1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПҰТТАР (ИДОЛДАР, ЕЛЕСТЕР)



Pdf көрінісі
бет210/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ПҰТТАР (ИДОЛДАР, ЕЛЕСТЕР) — Фрэнсис Бэконның философиясында 
адамның шынайы таным (оның айтуынша, эмпирикалық және индуктивті) 
жолындағы соқыр сенімдері. 
ПСИХОКИНЕЗ — деп біздің тірлігімізден тыс жататын сыртқы жүйелерге 
әрекет ету, заттарды физикалық емес (қол тигізбей) әдіспен орын ауыстыру 
қабілетін айтады. 
ПСИХОЛОГИЗМ — барлық ғылым дамуын психология ұғымдары мен 
методтарынсыз түсіну мүмкін емес деп санайтын бағыт. 


376 
ПІКІР — бір нәрсені растайтын немесе терістейтін, обьективтік 
шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не 
жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. 
РАМАЯНА, РАМА ӨМІРІ — санскрит тілінде жазылған «Махабхарата» 
сияқты ұлы Үнді эпостарының бірі. Поэма тарихын құрайтын тарихи 
оқиғалар шамамен б.д.д. ХІV–ХІІғ.ғ. қамтиды.  
 
РАЦИОНАЛИЗМ (лат. – ақыл немесе ой) — абсолюттік дәйекті білімді тек 
парасат, ақылмен ғана тануға болады дейтін философиялық әдіс пен бағыт 
(«Бар нәрсеге күмәндануымыз мүмкін, ал күмәннің болуы ақыл, ойдың 
жемісі»). Басқаша айтқанда, болмыстың, адами танымның және адами іс-
әрекеттердің негізінде ақыл немесе пайым жатады дегенге саятын 
философиялық-дүниетанымдық ұстаным. 
РАЦИОНАЛДЫЛЫҚ — болмыстың онтологиялық сипатымен, яғни 
адамның қоршаған ортаға деген көзқарасының тәсілімен анықталатын ойлау, 
таным қызметінің ерекше бір түрі. Рационалдылықтың классикалық түріне 
логоцентризм, танымның барлық бейлогикалық, иррационалды деп 
жарияланатын түрлерінен (интуиция, бейсаналық, жан жылуы, махаббат пен 
ғадауат, жүрек өмірі) бас тарту тән. Бейклассикалық философия 
рационалдылықтың жаңа түрін жасайды, ол жерде ақыл интуициямен және 
сезіммен байытылып, бұрын иррационалды есептелген нәрсені қабылдайды. 
Бұл ұстаным Шығыспен сұхбатқа дайын болуды білдіреді және Абайдың 
ақыл мен жүректің бірлігі туралы іліміне өте жақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет