"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019 59
Яғни, бағдарламаларда бҧрын болған «біз / олар» концептуалды балансы «біз
олардың арасында» деген формулаға жол беріп отыр. Саяхат бағдарламалары әдеттегідей
18 жастан 45 жасқа дейінгі кӛрермендерге бағытталады [1].
Трэвел бағдарламалардың ерекшеліктерін анықтайтын функциялар:
1. Кӛрсетіліп отырған материалдың жаңалығы. Кейбір адамдар дәл сол бағыт
бойынша саяхаттауға және сюжеттердің материалын ӛз тәжірбиесінде растауға
қызығушылық танытады. Кӛрермендер турагенттіктер ҧсына алатын белгілі және
жаңадан ашылған маршруттарға толықтырулар енгізуді және осы маршруттардағы
кҥтілетін кӛрнекті орындар туралы әңгімелеуді және демонстрациялауды қалайды.
2. Бағдарламадан эстетикалық рахат алу. Адамдар поэзия мен прозада сипатталған
тарихи ескерткіштерді, таулар мен ӛзендерді ӛз кӛзімен кӛру ҥшін саяхаттайды.
Теледидар режиссерлерінің және видеоператорлардың міндеті - осы сҧлулықты кӛрнекі
тҥрде кӛрсету.
3. Білімді кеңейту және тереңдету. Саяхатқа барар кезде адамдар алдын ала
дайындалып, болашақ маршрутты сипаттайтын әдебиеттерді оқиды. Ал қайтып келген
соң, кӛріп білгендері туралы білімдерін толықтырғысы келіп, сол кітаптарға қайтадан
жҥгінеді. Міне, осы кездеолардың жадын жаңарту ҥшін трэвел бағдарламалар кӛмекке
келеді.
4. Пікірлес адамдармен қарым-қатынастан ләззат алу. Саяхаттауды жақсы кӛретін
адамдарды жиі кӛрген естеліктері байланыстырады. Әсермен алмасу қарым-қатынасты
арттырады, болашақта бірге саяхаттауға болатын жаңа достарды табуға кӛмектеседі.
Кейбір трэвел-бағдарламалар эфирінде (мысалы, "Қытай-тур" (Қытай)) әдетте дәл
осындай топтарды кӛрсетеді. Олардың әңгімелерінен саяхаттауға деген қҧмарлықтың бар
екені айқын кӛрініп тҧрады, және кӛрермендерге саяхаттау демалудың жағымды тҥрі
болып табылатындығын кӛрсетеді.
5. Кӛрсетілетін қызметтер туралы білім. Саяхаттауға бет алған тҧлғаларды баратын
жерінде қандай кӛлік қҧралымен жҥретіндігі, қалай тамақтанатындығы, қандай
мҧражайлар мен мәдени іс-шараларға баратындығы, қайда тҧратындығы қызықтырады,
сондықтан ҧсынылатын бағыттар туралы әңгімеде жарнаманың кейбір элементтері де
кездеседі[2].
Трэвел-бағдарламалар
аудиовизуалды
тҥрде
мәдени
және
ҧлттық
айырмашылықтарды кӛрсетеді, дайын әлеуметтік-мәдени қҧрылымдарды ҧсынады және
қолдайды. Жергілікті тҧрғындармен қатынастың тҥріне, баяндаудың драматургиясына
және берілген ақпараттың сипатына байланысты, бағдарламаның форматы монологтың
авторлық эскизінен трэвел-викторинаға немесе ойынға дейін ӛзгеруі мҥмкін. Туристік
бағдарламалар әртҥрлі телевизиялық жанрлардың элементтерін біріктіреді, бірақ белгілі
бір жанрдың бір аспектісі басым болатындығы айқын. Бҧл аспектілер жҥргізушінің
нақты коммуникативтік ниетін, бағдарламаның атмосферасын, қҧрылымын және баяндау
әдісін қамтиды. Трэвел-бағдарламалар автордың: ҥйрету, кӛңіл кӛтеру немесе кӛмек
кӛрсету; секілді коммуникативті ниетіне байланысты деректі, ойын-сауықты немесе
тҧтынушынылық сипатта болуы мҥмкін.
Саяхат бағдарламасының коммуникативті мақсаты - кӛрерменді сапарға
шабыттандыру, яғни белгіленген орын туралы қосымша ақпарат беру. Тҧтынушы режимі
бағдарламаны жарнамалық нҧсқаулыққа айналдырады: кӛркем пейзаждар кӛрсетіледі,
қалай жақсы демалуға, ӛзіңе ыңғайлы ойын-сауықты таңдауға және басқа туристік
ақпараттар туралы кеңестер береді. Осылайша, трэвел-бағдарламаның тҧтынушы режимі
кӛрерменді туристік қызметтерді тҧтынушыға айналдырады.
Трэвел-журналистикада зерттелетін орындар мен оларды мекендейтін адамдардың
ерекшеліктері туралы кәсіби тҥсініктің болуы - норма болып табылады.
Саяхат журналистикасының негізгі қҧрамдас бӛліктері: