1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПРАКРИТИ — Материалдық табиғат, материалдық субстанция.  ПРАНА



Pdf көрінісі
бет209/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ПРАКРИТИ — Материалдық табиғат, материалдық субстанция. 
ПРАНА — жан (атман); «жанның мүшелері»; көз, есіту, сезіну, иіс, дәм, 
сөйлеу, ойлану түрлері; тыныстың түрлері. 
ПРАМАН — танымның қабылдау сипаты мен көрініс, дұрыс білім алудың 
бастаулары мен тәсілдері. 
ПРЕЗЕНТИЗМ — бұрынғы өткен ғылым тарихын қазіргі заманғы тілмен 
түсіндіру. 
ПРОБЛЕМА — теориялық білім формасы, оның мазмұны-әлі белгісіз, бірақ 
оны тану қажет білім. Бұл білмеушілік туралы білім, таным процесі 
барысында пайда болатын және өзінің жауабын күтетін мәселе. К.Поппердің 
пікірінше, проблема мынадай жағдайда пайда болады: дербес алынған 
теориядағы 
қайшылықтардың 
салдарынан, 
екі 
түрлі 
теорияның 
қақтығысынан және теорияның бақылауымен сәйкес келмеуі нәтижесінен. 


375 
А.Эйнштейн: «Проблеманы тұжырымдау, оны қоя білу кейде оны шешуден 
де маңыздырақ, өйткені соңғысы тек математикалық, не эксперименттік 
шеберліктің ісі ғана болуы мүмкін. Жаңа мәселелерді қою, жаңа мүмкіндікті 
дамыту, ескі проблемаларды жаңа көзқараспен қарастыру шығармашылық 
зерделеуді талап етеді және шын мәнінде ғылымдағы жетістікті көрсетеді». 
ПРАДХАНА — ең алғашқы себеп, кейде Пуруша үшін көру обьектісі де 
болады. 
ПРОТЕСТАНТИЗМ — христиан діннің бағыты. Оның негізгі идеясы әрбір 
діндар адам Құдаймен тікелей сұхбаттасуға, уағыздар айтуға, діни 
парыздарды атқаруға құқылы деп білуде (баршаның әулиелігі принципі). 
ПСИХОАНАЛИЗ — философия, психология, медицина, мәдениеттанудың 
арасынан шыққан пәнаралық ілім. Психоанализдің философиялық мәні оның 
мәдениеттің бейклассикалық парадигмасына қосқан үлесімен өлшенеді. 
Психоанализ шығыстық тәжірибие мойындайтын, ал батыс бейғылыми 
санайтын психиканың қабаттарын – бейсаналықтың құқығын қалпына 
келтіреді. Психоанализдің негізін австриялық ғалым – Зигмунд Фрейд 
қалаған. Ол бейсаналық нәрсенің құрылымын, оның санамен арақатынасын 
талдап, бейсаналықтың ерекше заңдылықтарын, оның символдық тілін 
анықтаған. Сол арқылы тек қана санаға бағытталып, оның логикасын 
сипаттаған батыстық дәстүр өзгертілді. Психоанализдің бүкіл мәдениет 
салаларына, әдебиет пен театрға да үлкен әсері болды. 
ПУРАНАЛАР (көне дәуір туралы әңгімелер) — І-ХХғ.ғ. дейінгі жиналған 
аңыз-әңгімелік және көптеген эпикалық шығармалар. Пуранның саны көп 
болса да, «Махабхарата» сияқты 18-басты атаулары бар. 
ПУРУША — космос алыбы, жасалған дүниенің космостық қайнары, 
алғашқы адам, барлық тірілерге жан беретін, дем ендіретін таза сана қуаты; 
жалпы рух. Сонымен қатар оны, өзектенген сана аймағына енген 
обьектілерді көретін Көрермен деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет