367
тоқтайды, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқалынан азат болып махатма –
Ұлылық жанға өтеді.
МОНИЗМ (грекш. - жалғыз немесе жалқы) — әлемде бір бастаудың немесе
субстанцияның болуын мойындайтын философиялық ұстаным. Дуализмге
және плюрализмге қарама-қарсы қойылады.
МОРАЛЬ (лат. - әдет-ғұрып және әдептілік) — қоғамдық нормалар сферасы,
жоғары ұстанымдар, мұрат, идеал,
адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыстарын
реттеу, қалыптастыру қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық
сананың бір формасы.
МӨЛШЕР — Пифагордың және оның ізбасарларының
философиясындағы
барша болмыстың бастауы мен себебі. Платон және жаңа платоншылар
санды болмыстың ұйымдастырушы қағидаты деп есептеген.
Достарыңызбен бөлісу: