Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет49/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
49 
тараптар арасындағы онлайн-несиелер қашықтықта электронды тҥрде жасалған, осы жайтты біле 
тҧра соттар қарыз берушілердің бҧл заңсыз әрекеттеріне баға бермеген. 
Сот тәжірибесінде кейбір соттар онлайн-несиедегі сыйақы мӛлшерлемесі мен 
тҧрақсыздық айыбын маңызсыз деп тауып, қанағаттандырудан бас тартып жатса, ал енді кейбір 
соттар дәл сол мәселе бойынша ішінара қанағаттандырып жатқанына куә болып отырмыз. 
Ӛкінішке орай республикамызда соттар қарыз берушілердің онлайн-несие қызметі бойынша 
жоғары қойған пайыз мӛлшерлемесіне немқҧрайлы қарап, заңсыздыққа жол бермеу ҥшін тиісті 
уәкілетті органға жеке ҧйғарым шығару арқылы шара қолданбай отыр, сол себептен қарыз 
берушілер несие беру кезінде заңды ысырып қойып, қарыз алушылардың қҧқықтарын кӛлденең 
басып, сыйақы мӛлшерлемесін және тҧрақсыздық айыбын онлайн-несие қызметі бойынша талап 
етуін тоқтатпай келеді. Бірақ қазіргі таңда бҧл мәселе халық арасында наразылық тудырып 
отырғанына қарамастан онлайн-несие қызметінің белсенділігі артып, жоғары сҧранысқа ие 
болып отыр. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан 
Республикасы азаматтарының борыш жҥктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына тҥсініктеме 
беру барысында халықтың қаржылық ахуалын одан әрі нашарлатпау ҥшін табысы кҥнкӛріс 
деңгейінен тӛмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынатындығын, және Ҧлттық Банк 
кепілсіз тҧтынушылық қарыздарын беру кезінде қосымша реттеу шараларын қабылдайтындығын 
ескерді [9]. Мемлекет басшысының бҧл тапсырмасы алдағы уақытта халықтың несиеге 
белшесінен батпауына, қарыз алушының несиені ешбір қиындықсыз тӛлеп отыруына мҥмкіндік 
жасап отыр. Бірақ осы бағытта тапсырманы орындау барысында екінші деңгейдегі банктер 
тҧрмысы тӛмен азаматтарға несие бермей, оларға бас тартқан жағдайда амалсыз интернет 
ресурсындағы қарыз беруші кәсіпкерлер ҧсынған оңай рәсімделетін кепілсіз несиеге ақша алу 
ҥшін кӛпшілігі жҥгінуі мҥмкін. 
Осыған байланысты онлайн-несие қызметін қҧқықтық тҧрғыдан реттеу кеш болмай тҧрып 
кӛрсетілген заң бҧзушылықтарға жол бермеу және қарыз беретін заңды тҧлғаларды тәртіпке 
шақыру мақсатында арнайы электронды тҥрде несие қызметін жҥзеге асыру ережесін қабылдау 
қажет. Онда онлайн-несие қызметіне қатысты терминдер, тҧжырымдар, интернет желісі арқылы 
несие қызметін жҥзеге асыру критерийлері, тәртібі, заң талаптарын бҧзғандығы ҥшін несие 
тараптарының жауапкершілігі, онлайн-қарызға ақша алуға арналған механизмдер қарастыру 
мәселелерінің орын алуы қажетті фактор болып табылады.
Онлайн-несие қызметі қарыз алушылар ҥшін ыңғайлы әрі уақыт ҥнемділігімен және кез-
келген уақытта қолжетімділігімен, электронды тҥрде толық ақпарат алуымен алда келе жатыр. 
Бірақ қарыз берушілердің заңсыз әрекеттері қоғамда онлайн-несие қызметі туралы қате тҥсінік 
қалыптастырып, жаңа серпін алып келе жатқан бағытқа кері әсерін тигізу қауіпі тӛніп тҧр. Соған 
байланысты интернет желісінде онлайн-несие қызметін жҥзеге асыратын заңды тҧлғалардың 
несие рәсімдеуде тиісті уәкілетті органдар тарапынан заң талаптарын сақтауға байланысты 
жҧмыстар жҥргізіп, жауапкершілікке тарту мәселесін кӛтеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет