Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет48/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
48 
тҧрақсыздық айыбы 59000 теңге ӛндіру туралы талап арызбен сотқа жҥгінген. Сот талапкердің 
талап арызын ішінара қанағаттандырып, талапкер пайдасына жауапкерден тек негізгі сома 20000 
теңге ӛндірген, ал қалған талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, оның себебі Қазақстан 
Республикасы Ҧлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді мӛлшерлемесінің 
шекті мӛлшерін бекіту туралы» қаулысының 1-тармағына сәйкес банк операцияларының 
жекелеген тҥрлерін жҥзеге асыратын ҧйымдар беретін кредиттер бойынша сыйақының шекті 
жылдық тиімді мӛлшерлемесі 56%-дан аспау қажет [3], ал аталған іс бойынша шартқа сәйкес 
сыйақы мӛлшерлемесі кҥніне 2%, атап айтқанда бір жылдық тиімді мӛлшерлемесі 730% қҧрап 
отыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк 
қызметі туралы» заңының 6-бабының 1-тармағы 1, 2-тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның 
тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тҧлғаның негізгі немесе қосымша қызмет ретінде банк 
операцияларын орындауға қҧқығы жоқ [4], бірақ іс бойынша талапкер тиісті лицензиясыз банк 
операцияларын жҥзеге асырғандығы анықталды. Сол себептен сот Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес [5] онлайн тәртібінде жасалған шарттың 
сыйақы мӛлшерлемесін және тҧрақсыздық айыбын маңызсыз деп тапқан.
Жоғарыда кӛрсетілген сот актісінде қарыз беруші электронды тҥрде шарт рәсімдеу 
сәтінде заң талаптарын сақтамай қарыз алушының қҧқығын бҧзып, одан негізсіз сыйақы және 
тҧрақсыздық айыбын талап еткен. Аталған жайт елімізде біреу ғана емес, Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет ресурсы «Сот актілерінің банкі» атты веб-
порталындағы шығарылған сот актілерінде мҧндай жағдайларды мыңдап кездестіруге болады [6]. 
Бҧл тек сотта қаралған азаматтық істер бойынша, ал сотқа жетпей қарыз берушілер талап еткен 
сомаға қарыз алушылар кӛніп, оны тӛлегендер қаншама, әрине қарыз алушылар заңды тиісті 
тҥрде білмегендіктен негізсіз шығындарды тӛлегендері ӛкінішті. 
Тағы бір мысал ретінде 2019 жылғы 23 қаңтарындағы талапкер «D» ЖШС-нің жауапкер 
М-дан қарыз сомасын ӛндіру туралы Ақмола облысы Бҧланды аудандық сотының шешімін 
негізге алуға болады, онда 2018 жылы 12 сәуірінде интернет ресурсы арқылы тараптар арасында 
шарт жасалған, талапкер жауапкерге 10 кҥн мерзімге 30000 теңге мӛлшерінде қарыз берген, 
сыйақы мӛлшерлемесі кҥніне 1,8% қҧрайды. Осы шарт негізінде талапкер қарыз сомасын 
жауапкердің тӛлем картасына аударуды жҥзеге асырған, бірақ талапкерде заң талаптарына сай 
уәкілетті органның тиісті банк операцияларын орындайтындығы туралы лицензиясы жоқ. Сотта 
талапкер қарыз соманы ӛндіру туралы талап арызында, жауапкерден негізгі сома 30000 теңге, 
сыйақы 69960 теңге, тҧрақсыздық айыбы 3000 теңге, ӛндіруін сҧраған, ал жауапкер олардың 
арасында шарт жасалмағанын, ӛзінің тӛлем картасы бҧрынырақ жоғалғанын және несие сомасын 
алмағандығын сотқа баяндап, бірақ ӛз қарсылығын дәлелдейтін тиісті қҧжаттарды ҧсынбаған. 
Сотта талапкер ӛкілі тӛлем карта жауапкерге тиесілі екендігін және аударылған несие сома сол 
кҥні шешіп алғандығы туралы мәліметті баяндаған. Осыған байланысты сот талапкердің талап 
арызын негізді деп танып, ішінара қанағаттандырған, онда талапкердің пайдасына жауапкерден 
негізгі сома 30000 теңге, сыйақы 30000 теңге, тҧрақсыздық айыбы 3000 теңге ӛндірген. 
Сыйақыны ішінара қанағаттандыру себебі, шешімде Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексінің 725-1-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес қарыз шарты бойынша жылдық 
тиімді сыйақы мӛлшерлемесі берілген қарыз сомасының 100%-нан аса алмайтындығына сілтеме 
жасай отырып [7], сот негізгі сома кӛлемінде сыйақы мӛлшерлемесін ӛндірген. 
Кӛрсетілген сот актісіндегі мәліметтерге сәйкес сот қарыз берушіде уәкілетті органның 
тиісті банк операцияларын жҥзеге асыратындығы туралы лицензиясының болмауын және 
сыйақының шекті жылдық тиімді мӛлшерлемесі 56%-дан асқанын ескермей, сыйақы 
мӛлшерлемесін және тҧрақсыздық айыбын шарт негізінде жауапкерден ӛндірген, сондай-ақ сот 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабының 3-тармағына сай несиені 
электронды тҥрде рәсімдеу сәтінде жауапкердің ерік бiлдiруiнiң мазмҧнына баға бермеген және 
онлайн-несие бойынша берілген соманы жауапкердің ӛзі алғандығы туралы мәліметке кӛз 
жеткізу ҥшін банктен сот сҧратуын жолдамаған. Осыдан келе аталған сот шешімінің 
заңдылығына және негізділігіне кҥмән тудырады.
Сонымен қатар талқыланған сот шешімдерінде қарыз берушілерге онлайн-несиені 
рәсімдеу сәтінде қарыз беретін заңды тҧлғалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан 
Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» заңының 
25-бабының 1-тармағының талаптарын бҧзылғандығы байқалады [8], онда қарыз алушының 
кредиттік тарихын тексеру келісімі жазбаша тҥрде ресімделеді, алайда жоғарыда кӛрсетілген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет