353
нығаюына әсер етуші жаһандану жағдайындағы коммуникативті қорғаныс
ретінде маңызы зор.
ИСЛАМДЫҚ СӘЙКЕСТІК — исламдық діни тәжірибие арқылы іске асқан
исламдық әлемитүсінік, исламдық дүниеге қатынас және исламдық
құндылықтарды ұғыну болып табылатын исламдық сана категориясы.
Исламдық сәйкестік мұсылман тұлғасының қалыптасу жағдайында дамиды.
ИСЛАМДЫҚ МОРАЛЬ — Құран мен Суннаның діни-этикалық
тұжырымына негізделген адамгершілік парадигмасы.
ИСЛАМДЫҚ ТЕОЛОГИЯ — Құран мен Суннаның мәтіндерін тәфсірлеу
мұсылмандық дәстүрі ретінде дамыған рухани ағым. Ислам теологиясының
негізгі мәселелері –
алдын-ала анықтау, ерік бостандығы және таңдау
еркіндігі, о дүниелік өмір, қылығына қарай жазалау, теодицея және басқалар.
Бұл мәселелердің пікірталас тудыруына байланысты ислам теологиясының
ішінде көптеген ағымдар пайда болды – жабраиттар, кадариттар және т.б.
ИСЛАМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ — ислам діні ғылымы мен ислам ғылымын
оқыту жүйесі. Оқыту формасы – мектеп, медресе. Оқыту тәсілі – лекциялар,
тәфсірлеу, семинарлар, пікірталас және сұхбат. Басты белгісі – сұхбаттық –
Мұғалім мен Оқушы. Қазіргі кездегі басты мұсылмандық білім беру
орталықтары – Әл-Азхар университеті (Каир, Египет), әл-Каравийн (Фес,
Марокко), әл-Зәйтүн (Тунис), Умм әл-Курра (Мекке), Ханзада Абд әл-Азиз
университеті (Медина), теологиялық Академия (Кум, Иран).
Достарыңызбен бөлісу: