"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
51
ӘОЖ 693.5
КАРБОНАТТЫ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН БӚЛШЕКТЕУ ҚАЛДЫҚТАРЫ
НЕГІЗІНДЕГІ МАЙДА ТҤЙІРШІКТІ БЕТОННЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ
Ӛмірзақ Жанар Абдуллақызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты,
Қызылорда, Қазақстан.
Ғылыми жетекші -К. Байтасов
Абстракт.Нарықтық экономика жағдайында салыстырмалы тҥрде арзан
шикізаттардан бәсекеге қабілетті ӛнім ӛндірудің маңызы зор. Осындай шикізаттар
қатарына қиыршық тас ӛндіретін кәсіпорындарда пайда болатын елеу қалдықтары
жатады. Мақалада доломитті тау жыныстарын ҧсақтау кезінде алынған елеу
қалдықтарын майда тҥйіршікті бетондар алу ҥшін пайдалану бойынша жаңа
зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жҧмыстапортландцемент, кварц және доломит
қҧмдары негізіндегі тҥйіршікті бетонның физика-механикалық қасиеттері зерттелді.
Сонымен қатар кешенді химиялық қоспалар енгізу кезінде майдатҥйіршікті бетонның
негізгі қасиеттерінің ӛзгерістері анықталды.
Кілт сӛздер:елеу қалдығы, карбонатты тау жынысы, доломит, бетон, химиялық
қоспа, қасиеттер.
Ӛндіріс қалдықтары мен қосалқы ӛнімдерін жою немесе қайта ӛңдеу проблемасы
ӛзекті мәселе екені белгілі.Қҧрылыс материалдарыӛндірісінде техногенді қосалқы
ӛнімдер кеңінен қолданылады.
Ақтарылған және шӛгінді тау жыныстары негізінен бетондар ҥшін
толтырғыштарды ӛндіру ҥшін қолданылады. Қиыршық тас ӛндірісінде тау жыныстарын
ҧсақтау сӛзсіз елеу қалдығы тҥрінде қосалқы ӛнімнің пайда болуына әкеліп
соқтырады.Елеу қалдықтарын қҧрылыс материалдары ӛндірісінде пайдалану мақсатында
бірқатар ҧсыныстар жасалған. Елеу қалдықтары жол қҧрылысында мейлінше кеңінен
қолданылады. Цемент-бетон жол жабындарын алу ҥшін кешенді химиялық қоспалармен
бірге қҧрамында кӛп мӛлшерде шаң бӛлшектері бар елеу қалдықтары қолданылады [1].
Карбонатты тау жыныстарынан қиыршық тас ӛндіру кезінде карьерлерде дәндік
қҧрамы бойынша ірі қҧмға жататын елеу қалдықтарының ҥлкен кӛлемі пайда болады. Әк
тасты қиыршық тас ӛндірісінде пайда болатын елеу қалдықтары ішінара жол
қҧрылысында немесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Бірақ қалдықтардың негізгі
бӛлігі ҥйінділерде қоймаланады. Дисперсті бӛлшектердің ҥлкен кӛлемін сақтау қоршаған
ортаның шаңдануын тудырады. Әк тасты қиыршық тас ӛндірісінде пайда болатын елеу
қалдықтарын майда тҥйіршікті бетондарда толтырғыш ретінде пайдалану ҧтымды шешім
деп айтуға болады. Бҧл беріктігі 20...35 МПа майда тҥйіршікті бетон ӛндірісі ҥшін
шикізат базасының кеңеюіне әкеледі және қоршаған ортаның экологиясын жақсартады.
Қазіргі уақытта майда тҥйіршікті бетондарды қолдану артып келеді. Майда
тҥйіршікті бетондардан әр тҥрлі бҧйымдар вибропресстеу әдісімен де, вибрациялы
қалыптау әдісімен де дайындалады. Оларды ӛндіру ҥшін шикізат ретінде негізінен
резерві шектеулі, ірі кварцты қҧмдар қолданылады.
Соңғы жылдары бетон қоспаларына әртҥрлі модификаторлар, оның ішінде
химиялық қоспалар жиі енгізілуде. Майда тҥйіршікті бетондар қҧрамына химиялық
қоспаларды енгізу олардың қҧрылымының тҥрленуіне, кеуектілік мӛлшері мен
|