I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет138/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   224
ға, жа-лау-ша, қа-ра-ша, т.с.с. Сөздің белгілі ырғақты құрылымы бар 
сөздерді машықтандыру бойынша жұмыс қолданылады: бір бағанаға 
жазылған бір буынды сөздерді оқыту. Бірте-бірте сөздің буындық құрамы 
күрделендіріледі. Науқас логопедпен бірге, кейін буынға бөлінген ұйқас 
сөздерді өз бетімен оқиды. Сөздің дыбыстық және буындық құрамын 
қалпына келтірумен бірге баяндау сөзін қалпына келтіру жұмысы басталады. 
Науқастың баяндау сөзінің бұзылуын қалпына келтіру тілдік сезімі деп 
аталатын сезімін, өлең, мақал-мәтелдердің ұйқастығын сезуін қалпына 
келтіруден басталады.
Экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтіруде сөйлеу кезінде керекті 
сөздерді табудың патологиялық енжарлығын жоюға аса назар аударылынады. 
Логопед заттық суреттерді дәйектей отырып, науқасқа бұл зат не үшін керек, 
онымен не істеуге болады, оны жеу үшін (жуу, пісіру, т.с.с.) не істеу керек, 
қасиеттері қандай, т.с.с. сұрақтар қояды.
Эфферентті моторлы афазия кезінде етістіктерді таңдай білуінде енжарлығын 
жою үшін тек фразеологиялық контекстті қолданып қоймай, сонымен қатар 
логопедтің затпен пантомима арқылы әр түрлі қимылдарын пайдаланған 
жөн. Кейін науқасқа әр түрлі сөздермен ұқсас фразаларды толықтыр деген 
тапсырма беріледі. Мысалы: мен ... (киноға, дәрігерге, мектепке, қонаққа, 
т.с.с.) барамын. Логопед алдын ала бірнеше суретке қатысты фразаларды 


299 
атап айтады, содан кейін сөйлемнің үлгісіне (схемасына) сүйене отырып 
сұрақтар арқылы оларды айтуына ынталандырады.
Етістікті сөздік қорын молайту жұмысының маңызды бөлігі - зат есімге 
бірнеше етістік, немесе керісінше етістікке бір неше зат есімді іріктеу. 
Логопед құрастырған жоспар бойынша науқастың алғашқы рет баяндап 
беретін ауызша мәтіні күн тәртібіне қатысты болады: «Мен тұрдым, 
жуындым, тісімді тазаладым ...» және т.с.с. Науқас қалпына келтірілген 
сөздік қорын медицина кызметшілері, туысқандарымен қатынасқа түсу 
арқылы қолдануға үйренеді. Кейін дәрігерге, дәріханаға, дүкендерге, т.с.с. 
барғанда пайдаланылатын сөздерде сөздік қорында бекітіледі.
Эфферентті моторлы афазияда оқу мен жазуы толық жойылған күйде болуы 
мүмкін. Осыған байланысты науқас үшін маңызды әр әріпке сәйкес келетін 
суреттер немесе сөздер іріктеліп алынған жеке әліппе құрастырылады. 
Мысалы, а — асық, ә — әже, б — банан, е — Ербол, қ — қыс, т.с.с. Кейін 
әдетте қолданатын кеспе әліппенің буындарынан сөз құрастырып үйретеді.
Бірқалыпты жазуын қалыптастыру үшін науқасқа сол қолымен бірнеше 
рет алғашқыда жеке әріптерді, кейін сөз бен фразаларды жазуын үйретеді. 
Сөздерді жазуында әріп элементтерінің персеверациясын алдын алу үшін 
дайындық жаттығуларын жүргізген жөн. Сөздің дыбыстық-буындық 
құрамын жартылай қалыптастыру кезеңінде кеспе әліппеден сөздерді және 
жеңіл фразаларды есту диктант жазуға көшеді. Бұл сәтте науқас сөздің әр 
дыбысын айтып отыруы керек. Кейбір жағдайда қиын сөздерді алдын ала 
кеспе әліппеден құрастыру жөн.
Оқуын қалпына келтіру сөздің дыбыстық-буындық талдауын қалпына 
келтірумен қатар, бірақ біршама озық жүруі тиіс. Алғашқыда науқас 
буындық құрамы әр түрлі сөздерді, кейін жеңіл мәтіндерді буындап оқиды. 
Сөздің дыбыстық-буындық талдауын қалпына келтірудің кейінгі 
кезеңдерінде жеңіл сөзжұмбақтар шешеді, көп буынды сөздердің әріптерінен 
қысқа сөздер құрастырылады, күрделігі әр түрлі хаттар, шығармалар 
жазылады, күнделіктер толтырылынады, т.с.с.
Сөйлеуді түсінуінің ақауларын жою әр түрлі тапсырмаларды орындау 
арқылы іске асады: зейінін дамытуға, бір заттан екінші затқа назарын аудару, 
«провокациялық» тапсырмалар беру (логопед науқастың алдында жатқан 
заттардың арасында жоқ затты көрсетуін талап етеді), фразаны сюжетті 
суретпен сәйкестендіру. 
Есту зейіні қалпына келген сайын тапсырма бойынша суретті көрсетуін 
ынталандыру жұмысы жүргізіледі. Науқасқа «қасықтың суреті қайсы» деп 
сұрамайды, «қасықты көрсет» немесе «немен тамақты жейміз, сол затты 
көрсет», «қасықты кесенің үстіне қой», т.с.с. тапсырмалар беріледі. Бұл 
тапсырмаларды орындау барысында логикалық екпін бірде зат есімге, бірде 
көмекші сөзге түсу керек. Логопед дауыс ырғағы немесе логикалық екпін 
арқылы тапсырманың басқа түріне ауысқанын білдіреді: кесені қой, кесені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет