378
РИТУАЛ — әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың тарихи
қалыптасқан білімі. «Әдет-ғұрып», «Салт-дәстүр» ұғымдарымен байланысты.
САЛТ — тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар
адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие
болады.
САНА-СЕЗІМ (латынш. «циентиа»
– санамен бірге) — әрбір адамның
өзінің тіршілігін және әрекеттерін сезінді. Яғни, тіршілік ету аз, сол тіршілік
етуіңді сезсең ғана саналы болғаның.
САНКХЬЯ («сан», «санау», «нағыз принциптерді санау») — б.д.д.VII-
ғасырда (негізін қалаушы –
Капила) пайда болып, б.д.д.III-ғ. дербес ілім
ретінде толық қалыптасты. Санкхья ілімі бойынша бүкіл әлем дүниедегі екі
субстанцияның – пракрити және пурушидің өзара әрекеті нәтижесінде пайда
болады. Егер
пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, ал
әр түрлі материалдық обьектінің бастау көзі болса, ал
пуруши – таза сананың
немесе «Меннің», рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің
қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюциясының себебі болып
табылады. Мәңгілік әлемді мойындау – оның таным обьектісіне айналуы.
Адам әлемді логикалық формалар мен құралдардың көмегімен таниды, ал
әлем туралы білімнің ақиқаттылығын адам
мынадай логикалық тәсілдер
Достарыңызбен бөлісу: