат жалын тарттым»
12
.
Әншінің қысқа ғана жазылған бұл өмірбаяндық естелігі өткен
ғасырдың жетпісінші жылдарының орта кезінде, кеңестік жүйенің
дәурені жүріп, асығы алшысынан түсіп тұрған кезінде қағазға түскен.
Әнші өмірін зерттеу барысында Жүсіпбектің өзі жайындағы һәм өмір
сүрген дәуірі жайлы көп сырды өзімен бірге ала кеткенін аңғарғандай-
мыз. Өмірбаяндық естелігінде де ол аса ашыла қоймайды. Жетпісінші
жылдары кімнің болсын ағынан жарылып өз заманының ақиқатын
айта алмағаны түсінікті жайт. Жүсіпбек те өзі өмір сүрген қоғамның
қабағын баққан, сұрқия жүйенің аяр саясатымен ойнауға тәуекел ет-
пеген сақ адам. Ақын Тайыр Жароковтың «Өзім де қумын, Октябрьден
ары қарай бармаймын», – дегеніндей, Жүсіпбек өмірінен сыр тартқанда
әншінің таптық тұрғыда «қателік» жібермегенін аңғарамыз. Отызыншы
жылдардың өзінде-ақ Жүсіпбектің өмір көріп ысылған, ақ-қараны ажы-
рата алатын ойлы, көшелі өнерпазға айналғанын көреміз. Ал, әншінің
«он бес жасымда жиырма бестің жүгін арқалап ат жалын тарттым» дегені
өзі армандаған әншіліктің жолы еді. Сүйікті ағасы Жақыпбек пен аяулы
анасының өлімі оны бейқам балалық шақтың алаңсыз ауылынан жұлып
алып, қатал өмірдің майданына лақтырып жібергендей болды. Сондықтан
ауылда ол қимайтын, алаңдайтындай ештеңе де қалмап еді. Сөйтіп, іштегі
буырқанған алапат өнер күші, ән қуаты оны ауылдан үйіре, тік көтеріп
әкетті. Жас әншіні таудай талабы үлкен өнердің ордасына қарай алып
ұшты. Осылайша Жүсіпбек балалықпен қоштасты. Алда оны үлкен
өнер жолы күтіп тұрған еді. Балалық дәурені кіндік қаны тамған Қойтас
тауында мәңгіге қалып қойды.
12
Бұл да сонда. 41-б.
26
27
Достарыңызбен бөлісу: |