Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма. «Дөңгелек үстел» ойыны



Pdf көрінісі
бет46/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
Байланысты:
Снимок экрана 2022—09—08 в 14.18.19

ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. «Дөңгелек үстел» ойыны арқылы жүргізіледі.
Топтағы студенттің бірі берілген параққа тақырып бойынша
1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын əрі қарай
жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып
жайлы шыққан мəтінді бір студент оқиды, топ болып талдайды.


Үлгі:
1.Менің жұмыс орным өте əдемі.
2. Ол жер жарық əрі кең.
3. ...
4-ТАҚЫРЫП. КƏСІБИ ӨСУ. МАНСАП.
Грамматикалық тақырып: Белгісіздік есімдігі.
Лексикалық минимум: Мансап, көріп-білу, мақсат, қызметтік
саты, үйрету, нəтиже, нəтижеге жету, өзін-өзі көрсету, қабілет,
абырой, жетістік, қанағат, білім,білім алу, баспалдақ, мансап
баспалдағы, қызмет, міндет.
ТЫҢДАЛЫМ. Сілтеме бойынша ақпаратты тыңданыз.
https://youtu.be/lq7G5CNeJxw
1-тапсырма. Тыңдалымға ат қойыңыз. Мəтінге байланысты өз
ойларыңызбен бөлісіңіздер.
ОҚЫЛЫМ. Мəтінді оқып, жаңа сөздерді табыңыздар.
Адам баласы үшін ең маңызды дүниелердің бірі – білім алу.
Адамның негізгі мақсаты – көріп-білу, үйренгенін басқаға
үйрету.
Мансап адамның жұмыс саласындағы істеген жұмысының
нəтижесі болып табылады.
Мансап – бұл адамның өз еңбегін сіңіру, өзін-өзі көрсетудің
жолдары. 
Бұл 
қызметтік 
саты 
үнемі 
жоғарылауы,
қабілеттіліктерді, біліктілікті талап етеді. Адамның өмірі
жұмыстан тыс кезде де мансапқа айтарлықтай əсер етеді. Бұл бір
кездегі таңдап алынған жолының алға қарай дамуы.
«Мансапты жасау» - демек, қоғамда бедел мен үлкен
мүмкіндіктерге жету деген сөз. Бұл жердегі абырой – ең
маңыздысы.
Біздің əрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да,
сатушы да боламыз.
Əрбір адам өз өмірінде мансапқа жету мəселесіне көп көңіл
бөледі.
- қандай да бір шыңдарды бағындыру;
- ең жақсы нəтижелерге жету;
- қандай да бір салада жетістіктерге ұмтылу;
Əрқашан, əрқалай, əлдеқашан, əлдеқалай,
əлдеқайда, əлдеқайдан белгісіздік есімдіктері
үстеу мəнінде қолданылып, пысықтауыш
қызметін атқарады.
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме,
əрне, кімде-кім, əлдекім, əркім, əлдене
белгісіздік есімдіктері зат есім орнына
жұмсалады.


- орындалған жұмыстан қанағаттанған сезім алуға ұмтылу.
2-тапсырма. «Жалғасын тап» əдісі
а) Қандай да бір салада.................
ə) ......... үйренгенін басқаға үйрету,
б) Мансап -..................
в) ................құраушы да, сатушы да боламыз.
г) Бұл жердегі.........
д) Орындалған жұмыстан........


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет